Сабақтың технологиялық картасы Пән: Зертханалық істер техникасы Мерзімі Топ 314 Сабақтың №1


Химиялық реактивтермен жұмыс істеу тәртібі



бет37/59
Дата11.09.2023
өлшемі0.55 Mb.
#477206
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   59
зертханалық іс оқу құралы каз

2. Химиялық реактивтермен жұмыс істеу тәртібі
Зертханада жұмыс істейтіндер өздерінің жұмыс істейтін химиялық реактивтердің басқа реактивтерге қатысты улылығын, атылуға қауіптілігін, өртке қауіптілігін білуі қажет. Көбінесе күнделікті қолданылатын реактивтер үлкен ыдыстарда, банкаларда, бөтелкелерде сатылынып алынады. Себебі ішінде бірнеше килограммға дейін болады.
Ал аз қолданылатын реактивтер кішкентай ыдысқа салынады. Банкаларда сақталы-натын реактивтер кейде көп жатып қалатындықтарынан олар тас болып қатып қалуы мүмкін. Оларды алу қиын. Сондықтан оны алар алдында банканың сыртынан сілкіп не-месе алақанмен жанынан соғып алуы керек. Фарфор қалақшамен (шпательмен) немесе әйнек таяқшамен алған жөн. Үстелге төгілген реативтерді қайтадан сол сақталған банкаға салуға болмайды. Егер үлкен банкада аз ғана реактив қалса, оны кішкентай ыдысқа ауыстырып салған дұрыс. Себебі ол шкафта аз орын алады. Міндетті түрде банкаларда тұрған реак-тивтердің сыртында жазылған этикетка-жарғылары болуы керек немесе әйнекке арналған карандашпен жазылуы тиіс.
Өте улы әсер ететін заттармен арнайы бекітілген инструкциямен жұмыс істеу керек.
3. Ерітінділерді дайындау технологиясы
Ерітінділер дегеніміз – екі немесе одан да көп компоненттерден тұратын гомогенді жүйелер. Барлық ерітінділер еріткіш және еріген заттардан тұрады. Ерігенде өзінің агре-гаттық күйін өзгертпейтін компонентті еріткіш, ал өзгеретін компонентті еріген зат деп атайды. Егер ерігенге дейін ерітіндінің екі компоненті де бірдей агрегаттық күйде болса (мыс., су мен спирт), онда артық мөлшердегі компонент еріткіш деп, ал аз мөлшердегі компонент еріген зат деп есептелінеді.
Еріткіштің түріне байланысты ерітінділер сулы және сусыз болып келеді. Көптеген тұздардың, сілтілердің және қышқылдардың ерітінділері сулы болады. Сусыз ерітінділерге органикалық еріткіштерде еріген ерітінділер жатады. Органикалық еріткіштер: спирт, эфир, ацетон, бензол және т.б.
Концентрациясының дәлдігіне байланысты ерітінділер шамамен алынған, дәлме-дәл және эмпирикалық болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет