1)Халықаралық маңызы бар «жарып шығатын» жобаларды іске асыру, индустрияны, элемдік деңгейге сай тауар мен қызметтер өндірісін дамыту;
2) халықаралық экономикаға ықпалдастық, ДСҰ-ға кіру;
3)Қазақстанның жаңа технологияларды әзірлеуші және дамытушы халықаралық компаниялардың құрылтайшысы және акционері ретінде қатысуы;
4)Жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін академиялық орталықтар мен оқу орындарын құру;
5) қазіргі заманғы және бәсекеге қабілетті көлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту;
6) экономиканың отын-энергетикалық және өндіру секторларының тиімділігі мен экономикалық пайдасы деңгейін көтеру;
7) әлеуметтік даму мен кәсіпкерліктің аймақтық корпорацияларын қалыптастыру есебінен экономикалық өркендеудің аймақтық «локомотивтерін» құру;
8) қазіргі заманғы білім беру және білікті мамандар даярлау жүйесін дамыту.
Осындай стратегиялық жоспарларды айқындап алып, республика техникалық-технологиялық жаңалықтарды, капиталдардың, шикізаттық, ақпараттық және еңбек ресурстарының серпінді ауыстырылуын, сондай-ақ қаржылық, құрылымдық және институттық өзгерістердің болуын талап ететін «жаңа экономика» қалыптастыруға көшеді. Сөйтіп, дамудың экспорттық-шикізаттық түрінен инновациялық түріне өту тұжырымдамасын қалыптастыру қажет. Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінде (ҒБИ) 30-көрсеткішке жету үшін, бәрінен бұрын, әзірше белгіленген деңгейден төмен тұрған бизнес дамушылығы институттарының, технологиялық дайындық пен инновацияның индекстерін көтеру қажет. Нақ осы салалар олардағы инвестициялауға тікелей байланысты.
Аталған мақсаттарды жүзеге асыру барысындағы маңызды фактор — өсу қарқындарын экономикада қалыптасқан шикізат пен өңдеу секторларының мөлшерлестіктері есебінен емес, еңбек және технологиялар өндірімділігі деңгейіне, әлемдік көрсеткіштер негізінде секторлық құрылымдарды дамытудың терең сапасына қол жеткізу есебінен қамтамасыз ету болып саналады.
Өсу сапасы мәселелерін үш деңгейде шешу маңызды болып көрінеді: факторлық-экономикалық деңгейде — ғылыми-техникалық өрлеу (ҒТӨ) факторлары құрылымында негізгі және адам капиталына инвестициялар салудың, инновациялардың басым болуы; құрылымдық-экономикалық деңгейде — қосылған құны жоғары, ғылыми негіздеуді талап ететін салалардың, қазіргі заманғы технологиялар өндіретін салалардың озық дамуы; әлеуметтік-экономикалық деңгейде — табыстардың жоғары саралануын еңсеру, ұлттық табыстың, әсіресе табиғи ресурстар, алкоголь, темекі және басқалары есебінен алынған табыстардың әділетті бөлінуі талап етіледі.
Бағалау. Топтар бірін-бірі «Галларея» әдісі арқылы бағалайды.)
Қорыту - «Қазақстан-2050» стратегиясының басты мақсаты қандай ?
Бағалау дескрипторы:
- Стратегиялық даму жоспарына шолу жасайды.10
- Стратегиялық даму жоспарына талдау жасайды.10
- Мемлекеттік бағдарлама нәтижелеріне баға береді.10
- Қосымша ақпараттарды анықтап, таныстырады.10
Достарыңызбен бөлісу: |