1. Жалпы мәліметтер
Курс, топ: 2ЭН-221
Сабақтың типі: Теориялық
2. Мақсаты: студенттерге электромагнит өрісін және осы өрістің нәтижесінде автоматтандыру және басқару жүйелерінде қолданылатын электрондық және электрік кондырғылар мен аспаптарда теориялық тұрғыдан түсіндіру. Оларда жүріп жататын пайда болатын кұбылыстарды электромагниттік процестерді модельдеуге, талдауға және есептеуге үйрету нәтижесінде болашақ мамандардың электротехника саласы бойынша ғылыми көзқарастарынын қалыптасып, жетілуіне мүмкіншілік тудыру, практикада кездесетін электротехникалык проблемаларды ғылыми тұрғыдан түсініп,
дүрыс шешімдерін таба білуге дағдыландыру.
Міндеттері: студенттер «Электротехника электроника негіздерімен» курсын окып үйрену нәтижесінде электр тізбектеріне катысты негізгі ұғымдар мен түсініктемелерді, негізгі зандар мен принциптерді, касиеттер мен сипаттамаларды білулері, тұрақты ток тізбектерінің, бір фазалы және үш фазалы синусоидалы ток тізбектерін, синусоидалы емес ток тізбектерінің жағдайларын сипаттайтын теңдеулерді кұрастыруды, оларды
есептеу мен талдау тәсілдерін білулері тиіс.
Білім беру: Электротехникада қолданылатын заңдар,ережелерді,есеп шығару жолдарын білу.
Дамыту: пәнаралық байланысты жүзеге асыра отырып, студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту, студенттердің өз мамандығына қызығушылығын ояту. Өз бетімен ізденіп, ойларын қорытындылауға жетелеу
Тәрбиелік: студенттердің Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін жаңғырту, жауапкершілікке, тиянақтылыққа баулу.
3. Күтілетін нәтижелер:
материяның бір түрі болатын электромагниттік өрістің техниканың әр түрлі кұрлысында пайда болуын оқу;
элекктромагнитік процестерді модельдеу, жаңа әдістерді меңгеру, электр және магниттік өрістерді,анализ және синтез әдістерімен электр тізбектерді есептеу;
жұмыс кезінде оқулык және анықтамалық әдебиеттерді колданып, басқа
керекті ақпарат көздерін табу;
Электротехника есептерін шешіп, электр кұралдармен тәжрибе жасауды практикада дағдылану.
Достарыңызбен бөлісу: |