Сабақтың түрі : практикалық сабақ


Ой шақыру. 1-тапсырма. Төмендегі мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндір. Олардың бүгінгі сабақ тақырыбымен қандай байланысы болуы мүмкін? Болжамыңды айт



бет2/5
Дата08.11.2023
өлшемі46.77 Kb.
#482679
түріСабақ
1   2   3   4   5
Жоспар Зияткерлік миграция

Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын тексеру

Ой шақыру. 1-тапсырма. Төмендегі мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндір. Олардың бүгінгі сабақ тақырыбымен қандай байланысы болуы мүмкін? Болжамыңды айт.

1) Бөтен елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
2) Жеті түрлі ілім біл, жеті жұрттың тілін біл.
3) Білім инемен құдық қазғандай.




Сабақтың ортасы

Зияткерлік миграция – белгілі бір себептерге байланысты басқа мемлекетке қоныс аудару. Мысалы: жұмыс бабымен немесе оқу орнының ауыстыруы мақсатымен басқа мемлекетке көшу. Қазақстандағы Зияткерлік миграцияға «Болашақ» бағдарламасы мысал бола алады, себебі осы бағдарлама арқылы мектеп бітірушілер шетелге оқу мақсатымен бірнеше жылға қоныс аударуда.

2-тапсырма. Шетелге оқуға барудың қандай пайдасы бар деп ойлайсың? Ал қандай қаупі бар? Пікіріңді қысқаша айт.

3-тапсырма. «Оймоншақ» әдісімен зияткерлік миграцияның туындауына себеп болатын факторлардың тізбегін жазып, әңгімелеп беріңдер. Сөздеріңде сын есімнің мағыналық түрлерін қолданыңдар.




Ресми ісқағаздар стилі

Ресми ісқағаздар стилі – ресми қатынастар аясында қызмет ететін стильдің бірі. Ресми құжаттар мен ісқағаздарының стилі деп те аталады.
Ресми ісқағаздардың мынадай түрлері бар:
1. Азаматтық қарым-қатынас құжаттары (сенімхат, кепілхат, келісімшарт, еңбек шарты т.б.).
2. Жеке адам өміріне қатысты құжаттар (өмірбаян, түйіндеме, өтініш, мінездеме, жеделхат т.б.).
3. Басқару, ұйымдастыру құжаттары (Жарғы, үкім, жарлық, ереже, бұйрық, хаттама т.б.).
Ресми ісқағаздар стиліне тән құжаттардың тіліне белгілі бір
талаптар қойылады. Олар: сөздің дәлдігі мен бірмағыналылығы, жүйелілігі, дәлелділігі, ықшамдылығы, артық сөздің болмауы.
Ресми ісқағаздар стилінде жазылған мәтінге қойылатын талаптар болады.
Олар:
• лексикада – ресми құжаттар мен ісқағаздарына тікелей қатысы бар сөздерді ғана орнымен қолдану, көнерген сөздерді бейтарап, кітаби немесе әдеби сөздермен алмастыру;
• морфологияда – жалпылық мағына беретін сілтеу есімдіктерін қолданбау;
• синтаксисте – сабақтас құрмалас сөйлемдердің (себеп-салдар, мақсат, шартты бағыныңқылы) көбірек қолданылуына мүмкіндік беру;
• қыстырма сөздерді қолдануды шектеу.
«Қазақ тілінің стилистикасы» оқулығынан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет