Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру т б



жүктеу 64.48 Kb.
Дата17.06.2016
өлшемі64.48 Kb.

Толепова Динара Ибрашқызы-

Атырау қаласы, Махамбет ауданы,

Алға орта мектебінің

биология пәнінің мұғалімі

Пәні: Биология

Сыныбы: 7 Күні: 5.02.2014 жыл

Тақырыбы: Балықтардың көбеюі мен дамуы

Мақсаты:


  1. Оқушыларға балықтардың көбеюі мен дамуы туралы білім беру

  2. Балықтардың көбеюінің қзіне тән ерекшеліктері, көбею кезіндегі мінез құлығы, ұрпағына қаиқорлық жасауы жайлы ұғым қалыптастыру, тану біліктілігін дамыту

  3. Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, табиғатты сүюге баулу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру т.б

Көрнекілігі: Слайд, балық қаңқасы, ылғалды препарат


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- оқушылармен сәлемдесу

- түгендеу

-назарды сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Қайталау сұрақтары:


  1. Балықтарға жалпы сипаттама

а) Балықтарды неше класқа бөлеміз?

ә) Балықтарды зерттейтін ғылым саласы

б) Балықтардың дене бөлімдерін ата

2. Шеміршекті, сүйекті балықтардың сыртқы құрылысы қандай?

а) Денесінің бөлімдері

ә) Жүзбе қанаттары

б) Терісі

3. Шеміршекті, сүйекті балықтардың ішкі құрылысы қандай?

а) Ми бөлімі

ә) Асқорытуы

б) Тыныс алуы

4.Балықтардың сезім мүшелерін ата


ІІІ. Мақсат қою: сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру( Бейне көрініс арқылы)

Балықтардың көбеюі. Балықтардың көпшілігі дара жынысты. Тек біраз ғана сүйекті балықтар — теңіз алабұғасы (Sеrrа-пиs sсгіЬа), дорабтар (Сһуsорһгуs), тағы бірнеше балықтар ғана қос жынысты. Гермафродитті балықтарда жыныс без бірде аталық, бірде аналық бездің қызметін атқарып отырады. Сондықтан, ондай балықтар өздерін өздері ұрықтандыра алмайды. Тек қана теңіз алабүғасының гонадасының әр түрлі бөлігі бір мезгілде жұмыртқа да, сперматозойд та бөліп шығара алады. Кейде майшабақтың, макрелдердің, трескалардың қос жынысты особьтары да кездеседі.
Аталық жыныс бездері ұрғашыларының жыныс бездерінен бір жыл ерте жетілетіндігі жиі кездеседі. Каспий теңізінің киль-ка, хамса балықтарының жыныс бездері бірақ жылдың ішінде жетіледі. Тірі туатын гирардинус балығын жақсы күтшімен аквариумдарда (20° С температурасында) үстаса, туғаннан кейін үш-төрт айда жыныс бездері толығынан жетіледі. Қерісінше, кейбір балықтардын, жыныс бездерінің жетілуіне бірнеше жыл-дар керек. Мысалы, қызыл балық 7—8 жылда, бекіре 12— 13 жылда (Амурдың бекіресі 8—10 жылда), ал белуга және калугалардың жыныс бездерінің жетілуіне 16—17 жыл керек.
«слайд арқылы көбею жолдарымен таныстыру»
Балық уылдырықтайтын кезде аналық безде уылдырық деп аталатын өте майда жұмыртқалар түзіледі. Ал аталық балықтың жыныс мүшесі ішектің үстіңгң жағында созылып жататын екі қапшық тәрізді ақ сұйықтық, ол шоғыл деп аталады. Балықтардың жыныс өнімін шашуы уылдырықтау деп аталады.



«Сазанның даму схемасы бойынша суреттер көрсету»

Кейбір балықтар көбею кезінде жылыстап өрістейді.Мысалы бекірелер, албырттар теңізден өзенге өрістеп, уылдырық шашады. Ал өзен жыланбалығы керісінше, өзеннен теңізге өтіп, уылдырық шашады. Ұрықтанған уылдырықтан бірте -бірте дернәсіл,одан шабақ өсіп жетіледі.

Кәсіптік мәні бар балықтарды көбейту үшін, арнайы балық зауыттарында қолдан ұрықтандырып, шабақтар өсіріледі.

Атырау балық зауыты туралы бейне көрініс көрсету;

Терминдермен жүмыс: Уылдырық, шоғыл, өрістеу, уылдырықтау


V. Жаңа сабақты бекіту:

І. «Балық аулау» ойыны. Балықтуылдырықдың суретін алып ондағы сұрақтарға жауап беріп, шелекке жинайды

1. Ұрықтанудың түрлерін ата

2. Өрістеу деген не?

3. Өрістеудің қандай түрлері бар?

4. Кәсіптік мәні бар балықтарды қалай көбейтеді?

5. Өрістегіш балықтарды ата

Жауабы: бекіре, албырт, жыланбалық

6. Ұрпағына қамқорлық жасамайтын балықтарды ата

Жауабы: Шортан, сазан, треска, сутіл

ІІ. Биологиялық диктант:


  1. Балықтар........ жынысты жануарлар

  2. Теңіз алабұғысы ғана ........

  3. Аналық безде.......деп аталатын майда жұмыртқа ...... жетіледі

  4. Сүйекті балықтар ........ ұрықтанады

  5. Кейбір балықтар көбею кезінде.....

  6. Аталық безден бөлінетін ....... деп аталады

ІІІ. Балықтың шын атын тап

Берілген басқатырғы бойынша дұрыс жауаптарын табады

Жауап: Шармай, Қортпа, Химера, Бекіре, Сүйрік, Шаншар, Шортан, Таутан, Треска, Албырт

ІV. Өрістегіш балықтар сызбасын толтыр:


  1. Өзеннен теңізге қарай

  2. Теңізден өзенге қарай

IV. Проблемалық бейне сұрақтар. Қане, ойналайық!
VІІ. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу. Балықтарға байланысты сөзжұмбақ құрастыру

VІІІ. Бағалау:




Балықтар дара жынысты, тек кейбір түрлері қосжынысты.Аталықтарының да, аналықтарының да екі-екіден жыныс бездері болады. Аталықтан бөлінетін сұйықтық шоғыл, аналық безде уылдырық деп аталатын майда жұмыртқа жасушалар болады.






  • Балықтар........ жынысты жануарлар

  • Теңіз алабұғысы ғана ........

  • Аналық безде.......деп аталатын майда жұмыртқа ...... жетіледі

  • Сүйекті балықтар ........ ұрықтанады

  • Кейбір балықтар көбею кезінде.....

  • Аталық безден бөлінетін сұйықтық....... деп аталады

Балықтардың барлығы уылдырықтарын суға шашады, кейбiр түрлерi көптеген миллион уылдырықты бiрден тастайды. Мұндай көбею сыртқы ұрықтану жолымен жүредi. Аналықтар уылдырық шашса, аталықтары оларды ұрықтандырады. Теңiз балықтары саны жағынан өте көп жұмыртқалар шашады, бiрақ бұл салада рекордсмен болып, алып ай-балық есептеледi: оның бiр аналығы бiр мәртеде 30 млн-ға жуық жұмыртқа шашады. Бiрақ уылдырық шашылған соң өздерi ғана қалады, олар ауруға, аштыққа және жыртқыштардың шабуылына шалдығады. Жұмыртқалардың өте көп болуы, аман қалуды қамтамасыз етуге қажет. Балықтардың көбею нақты белгiленген жерлерде – уылдырықтамаларда өтедi.


Жұмыртқалайтындар. Оларға балықтардың басым көпшiлiгi жатады. Албырттардың көбеюi мен дамуын мысалға келтiруге болады. Көбею мақсатында олар сөздiң тiкелей мағынасында – алысқа барады. Атлант албырты уылдырық шашуға дайын болғанда коректенетiн Лабрадар мен Гренландия су асты жайлымдарынан, өзi туылған жерi, Атлантиканың арғы бетiндегi өзенге жүзiп баруға дайын.
Өзен ағысына қарсы көтерiлiп, албырт аналығы таза суы мен қиыршық тастар кенi бар жерiн iздеп табады. Ол құйрығымен кiшкене шұңқыр немесе бекiрелiлердiң ұясы деп аталатын төбешiк қазып, сол орынға жұмыртқалайды.
Аталығы жұмыртқаларды ұрықтандырады, сонан соң аналығы ұрықтанған жұмыртқаларды қиыршық тастармен көмiп тастайды. Уылдырық шашқан соң әлсiзденген балықтар ағыспен ағып ауытқиды: кейбiреулерi мұхитқа жетпей өледi, бiрақ көбiсi келесi миграция мен уылдырық шашуға дейiн тiрi қалады.
Жаңадан уылдырықтан шыққан патшабалық дернәсiлiнiң сарыуыз қабы болады, оның iшiнде өзi қоректенетiн сарыуызы бар. Сарыуыз дернәсiлдiң әрi қарай дамуына және оның шабаққа айналуына қажет.
Сол шетте – бiрнеше апталық дернәсiлдер.
Оң шетте – сарыуыз қабы жоқ албырт шабағы.
Өзеннiң жылдам ағымы оларды ашық теңiзге алып кеткенше дейiн, шабақтар жетiлудiң бiрнеше кезеңiнен өтедi, сол уақыттың iшiнде олар туған ұясының маңынан алшақтамайды. Шабақтар басынан өтетiн метаморфоздар, оны тұзды суда тiршiлiк ете алатын балыққа айналдыруға бағытталған. Мұхитқа жетiп, өзi ағымға қарсы көтерiлiп және көбеюдiң жаңа циклiне бастама бергенше, албыр бiр метр ұзындыққа дейiн өсуi мүмкiн.
Басқа өрiстегiш балықтар арасында ұзын жылантәрiздi денесi бар жыланбалық қызығушылық тудырады. Ғасырлар бойы осы балықтың көбею жұмбақ болып келiп, жақын уақытта ғана анықталды. Еуропа өзендерiнiң жыланбалықтары Атлант мұхитымен батысқа қарай жүзедi. Солтүстiк Американың жыланбалықтары Атлант мұхитымен шығысқа бет алады. Екеулерi де Саргасс теңiзiнде кездесiп, сол жерде уылдырық шашады. Одан ересек жыланбалыққа мүлдем ұқсамайтын дернәсiлдер шығады: олар мөлдiр, қысқа денелi және бүйiрлерiнен қатты қысылған болып келедi. Саргасс теңiзiнен дернәсiлдерi бiреулерi Еуропа жағалауларына аттанса, екiншiлерi Солтүстiк Америка жағалауларына қарай бет алады. Бiртiндеп дернәсiл құрылысы өзгередi және өзендерге жыланбалықтар кiредi.
Қырық түрлi балықтардың аталықтары жынысын керiсiнше ауыстыра алады. Сол шетте жыланбалық аталығы электрик түсiне боялған. Аналыққа трасформациаланғаннан соң жыланбалық сары түстi болып шығады.
Аталық пен аналықтың қызметтерi бiр организмде ұштасу құбылысы гермафродитизм деп аталатын, репродукция тәсiлiн бейнелейдi. Мұндай түрлердiң жыныс мүшелерi жұмыртқаны да сперманы да өндiредi.
Мұндай түрдегi балықтар топ-топ болып тiршiлiк етедi және үйiр бастаушысы, ең iрi дарақ және аналық болады. Аталық көлемi жағынан аналыққа жақындайды, басқа дарақтар болса әлi ересек кезеңiне жеткен жоқ. Аналық өлген кезде, аталық оның орнын басады; топтағы көлемi жағынан келесi балық аталыққа айналады.
Шемiршектi және сүйектi балықтар арасында, дамыған жас балықтарды туатындар да кездеседi. Тiрi туатын түрлер акулалар, скаттар және т.б.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет