Сабақтың түрі: Білік пен дағдыны қалыптастыру



жүктеу 42.56 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі42.56 Kb.
Сидагалиева Алия Мураткановна

жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Атырау облысы Атырау қаласы №31 мектеп-гимназия

Тақырыбы: Ә.Нұрпейісов «Балықшылар» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі

Мақсаты: а) Оқушыларға Ә.Нұрпейісовтің «Балықшылар» шығармасын оқыта отырып, ондағы іс-әрекеттермен таныстыру, кейіпкерлердің өмірдегі шынайы бейнесін таныту.

б) Оқушылардың сөйлеу шеберліктерін, өз ойларын ашық айта білу қабілеттерін дамыту. в) Оқушыларды ұлтжандылыққа, еңбекқорлыққа, татулыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу


Сабақтың түрі: Білік пен дағдыны қалыптастыру

Сабақтың әдісі: Топтастыру, «Тұжырым» кестесі, «Эйлер» шеңбері, «Бір типті

кейіпкерлерді топтау» әдісі



Сабақтың көрнекілігі: кестелер, тірек сызбалары, үлестірмелі дидактикалық карталар

Техникалық құралдар: мультимедиалық слайдтар
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Тұжырым» кестесі




Іс-әрекеттер

Қасиеттер

1

Балықшылар-өз алдына бір тайпа ел.

Татулық, бірлік

2

Федоров балықшыларды күннің райына қарамай теңізге шығарады.

Әділетсіздік

Төмендегі сұрақтар бойынша шығарманы қорытындылау



  • Балықшылардың тұрмыс- тіршілігі қандай?

  • Мөңкенің көңілі неге жабырқау?

  • Еламан кімдер үшін қорлыққа төзді?

  • Федоровтың мейірімсіздігі неде?

  • Федоровпен балықшылар неге келіспей қалды?

  • Ашынған Еламанның әрекеті қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ:

Шығарманың мазмұнын қорытындылай отырып, шығармадағы бір типті кейіпкерлерді топтастыру, өзіндік белгілерін таныту


ІҮ. Кейіпкерлер портретін сомдау


Кейіпкердің сырт тұлғасы

Кейіпкер

Кейіпкердің ішкі жан дүниесі


1

Шашы жалбыраған,ұзын бойлы, сары жігіт

Андрей





2

Үсік шалған екі беті қап-қара, еріндері шыт-шыт, жанарында жылылық сезіледі

Еламан






3

Еңгезердей ірі, қол-аяғы серейген ұзын, қабағы қатулы,сұп-сұр, жұқа еріндері тісіне жабысып, сүзетін бұқаша басын бауырына алып, тұздай көк көзінің астынан кірпік қақпай қадала қарады.

Федоров



Шығармадан кейіпкерлер портретін табу



Балықшы Еламан Қатігез орыс байы Федоров



Ү. Дәптермен жұмыс

Кейіпкерлердің шығармада берілген іс-әрекеттеріне қарап, оларға мінездеме беру


Еңбекқор Қатыгез

Еламан Әділ Федоров Қиянатшыл

Қайратты Әділетсіз

ҮІ. Шығармадағы оқиға болған жер – Арал теңізінің жағалауы. Аралдың қазіргі жағдайы туралы түсінік беру



«Қайраңдағы кеме»


Қазіргі Арал

Ауданы- 20 км кв; Тұздылығы- 40%

Бұрынғы Арал

Ауданы – 60 км кв

Тұздылығы – 9-14%


ҮІІ. Шығарма мәтінімен жұмыс.


  1. Өңеші кең, балықшылардың балығын кемітіп есептейтін кім?

  2. Күннің райын бай-бәйбішенің қасы мен қабағындай білетін кім?

  3. Тіліңді алмаса,ау-құралдарыңды тартып ал.Өңкей тақыр кедейлер, тентіреп кетеді.Тіпті еңбекақыны кем төле.”

  4. Біз үшін отқа түсіпсің.Ағаеке, енді қайттік?!

  5. Әлиза, мықты едің ғой, шыда!




documents

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау:

Кейіпкер бейнесін толықтай ашу мақсатында мәтіннен үзінділер оқу.

1.Еламан- балықшы. 1. Федоров - қиянатшыл

2.Еламан – ұйымдастырушы, еңбек адамы 2. Федоров - әділетсіз

3.Еламан – күрескер, айыпкер 3. Федоров – құрбан


ІХ. Оқушылардың білімін бағалау.
Х. Үй тапсырмасы:

1. Жазушының тілі арқылы берілген кейіпкер портретін қылқаламмен салу



2. «Аралым-ардағым» тақырыбына шығарма жазу, Арал теңізі жөнінде деректер жинау


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет