Сабақтың түрі: Жаңа материалды түсіндіру, бекіту сабағы. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сто әдісі, баяндау, талдау



бет2/5
Дата06.12.2023
өлшемі69 Kb.
#485631
түріСабақ
1   2   3   4   5
Ашық сабақ. Өзім туралы.

Қасым Аманжолов


1911 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келеді. Жастайынан жетім қалып, өмірдің қиыншылығын көп көреді.
1927-30 жылдары «Мал дәрігерлік техникумына » оқуға түседі.
1932 жылы Алматыға келіп, өлең жазуға талпынған ақын «Лениншіл жас» газетіне қызметке тұрады.
1939 жылы «Өмір сыры» деген атпен алғашқы өлеңдер жинағы жарық көреді.
1946 жылы қан майданнан оралады.
1948 жылы «Дауыл» атты жыр жинағы жарық көреді.Ол Абай поэзиясының құдіретін жете түсініп, шығыстың классик ақындарының шығармаларын оқып, нәр алады. 30 жылдары ақын Ұлы Отан соғысы кезінде асқақтай бой көтереді. Өлеңдеріндегі ойы айқын, өрнекті болып келеді. Оған дәлел «Ақын туралы аңыз» поэмасы. Бұл поэмасы ерлік обрызын көркем шығарма арқылы бейнелейді. Жаралы оралған жауынгер туындылары соғыспен де байланысады. Сонымен қатар Қасым Аманжолов аудармашы, сазгер, лирик. Қазақ поэзиясына он буынды өлең түрін енгізді Әңгіме жазды, әдеби сынға араласты, драматургия саласында қалам тартты.
Шығармалары: «Ақын өлімі туралы аңыз поэмасы», «Орал» , «Біздің дастан» , «Құпия қыз», «Дариға сол қыз, Сәулешім» өлеңдері т.б

  1. Ал енді сабағымызды «Тұңғиықтан маржан теру» ойыны арқылы жалғастырамыз.

Білім –теңізінің тұңғиығына сырын білетін адам ғана бойлай алады. Ол үшін көп еңбектену керек.
Асан қайғы бабамыз айтқандай:
Таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады,
Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз ой толқытса шығады. – демекші бүгінгі білімді осы ойын арқылы меңгереміз. Ол үшін сіздер өз топтарыңыз үшін жетондар жинау керексіздер.

  1. «Теңіз түбі» тапсырмасы

Топтастыру стратегиясы
- Қасым Аманжолов кім?
- Несімен танымал? Сыршыл өлеңдерімен, поэмаларымен, еңбектерімен, лирикалық әндерімен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет