Сабақтың түрі: кіріктірілген. Пәнаралық байланыс : информатика



жүктеу 25.65 Kb.
Дата09.07.2016
өлшемі25.65 Kb.
Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы

Қарағаш орта мектебі

География пәні мұғалімі

Сатымғалиева Айгүл Қыдырбайқызы

Тақырыбы: Каспий теңізі.

Мақсаты: Каспий теңізіне сипаттама беру, Каспий балық кәсіпшілігінің шаруашылықтағы маңызын түсіндіру. Каспий теңізі экологиясы.

Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше жаңа ақпараттық технологияны пайдаланып,интернетпен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Көл суларын қорғау,оның келешек үшін маңызы зор екендігін оқушыларға түсіндіру,экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: кіріктірілген.

Пәнаралық байланыс: информатика.

Сабақтың көрнекілігі : компьютер,электрондық оқулықтан алынған мәтінді бейнекөріністер,слайдтар. Word текстік және Excel электрондық редакторлары,интернет материалдары,суреттер.


  1. Ұйымдастыру.

  2. Үй тапсырмасын тексеру 8-сыныпқа арналған электрондық оқулықтағы №1 : №2 тест тапсырмаларымен жұмыс.

  3. Жаңа сабақ.

Электрондық оқулықтағы Каспий теңізі туралы мәтінді бейнекөріністі көру. Каспий теңізі Евразия құрылығының ортасында орналасқан,мұхиттардан алыста оқшау жатқан дүние жүзіндегі ең үлкен тұйық көл. Каспий теңізі Қазақстанның батыс бөлігінде орналасқан. Аумағының үлкендігіне қарап,оны теңіз деп атайды. Теңіз беті мұхит деңгейінен 28 м төмен жатыр. Каспий теңізінің жалпы ауданы 390 мың шқ2, меридиан бағытында ұзындығы 1200 шқ,ені орташа 300шқ,жағалау сызығының ұзындығы 7000 шқ. Оның суы 5 мемлекеттің жағалауын шайып жатыр.

Жағалық сызығы

7000 шақырым

Қазақстан Түркіменстан Ресей Иран Ислам Әзербайжан



Каспий теңізінің қазаншұңқыры 3-ке бөлінген: солтүстігі таяз 5м,ең терең жері 26 м,жалпы теңіз ауданының 24 пайызын алады. Орталық бөлігінің орташа тереңдігі 200м,ең терең жері 800м,жалпы теңіз ауданының 36 пайызын алады. Оңтүстік бөлігі орташа тереңдігі 345 м, ең терең жері 1025м,жалпы теңіз ауданының 40 пайызын алады. Каспий теңізі балыққа бай, балықтың 55 түрі кездеседі. Каспий итбалығы тек Каспий теңізінде ғана таралған. Терісі мен майы өте бағалы болғандықтан,кәсіптік маңызы өте зор. Ең бағалы балықтарға бекіре тұқымдастар жатады. Дүние жүзінде жыл сайын ауланатын бекіре тұқымдас балықтардың 80 пайызы Каспий теңізінің үлесіне тиеді. Бекіренің Каспийде,Еділ,Жайық өзендерінде тіршілік ететін екі түрі бар кәдімгі бекіре және парсы бекіресі. Еті дәмді,қара уылдырығы өте бағалы. Каспий қара уылдырық өндіретін су айдындары арасында дүние жүзінде алдыңғы орында. Каспий экологиясы туралы интернет материалдары: « Каспийдің экологиялық проблемасы», «Каспийдің ластануы»т.б. Теңізден бекіре тұқымдастардың ғана уылдырығымен және шабақ планктондарымен қоректенетін теңіз жәндігі-медуза көп мөлшерде табылған. Ең алғаш 1998 жылы Иран жағалауында кездескен тарақ тәріздес медуза бірнеше айдың ішінде Каспийдің көп бөлігін толтырды. Ол жарқырауық әсем бейнелі жәндіктен гөрі,космос кемесіне ұқсайды. Қара теңіздің суында саяхаттап Каспийге Волга-Дон каналы арқылы түскен. Бұл жебір жәндіктер асыл байлығымыз болып табылатын балықтарымызды құртуда. Ғалымдар бұл құбылысты теңіздің мұнай қалдықтары және ластануымен байланыстырады.

  1. Қорытындылау.

Жаңа сабақты бекіту мақсатында компьютерде сарамандық жұмыстарды орындаймыз. Бірінші сарамандық жұмысты орындау үшін Excel электрондық кестесімен жұмыс істейміз. Ал екінші тапсырманы орындау үшін Paint графикалық редакторын қолданамыз. Оқушыларға қайталау сұрақтарын қоямыз.

  1. тапсырма диаграмма құру

  2. тапсырма диаграмма арқылы кескіндеу.

  3. Сергіту сәті.

  4. Эссе

  1. Бағалау. Excel электрондық кестесінде жасалынған бағалау парағы бойынша қорытындылау. Үйге тапсырма: Каспий теңізі.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет