Кеуде омыртқалары
Кеуде омыртқалары, vertebrae thoracicae Жалпы саны 12 (Тһ,- Тһ 12). Мойын омыртқаларына қарағанда үлкендеу, беломыртқаларына қарағанда кішілеу келген. Кеуде омыртқаларға түсетін салмақтың көлеміне байланысты, төменгі кеуде омыртқаларының денелері бел омыртқаға жақындаған сайын көлемділеу болып келген. Кеуде омыртқаларының ерекшеліктері: 1) Денесінің бүйір бетінің төменгі және жоғарғы жиегінде қабырғаның басымен беттесіп, буын құрайтын жартылай немесе толық қабырғалық шұңқыршалары, fovea costalis, орналасқан. Толық шұңқыршалар 1-кеуде омыртқаның бүйір бетінің жоғарғы жиегінде және 11,12- кеуде омыртқаның бүйір бетінің орталық бөлігінде орналасқан. Негізгі қызметі: 1,11,12- жұп қабырғалардың буын басы мен беттесіп, қабырға омыртқа буынын, articulatio costovertebralis, құрауы. Қалған кеуде омыртқалардың 1-9 (Thj-Tlij) бүйір беттерінде жартылай жоғарғы және төменгі қабырғалық шүңқыршалар, fovea costalis superios et inferior, орналасса, 10 (Th ,) кеуде омыртқаның жоғарғы жиегінде, тек қана жоғарғы жартылай қабырғалық шұңқырша орналасқан. Бұл шұңқырша, 9-кеуде омыртқаның төменгі шұңқыршасымен өзара беттесіп, 10-жүн қабырғанын, қабырға омыртқасының буынын құрайды.Омыртқа доғалары денесімен бірігіп, дөңгелек келген омыртқалық тесігін құрайды. Бұл тесік, мойын омыртқаларының тесігіне қарағанда кішілеу келген.Колденең, өсінділер processus transversus, мойын омыртқалар мен бел омыртқаларыны да көлденең өсіддісіне қарағанда көлемділеу болып, бүйір қапталда жәде артқа қарай бағытталған. Кеуделік омыртқалардың көлдедең өсіндісінің ұштарында қабырғалардың төмпейшегінде буын бетімен беттесіп, бүтін күрайтың, көлденең өсіндісінің қабырғалық иін шұңқыршалары, fovea costalis transversus, орналасқан
Тест сұрақтары: Тқлға қаңқасы.
1.Адам қаңқасы қанша сүйектен тұрады?
А) 160 б) 206 в) 250
2. Омыртқа жотасы қанша омыртқадан тұрады?
А) 40-45 б) 25-30 в) 33-34
3. Омыртқа жотасы неше бөліктен тұрады?
А) 6 б) 8 в) 5
Достарыңызбен бөлісу: |