Сабақтыңтақырыбы: Эпиграфтар (тақырыпмазмұнынашатын) «Парасаттылық туралы» Сабақтың мақсаты


Күні 22.01.2024 Класс жетекші



бет2/12
Дата28.04.2024
өлшемі0.84 Mb.
#500040
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
кмж тарбие 7в

Күні

22.01.2024

Класс жетекші:

Аманжолова Г

Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтыңтақырыбы: Эпиграфтар (тақырыпмазмұнынашатын)




Сабақтың мақсаты:

Шығыс пен Батыстың кіндігі болған Мысыр елінің гүлденуіне, мәдениетті әлемдік деңгейге көтерілуіне ғалымдардың қосқан үлесін түсіндіру. Бабамыздың өз елінде емес, өзге елде 17 жыл сұлтандық құру, сол елде құрметтелу кез келгеннің қолынан келмейтін ісін, ерлігін, батылдығын, табандылығын, қайсарлығын үлгі ету.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Тақырыптықкөрмелерменақпараттықстендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



Ұйымдастыру кезеңі Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің "Сұлтан Бейбарыс – ұлы дала елінің барысы" атты атақты қолбасшы, даңқты билеуші бабамыз Сұлтан Бейбарысқа арналған сынып сағатына қош келдіңіздер! Жамақұлы Бейбарыс түркі әулеті Бахриден шыққан мамлюктердің Египетті билеген төртінші сұлтаны. Жазба деректерге қарасақ, Бейбарыс 1223 жылы монғолдар ойрандаған Дешті Қыпшақ даласында дүниеге келген. Жетім қалған жас бала өзге де тұтқындармен бірге Мысырдық сол кездегі курд текті сұлтаны Салих Наджм ад-Динге сатылған. Оның шыққан тегі – қыпшақ. Бірақ қай жердің қыпшағы дегенге келгенде әр түрлі деректер айтылып, бірі – Хорезм, Дербент қыпшақтарынан десе, екіншілері маңғыстаулық еді дегенді айтады. Соңғы зерттеулер бұл дүдәмалдықтың түйінін шешіп, Бейбарыстың қыпшақ тайпасының Беріш руынан шыққан атақты әулеттің тұқымы екені анықтауға мүмкіндік берді. Араб елдерінің «Мың бір түнмен» қатар қоятын халық романы – «Бейбарыста» оның әкесі Жамақ, шешесі әйек деп, олардың нақты есімдерін атап көрсеткен. Бейбарыс өмір бойы қыпшақ тілінде сөйлеген, Алдыңғы Азиядағы араб тілдес халықтармен тілмәш арқылы түсініскен. Бейбарыс Дамаскінің базарында 800 дирхемге құлдыққа сатылғаннан кейін жаңа қожайыны Айдакин Бундукдаридің атымен әл-Бундукдари деген есімге ие болды. Кейін Бейбарыстың ерекше қабілетін байқаған Айюби әулетінің сұлтаны Салих Нажумиддин оны өзінің жеке гвардиясының бір бөліміне сардар етіп алады. Сөйтіп ол енді жаңа әміршісінің атымен өзіне әл-Салихи деген есімді және қабылдайды. Ол осында жүргенде крест жорығына қатысушыларға қарсы күресте Египет әскеріне қолбасшылық етеді. Египеттің жаңа сұлтаны Муиззәддин Айбек Айюби әулетінің соңғы бастаған кезде, Бейбарыс бас
сауғалап, Сирияға қашып кетеді. Содан мамлюктер Айбекті өлтіргеннен кейін ғана ол Каирға қайта оралады. Бейбарыс медреселер салуға көп күш жұмсайды, каналдар мен бөгеттерді жөндетеді. Каир қаласында ол салдырған мешіттердің бірі қазір де «Бейбарыс мешіті» деп аталады. Бейбарыс ойлы да кемеңгер мемлекет қайраткері, батыр да жігерлі қол басшы болған. Әуелі ол елдің әл-ауқатын көтерді. Мұсылман текті халықтардың ежелгі жауы — крест тағушыларды талқандады. Монғолдарды Мысырға қарай қия бастырмаған. Араб халкы шығарған Бейбарыс жайлы аңыздар, кисса, әңгімелер бір емес, бірнеше ғасырдың жемісі. И. М. Фильштинский Бейбарыс туралы халык романдарына негіз болған деп қыпшақ батырының хатшысы әрі оның ғұмырнамасын жазған Мухий ад- Дин ибн Әбд аз-Захир , тарихшы-шежірешілер әл-Мақризи мен Ибн Тагрибердилер қалдырған мағлұматтарды атаған. Бейбарыс заманында өмір сүрген тарихшы Вильгельм Тайпольский де оған: «Бейбарыс— жауынгерлігі жағынан Гай Юлий Цезармен терезесі тең тұратын қаһарман» деген баға берген. "Бейбарыс – дар тұлға, атақты қолбасшы. Оның өмірінен туған жерге деген ерекше ықыласы мен құрметін үлгі тұтуға болады. Бейбарыс бабамыз қарапайым құлдан мемлекет билеушісіне дейін көтерілген.

Оқушылар мұғаліммен амандасады. Тәрбие сағатының тақырыбымен танысады. Сұлтан Бейбарыс туралы ақпаратпен толық танысады.



Компьютер



Сабақ басы (13 мин)



Видео «Сұлтан Бейбарыс» Оқушылар 3 топқа бөлінеді. 1топ: Тарихшылар. 2топ: Әдебиетшілер. 3 топ: Зерттеушілер. Үш топтың көмегімен жаңа сабақта алатын мәліметтерді талдаймыз. І тақырыпша: «Мәмлүк» сөзінің мағынасын талдау. І топ. Тарихшылар: Батыс тарихшылары мәмлүктерді әскери бөліміне қарай «бахри» және «бурджи» деп атайды. Мәмлүктердің арқасында араб - ислам өркениеті монғол мен кресшілер зауалынан аман қалды. Оған ислам әлеміндегі төңкерісте сайма - сай келді. 1258 жылғы Бағдад халифатының құлауы, монғол шапқыншылығы әсерінен кезінде ислам мәдениетінің орталығы болған Бағдадтың талқандалуы, мықты - мықты ғалымдардың Мысырға монғол езгісінен қашып келуі оның орталыққа айналуға себеп болды. ІІ топ. Әдебиетшілер:
ХІІІ ғасырда Мысырдың мемлекет басына мәмлүктер (араб тілінде «мүлік», «құл», «бас бостандығы жоқ адам» деген ұғым береді) келеді. Мәмлүктердің басым көпшілігі моңғолдар шапқыншылығы кезінде тұтқынға түсіп, Дешті - Қыпшақ даласынан Мысырға сатылған құлдар. ХІІІ ғ. – ХІҮ ғ. Мысыр мен Шамда түркі (қыпшақ) тілін үйренуге деген үлкен құштарлық пайда болды. Өйткені мемлекет басында қыпшақ сұлтандары отырды. Сондықтан сол тұста арабтарға қыпшақ тілін үйрету үшін арабша - қыпшақша сөздіктер мен граматикалық еңбектер көп жазылған. ІІІ топ. Зерттеушілер: Мәмлүк қыпшақтары ХІІ - ХІІІ ғасырларда Арабстан (Мысыр, Ислам, Месопатамия, Оңтүстік Арабия) әскерінің алдыңғы саптағы жасақшылары болған. Бұл қыпшақ құлдары Мысыр мен Шамды 250 жыл билейді. Олар ХІІІ ғасырда Айуб әулетінің ең соңғы шах мұрагері сұлтан Тұран шахты өлтіріп, мәмлүк мемлекетінің алғашқы билеушісі Айбек болды. Айбек таққа отырғанымен мәмлүк мемлекетінің абыройын асқақтатқан ал - Малик - аз - Захир Рух – ад - Дин Бейбарыс.

Оқушылар Сұлтан Бейбарыс туралы видео көреді. Оқушылар «Тарихшылар», «Әдебиетшілер», «Зерттеушілер» болып 3 топқа бөлінеді. Тақырыпшалар бойынша постерлер қорғайды. «Мәмлүк» сөзіне талдау жасайды, мағынасын ашады.

Видео Постер, слайд

Соңы



Бекіту жұмыстары. 1. «Синквейнн» стратегиясы. 1. Зат есім: Бейбарыс. 2. Сын есім: Көк көзді, бойы ұзын, қайсар, өжет. 3. Етістік: Ел биледі, сауданы дамытты, мұсылмандарға қорған болды. 4. Тақырыпқа байланысты өз ойын білдіретін 4 ұғым. 1. Адал. 2. Мейірімді. 3. Айлакер. 4. Қатал. 5. Синоним – Сұлтан. 2. «Топтастыру» стратегиясы. Бейбарыс ↓ Құл Сұлтан Мамлюк Дипломат Қолбасшы Саясаткер Діндар Ғұлама адам 3. Кестені толтыр: Жылдар ------------Өмірі ----------Қолбасшылық қабілет ---------- Қандай елдермен байланыс болды. Кері байланыс. Инсерт стратегиясы. Білемін Қыпшақ екенін Арабтар жаулап алғанға дейін Атырау өңірінде туып өскенін Білгім келеді Туғандары болды ма? Қайда жерленді? Әкесі, шешесі туралы Үйрендім Ерлік жасады, өжеттігі, сезімталдығын, білімділігін, мәдениеттілігін, имандылығын Жаңа білім Фильм бар. Ескерткіш орнатылды. Мешіт бар, т. б



Оқушылар топпен алған білімдерін бекітеді.

Постер

Бекітілді ___________


Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет