Сабира Нурпеисқызы



Pdf көрінісі
бет14/56
Дата05.10.2022
өлшемі2.08 Mb.
#462052
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56
2 5226507378509221292

АЛҒЫС АЙТА БІЛУДІҢ
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ


 Үшбұрыш техникасы
Ер адам сөйлеп жатқанда, оған қарап тұрыңыз да үшбұрыш
сызыңыз. Бірінші оң көзіне, екінші сол көзіне, сосын ерніне.
Осылай істеген кезде сіз күйеуіңіздің не айтып жатқаны, оның
әңгімесі сізге өлердей қызық екенін көрсетеді. Еркекке бұл өте
ұнайды. Оған оны таңқалып тыңдап жатқан кейпінде көрінесіз.
Солай қарап тұрғанда ойыңызда оны мақтаңыз: «Жаным,
айтып жатқан әңгімесінен өзінің, сондай қызық қылып айтады,
көзі сондай әдемі» - іштей оған таңқалып тұрыңыз. Бұл сізге
болашақта шынайы алғыс айтып, оны мақтауға көмектеседі.
Себебі, сіздің ішіңізде де ер адам жайлы ойыңыз тек қана
жақсы сөздер.
Бір өкініштісі кейбір әйелдер "Күйеуімнің жақсы жағы жоқ.
Қай жерін жақсы көремін немесе қай жерін мақтаймын" дейді. 
Құдай бізді көркем түрде жаратты. Адамның бірде-бір жақсы
жері болмауы мүмкін емес. Ойланып қараңыз, оған бір кездері
ғашық болдыңыз, одан басқа жақсы адамды көзіңіз көрмеді.
Сол үшін міндетті түрде жақсылап ойланыңыз немесе өзінен
сұраңыз. Өзінен сұрасаңыз, адам өзін шексіз мақтай алады ғой.
Алғыс айту мен мақтау - дәмдеуіштер сияқты. Ал тағам -
махаббат. Егер сіз іштей оны шынайы мақтағыңыз келіп, оған
таңқалмасаңыз, онда сізге дәмдеуіш көмектеспейді. Еркек
ондайға мүлдем сенбей қалады. Оған жағымды шығар, бірақ ол
іштей сіздің өтірік мақтап тұрғаныңызды сезеді. Себебі,
еркектер ақымақ емес. Әйел адамға қанша өтірік сөздер айтса
да сеніп қалуы мүмкін. Ал еркектің интуициясы өте жақсы
дамыған. Оған егер шынайы қуанышпен, бар ынтаңызбен
айтылмаған сөздер болса, еркек оны бірден сезіп қояды. Бірақ
сізге айтпауы мүмкін. Жай ғана аргументсіз, фактсыз
жарайсың деп айтсаңыз, еркек оған сенбейді. Олар логиктер,
миы эмоциядан емес, аргумент пен логикадан тұрады. Бізге
сенуі үшін комплимент міндетті түрде аргументпен, себеппен
болуы керек.
Некеге дейін... 
42


Мысалы, сіз айтуыңыз мүмкін: 
-Жаным, мына костюм сізге жарасады екен. 
Ол сізден сұрайды: 
-Рас па? Ал неге осы костюм, басқа костюм емес? Ол да жақсы
ғой, -деуі мүмкін. Сіз шынайы оған айта білуіңіз керек. 
-Арқаң үлкен болып, денең күшті болып тұр, түсі сенің
көзіңнің түсіне жақсы келеді,- деген сияқты аргументпен
айтуыңыз керек. 
Ол ақ көйлек киіп тұрса, оған екі түрлі нұсқада мақтау айтуға
болады. Біріншісі: 
-Жаным, мына ақ көйлек саған жарасады. 
Екіншісі: 
-Жаным, ақ түсте сен ерекше көрінеді екенсің. Сен өзің
аққұба, сақалың қап-қара болып тұр. Ақ көйлек саған
жарасымды көрінеді екен. Тіпті мен саған қайтадан ғашық
болып қалған сияқтымын.
Осындай сипаттармен, аргументтермен келтіруге болады. 
Екінші нұсқа ер адамға жағымдырақ және сенімдірек. Тек
қана іштей бүкіл махаббатыңыз, мақтауыңыз мұхит сияқты
толып тұрып, ал аузыңыздан тек бір тамшы сияқты болып
шықса ғана ер адам сізге сене алады. Түсінікті ме?
Ол тек үйде немесе жаныңызда болғанда ғана емес, қонақта
жүргенде де, үйде көп қонақтар болғанда да, оның құлағына
келіп әдемілеп таңқалғаныңызды, мақтауыңызды айтыңыз.
Хабарламамен жазып жіберіңіз. Көп адамдар арасында жүрген
кезде "жаным, сондай әдемі, сексуальный болып тұрсың, мен
сені қалап тұрмын" деген сияқты хабарламамен жазып
жіберіңіз. Міндетті түрде жаныңызда көп адамдар болып
тұрсын. Ол сізге жауап бере алмайтындай, соны көрсете
алмайтындай, көзі жанып кететіндей болсын. Сол уақытта ол
сізге жақындай алмайды, бірақ іштей ол тезірек үйге қайтсақ
екен деген сезімде болады. Ер адамдар интим комплименттерді
жақсы көреді. Төсекте қалай күшті екенін, оны сондай
қалайтыныңызды, жанып тұрған сезімде екеніңізді айтқан оған
екі есе жағымдырақ.
Некеге дейін... 
43


Енді алғыс айту жайлы сөз қозғайық. Мұздатқыш алу үшін
бірінші тоңазытқышқа алғыс айту керек деген сөз бар. Ол
орыстардың сөзі. Әйел адам көбінесе рахметін айта алмайды.
Үйге жиһаз алса, күйеуінің парызы сияқты қабылдайды.
Алғысын білдірмеуге болады деп ойлайды. Иә, оның парызы,
бірақ оған алғыс айтса, ол үйге екі есе әкелгісі келетін болады.
"Рахмет, жаным, сен болмасаң кім алып береді осыны" деген
бір-екі ауыз сөз оған өте жағымды. Рахметті тек сатып алған
затқа емес, кез-келген кішкене нәрсеге айта білу керек. Есікті
ашып берсе де, қоқыс шығарып берсе де, су төгіп берсе де
барлығын парыз деп емес, сізге көмектескісі келіп жасады ғой
деген оймен алғысыңызды айтуыңыз керексіз.
Енді өзіңізге жоспар қойыңыз. 4 немесе 5 күн ішінде кез-
келген кішкене нәрсеге рахмет айтып тұрыңыз. Барлық
жасаған ісіне кішкентай болса да рахмет айтып бетінен сүйіңіз.
Араларыңызда ондай жылы қарым-қатынас болмаса да, өз-
өзіңізді қинап соған үйретіңіз. Бұл қарым-қатынастарыңызды
жақсартады. 
Сонымен, 4-5 күн рахмет айтып, аптасына бір рет жақсылап
алғыс айтатын хат жазыңыз. Хабарлама түрде жіберіңіз немесе
қағазға жазыңыз. 
"Сенің бар болғаныңа шүкір. Көмектесіп үйде жағдайымды
ойлайтының үшін рахмет"
Тағы басқа айтқыңыз келген барлық алғыстарыңызды жазыңыз.
Идеал болмаса да оның кішігірім істеген жақсылығы бар
шығар. Сол үшін алғыс айтыңыз. "Басымыздан қандай
қиыншылық өтсе де, мен ештеңеге қарамай саған барлығы
үшін алғыс айтамын" деп хат жазыңыз. Бір аптада 1 рет. Егер
сіз үшін өте көп болатын болса, екі аптада 1 рет жазыңыз. Осы
хат сіз үшін әдет болып кетуі керек. Айына міндетті түрде 2
рет алғыс хатын жазу керексіз. Ол хатты әдемілеп,
жүрекшелермен, иіссумен сеуіп қойсаңыз болады. Жұмысқа
кетіп бара жатқанда киімінің 
Некеге дейін... 
44


қалтасына немесе сумкасына салып қойыңыз. Жұмысқа барған
кезде соны тауып алып оқысын. Бізге ер адамның махаббаты
керек болса, еркекке әйел адамның алғыс айтқаны, ол үшін
ерекше екенін білуі керек. Әлемде қаншама еркек, бірақ ол сіз
үшін ерекше. Соны ол түсініп білуі керек. Олар үшін бұл өте
маңызды. Егер күйеуіңіз осыны сізден түсінбесе, сіз үшін оның
орны ерекше, басқалар оның жанында тұрмайтынын білмесе
оны ешқандай да төсек қатынасы немесе махаббат ұстай
алмайды. Төсекте қанша жерден керемет болсаңыз да, еркекті
ол ұстамайды. Көзге шөп салу да осындай себептерден тұрады.
Еркек басқа әйелдермен төсек үшін ғана болмайды. Ондай
төсек қатынасы үйде де бар. Олар басқа әйелден ерекше
көзқарас күткеннен барады. Яғни көңілдестер құлағына әбден
комплименттер құяды. "Сен сондай кереметсің, сен сияқты әлі
ешкіммен болмадым", т.с.с. Қысқасы еркек өзінің ең керемет,
ең күшті екенін білгісі келеді.
Енді өтініш сұрауға көшеміз. 
Ер адамға өтініш көп айту керек. Ол маңызды. Ер адам сізге
керек екенін сезбесе, ол өсіп көтерілмейді. Күнделікті мына
нәрсені сатып ал деген сияқты өтініштер емес. Кішкентай
өтініштер. Барлығы содан басталуы керек. 
•Машинаның есігін ашып беруін сұраңыз. 
•Қыс болса, "қолым жаурап кетті, жаным, есікті ашып берші"
деп сұраңыз.
•Қолыңызға сумка немесе пакет алып алыңыз. "Қолым бос
емес, есікті ашып берші" деп сұраңыз. 
Үйге келгенде ер адамның алдына шығып есікті бірінші
ашпаңыз. Ер адам бірінші кілтпен есікті ашып, сізді кіргізуі
керек. Дүкенге барғанда пакетте нан болса, оны еркекке
беріңіз. Ол сізге "бір пакет нан жеңіл ғой, өзің ала салшы, өзің
көтере берші" деп айтуы мүмкін. Сіз "жеңіл екенін білемін ғой,
бірақ мен қызбын, ал сен еркексің. Сенің қолында осы пакет
болса, ол әдемірек көрінеді" деп айтыңыз. Базарда жүргенде 
ауыр не жеңіл болса да пакеттерді еркек ұстауы керек. Ер
адамның 
Некеге дейін... 
45


қолы бос болса, әйел адам бірнәрсені тасуды өз мойнына
алмауы керек. Осыны есте сақтап алыңыздар. Тіпті, қолыңызда
бала көтеріп жүргенде де оны күйеуіңізге беріңіз. Алла Тағала
әйелді нәзік, еркекті мықты етіп босқа жаратқан жоқ.
Күйеуіңізге екі қолы бос емес болған жағдайда ғана
көмектесуге болады. Басқа жағдайда сіз нәзіксіз. Есік ашу,
қолдағы затты көтеру, оның барлығы еркектің мойнында болуы
керек. Оны осыған үйретіңіз. Аз-аздан үздіксіз. Ол сіздің
қолыңыздан бір затты көрсе өзі алып қойып, есікті көрсе өзі
бірінші ашып, сондай бір ереже қалыптасу керек.
Көмектесуін сұраңыз. Келіспесе қорқатын ештеңе жоқ. Бүгін
бас тартты, ертең бас тартады, үшінші рет келіп орындайды.
Үшінші рет орындамаса келесі аптада жасайды. Бастысы сіз
одан сұрау керексіз. Сіздің өміріңізде, үй шаруасында оның
мықтылығы сізге қажет екенін білуі керек. Ер адам біз сияқты
емес. Олар ұмытшақ болады. Жұмысын, ақшаны, жеке
мәселелерін, болашағын ойлап, біздің өтінішімізді ұмытып
кетуі мүмкін. Сол үшін одан сұраңыз. Ұрыспай, ренжімей,
әдемілеп, еркелеп сұраңыз. Бірнеше күн өткеннен кейін
ұмытып кетсе, есіне салуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет