Садыбаева динара



Дата29.02.2016
өлшемі80.5 Kb.
#32698
УДК: 94(568) “13/15” : 28
САДЫБАЕВА ДИНАРА

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері Университеті «Шығыстану» факультетінің 2-ші курс магистранты


ОСМАН ИМПЕРИЯСЫНДАҒЫ «МИЛЛЕТ» ЖҮЙЕСІ

Аннотация

Ежелгі түріктер адамзат тарихында ірі-ірі империялар мен мемлекеттер құрғаны белгілі. Соның бірі Осман империясының (1299-1922) өзіндік орны, өз ерекшеліктері бар. Cол себепті осы мақаламызда Осман империясы және осы империяда жүргізілген миллет жүйесі қарастырылмақшы. Миллет негізінен бір дінге бағынатын, бір сенімдегі адамдар тобы. Ал түрік тілінде «ұлт» деген мағынаға ие. Осман империясында халықты діни белгілірі бойынша классификациялау үшін «миллет» сөзі сол кезеңде кеңінен қолданылды.



Түйін сөзер: Осман империясы, миллет, дін, мәзхаб, райя, патриарх, жихат;
Адамзат тарихындағы ең ұзақ ғұмырлы империя болған Осман империясының тарихы XIII ғасырдың соңынан басталып, XX ғасырдың басына дейін жалғасты, яғни ресми түрде таратылғанға дейін дәл 623 жыл өмір сүрді.

Империяның әлемдік сауда жолдарының бойында орналасуы оның қарқынды дамуына ықпал етті. Осман сұлтандары өз үстемдігін жүргізген аймақтарда ғазилер, яғни дін жолындағы жеңіскерлер болып танылды. Жаңа құрылған мемлекеттің идеологиясы ислам дінінің суниттік тармағын тарату болды. Басқа билік ордаларынан келгендер осы мақсатқа қызмет ету үшін Осман мемлекеті туының астына жиналғандықтан, империяның территориясы ұлғая бастады. Сондай-ақ сұлтандардың қоластындағы жерлердегі халықтардың дініне араласпауы, кең көлемде бостандық беруі Балқан түбегінде үстемдік орнатуына септігін тигізді. Осман мемлекетінің өзін қыспақ көрген кез-келген халықтың қамқоршысы ретінде танытуы оның күш-қуатының артуына себеп болды. Испанияда католиктердің қоластында қысымға ұшырап, зәбір көрген еврейлердің 1492 жылы Осман мемлекетіне әкелінуі секілді саяси шаралар империяның орасан зор күш пен саяси беделге ие болуына мұрындық болған.

Сонымен қатар, Еуропа ғылым мен технологияда жетістіктерге қол жеткізіп жатқанда Осман империясы осы дамудың легіне ілесе алмады. Бұл аздай, алып мемлекет әскери салада да үлкен жеңілістерге ұшырады. Соның салдарынан үстемдік құрған жерлерінен айырылып қалды.

Құран Кәрімде «ұлт» ұғымы діни сенім жүйесі ретіндегі діни мағынаға қарағанда діни сенім динамикасының түсінігінде көрініс тапқан қоғамды сипаттаған [2,59 б.].

Бір дінге бағынышты қоғамды сипаттайтын миллет түсінігі уақыт өте келе ұлтшылдық ағымдарының әсерінен «этникалық» түсінікке ие болған және империядағы жамағаттар ұлттық қоғам түріне айналған. Осы жерде Күчүк айтқандай ұлт ұғымы Осман империясында осы заманғы ұлт (ұлыс) ұғымынан өзгеше діни мазмұнды режимді сипаттаған болатын [3,375 б.].

Осман империясындағы мұсылман емес халықтардың жағдайын түсіну үшін алдымен османлылардың оларға пайдаланған саясатын және мұсылман халықтың мұсылман емес халықтарға деген көзқарасын терең талдау қажет. Осман басқарушылық кезеңінде осылардың әрқайсысын "ұлт" деп атағаны сияқты сол кездегі жүйені де "миллет" жүйесі деп атаған. Түрік тіліндегі «миллет» сөзі ұлт деген мағынаны білдіреді. Алайда ұлт мағынасы бұл кезеңде діни мағынаға ие болған. Оғарыда айтып кеткеніміздей, миллет сөзі адамдарды діни белгілері бойынша классификациялау үшін қолданылған. Османлы миллет жүйесінің ең басты ерекшелігі түрлі сенімдегі адамдарға өз сенімдерін, тіпті құқықтарын қажетінше таныту болатын. Сонымен қатар Осман мемлекетінің қол астында өмір сүрген әрбір ұлттың басында тұрған патриарх, бас раввин және метрополиттерімен өз діни және әлеуметтік жолдарында еркін өмір сүргенді.

Қоғамның құрылымдық ерекшеліктері мемлекет ұйымының құрылуында белгілі болады. Осындай мемлекеттік ұйымдасулар түрлі діни және этникалық қоғамдардың бірлесуінің саяси көрінісі болып табылады. Осы шеңберде Осман империясының әлеуметтік-қоғамдық құрылымы да Осман империясының басқару түрін және түсінігін айқындайды. Осман қоғамы кезеңінің дәстүріне сәйкес діни төменгі тұтастықтарды ұғындыратын ұлттардың осал құрылымынан тұратын.Түрлі ұлттардың әлеуметтік, саяси және заңды жағдайлары діни және мәзхабтық тәуелділіктеріне қарай көрініс табатын.

Осы Ислам үмбеті түсінігін жалғастырушы жүйе дін негізінде айқындалған халықтарға өз-өздерін басқару мүмкіндігін берген болатын. Суннит мұсылмандар этникалық жағынан тәуелсіз болып үмбеттің негізгі бөлігін қабылдап, басқару жұмыстарын өз жауапкершіліктеріне алған. Христиан және еврейлер дін және ар-ұждан жағынан ерікті болып жеке құқық және білім қызметтерін мемлекеттен тыс жүргізе алды. Осман империясы мемлекеттері өз мұрагерліктеріндегі Түрік-Ислам өркениет құндылықтарының әсерінен діни сенім және мәдениет байланысында «өткенімен» өмір сүруді бөлісуде сол кезең әлемінде кездеспеген үлгілер берген еді. Ерйылмаздың пікірінше өзгешіліктерге қарамастан Осман Мемлекетінің басты саясаты келісімшарт арқылы иемденген дәрежесі аясында мемлекет беделінің танылуы және осыған байланысты қажеттіліктердің жүзеге асырылуы принциптерін берік ұстанған «географиялық интеграция» саясаты болған. Бұл саясат тіпті ұлтшылдыққа бөліну кең таралған кейінгі кезеңдерде де алынып тасталмаған [4,238 б.].

Түрік-Ислам басқару дәстүрі басқарушы мен басшылықтағы адамның арасында басым тәуелсіздікті емес, жауапкершілік негізіндегі қарым-қатынастардың дамуын меншіктеген. Осы принциптік негізде Осман мемлекеті мұсылман еместерге мемлекет тәуелсіздігін қабылдау және басқару беделіне ортақтаспау мақсатында дін/мәзхаб жағынан еркін салаларды таныған.

Ерйылмаз заңды, әділет және сабырлылықты Осман империясы мемлекеттері басқаруының мұсылман емес бөліктеріне жақындасу принциптері ретінде айқындайды. Тұран болса Осман империясы мемлекетінің әділет және сабырлылығын Ислам жиһат түсінігі мен мистика дәстүрінің бірлесуімен, мықты жиһан үстемдігі түсінігін дамытумен байланыстырады. Шейхтар, сопылар және түркмендер тарапынан өкілетті болған. Ислам және адамзат басты түсінігі Императорлықтың идеологиялық негізін қалыптастырған және мұсылман емес қоғам үшін Османлы-Түрк егемендігін қалаған [5,24-26 б.].

Ерйылмаз заңдылық, әділеттілік және төзімділікті Осман билігінің мұсылман емес мүшелеріне жақындау принциптері ретінде айқындайды. Тұран болса Османлылардың әділеттілік және төзімділігін Ислам жиһаты түсінігі және мистицизм дәстүрімен бірлестіріп мықты жиһан түсінігінің кемелденуімен байланыстырады [5,186 б.]. Шейхтар, сопылар және түркмендер тарапынан өкілдік еткен ислам және адамшылдық түсінігі мемлекеттің идеологиялық негізін қалаған және мұсылман емес қоғамдар үшін Осман-түрік егемендігін қалайды. Иналжыктың пікірінше Осман империясының жиһат түсінігі қарама-қарсы тараптың талан-тараж түсінігін емес, үстемдік етіп қорғалуы арқылы дін мен мемлекеттің жалғасуын мақсат еткен [6,12-13 б.]. Мемлекеттің Императорлыққа ауысуы осы түсінік негізінде Мұсылман Анадолу мен Христиан Балқандарын бірдей басқару билігінің астына жинай алудың арқасында мүмкін болған. Осылайша Осман, Христиан және еврейлердің қорғаныш миссиясымен императорлыққа ауысқан. Суннит ислам жауыздығын құқық, сарай әдебиеті, медресе ислам діни ілімі сияқты динамикаларға құрылған Селчуклы қала өркениетінің формализм және қаталдығына қарсы, іргелес қоғамдардың күрделі және сенімді қасиеттеріне сәйкес, Осман империясының діни, қауым, мистика, аңыз-әңгіме әдебиеті және әдет-ғұрып құқығы динамикасына ислам ережелерін сабырлылық және жомарттық білігінде сәттілікке ұластыра алды. Әсіресе алым-салық кірістерін сенімділік астына алу үшін ішкі жақты мұсылман еместердің қорғалуына бағытталған сәттілік және сенімділік ортасының алдына шыққан саясаттарды дамытты.

Классикалық кезеңде Исламдағы қарыз құқығы қажеттінше мұсылман еместердің дін, ар, жан, мал, абырой және намыстарына тимей мемлекет сенімділігіне алынғандығына, тіпті діни мекемелерге бағынышты және олардың айналасында қалыптастырған дәстүрлі құрылым аясында дәни, мәдени құжаттардың жалғаса беруі үшін көшбасшыларының тентек сияқты қаржылық қайнар көздерінің мемлекет тарапынан қолдау тапқанына қарамастан мемлекет жүйесінің бар болғандығы туралы айтылмайды [7,145-147 б.].

Мемлекет бақылауында іске асқан миллет жүйесі тек қана Стамбулды жаулап алғаннан кейін шіркеу ұйымдастырылуларының мемлекет тарапынан құрылуының нәтижесінде жасалған [8,255 б.]. Осы кезеңде «мұсылман емес жамағаттар үшін мемлекет басқарушы ретінде екінші және құқықтық түрде бірінші құрылымы» бейнеленген, мемлекет тарапынан танылған ұлттың экономикалық, құқықтық, діни, тілдік және мәдени дамулары қолдау тауып жеке куәліктері сақталған. Танзиматқа дейін дін/мәзхаб негізінде жинақталған қоғамдардың діни көшбасшылары, берілген растаушы қағаздары арқылы қоғамдарды басқаруға тағайындалған. Бұл қоғамдық ұйымдарда мұсылман қауымын қорғау сияқты діни/қоғамдық мақсаттар сияқты саяси мақсаттар да айқындалған. Кей ғалымдардың пікірінше миллет жүйесінің айқындалуында мұсылман еместердің мемлекетке бағыныштылығын қамтамасыз ету пікірі, экономикалық мақсаттар (салық кірістері) және сыртқы саясат шарттардың ықпалы болды [9,218 б.]. Cтамбулды жаулап алғаннан кейін Фатих патриархтарға өзі білетін жеңілдіктермен, сыртқы саясатта католиктердің дұшпан ретінде қабулдануына сәйкестендіріп католиктер шіркеуіне қарсы Стамбул шіркеуін күшейтуді және католиктерге қарсы жасалған күресте османлылардың жанында орналасқан православиеліктерді марапаттай отырып бағыныштылығын арттыруды мақсат еткен болатын.

Осман мемлекеті қоғамының өкілдерін «жалпы басқару, қауіпсіздік, қаражат және әскерлік» салаларымен шектеген, «білім, хабарласу, әлеуметтік қауіпсіздік, әділет, халық, діни жұмыстар және қор қызметтері» салаларын ұлттық ұйымдарға қалдырған болатын. Ұлттық ұйымның көшбасшылары діни өкілдіктермен қатар басқару өкілдіктеріне де жауапты болатын және осы өкілдіктермен мемлекет қатарында халықтарын өкілетті ететін. Қоғамдық жағынан алып қарағанда беделі мықты болатын.

Діни көшбасшылардың қоғам үшін жиналған қорлары мемлекет бақылауынан толығымен тәуелсіз болды. Мемлекет көшбасшылардың көмегімен қоғамдардың бақылануына мән бергендігі сияқты мұсылман емес азаматтардың құқықтарын көшбасшылардың қанауынан қорғауға да үлкен мән берген, жамағат көшбасшыларының қанауларын да бақылау астында ұстаған. Кенаноғлының пікірінше мемлекет, мұсылман емес қоғамның рухани басшыларының тағайындалуын белгілі бір соманың төленуі арқылы жасап отырған [10,59-60 б.]. Төленген сома рухани басшылардың жамағаттар үшін экономикалық және діни қажеттіліктерге қолдануына рұқсат беретін. Әсіресе рухани басшы мемлекет бойынша белгіленген жылдық төлемді және діни мақсаттағы салықтардың бір бөлігін мемлекетке беруге міндеттелетін. Басқа жағынан алып қарағанда көшбасшылардың жамағаттардан жинайтын салық көлемдері де мемлекет тарапынан белгіленетін. Осы жағынан алып қарағанда рухани басшылар мемлекет басқаруында мемлекет ережелері аясында басқарушылық және экономикалық салаларда қызмет көрсететін діни саладағы теңдестерінің қарамағында болатын.

Осман мемлекеті мұсылман еместердің құқықтарын мемлекет қызметкерлері және ұлттық билеушілердің арасында үлкен талаппен қорғаған, оларға құқықтарына байланысты үлкен мүмкіндіктер берген. Әділеттіліктің сақталуына соншалық мұқият болған. Христиан үстемдігінде христиандықтағы антисемит сенушіліктің ықпалынан діндерін ауыстыру қыспағына душар болған еврейлер Византиядан, Филистинадан және Испаниядан әлемнің түрлі аймақтарына көшуге мәжбүр болды. Османлылардың XIV ғасырдан бастап Еуропаның оңтүстік шығысына және Орта шығысқа таралуы еврейлерге діни және мәдени өзгешіліктерін сақтап қалуға мүмкіндік берген. Еврейлер Византия жерлерінің жаулап алынуында Османлыларды қолдаған және Османлы сұлтандары тарапынан мараптталған. Әсіресе сауда және қолөнер кәсібінің дамуында оларға сенім және мүмкіндік берілген.

Осман басқару жүйесінде ортағасыр басқару дәстүріне сәйкес жеке қарым-қатынас емес жамағаттық қарым-қатынас негізге алынған. Осы арада мемлекет жекені емес, жекеге қоғамдық деңгейге жеткізетін топтарды/жамағаттарды алға тартқан. Бұл басқару жүйесі түрлі бөлімдерден тұрған императорлық құрылымда функционалды құндылыққа ие болатын.

Басшылыққа қатыспаған, мемлекетке салық төлеген халықты райат деп атаған. Басқа дін, тіл және нәсілге байланысы бар адамдар да осы топқа жатқызылған. Осман мемлекетінде түріктер, арабтар, парсылар, албандар және босниялықтар мұсылман мемлекетін құраған. Мұсылмандардан басқа православиеліктер, армияндар және еврейлер өмір сүрген. Армияндар монофизм атты ілімді иемденген болатын.

Түрік-Ислам басқару дәстүрі мен Ислам басқару құқығында айқын көрініс тапқан Осман ұлттық жүйесі , орта ғасыр басқару дәстүріне сәйкес дән/мәзхаб бөлінуі нәтижесінде пайда болған қоғамдық-саяси құрылым. Бұл жүйеде Ислам дінінің үстемдігі негіз болып мұсылман еместер дін/мәзхаб өлшемдерімен жасалған иерархияның орнауы шеңберінде жамағаттық байланыстар арқылы мемлекетпен қарым-қатынас құрды. Батыс Еуропа орталық үлкен кезеңдік өзгерістерінің Османлы қоғамына әсер етуі ұлттық жүйенің қызметін жойды.

Қорыта келе бұл жүйеде дін/мәзхаб негізінде бөлінген қоғамдық тұтастықтарға мемлекет тәуелсіздігін суреттеулері арқылы және белгілі бір салық төлеу арқылы ішкі қоғамдық ұйымдасуларымен дін, тіл, білім және жеке құқық салаларында еркіндік берілген. Алайда бұл еркіндік мәдени өзгешеліктерін сақтауда шексіз болмаған. Ортағасырлық басқару түсінігі бойынша айтарлықтай функционалды болған миллет жүйесі Француз төңкерісінен кейін дамыған теңдік, әділеттілік, тәуелсіздік сияқты түсініктер негізінде талқыға түсті. Өзгешеліктердің болғанына қарамастан жүргізілген ұлттық құрылым өзгешеліктердің теңдесуі жолымен бірігуде өз қызметін жойған. Ұлтшылдық түсінігі миллет жүйесі негізінде халықтың тілдік және мәдени болмыстарын сақтаған мұсылман емес бөліктеріне жеңіл жолмен дамуға мүмкіндік берді. Осман империясы бұл бөлінуді миллет жүйесі арқылы реттей алмаған.



Глоссарий

Милле́т (тур. millet,  араб. ملة‎‎ — миллях) — мұсұлман державаларында — бір дінге бағынатын, өздерінің автономдық әкімшілік орындары бар (сот, мектеп, аурухана және т.б.), қаланың белгілі бір жерінде, кварталда шоғырланған, орналасқан адамдар тобы. XV—XX ғасырларда бұл термин Осман империясында халықты діни белгілері бойынша классификациялау үшін кеңінен қолданылды.

Дін-адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты-адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі.

Мәзхаб-тілдік мағынасы жол, бағыт, білім алатын орын деген сөздерге саяды. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы «Құранды, сүннетті, шариғат үкімдерін жеңілдетіп, толықтырып беретін жол.» Яғни, мәзхаб-мұсылмандар ұстанатын дұрыс жол, нақты бағыт.

Танзимат-(осман-«бірыңғайлау»,«жинақ»)-әдебиеттерде Осман империясында 1839-1876 жылдары өткен модернизациялау реформалары мен бірінші конституция қабылданған кезең.



Райя-(түрікше raya, «бір елдің құзырындағы азамат», тура мағынасы-«діндар»)-алғашқы кезде (тарихи) Таяу және Орта Шығыстағы мұсылман елдерінің құзырындағы адамдар, кейіннен салық төлейтін қауым,шаруалар мен тұрғындар. Сонымен қатар, райя деп Осман әкімшілігіне бағынатын вассалдық билеушіден тартып алынған территорияны да атайды.

Патриарх-православие шіркеуінде жоғары діни биліктерге берілген атақ

Жиһат-дін жолында жасалған ұрыс, соғыс

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Eryılmaz, Bilal 1990. Osmanlı Devletinde Gayrimüslim Teb’anın Yönetimi, Risale Yayın-ları, İstanbul. 205 sayfa


2. Yakıt, İsmail 2005. “Millet kavramı ve İslamiyet”, Türk Dünyası Tarih Kültür Dergisi, Türk Dünyası Araştırmaları Vakfı Yayınları, sayı: 225, İstanbul. ss. 58-64. 235 sayfa
3. Adıyeke, Nuri 1999. “Islahat Fermanı Önce-sinde Osmanlı İmparatorluğu’nda Millet Siste-mi ve Gayrimüslimlerin Yaşantılarına Dair”, Osmanlı, (Ed. Güler Eren), c: IV, Yeni Türkiye Yayınları, Ankara. ss. 255-261. 401 sayfa
4. Eryılmaz, Bilal 1999. “Osmanlı Devleti’nde Farklılıklara ve Hoşgörüye Kavramsal Bir Yaklaşım”, Osmanlı, (Ed. Güler Eren), c: IV, Yeni Türkiye Yayınları, Ankara. ss. 236-241. 380 sayfa
5. Küçük, Cevdet 2006. “Osmanlı İmparatorlu-ğu’nda “Millet Sistemi” ve Tanzimat”, Tan-zimat -Değişim Sürecinde Osmanlı İmpara-torluğu-, (Ed. Halil İnalcık, Mehmet Seyit-danlıoğlu), Phoenix Yayınevi, Ankara. ss. 375-386. 487 sayfa
6. İnalcık, Halil 2003. Osmanlı İmparatorluğu Klasik Çağ (1300-1600), (Çev. Ruşen Sezer), Yapı Kredi Yayınları, İstanbul. 168 sayfa

7. Oğuzoğlu, Yusuf 2000. Osmanlı Devlet Anla-yışı, Eren Yayınları, İstanbul. 201 sayfa

8. Bozkurt, Gülnihal 1996. Alman-İngiliz Belge-lerinin ve Siyasi Gelişmelerin ışığı Altında Gayrimüslim Osmanlı Vatandaşlarının Hukuki Durumu (1839-1914), Türk Tarih Kurumu Yayınları, Ankara. 211 sayfa
9. Turan, Osman. Türk Cihan Hakimiyeti Tarihi, c: II, Turan Neşriyat Yurdu, 1969 İstanbul. 195 sayfa
10. Kenanoğlu, M. Macit 2004. Osmanlı Millet Sistemi: Mit ve Gerçek, Klasik Yayınları, İs-tanbul. 243 sayfa


САДЫБАЕВА ДИНАРА

Магистрант 2 года обучения по специальности «Востоковедение» Университета международных отношении и Мировых языков имени Абылай хана


СИСТЕМА «МИЛЛЕТОВ» В ОСМАНСКОЙ ИМПЕРИИ
Резюме

В статье «Система миллетов в Османской империи» речь идет о системе миллетов, которая объединила поданных по религиозному признаку. Его существование было связано не только с желанием завоевателей оградить себя от ассимиляции, но и в большей степени с отношением правителей Османской империи к своим инонациональным поданным.


Ключевые слова: Османская империя, миллет, религия, мазхаб, райя, патриарх, жихат;

SADYBAYEVA DINARA

Undergraduate of specialty “Oriental Studies” of Ablai khan University of International relationship and World languages


MILLET SYSTEM IN THE OTTOMAN EMPIRE

Ssummary

In the article "millet system in the Ottoman Empire," we are talking about the millet system, which united filed on religious grounds. Its existence was caused not only by the desire to protect themselves from invaders assimilation, but to a greater extent with the attitude of the rulers of the Ottoman Empire to its other nationalities served.



Keywords: Ottoman Empire, millet, religion, madhhab, Ryan, patriarch zhihat;




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет