43
Лидерлер
– адамның және оның әрекеттерінің үнемі жоғары сатыға
көтерілуі үшін жағдай жасайды және олар өз қызметкерлерінің жетістікке
жеткен жұмысын мойындап марапаттайды.
Лидерлер
– өзіне пікірлес, сыбайластар іздейді. Басшылардың, лидерлердің
жеке қасиеттеріне байланысты тұжырымдар қалыптасқан:
1. Харизматикалық (харизма -
грек тілінен charisma- қабілет, талап деген
мағына береді) – өзіне баурап алатындай қасиеттерінің болуы.
2. Айрықшалық - жоғары зияттылық; жан-жақты білімділік; өз-өзіне
сенімділік; бастамашылық сияқты қасиеттердің жинақталуы.
Е.Кричевскийдің құндылықтар
алмасу теориясы бойынша, топтың
құндылықтарын толық іске асыра алатын адамдар ғана лидер бола алатындығын
айтады [92].
Б.Д.Парыгин
«лидер»
және
«басшы»
ұғымдары
мазмұнының
айырмашылықтарын айқын көрсеткен. Лидер жеке адамдар арасындағы
қатынастарды реттесе, ал басшы әлеуметтік ұйымдардағы топтардың ресми
қатынастарын реттейді. Лидерлік – микроортаның, ал
жетекші макроортаның
элементі. Лидерлік құбылыстың тұрақтылығы төмен, себебі оның тұрақтылығы
топтың көңіл-күйіне байланысты, ал жетекшілік – едәуір тұрақты құбылыс.
Қоластындағыларды басқаруда жетекшіде лидерге қарағанда әртүрлі
мүмкіндіктер жүйесі бар, ал лидерде ондай мүмкіндік жоқ. Басшының шешім
қабылдауы анағұрлым күрделі және топқа қатысты болуы міндетті емес түрлі
жағдайлардан талап етілуі мүмкін, ал лидер барынша топқа тікелей қатысты
шешімдерді қабылдайды [93].
Достарыңызбен бөлісу: