79
Жұмыстың осы кезеңінің ең бастысы – «студент біреудің ерік-жігерін,
нұсқауларын, ұйғарымдарын немесе тұжырымдарын жүзеге асыру құралы
ретінде емес, объективті құрылымдарда қалыптасқан ұстанымдардың диалогі
шеңберінде басқарушылық қарым-қатынастар мен өзара әрекеттесуді
қалыптастырушы ретінде сезінуі.
Сондықтан, осы кезең
әдісінің сипаттамасы – эксперименттік
жұмысымызда бірқатар себептер бойынша ерекше орын алатын
педагогикалық
жағдаяттарды талдау.
Ең алдымен, кәсіби білім беруде ақпараттың іс-әрекетін көрсетуде
педагогикалық жағдаяттарды талдау біз сипаттаған
оқиғалар бойынша өз
көзқарасымызды, тұжырымдауымызды, негіздеуімізді және бөлінген қарама-
қайшылықтарды шешудің өз нұсқасын ұсынуды талап етеді.
Теориялық білімге деген қажеттілік, әсіресе, жағдаяттың дамуын болжау
кезінде айқын көрінеді. Мұндағы теория сенімді
және жалпылама тәжірибе
ретінде қабылданады. Сонымен бірге, жағдаяттарды талдау басқарушылық іс-
әрекеттің нақты жағдайында объективті заңдарды нақты қолдануды
қарастырады.
Педагогикалық жағдаяттарды талдауда өте маңызды,
пікірталасқа
қатысушылар арасындағы фактісі бар адамдар қарама-қайшылықтарды
«айналып өтуге» көмектеседі. Бұл жағдайда талқылауды ұйымдастырушы әрбір
адамның пікірін ескеріп, оны ұтымдылықпен табуға тырысады, мәселенің жалпы
шешіміне өз үлесін қосады.
Ерекше бағалаулар мен ұсынылған шешімдердің кең спектрі, жалпы
алғанда, педагогикалық іс-әрекетті басқаруда «теориядан туындайды», ал
басқарудағы нақты білім «тек оның негіздемесі» саналатын белгілі бір
теориялық тұжырымдамаға
байланысты болады, сол дәлелдік материалға
«танымдық субъектінің құндылық ұстанымына» байланысты өзгеше мағынаға
ие болады [178, с.47], ол келесі жұмыс кезеңіне көшудің алғышарттарын
жасайды, олар: кәсіби ұстанымдық бағытын жүйелік модельдеу сатысы және
басқару іс-әрекеті.
Достарыңызбен бөлісу: