СагындыковаГ. У



Дата25.04.2024
өлшемі16.83 Kb.
#499772
Баяндама Сагындыкова Гүлшат

Алматы экономика және қазіргі технологиялар колледжі

БАЯНДАМА

Тақырыбы: «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәнінің оқытуда жаңа ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануының тиімділігі»


СагындыковаГ.У.


Алматы


«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, студенттерге білім беру жолында ақпараттық технологияны, яғни, компьютерді оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор.Студенттерге жеке тұлға ретінде қарап, оның дамуына ерекше көңіл бөлу – білім беру жүйесінің негізгі мақсаты. Әрбір технологияны оқытушы студенттердің қабілеттеріне, қабылдау деңгейлеріне қарай қолдануы тиіс.


Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу сабағында ақпараттық технологияны пайдалану студенттердің білім сапасын, танымдық белсендіктерін, іс қағаздарына деген қызығушылығын арттырады.
Ақпараттық технология-инновациялық технологияның бір түрі.Ақпаратпен жұмыс жасау үшін қолданылатын арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар.Күнделікті сабақта компьютерді, интерактивтік тақтаны пайдалануы жақсы нәтижелерге жеткізеді.Оқытушы тек өзінің пәнінің терең біліп қана қоймай, ақпаратттық-коммуникациялық технологияны жетік менгерген маман болуы қажет.
Бұл технологияның ерекшелігі студенттердің өздері ақпараттар жинап, ізденіп, жауабын тауып, өзінің көзқарасын логикалық түрде дәлелдеп және оқытушы мен студенттердің бірлесіп жұмыс жасауына ықпалын тигізеді.
Мазмұнды түрде жоспарланып, жан-жақты ойланып, құрастырылған сабақ жақсы нәтижеге жеткізеді:студенттердің танымдық ой-өрістерін кеңейтеді, жоспарлы жұмыс жасауға мүмкіндік береді, нәтижені болжай білуге дағдыландырады, танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық , ойлау қабілеттерін дамытып, арттырып отырады, өздіктерінен жұмыс жасап, тез есте сақтауға көмектеседі.Оқытушы мен студенттер арасында ақпараттық, мәдениет қалыптасып, оны ізгілікке, тапқырлыққа, жауапкершілікке үйретеді, студенттің ойлауына, қабілетіне әсерін тигізіп, жеке тұлғасын дамытады. Іс қағаздары оқыту әдістемесі теориялық білім беруге ғана емес,сонымен қатар болашақ мамандыққа баулиды.Алға қойылған басты мақсат – студентті оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу.Әр сабақты уақыт талабына сай көрнекі құралдарды- компьютердің мүмкіндіктері, интерактивті тақта, слайдтарды пайдалана отырып өткізген тиімді.Аталған технология құралдары студенттерге жеке жұмыс жасап білім алудың тиімділігін, нәтижелілігін көрсетеді. Оқытушы жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін өзгертіп,студенттердің жеке қабілеттерін дамытып, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтіп, оқу үрдісін ұйымдастыруын жаңартып отыруға мүмкіндік береді.
Тәжірибеде ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, студенттердің жеке шығармашылығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс-шараларды қолданудың маңызы зор.
- Студенттің дайындық деңгейін, қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту үрдісіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану; - Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін,түрлерін (проблемалық, ұйымдастырушылық, іс- әрекетін компьютерлік ойындар және т.б.) сабақта жиі қолдану. Мемлекеттік тілде іс жүргізу сабағында жұмыстың көптеген түрлерін орындауға болады. Оқытудағы негізгі құралдардың бірі–мәтін.Мағынасын түсіну үшін студент мәтінде берілген басқа лексикамен қатар кәсіби сөздерді, терминдерді түсініп, қолдана білуі керек.Студент өз мамандығына байланысты мәтінді қызыға оқиды, ол арқылы болашақ мамандығы бойынша өте қажетті, пайдалы мағлұмат алады, білімін, танымын толықтырады.Кәсіби терминдерді байланыстыра сөйлеудің заңдылықтарын студенттерге практикалық жолдармен үйретуде, грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игеруде интерактивті тақтаның көмегі мол. Сабақ барысында интерактивті әдістерді тиімді пайдалана отырып, студенттердің белсенділігін арттыру, ой-өрісін дамыту, рухани бай, жан-жақты дамыған, өз мамандығын қалтқысыз меңгерген жеке тұлға қалыптастыруға болады. Интерактивті құралдарды сабақта пайдалану арқылы бірнеше дидактикалық мәселелерді шешуге болады:пән бойынша базалық білімді меңгеріп, алған білімдерін жүйелеп, өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастырып, жалпы оқуға деген ынтасын арттырып,студенттерге оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек береді. Жаңа ақпараттық технологиялардың ішінде интерактивті әдістерді сабақ барысында қолданылуы жақсы нәтижелерге жеткізеді: сабақ уақыты үнемделіп, берілген жаңа тақырып материалы түсіндіріліп, аз уақытта көп ақпарат көзіне қол жеткізіп, тест сұрақтары арқылы студенттердің ойлау қабілеттерін дамытып, өткен тақырып бойынша алған білімдерін тексеруге болады, сұрақтарға дұрыс жауап іздеу барысында ұшқырлыққа,жинақылыққа дағдыланады. Компьютерлік технологияларды қолданудың бір түрі-іс қағаздарын жүргізу сабақтарын компьютер дәрісханасында өткізу.Компьтермен оқыту-студенттердің өз бетімен іздену жұмысын өте тиімді түрі.Түрлі тапсырмаларды компьютермен орындау студенттерді еркіндікке, төзімділікке баулып, танымдылық белсенділігін арттырып, логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастырып, сабақта өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамытып, компьютерлік бағдарламаларын игеріп,талдау жасап,тақырыптың негізгі мағынасын меңгеру сияқты дағдыларын дамытады.
Қорыта келгенде,біздің болашақ мамандарымыз әлем деңгейінде бәсекеге қабілетті болуы үшін жаңа ақпараттық технологияны терең меңгерген,бүгінгі заманға лайықты,жаңашыл тұлғаны қалыптастыру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет