Сахна мерекелік безендірілілген. «Күз келді» әуенімен сахнаға жүргізушілер шығады. 1-жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар,қадірлі қонақтар, оқушылар! 5-7 сынып оқушылары арасында өтетін «Алтын күз»



бет3/3
Дата15.10.2023
өлшемі18.28 Kb.
#480794
1   2   3
алтын күз5-7

1-жүргізуші:
Би өнері кезеңін «Берекелі Алтын күз»тобы аяқтайды. Қарсы алыңыздар!


2-жүргізуші:
Сөз кезегін қазылар алқасына береміз. Би өнері бойынша топтарды бағалап жіберіңіздер.


1-жүргізуші:
Сайысымыздың үшінші бөлімі «Күзгі сый». Қатысушыларымыздың шығармашылығы: өздері дайындаған табиғи материалдан жасалған жұмыстарын қазылар алқасына кезегімен әкеліп,таныстырып өтсін.


2-жүргізуші:
Сөз кезегін қазылар алқасына береміз. «Күзгі сый» бөлімі бойынша топтардың жұмыстарын бағалап жіберіңіздер.


1-жүргізуші:

Білім аққан сел дейді,


Бірақ оңай келмейді.
Ала білсең білім көп,
Ақыл ойға кел дейді
Білім ой мен арымыз,
Рухани ол нәріміз
Сайыскерлер сіздерге,
Қол соғамыз бәріміз!
Келесі бөліміміз «Қас - қағым сәт» деп аталады Күз мезгіліне қатысты сұрақтар мен жұмбақтарға жылдам жауап беру.Сахнаға барлық командаларды шақырамыз.
2-жүргізуші:
Ескерту! Тәртіп сақтап, бір-бірімізге кедергі жасамаймыз. Тек өз сұрақтарымызға жауап береміз. Тәртіп сақтамаған жағдайда жауап есептелмейді. Ал,ендеше, сәттілік! Кезекпен конверттегі сұрақты алып тез жауап береміз.


1-жүргізуші:
Құрметті қазылар алқасы, «Қас - қағым сәт» бойынша бағаларыңызды айтып өтсеңіздер.


2-жүргізуші:
Қадірлі көрермендер,бүгінгі сайысымыз өз мәресіне таяп қалды. Үміткер топтардың еңбектерін бағалайтын сәт те жақын.
Әділ қазылар осы сайыстың бағасын есептеп, қорытындылап болғанша « » әнін қабыл алыңыздар.


1-жүргізуші:
Сайысқа қатысқан командаларды сахна төріне шақырамыз. Қол соғып қошеметтеп қойыңыздар!

Барына риза болсын көрермендер,


Көрсетті өнерлерін жас өркендер,
«Алтын күз» сайысы аяқталсын,
Қазылар берсін енді шын бағасын.
Өнердің сан түрлерін сараладың,
Дайынба, әділқазы бағаларың? - деп сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Марапаттау рәсіміне кезек берелік.

2-жүргізуші:

Жеңіс пенен жеңілістен тұратын,


Өмір - күрес, жеткізе ме мұратың.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң оны ұғатын


1-жүргізуші:

Келешекте әлі талай сайыстар бар,


Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар.
Өнерлілер көбейсін күннен – күнге,
Өмір күрес әлі талай жарыстырар, - дей отырып 5-7 сынып командалары арасында өткен «Алтын күз» сайысын аяқтауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші:
Назарларыңызға рахмет,
Бірге:сау - саламат болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет