Сайрам ауданының 2013 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәлімет



Дата04.07.2016
өлшемі135.82 Kb.
#176939
Сайрам ауданының

2013 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәлімет
Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайы облысымыздың өркендеуіне сәйкес жылдан жылға жақсарып келе жатыр. 2013 жылы атқарылған жұмыстар Елбасының жыл сайынғы жолдауы, еліміздің стратегиялық және өңiрдiң «Даму» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Облыс әкімі тапсырмаларын және мемлекеттік бағдарламалардың негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында, ауданда бірқатар жұмыстар жүргізіліп, жыл қорытындысы бойынша межеленген мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізілді.

Аудан бойынша жалпы өңірлік өнім көлемі 151,6 млрд.теңгені және жан басына шаққандағы жалпы өнім 474,9 мың теңгені құрап отыр. Экономика салаларында өнеркәсіп өнім көлемі 18,4 пайызға, ауыл шаруашылық өнім көлемі 6,7 пайызға, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнім көлемі 8,5 пайызға артқан. Сонымен қатар, 58,5 млрд.теңгеге инвестиция тартылып, 2012 жылмен салыстырғанда 2,8 есеге артқан. Ал жұмыссыздық деңгейі 4,7 % -ды құрап, 2012 жылмен салыстырғанда төмендеген.


Бюджеттік- салықтық саясат

Аудан бюджетінің кірісі мен шығысын үнемі қатаң бақылауда ұстау, бюджет кірісіне салықтардың толық түсуін қамтамасыз ету және экономиканы сауықтыру бағытында атқарылған іс шаралардың арқасында аудан бюджетінің кіріс бөлігі соңғы жылдары ұлғайды.

Ауданның 2013 жылға арналған бюджеті жоғары бюджеттен түсетін трансферттерді қосқанда кірістер бойынша 14 391,1 млн.теңге, оның ішінде өзіндік кірістер 3 484,5 млн.теңге (немесе барлық кірістердің 24,2 пайызын) болып бекітілген болатын.

Жыл бойында аудан бюджеті 9 рет нақтыланып, кірістер жоспары 22 023,8 млн. теңгені, оның ішінде өзіндік кірістер 3 852,1 млн. теңгені құрады. Яғни, өзіндік кірістер жыл басынан 367,6 млн.теңгеге немесе 10,5 пайызға көбейтілді.

Соңғы үш жылда аудан бюджетінің өсімі байқалады. 2013 жылдың өзіндік кірістері 2011 жылдың бекітілген бюджетімен салыстырғанда 1,6 есеге немесе 1485,2 млн.теңгеге, 2012 жылдың бекітілген бюджетімен салыстырғанда 1,3 есеге немесе 911,1 млн.теңгеге артқан.

2013 жылғы бюджеттік түсімдердің жоспары контингент бойынша 101,6 пайызға, аудан бюджеті 100,9 пайызға артығымен орындалса, 2012 жылдың бюджетінің орындалуымен салыстырсақ, контингент бойынша 181,8 млн.теңге, аудан бюджетіне 122,0 млн.теңге артық түсім түсті.

Сонымен қатар, 2013 жылдың қорытындысымен аудан бюджетінің шығыстар бөлігі бойынша төлем жоспары 22 328,7 млн.теңгені құрап, нақты 22 308,5 млн.теңгеге игерілді, яғни жоспар 99,9 пайызға орындалды.

Жалпы аудан бюджетінің 2013 жылғы шығыстар көлемінің 74,5 пайызы білім беру саласына, 5,5 пайызы әлеуметтік салаға, 15,0 пайызы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына және 5,0 пайызы басқада шығындарға бағытталды.



Өнеркәсіп

Ауданда 122 өнеркәсіп кәсіпорыны бар. Бұл кәсіпорындар жыл бойында 39,8 млрд.теңгенің өнімін өндіріп, 2012 жылмен салыстырғанда 18,4% артып, нақты көлем индексі 101,5 % болды. Соңғы үш жылда өнеркәсіп өнім көлемі 19,5 млрд.теңгеден 39,8 млрд.теңгеге жетті. Өнеркәсіп өнім көлемінің 91,1 пайызын өңдеу өнеркәсібі құрап, 37,1 млрд.теңгенің өнімі өндірілген, 2012 жылмен салыстырғанда өсім 20,0 % құрады.



Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жоспарға сәйкес 2013 жылы 4 жобаны іске қосу керек болса, нақты құны 1 млрд 948 млн.теңгелік 5 жоба іске қосылып, 241 жаңа жұмыс орны ашылды. Жобаларға тоқталсақ:

1. "Акмал ЛТД" ЖШС - «ет және сүт өнімдерін өндіру» жобасы іске қосылып, 75 жұмыс орны ашылды.

2. «Барыс 2007» ЖШС - кондитерлік тағамдар шығаратын цех іске қосылып, 50 жұмыс орны ашылды.

3. «K.AZ TEL» ЖШС - «кабельді электр сымдарын өндіретін өндіріс орнын кеңейту» цехы іске қосылып, 25 адам жұмыспен қамтылды.



4. «Сайрам сүт» ЖШС- сүт өңдейтін цехты іске қосып, қосымша 48 жұмыс орнын ашты.

5. ЖК «Ифтихари» - «2 га жер теліміне жылыжай құрылысы», желтоқсан айында нысанды пайдалануға қабылдау туралы актісі рәсімделді, ашылған жұмыс орны 43 адам.

Бұдан бөлек, Индустрияландыру картасына енбеген, құны 1 242,7 млн.теңгеге 13 жоба қаржыланды.Оның ішінде іске қосылғаны:



«ЮНИКС» ЖШС салқындатылған қара және көк шәй сусындарын шығаратын жүйені іске қосып, 55 қосымша жұмыс орны, сүт өнімдерін жоғары технологиямен шығаратын «Айкан» ЖШС жаңа өндіріс орнын іске қосып, 20 жұмыс орны, ЖК Абдураимов жылыжай құрылысын аяқтап, 10 жұмыс орнын, «Шымпласт» ЖШС пластикалық трубалар шығаратын қосымша жүйені іске қосып, 8 жұмыс орнын ашты.

Жалпы өнеркәсіп саласына аудан экономикасын дамытуға 2013 жылы 5 210,7 млн.теңгеге инвестиция тартылып, 764 жаңа жұмыс орындары ашылып отыр.



Шағын кәсіпкерлік.

Аудан бойынша белсенді кәсіпкерлік субъектілердің саны 20609 бірлікке жеткен. Бұл салада 53,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп (тауарлар, қызмет көрсетулер), өсім 8,5 % құрап, жұмыс істейтіндер саны 32569 адамға жетіп отыр.

2013 жылы жаңадан 220 кәсіпкерлік субъектілері ашылып, 424 адам жұмыспен қамтылып, 2012 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2 есеге артты.

Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету жүйесі жақсарып келеді. Аудан көлеміндегі «Ырыс», «Жәрдем АС», «Сайрам несие», Арнұр Кредит, «Казмикрофинанс» микрокредиттік ұйымдары және қаржы институттары арқылы 2669 кәсіпкерге 2,0 млрд.теңге көлемінде қаржы берілген. Оның ішінде:

«Аймақтық инвестициялық орталық «Максимум»» ЖШС арқылы 112 жоба 687,8 млн.теңгеге нақты қаржыландырылып, 167 жұмыс орны ашылды.

Ал «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында аудан бойынша 2013 жылы 26 жобаны ұйымдастыру керек болса, нақты құны 9 814, млн.теңгеге 24 жоба қаржыланып отыр.

Ауыл шаруашылығы. Бұл салада жыл басынан 41,0 млрд. теңгеге жалпы өнім өндіріліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 6,7 пайызға артқан .

Биылғы жылы 71,0 мың гектар жерге егістік егілсе, дәнді дақылдар 23,1 мың га, майлы дақылдар 14,3 мың га, көкөніс 5,2 мың га, картоп 3,5 мың га жерге егілді.

Ауданымыздың дихандарының қажырлы еңбегінің арқасында 47040 тонна дәнді дақыл өндіріліп, орташа есеппен әр гектардан 21 центнерден өнім алынды. Сонымен қатар, жыл қорытындысы бойынша 141430 тонна көкөніс, 50900 тонна картоп, 19200 тонна жеміс жидек, 20150 тонна жүзім, 1091 тонна бақша өнімдері жиналды.

Ауыл шаруашылығы бойынша негізгі көрсеткіштерге тоқталсақ, жалпы ауданда 850,8 га жерге тамшылатып суғару әдісі ендірілген. Оның ішінде 2013 жылы 89 га жерге тамшылатып суғару әдісі ендіріліп, жылдық жоспар 11,1 пайызға орындалды.

Ауданда барлығы 68,23 га жерде жылыжайлар бар. Жыл басынан көлемі 19,9 га жылыжайлар салынып, жылдық жоспар 124,3 пайызға орындалды.

Ауданда сиымдылығы 18200 тонна құрайтын 22 бірлік жеміс-көкөніс сақтау қоймалары болса, оның ішінде 2013 жылы сиымдылығы 600 тонна құрайтын 1 қойма салынды.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 382 бас мүйізді ірі қара мал алынды. Сонымен қатар, 1507 басқа арналған 4 ірі мал бордақылау алаңдары ашылып, жоспар 150,7% орындалды. Жыл басынан 24450 бас ІҚМ қолдан ұрықтандырылып, жоспар толығымен орындалды.

2013 жылы 1 ет өңдейтін, 1 сүт өңдейтін цехтар іске қосылса, 106 басқа арналған 1 сүт тауарлы фермасы ашылды. Аудан көлемінде 156-дан астам қайта өңдеуші кәсіпорындар мен цехтар жұмыс жасауда. Өндірілген өнімдердің ішінде еттің 11,5%, сүттің 14,5%, жеміс-көкөністің 14,8% , өсімдік майының 33,3% қайта өнделеді.

9 каналға механикалық тазалау, 1 каналға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2014 жылға 8 каналды механикалық тазалауға, 1 су тоғанын жөндеуден өткізуге облыстық бюджетке ұсынылып отыр.

Жалпы , ауыл шаруашылығы саласына 2013 жылы 920,4 млн.теңгеге инвестиция тартылып, 340 жаңа жұмыс орындары ашылды (оның 277-сі тұрақты).



Білім беру саласы. Бiлiм беру саласына жалпы 2013 жылы 16626,1 млн. теңге қаржы қаралды. Аудандық бюджеттен 334,5 млн.теңгеге 7 мектеп күрделі жөндеуден, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 36,5 млн.теңгеге 4 мектеп ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Мектептердің материалдық техникалық базасын жақсартуға 10 химия кабинетіне 40,9 млн. теңге қаралды. Мүгедек балаларды жабдықпен қамтамасыз ету үшін 26,2 млн. тенгеге жабдықтар толығымен жеткізіліп берілді.

2012-2013 оқу жылында ҰБТ бойынша ауданның орташа баллы -76,1, конкурс баллы- 61,8 болды. Облыс көлемінде 4-ші орында. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 6 орынға алға жылжу бар. Облыстың орташа көрсеткіші 72,5 балл болса, ауданның орташа көрсеткіші облыстан 3,6 балға жоғары болып отыр.

«Балапан» бағдарламасы ауданда табысты жүзеге асырылуда. Осы бағдарлама қабылданғаннан кейін ауданда мектепке дейінгі мекемелер саны 108-ге жетіп отыр, олардың 13-сі мемлекеттік балабақша, 71-і жекеменшік балабақша, 24-і мектеп жанындағы шағын орталықтар. Бұл мекемелерде 13873 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып, қамту 65,1 пайызды құрап отыр.

Аудан бойынша 105 білім ошағы болса, оның ішінде типтік үлгіде 68 мектеп, 37 мектеп ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан. 2013 жылы жалпы 11 мектептің құрылыстары жүргізіліп, 7 мектеп пайдалануға тапсырылды. Республикалық бюджет есебінен 3 мектеп, 1 бала- бақшаның құрылысы жүргізілді, атап айтқанда:

1. Ақсукент ауылындағы М.Мақатаев атындағы 1200 орындық орта мектеп құрылысы. 2013 жылға республикалық бюджеттен 642,7 млн.теңге, облыстық бюджеттен 70,5 млн. теңге қарастырылып, мектеп 2013 жылы 1 қыркүйекте пайдалануға тапсырылды.

2. Жаңаталап ауылындағы 600 орындық Тәжібаев атындағы орта мектеп құрылысы. 2013 жылға республикалық бюджеттен 498,7 млн. теңге, облыстық бюджеттен 45,0 млн.теңге қарастырылып, мектеп 2013 жылы 4 қыркүйекте пайдалануға тапсырылды.

3. Қайнарбұлақ ауыл округі Көмешбұлақ ауылындағы 300 орындық Көмешбұлақ атындағы № 67 орта мектеп құрылысы. 2013 жылға республикалық бюджеттен 200,0 млн.теңге, облыстық бюджеттен 20,1 млн. теңге қарастырылып, 220,2 млн.теңгесі игерілген. Мектеп 2014 жылға өтпелі.

4. Ақсукент ауылындағы 280 орындық балабақша құрылысы. Республикалық бюджеттен 300,9 млн. теңге, облыстық бюджеттен 10,0 млн. теңге қарастырылған. Құрылыс монтаж жұмыстары 100% орындалған. Нысан 2014 жылы 10 қаңтарда пайдалануға берілді.

Облыстық бюджеттен 2 мектеп : Қарасу ауыл округіндегі Бескепе ауылындағы 250 орындық Бескепе атындағы шағын жинақталған мектеп және Ақбастау ауылындағы 300 орындық Шойынбаев атындағы орта мектептің құрылыстары жүргізілді. 2013 жылға облыстық бюджеттен 190,0 млн. теңге қарастырылған болатын. Бұл екі мектеп құрылыстары қарқынды жүргізілуіне байланысты, 2013 жылы аяқтап, пайдалануға тапсыруға мүмкіншілік болғандықтан, 2014 жылға қаралған 638,5 млн.теңге 2013 жылға ауыстырылып, құрылыстары аяқталып, 2 мектеп қараша айында пайдалануға тапсырылды.

Ал, аудандық бюджеттен 945,3 млн. теңгеге 5 мектептің құрылысына қаржы бөлініп, 3 мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды :

1. Көлкент ауылы Ленин көшесіндегі 200 орындық № 96 жалпы орта мектебінің құрылысы, аудандық бюджеттен 86,9 млн. теңге қарастырылып, нысан 1 қыркүйекте пайдалануға тапсырылды.

2. Көлкент ауыл округі Шапырашты ауылында орналасқан № 71 Қарасай Батыр атындағы 150 орындық орта мектебінің құрылысы, аудандық бюджеттен 112,9 млн. теңге қарастырылып, 1 қыркүйекте пайдалануға тапсырылды.

3. Қарабұлақ ауылындағы № 77 Хамза атындағы 200 оқу орындық жалпы орта мектеп құрылысы, аудандық бюджеттен 329,7 млн. теңге қарастырылып, 1 қыркүйекте пайдалануға тапсырылды.

4. Құрлық елді мекеніндегі 200 орындық Ж.Қауалов атындағы № 51 жалпы орта мектептің құрылысына аудандық бюджеттен 192,0 млн. теңге қарастырылған, нысан құрылысы 2014 жылға өтпелі.

5. Қайнарбұлақ ауыл округі, Ошақты ауылындағы 150 оқушыға арналған Құрманғазы атындағы мектептің құрылысы, аудандық бюджеттен 223,8 млн. теңге қарастырылған, нысан құрылысы 2014 жылы 10 қаңтарда пайдалануға тапсырылды.

Әлеуметтік сала.

2013 жылы 26 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 20 отбасына төмендеген. 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы 5044 отбасына төленіп, жәрдемақы алушы отбасы саны 381-ге азайды, 745 отбасыға тұрғын үй көмегі беріліп, 58 отбасыға кеміді.

Жұмыссыздар ретінде 6021 адам жұмыс іздеп келсе, олардың 5335 адамы немесе 88,6 пайызы жұмыспен қамтылды. Жоспар бойынша 2053 жаңа жұмыс орындарын ашу керек болса, нақты 2463 жаңа жұмыс орындары ашылып, тапсырма 119,9 пайызға орындалды. Сонымен қатар, аудандық бюджет есебінен 115 адам кәсіптік оқуға, 928 жұмыссыз азамат қоғамдық жұмыстарға жіберілді.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша 2099 адамды қамту жоспарланса, 3361 адам қамтылып, жоспар 145,5 пайызға орындалды. Атап айтқанда, тұрақты жұмыспен 932 адам немесе 151,2% (жылдық жоспар – 616 адам), әлеуметтік жұмыс орындарына 631 адам немесе 153,9 % (жылдық жоспар- 410 адам), жастар практикасына 794 адам жіберіліп, жоспар 113,4% орындалды, 285 адам кәсіби оқытуға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жолданды. Республикалық бюджеттен әлеуметтік жұмыс орындарына 89,6 млн.теңге, жастар практикасына 101,3 млн.теңге қаржы қарастырылып, толығымен игерілді.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының 2 бағыты бойынша 131 азаматқа 287,9 млн.теңгеге шағын несие берілді.

Жалпы жүргізіліп жатқан жұмыспен қамту іс- шараларының арқасында жұмыссыздық деңгейі 4,9 % - дан 4,7% -ға төмендеген.

Денсаулық сақтау.

Бүгінгі таңда аудан тұрғындарына медициналық-санитарлық көмек көрсету барысында жалпы 6 аурухана, 3 аудандық емхана ұйымдары жұмыс атқаруда. Тұрғындарға 509 маман-дәрігер, 1989 орта буын медицина қызметкерлері қызмет етеді. Бұл салаға 4 299,5 млн. теңге қаралған. Бұл қаржының 446,7 млн. теңгесі дәрі-дәрмекке, 118,3 млн. теңгесі тамақ өнімдерін сатып алуға қаралған. Одан бөлек, тегін дәрі дәрмекке 357,6 млн.теңге қарастырылған.

2013 жылы 5 денсаулық сақтау нысандарының (Сарыарық, Ошақты, Бескепе мед пунктері, Сиқым ФАП, Исфиджаб ДА) құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілсе, Көлкент ауыл округі Көлкент дәрігерлік амбулаториясы күрделі жөндеуден өткізілді.

2013 жылы 8676 нәресте туылып, туылу көрсеткіші 28,0 құрады. Жалпы өлім көрсеткіші 4,3-тен 3,8-ге азайды. Ана өлімінің көрсеткіші 2012 жылы 11,3 болса, 2013 жылы болмады. Нәресте өлімінің көрсеткіші 14,6-дан 11,2-ге азайды, облыстық көрсеткіштен төмен.Туберкулезбен аурушаңдық 100 мың тұрғынға шаққанда 35,5- ті құрады.



Мәдениет және спорт.

Аудан бойынша 47 мәдени ошағы халыққа қызмет көрсетеді. Жыл басынан жоспарланған 64 мәдени іс-шаралар өз деңгейінде өткізіліп, республикалық, облыстық байқаулардан аудан таланттары жүлделі орындарға ие болды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Қайнарбұлақ ауылдық клубына 11,0 млн. теңгеге және Өтеміс ауылдық клубына 6,3 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудандық бюджеттен мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 17,6 млн.теңге қаралды.

Ауданда 455 спорт ғимараттары бар. Аудан тұрғындарының 17,7 пайызы денешынықтыру және спортпен айналысады. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жыл басынан аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі 202 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 21512 спортшылар қатысты.

Аудандық бюджеттен Ақсукентте спорт зал мен жабық футбол алаңының құрылысының ЖСҚ әзірлеуге қаржы бөлініп отыр.



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы.

Тұрғын үй саласы. Республикалық бюджеттен Сайрам ауданы Қайнарбұлақ ауыл округі Көмешбұлақ ауылындағы коммуналдық меншіктегі үш екі қабатты тұрғын үйлердің қайта құру құрылысы жүргізілді, бұл мақсатқа 109,1 млн. теңге қарастырылып, нысан құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Аудан көлеміндегі 52 мұқтаж азаматтар арендалық коммуналдық тұрғын үймен қамтылып отыр.

Ауыз су саласы. Бүгінгі таңда аудан бойынша 73 елді мекеннің 52-не тәулігіне 24 сағат, 21 елді мекеннің 15-де ауыз су кестемен беріледі. 5 елді мекен құдық суын, 1 елді мекен тасымал суын пайдаланып отыр.

Биылғы жылы Ақсукент ауылын сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы 4-кезеңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде, бұл нысандар 2014 жылға өтпелі. Сонымен қатар, Жұлдыз ауыл округі, Жалын ауылын сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысына облыстық және аудандық бюджеттен 227,9 млн. теңге қаралып, құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылды.

Ал, Манкент ауылына 2012 жылы республикалық бюджет есебінен – 303,0 млн.теңге қаралса, 2013 жылы 613,5 млн.теңге қаржы қаралып құрылыс жұмыстары аяқталып, тапсырылды.

Сонымен қатар, құдық суын пайдаланып отырған елді мекендерге жер асты су қорын зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, биылғы жылы аудандық бюджет есебінен 30,5 млн теңгеге Қайнарбұлақ ауыл округіне қарасты Шіркін және Жібек Жолы ауыл округіне қарасты Машат ауылдарының су құбырларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Газ саласында аудандағы 73 елді мекеннің 44 елді мекені немесе 60,3 пайызы газбен қамтылған. 2013 жылы 220,0 млн.теңгеге Қарабұлақ ауылында магистральді газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілді, нысан 2014 жылға өтпелі.



Жол жөндеу. 2013 жылы аудандық бюджет есебінен 217,3 млн. теңге бөлініп, 17 көшеге жалпы 21,8 шақырым жолға орташа жөндеу, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында 189,4 млн. теңге бөлініп, 14 көшеге жалпы 26,2 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, осы бағдарлама аясында қосымша 430,5 млн. теңге қарастырылып, 29 көшеге 47,4 шақырымға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ал, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 107,4 млн. теңгеге 10 көшеге жалпы 7,5 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудандық бюджет есебінен 7,8 млн. теңге қарастырылды. Жалпы 2013 жылы жол саласында 952,5 млн. теңге игеріліп отыр.



Қоғамдық саяси ахуал. Бүгінгі таңда атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауданда қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Аудан жұртшылығының бірлігін нығайту, дамыту, мемлекеттік ұлтаралық, дінаралық келісім жөніндегі саясатты жүзеге асыруға үлес қосатын, жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қоғамның қарым-қатынасының тиімділігін арттыру мақсатында Сайрам ауданының әкімі жанындағы «Ырыс алды ынтымақ» қоғамдық Форумы құрылған. 2013 жылда діни топтар арасында ушығу фактілері жоқ. Діни экстремизм-терроризм фактілері тіркелмеген.

Аудан көлеміндегі проблемалық мәселелердің шешімі тек қана қаржы мәселесіне келіп тірелетіні белгілі. Сондықтан да, салықтардың толық бюджетке түсуін қамтамасыз ету, өнеркәсіп пен шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы бюджетке түсетін қаржыларды ұлғайту нәтижесінде, жоғарыда айтып өткендей, аудан бюджетінің өзіндік кірістері соңғы 3 жылда ұлғайды.

Мен, жыл сайынғы қорытынды есебімде, Сіздерге ауыл округтері бойынша жан басына шаққандағы бюджет кірісінің орындалуы жөніндегі талдауды ұсынып жүрмін.

Көріп отырғандарыңыздай, 2013 жылы ауданның жалпы кіріс көлемінің бір тұрғынға шаққандағы көлемі 17864 теңгені құрады. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 101,0 пайызға артқан.

Халқы тығыз орналасқан, кәсіпкерлігі дамыған Арыс, Қарасу, Қарабұлақ, Көлкент, Манкент ауыл округтерінде бір адамға шаққандағы кіріс көлемі аудандық орташа көрсеткіштен төмен.

ҚР Үкіметінің «Шымкент қаласының әкімшілік шекарасын өзгерту» туралы қаулысына сәйкес, Сайрам ауданынан 55461,13 гектар жер Шымкент қаласының аумағына өтуіне байланысты, өнеркәсібі мен кәсіпкерлігі дамыған Сайрам, Тассай, Жұлдыз және Қаратөбе, Жаңаталап, Бадам ауыл округтері де толығымен қалаға өтті. Осының есебінен, аудан бюджеті 2,0 млрд теңгені жоғалтып отыр. Сол себептен де, 2014 жылы бюджеттің кіріс бөлігін арттыру мақсатында қосымша басқа да кіріс көздерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізуіміз қажет. Бұл дегеніміз, ауыл округі әкімдеріне аудандық салық басқармасымен бірлесіп салық салу базасына толыққанды түгендеу жұмыстарын жүргізуі тиіс. Себебі, есепке тұрмаған кәсіпкерлер, тіркелмеген үй жайлар және тағы да басқа салық объектілері толық қамтылмаған деп айтуға болады.








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет