Сайрам ауданының әкімі Уалихан Қайназаровтың 2011 жылдың әлеуметтік- экономикалық даму қорытындысы бойынша есебі



жүктеу 180.39 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі180.39 Kb.
Сайрам ауданының әкімі Уалихан Қайназаровтың

2011 жылдың әлеуметтік- экономикалық даму қорытындысы бойынша есебі
2011 жыл – Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы, бұл ел тарихы үшін еңселі жыл болды. Еліміз өз тәуелсіздігін жариялаған 20 жыл ішінде ғасырларға бергісіз даму жолынан өтті.

Осы кезең аралығында ел экономикасы жаңа серпінге ие болды. Бүгінгі күні Қазақстан өз экономикасының қарқынды өсуін паш етуде. Халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелер дүниежүзілік қаржы дағдарысына қарамастан Елбасымыздың тапсырмасына сәйкес толық орындалды. Сонымен қатар, отандық экономиканың тұрақты дамуына Қазақстан, Ресей және Беларусь арасында құрылған Кеден Одағы аясындағы нарықтың кеңеюі де оң ықпал етуде. Ел дамуының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспары, әсіресе үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы іске асырылуда.

Соңғы жылдары ауданның қаржы-экономикалық әлеуеті де күрт өсті. Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы да іске тың серпін беріп келеді. Былтырғы жылы негізгі капиталға 19,1 млрд.теңге инвестиция құйылып, халық шаруашылығының қай саласында болсын, сапалық жаңа сатыға қол жеткіздік. Сонымен қатар, 2011 жыл барысында ішкі мүмкіндіктерді барынша іске қосып, ауданның өзін-өзі қамтамасыз ету мәселесі төңірегінде бірқатар оңтайлы істер де қолға алынды. Жергілікті жерде жыл сайын инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы аудан бюджеті толығып, іріленген ауыл шаруашылығы, өркендеген шағын және орта кәсіпкерлік, қарқынды құрылыс жұмыстары, сондай-ақ көріктендіру және әлеуметтік салаларда көптеген ілгерушіліктер етек алуда. 2011 жылдың қорытындысы бойынша негізгі экономикалық көрсеткіштер 2010 жылмен салыстырғанда артып отыр.

Атап айтсақ, 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда жалпы өңірлік өнім көлемі 115,1 пайызға, өнеркәсіп өнім көлемі 125,8 пайызға, ауыл шаруашылық өнім көлемі 106,5 пайызға, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнім көлемі 116,0 пайызға артып, аудан бойынша орташа жалақы 64155 теңгеге жетіп отыр. Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 231,6 мың теңгені құрап немесе 2010 жылмен салыстырғанда 112,3 пайызға өсіп отыр.



Бюджет саласы.

Аудан бюджетінің кірісі мен шығысын үнемі қатаң бақылауда ұстау, салық салынатын базаны жаппай түгендеуден өткізу, бюджет кірісіне салықтардың толық түсуін қамтамасыз ету және экономиканы сауықтыру бағытында басқа да атқарылған іс шаралардың арқасында аудан бюджетінің кіріс бөлігі 2009-2010 жылдарға қарағанда күрт ұлғайды.

Ауданның 2011 жылға арналған бюджеті облыстық бюджеттен түсетін трансферттерді қосқанда кірістер бойынша 14 161,9 млн.теңге, оның ішінде өзіндік кірістер 2 366,9 млн.теңге (немесе барлық кірістердің 16,7 пайызын) болып бекітілген болатын. 2011 жылы аудан бюджеті 6 рет нақтыланып, жалпы кірістер жоспары 17 596,9 млн. теңгені, оның ішінде өзіндік кірістер 2 928,5 млн. теңгені құрады. Бұл 2011 жылдың басындағы бекітілген бюджетімен салыстырғанда 123,7 пайызға өскен.

Сонымен қатар, аудан бюджетінің өзіндік кірістеріне 2009 жылдан бастап талдау жасағанда, 2011 жылы өзіндік кірістер 2009 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 1284,6 млн.теңгеге, ал 2010 жылдың орындалуымен салыстырғанда 615,3 млн.теңгеге артқан.

Аудан бойынша бюджеттің кірістер көлемін арттыру және қосымша резервтерді анықтау мақсатындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Әрбір ауыл әкімдеріне жер, мүлік, көлік құралдары салықтары бойынша қосымша кіріс көздерін анықтау туралы нақты тапсырмалар беріліп, нәтижесінде жалпы 2011 жылғы аудан бюджетінің өзіндік кірістер жоспары 561,6 млн. теңгеге арттырылды. Бюджет қаржысына жоспардан артық түскен бұл қаржы басым мақсаттағы шығындарға бағытталды. Атап айтсақ:

- Білім беру саласындағы мекемелердің ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 49,7 млн теңге және білім, мәдениет және спорт саласында құрылыс жұмыстарын жүргізуге 343,8 млн.теңге, оның ішінде:

Арыс ауыл округі Нұржанқорған ауылындағы Анартаев атындағы НМ-не жапсарлас 6 сынып бөлмесінің, әкімшілік ғимараты мен спорт зал құрылысына 65,9 млн теңге;

Қаратөбе ауыл округіндегі Базарқақпа ауылындағы №98 ОМ ғимаратын қайта қалпына келтіру мен спорт зал құрылысына 115,1 млн теңге;

Аудандық мәдениет үйін қайта қалпына келтіру құрылысына 24,7 млн. теңге;

Ақсукент ауылындағы Титов орта мектебіне қосымша 10 сынып салуға 10,0 млн.теңге ;

«Болашақ» лагерінің 2 корпусының құрылысына 27,4 млн.теңге ;

Ақсукент ауылындағы балалар саябағын көркейту және спорт кешенінің құрылысына 100,9 млн. теңге.

- Жалпы білім беретін мектептерге еңбекақы қорына 30,4 млн. теңге және көмір сатып алуға 21,1 млн теңге;

- Ауданның елді мекендерін жарықтандыру, абаттандыру, көріктендіруге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына 79,7 млн теңге;

- Ақсукент ауылында орналасқан Ш.Қалдаяқов клубын күрделі жөндеу жұмыстарына 37,0 млн теңге қарастырылды.

2011 жылғы бюджеттік түсімдердің жоспары контингент бойынша 101,9 пайызға, аудан бюджеті 102,0 пайызға артығымен орындалды. Ал 2010 жылдың бюджетінің орындалуымен салыстырсақ, контингент бойынша 1179,2 млн.теңге, аудан бюджетіне 674,6 млн.теңге артық түсім түсті.

Сонымен қатар, 2011 жылдың қорытындысымен аудан бюджетінің шығыстар бөлігі бойынша төлем жоспары 17728,7 млн.теңгені құрап, нақты 17682,7 млн.теңгеге игерілді, яғни жоспар 99,7 пайызға орындалды немесе объективті себептермен 46,0 млн.теңге игерілмеді. Игерілмеген қаржылардың:

- 29,0 млн теңгесі құрылыс саласында, оның 20,0 млн.теңгесі Жұлдыз ауыл округі «Оңтүстік» елді мекені су жүйелері құрылыстарына облыстық құрылыс басқармасы тарапынан конкурстың кеш өткізілуіне және 6,5 млн.теңге Қарабұлақ ауылын сумен қамтамасыз ету мақсатында ЖСҚ-ға қаралған қаржының жеткіліксіздігінен мердігердің жұмыс атқарудан бас тартуына байланысты игерілмеді, ал қалған 2,5 млн.теңге үнемделген қаржы.

- 13,1 млн теңгесі білім беру саласында- білім беру мекемелерінің қызметкерлерінің біліктілік санаттылығы үшін қосымша төлемақыдан үнемделген қаржылар.

- 1,7 млн.теңгесі аудан әкімдігінің резервтік қорына сұраныс болмауынан үнемделген қаржылар ;

- 2,5 млн.теңге басқалардан үнемделген қаржылар құрайды.

Жалпы аудан бюджетінің 2011 жылғы шығыстар көлемінің (17 723,7 млн.теңге) 65,9 пайызы білім беру саласына, 6,8 пайызы әлеуметтік салаға, 20,3 пайызы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына бағытталды.

Сонымен қатар, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 2012 жыл басына аудан бюджетінде 61,8 млн.теңге бос қалдық қалды. Аудандық маслихат шешіміне сәйкес бұл қаржылар төмендегідей мақсаттарға бағытталды:


  • Титов атындағы негізгі мектеп құрылысына 20, 0 млн. теңге ;

  • Көлкент ауыл округіндегі 200 орындық Құрбанов атындағы негізгі мектеп құрылысына 20,1 млн. теңге,

  • Қарабұлақ ауылындағы 600 орындық №81 Ұлықбек атындағы негізгі мектеп құрылысына 10,0 млн. теңге ;

  • Аудандық мәдениет үйінің ішкі дизайнын қайта құруға ЖСҚ-ын дайындауға 1,5 млн. теңге;

  • Басқада шығындарға 10,2 млн.теңге қаралды.

Құрметті Асқар Исабекұлы! 2010 жылдың қорытынды есебін бергенімде, аудандағы жалпы кіріс көлемінің бір тұрғынға шаққандағы көлемін 2011 жылы 14-15 мың теңгеге жеткізіп, аудан бюджетінің өзіндік кірістерін 3,0 млрд теңгеге жеткізу жөнінде өз жоспарымызды айтқан болатынмыз. Осы жоспарды орындау мақсатында әрбір ауыл округ әкімдеріне 1 адамға шаққандағы табыс көлемін 10 мың теңгеге жеткізу бойынша нақты тапсырма берілді. Нәтижесінде 2010 жылы аудан бойынша 1 адамға шаққандағы табыс 11381 теңгені құраса, бұл көрсеткіш 2011 жылы 14532 теңгеге жетіп немесе 3151 теңгеге көбейіп отыр. Яғни, біз бұл жоспарымызды 127,7 пайызға артығымен орындап шықтық. Ал аудан бюджетінің өзіндік кірістер көлемі жыл қорытындысы бойынша 2 988,0 млн. теңгеге жеткізілді.
Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өңір экономикасының дамуын анықтайтын басты сала болып табылады. Аудан бойынша жалпы өңірлік өнім көлемінде 34,6 пайызы өнеркәсіп өнім көлемін құрайды, бүгінгі таңға ауданның өнеркәсіптік өнім үлесі жалпы облыстық көлемде 6,8 пайызға жетіп отыр. Аудан өнеркәсібі 3 басымдықта дамуда, атап айтқанда :



1 басымдық - тамақ өнеркәсібі саласында -ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және сусындар шығару. Бұл салада 10267,3 млн.теңгенің өнімі өндірілді.

2 басымдық - ауыл шаруашылық машиналарын және оларға қажетті қосалқы бөлшектер жасау. Мұнда 343,8 млн.теңгеге өнім өндірілді.

3 басымдық - құрылыс материалдарын шығаратын өндірістің дамуы. Бұл салада 4816,9 млн.теңге өнім өндірілді.

Аудан өнеркәсібі көлемінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 90,1 пайызды құрап, нәтижесінде аудан кәсіпорындары жыл басынан бері 24453,2 млн. теңгенің өнімін өндірген. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 125,8 пайызға немесе 5016,4 млн.теңгеге артық. Сонымен қатар, өнеркәсіп өнім көлемінің жылдық жоспары 132,9 пайызға артығымен орындалды.

Жалпы бұл салада 2011 жылы 666 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру есебінен 349 жұмыс орны, үдемелі индустриалық- инновациялық бағдарламасы аясында 317 жұмыс орны ашылды.

2011 жылы аудан бойынша 7 инвестициялық жобалар жүзеге асырылды, атап айтсақ:

Түркияның заманауи технологиясы бойынша пластикалық стакандағы алкогольсыз сусындар шығаратын «АйFud» ЖШС іске қосылып, 10 жұмыс орны, «ЮНИКС» ЖШС шығаратын өнім көлемін арттырып, қосымша 11 жұмыс орнын ашты.

Машинажасау саласындағы «ЮКМЗ» АҚ өнімнің жаңа түрін шығарып, қосымша 73 адамды жұмыспен қамтыды.

Сонымен қатар, мұнай өңдеу өнімдерін өндіретін "Оргсинтез СБН" ЖШС-гі өз қаржысы есебінен модернизацияланған битум шығарып, 8 қосымша жұмыс орнын, «Ақ нан» ЖШС базасында «Ай су» маркалы қуаттылығы жылына 1,0 млн.литр минерал суын шығаратын цех іске қосылып, 7 жұмыс орнын, балық өнімдерін консервілейтін өндіріс «JFM» ЖШС кәсіпорынды кеңейту есебінен 25 қосымша жұмыс орнын ашты.

Макарон өнімдерінің 25 түрін шығаратын «Барыс-2007» ЖШС кәсіпорынды кеңейтіп, италиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған жүйені іске қосып, қосымша жаңа 40 жұмыс орнымен толықты.

Ал, «Стандарт Цемент» ЖШС қосымша 175 жұмыс орнын ашып, бүгінгі таңда толық қуаттылықта барлығы 475 адам жұмыс істеуде.

Өнеркәсіп саласының дамуына ауданда жүргізіліп жатқан үдемелі индустриалық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы да едәуір өз әсерін тигізуде. Осы бағдарлама шеңберінде 2011 жылы Индустрияландыру Картасына ауданнан 17,5 млрд.теңгелік 9 жоба еніп, 538 жұмыс орнын ашу жоспарланған болса, оның 8 жоба іске асып, 317 жаңа жұмыс орны ашылды.

Оның ішінде ірі жобалардың бірі, тамақ өнеркәсібі саласындағы жоспарланған 2 жылыжай іске қосылды: Сайрам ауылындағы «Жақсылық» ШҚ-ы мен Жаңаталап ауылындағы «Байсын агро» ЖШС-нің көкөніс өсіруге арналған жылыжайлары іске қосылып, 55 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Металлургия саласындағы арматура, профнастилдер, металл черепицалар, сэндвич панелдер шығаратын «Шымкент металлконструкция зауыты» ЖШС іске қосылып, 55 жұмыс орны ашылды.

Синтетикалық жуғыш заттар шығаратын «Швед Каз» ЖШС зауыты іске қосылып, 50 жұмыс орны ашылды.

"Оңтүстік"АЭА тоқыма өнімдерін шығаратын «Шымкент-Кашемир» ЖШС іске қосылып, 100 адамды жұмыспен қамтыды.

«Строительные технологии» ЖШС – жол битумын шығаратын шағын зауыт құрылысын аяқтады. Қосымша 35 жаңа жұмыс орны ашылды.

Қазақстанның дүниежүзілік рыноктағы бәсекеге қабілеттілігін нығайтуда аудан бойынша «ЮНИКС», «Шымкент құс», «Барыс 2007», «Арай», «Эм-нұр», «Сайрам сүт», «Шымпласт» ЖШС-і және басқа да барлығы 21 кәсіпорын ИСО сапа менеджменті жүйесін ендіріп, халықаралық деңгейдегі сертификатқа және 30 кәсіпорын СТ-КZ қазақстандық мазмұндағы 77 сертификаттарына ие болды.


Шағын және орта кәсіпкерлік

2011 жылы ауданда белсенді жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілердің саны 10838 болса, оның ішінде 685-і заңды тұлға, 6788-і шаруа қожалықтары, 3365-і жеке кәсіпкер болып табылады, оларда 46281 адам жұмыспен қамтылған.

Аудан көлемінде жыл басынан 65 кәсіпкерлік субъектілері іске қоысылып, қосымша 331 жұмыс орындары ашылды.

Шағын және орта бизнес субъектілері жыл басынан 13948,4 млн. теңгенің өнімін өндірген, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 116,0 пайызға өскен. Ал төленген салық көлемі 1102,4 млн.тенге құрап, 2010 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 6,6 % артқан.

Бүгінгі таңда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға барынша жағдай жасалып жатыр. Осының бір айғағы ретінде, облыс әкімінің қолдауымен құрылған, басты қызметі шағын және орта бизнесті қаржыландыру, кәсіпкерлерге банктерден және басқа да қаржы институттардан несие алуға көмек беру болып саналатын «Аймақтық инвестициялық орталық «Максимум»» ЖШС-гі арқылы 2011 жылы 1365,3 млн.теңгеге 173 жоба мақұлданып, оның 134 жобасы 676,5 млн.теңгеге нақты қаржыландырылды.

Бұл орталықтан қаржыландырылған жобалар арқылы аудан бойынша 300 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Ауданның кәсіпкерлігін қолдау және дамыту мақсатында «Сайрам-Өгем» ЖШС-гі құрылып, жұмыс атқаруда. Қазіргі таңда бұл орталық әр-түрлі салалар бойынша типтік жобалар әзірлеп, кәсіп ашып, нәсіп табам деушілерге жылыжай салу, мал бордақылау, шошқа асырау, шағын сүт фермалары мен ауылдық жерлерде көлікке қызмет корсету бекеттерін ашу, қоян асырау, шағын құс фермаларын құру және шағын киім тігін цехын іске қосуға көмек көрсетуде.
Ауыл шаруашылығы

2011 жыл ауданымыздың ауыл шаруашылығы үшін табысты жыл болды. Бұл салада 2011 жылы 26 млрд 803 млн теңгенің жалпы өнімі өндіріліп, 2010 жылмен салыстырғанда 6,5 пайызға артқан және ауданда өндірілетін жалпы өнімнің 40 пайызы осы саланың үлесіне тиеді. Ал ауыл шаруашылығының жалпы өнімнің 44,3 пайызын егін шаруашылығы, 55,6 пайызын мал шаруашылығы құрайды.

2011 жылы ауыл шаруашылығы саласында тұрақты 178 жаңа жұмыс орындары ашылып, тазаланған каналдардың су өткізгіш қабілеттілігінң жақсаруына байланысты 1582 адам маусымдық жұмыспен қамтылды.

Жалпы ауыл шаруашылығындағы негізгі көрсеткіштердің өсімі бар.

Ауданымыздағы агроқұрылымдар негізінен мүйізді ірі қара малының етті, сүтті түрлерін, қой, жылқы, шошқа өсірумен шұғылданады.

2011 жылы ауданымызда 17683 тонна ет, 117526 тонна сүт, 143 млн дана жұмыртқа өндіріліп, 2010 жылмен салыстырғанда ет 113,1 пайызға, сүт 108,1 пайызға, жұмыртқа 94,0 пайызға орындалды.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда аудан бойынша асыл тұқымды шаруашылықтар саны 19 –ға жетті.

Бұдан басқа мүйізді ірі қара мал бордақылайтын 101 фермада 41 мың бас мал бордақыланып, облыс, аудан тұрғындарын сапалы ет өнімдерімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Ауданда өткен жылы 43795 тонна дәнді дақыл өндіріліп, орташа есеппен әр гектардан 19,2 центнерден өнім алынды.

Бөлінген субсидияны игеру бойынша 154,7 млн.теңге қаржы игеріліп, жоспар 145,5 пайызға орындалды.

2011 жылы ауданда 19 каналға облыс бюджетінен 539,1 млн теңге бөлініп, толығымен игерілді. Оның ішінде 4 канал күрделі жөндеуден, 15 канал механикалық тазалаудан өтті. Сонымен қатар, 2012 жылы 18 каналды жөндеу және механикалық тазалаудан өткізу жөнінде облысқа ұсыныс енгізілді.

Осы жөндеуден өткен каналдардың су өткізгіштік қабілетінің артуына байланысты аудан көлемінде соңғы жылдары толық пайдаланылмай келе жатқан 962 га жер қайта тиімді пайдалануға енді.

Ауданда тамшылатып суғару тәсілін енгізу бойынша 2011 жылға жоспар 1000 гектар болса, оның 243,8 гектары ғана енгізіліп, жоспар 24,3 % орындалды.

Сонымен қатар, тамшылатып суғару әдісін ендіру үшін «Атамекен» корпорациясына 800 гектар жер телімі беріліп, тамшылатып суғару жұмыстарын ендіруді корпорация 2012 жылға жоспарлап отыр.

Ауданда бүгінгі таңда барлығы 30,04 гектар жылыжайлар жұмыс істеуде. 2011 жылдың басында жылыжай құрылысы бойынша 14,35 га тапсырма берілген болса, нақты 16,3 га жылыжай іске қосылып, жоспар артығымен 113,5 пайызға орындалды.

2011 жылы ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, облыстық «Алтын күз-2011» мерекесінде қайта өңдеу саласы бойынша Сайрам ауданы І орынды, дәнді дақылдар өндіру бойынша ІІ орынды иеленді.


Әлеуметтік сала

Ауданымызда жалпы халық саны 302,5 мың адамды құраса, жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз немесе былтырғы жылдың деңгейінде өзгеріссіз қалып отыр (облыстық көрсеткіш 5,3 пайыз).

2011 жылы 3694 адам жұмыс іздеп келсе, олардың 3235-і немесе 87,6 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылды, тіркелген жұмыссыздар саны 2010 жылға қарағанда 59-ға кеміген, 38 нысаналы топтағы азаматтар әлеуметтік жұмыс орындарына, 901 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды. Жалпы жұмыс іздеп келгендердің 128,9 пайызы әр-түрлі әлеуметтік шаралармен қамтамасыз етілді.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жұмыссыздарды кәсіптік оқытуға Республикалық бюджет есебінен 50 адам оқытылып, олардың барлығы тұрақты жұмыспен қамтылды

Еңбек нарығының сұранысына қажет мамандықтарға жергілікті бюджет есебінен 9,4 млн. теңгеге 110 адам оқуға жолданып, оның 107-сі тұрақты жұмысқа орналасты.

Жыл басындағы тапсырмаға сәйкес ауданда 4891 жаңа жұмыс орындарын ашу қажет болса, нақты 4914 жаңа жұмыс орындары ашылып, жоспар 100,5 пайызға орындалды. Ашылған жұмыс орындарының сала- сала бойынша бөлінісін алдағы слайдтан көруге болады.

Шешімін қажет ететін мәселелерді тек бюджет есебінен ғана шешпей, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру аясында, 23 бизнес құрылымдары арасында үш жақты келісімге, Меморандумға қол қойылып, 409,9 млн. теңгенің жұмыстары атқарылды.

Өздеріңізге белгілі, 2011 жылдан бастап «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осы бағдарламаның бірінші бағыты бойынша, ашылатын әлеуметтік жаңа жұмыс орындарын анықтау арқылы нысаналы топқа жататын 420 адамды әлеуметтік жұмыспен қамту жөнінде 73 жұмыс берушілермен меморандумдар түзілді.

Екінші бағыт бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру жұмыстары қолға алынды. Бұл бағыт бойынша 2011 жылға Республикалық бюджет есебінен 30,0 млн. теңге бөлініп, 236 адамды кәсіпкерлік негізіне оқытылып, куәліктер берілді. Оқып келген адамдардың арасынан 2011 жылға 30 адамның құжаты жинақталып, оларға несие беру жоспарлануда, қалған 206 адам 2012 жылға несие алушылар тізіміне кіргізілді.

Сонымен қатар, 2011 жылы 69 отбасына 7,2 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп, аудан бойынша кедей азаматтардың үлесі тұрғындардың 0,09 пайызын құрады (облыстық көрсеткіш 1,1 пайыз).

Есепті мерзімде 5378 отбасына немесе 19835 балаға 287,9 млн. теңге балалар жәрдемақысы төленді немесе былтырғы жылмен салыстырғанда жәрдемақы алатын отбасылар саны 741 отбасына, балалар саны 2680 балаға кеміді, сонымен қатар аз қамтылған 665 отбасына 13,5 млн. теңге тұрғын үй жәрдемақысы төленді.

Мүгедектерді және де басқа жекеленген санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау үшін облыстық және аудандық бюджеттен барлығы 54,0 млн. теңге қаралып, толығымен игерілді.


Білім беру саласы

Аудан бойынша мектептер 100 пайыз компьютерленген, 55 интерактивтік тақта орнатылған.

2011 жылы аудандық бюджеттен жалпы білім қорына 83,0 млн.теңге қаржы бөлінді, оның 43,5 млн. теңгесі 2781 аз қамтамасыз етілген оқушыларға бір мезгіл ыстық тамаққа, 35,3 млн.теңгесі киім-кешек, оқу-құралдарын сатып алуға, 4,1 млн. теңгесі маусым айында аз қамтамасыз етілген оқушыларды «Болашақ» лагерінде демалу үшін бөлінді.

Сонымен қатар, Қарабұлақ ауылында орналасқан №10 Қарабұлақ жалпы орта мектебінің базасында мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытуға 2 сынып ашылып, қазіргі таңда ол балалар білім алуда.

Аудандық бюджеттен аудан бойынша газбен жылытылатын 24 мектепке, сонымен қатар газға қосылатын 12 мектепке 24,0 млн.теңге, сұйық отынмен жылытылатын 5 мектепке 17,0 млн.теңге, көмірмен жылытылатын 75 мектепті көмірмен қамтамасыз етуге 55,2 млн.теңге қаржы қарастырылды.

Сонымен қатар, аудандық бюджет есебінен 10 мектептің жылу жүйесін газға ауыстырып, газға арналған қазандықтар орнату үшін 38,0 млн.теңге қаржы қаралып, мектептердің жылу жүйесін газға қосу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

2011 жылы облыстық бюджеттен 113,2 млн.теңгеге 3 мектептің (Амангелді ат ОМ, Нұрпеисова ат ОМ, Қарабұлақ ОМ) және аудандық бюджеттен 9 мектептің және 1 бала- бақшаның ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге 265,9 млн.теңге қаржы қарастырылып, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен пайдалануға берілді. Сондай-ақ, 9 мектеп пен 1 бала-бақшаның жобалау-сметалық құжаттарына 15,3 млн.теңге қарастырылды.

«Балапан» бағдарламасы Сайрам ауданында табысты жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама қабылданғанға дейін ауданда 11 мектепке дейінгі мекемелерде 1210 бала ғана тәрбиеленіп, бала- бақшамен қамту 12 пайызды құраған болатын. 2010 жылы 985 орындық 15 мектепке дейінгі мекемелер іске қосылып, . бала- бақшамен қамту 18 пайызды құрады.

Ал 2011 жылы 6421 орындық 32 мектепке дейінгі мекеме іске қосылды. Оның 14-і мектеп жанындағы шағын орталықтар, 11-і жекеменшік балабақшалар, 7 жекеменшік шағын орталықтар. Бұрыннан жұмыс жасап тұрған 8 мектепке дейінгі мекемелердің жанынан қосымша топтар және бұрыннан жұмыс жасап тұрған 3 мектеп жанындағы шағын орталықтарға қосымша топтар ашылды. Жалпы 2011 жылы мектептке дейінгі мекемелер саны аудан бойынша 58-ге жетті. Оның 32-і мемлекеттік бала- бақшалар мен мектеп жанындағы шағын орталықтар, ал 26-ы жеке меншік бала- бақшалар мен орталықтар құрайды.

Сонымен, 2011 жылдың соңында ауданда 9149 бала балабақшамен қамтылып, қамту көрсеткішін 12 пайыздан 50 пайызға жеткіздік.

Қазіргі таңда 2012 жылы 22 мектепке дейінгі мекемені іске қосып, 2895 баланы мектепке дейінгі тәрбиемен қамту жоспарланып отыр.

Денсаулық сақтау саласы

Аудан бойынша денсаулық сақтау саласында 436 маман-дәрігер, 1693 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс атқаруда. Әрбір 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз ету көрсеткіші - 14,7, орта буын медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету көрсеткіші – 58,0 құрайды.

2011 жылға аудан бойынша денсаулық сақтау саласына жоспарланған жалпы қаржы 3 377,2 млн.теңгені құрады.

Облыстық бюджет есебінен 110,4 млн.теңгеге «Құтарыс», «Қызыл жар», «Жібек жолы» дәрігерлік амбулаториялары, «Қайнарбұлақ» ауылдық емханасы, «Сайрам» Сайрам аудандық ауруханасы күрделі жөндеуден өткізілді.

Ал 131,5 млн.теңгеге «Ынтымақ», «Өтеміс», «Шапырашты» ФАП-тары, «Қаратөбе» ауылдық емханасының жаңа типтік ғимараттарының құрылысы аяқталып, іске қосылды.

Сонымен қатар, 2012 жылға денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеуден өткізуге 12,8 млн.теңге, құрылысқа 140,3 млн.теңге қарастырылды.


Құрылыс саласы

Білім саласындағы құрылыстар. Апатты жағдайда болған М.Өзтүрік пен Мәдени орта мектептеріне 2011 жылы облыстық және аудандық бюджеттен қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 2011 жылдың 1 қыркүйегіне пайдалануға берілді.

Ал 1 Май орта мектебіне республикалық бюджеттен 2011 жылға 618,7 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде, мектеп құрылысы 2012 жылға аяқталады.

Сонымен қатар, аудан өз мүмкіншілігі есебінен білім саласындағы бірқатар мәселелерді шешіп келеді. Атап айтсақ, аудандық бюджет есебінен Қаратөбе ауыл округі Базарқақпа ауылындағы №98 ОМ ғимаратын қайта қалпына келтіру мен спорт зал құрылысына 190,2 млн.тенге бөлініп, нысан 2011 жылдың қараша айында пайдалануға берілді.

Арыс ауыл округі Нұржанкорған ауылындағы Анартаев атындағы НМ-не қосымша 6 сынып бөлмесі, әкімшілік ғимараты және спорт зал құрылысына 166,2 млн.тенге қаралып, 2011 жылдың қараша айында пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, Арыс ауыл округіндегі «Болашақ» балалар сауықтыру лагерінің 2 корпусының құрылысына аудандық бюджеттен 49,7 млн.тенге қарастырылып, құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылды.

Аудандық бюджет есебінен абаттандыру және спорт кешенінің құрылыс жұмыстары да жүргізілді. Аудан көлеміндегі елді мекендердің сәулеттік кескін-келбетін реттеу мақсатында Ақсукент елді мекеніне қарасты орталық саябақты қайта құру жобасы жасалынып, аудандық бюджеті есебінен 113,9 млн. теңге қаржы қаралып, гүлзар, Даңқ аллеясы, орталық саябақтағы сахна мен мінбер құрылыс нысандары аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және аудан жастарын спортқа баулу мақсатында 2011 жылы Ақсукент ауылындағы «Қайрат» стадионы және балалар саябағының аумағынан заманауи спорт кешенінің құрылысына аудандық бюджеттен 214,5 млн.теңге қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Аудан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылға облыстық бюджет есебінен 1459,9 млн.теңге бөлініп, 7 елді мекенге, Таскешу, Көмешбұлақ, Қарасу, Игілік, Таскен, Жаңаталап, Ақарыс елді мекендерін сумен қамтамасыз ету үшін су құбырларының құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Бұдан бөлек, республикалық бюджет есебінен Сайрам ауылындағы ауыз су жүйелерінің құрылысына, 2011 жылы 29,0 млн.теңге бөлінді, бүгінгі таңда құрылысы жұмыстары жүргізілуде, нысан 2013 жылға өтпелі. Сонымен қатар, Ақбай- Қарасу су қоймасынан Көмешбұлақ су қоймасына дейін су жүйелерінің құрылыс жұмыстарына 2011 жылға 1065,2 млн.теңге қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Бірнеше жылдан бері бітпей келген Жібек жолы ауылындағы ауыз су құбырлары құрылысын аяқтауға биыл аудандық бюджеттен 206,0 млн теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы

2011 жылы облыстық бюджет есебінен аудан аумағындағы 8 ауыл округіндегі 14 көшені орта жөндеу жұмыстарына 199,4 млн.теңге, ал жергілікті бюджет есебінен 11 ауыл округіндегі 14 көшенің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 53,6 млн. теңге қаржы қаралып, орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.

Жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында аудандық бюджет есебінен 8,0 млн.теңге қаржы қарастырылып, 20 білім беру нысандары аумағына барлығы 163 метр жол кедергісі мен 97 дана жол белгілері орнатылды.

Аудандық бюджет есебінен 4 дана бағдаршам орнатуға 10,0 млн. теңге қаржы қарастырылып, Ақсукент, Сайрам және Қарабұлақ ауылдарына бағдаршамдар орнатылып, іске қосылды.

Аудан аумағындағы 72 елді мекеннің 58 елді мекенінде 24 сағат, 8 елді мекенде 8-16 сағат ауыз су берілуде, ал қалған 5 елді мекенде құдық суын, 1 елді мекенде тасымал суын пайдалануда.

2011 жылы ауыз су құбырларының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 7 елді мекенді атап айтсақ, Шапырашты, Нұржанқорған, Құрлық, Тұрдыабад, Оймауыт, Ханқорған және Көлкент ауылдарына 90,2 млн. теңге облыстық бюджет есебінен бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бұдан бөлек, 2011 жылы ауыз су жүйелерінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына және қажетті құрал - жабдықтар орнатуға аудандық бюджеттен 101,8 млн. теңге қарастырылып, 5 ауыл округіндегі 5 елді мекенге ауыз су құбырларының ағымдағы жөндеу жұмыстары, 7 ауыл округіндегі 10 елді мекенге су ұңғылары қазылып, су мұнаралары орнатылды.
Спорт және мәдениет саласы .

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында аудан бойынша спорттың әр түрлі деңгейдегі 108 спорттық іс - шаралар өткізілді, оған 38750 спортшылар тартылып қатыстырылды. 2011 жылы спорттық іс-шараларымыздың барлығы ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне арналды.

Жастарды және демеушілерді тарта отырып, елді мекендерде шағын спорт алаңдарының құрылысын жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында 6 ауыл округінен қарапайым спорт алаңшалары салынды.

Ал 2011 жылы аудан орталығы Ақсукент ауылындағы көп-қабатты тұрғын үйлер аумағына аудандық бюджет есебінен тағы 15,0 млн.теңге қаржы қаралып, 3-дана балалар ойнайтын спорт алаңшасы және балалар алаңшасы орнатылып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде 1500-ге жуық жасөспірім балалар спортпен шұғылдануға және әр түрлі ойын ойнауға жағдай жасалды.

2011 жылға жоспарланған мәдени іс-шаралар жылдық жоспарға сәйкес толығымен өз дәрежесінде өтті.

2011 жылы аудандық бюджет есебінен мәдениет ошақтарын қалпына келтіру және күрделі, ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары қолға алынды. Атап айтсақ, Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет үйінің күрделі жөндеуіне 61,1 млн.теңге, Жібек-Жолы ауылындағы клубтың ағымдағы жөндеуіне 7,0 млн.теңге, Қарамұрт ауылындағы мәдениет үйінің ағымдағы жөндеуіне 14,6 млн.теңге, аудандық орталық кітапхананың ағымдағы жөндеуіне 7,3 млн.теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Сонымен қатар, аудандық мәдениет үйінің қайта қалпына келтіру жұмыстарына 64,7 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.



Бұл салаға жалпы 2011 жылы аудандық бюджеттен 163,8 млн.теңге бөлуге қол жеткіздік.






©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет