Сайтаннан сақтанайық!



Дата07.07.2016
өлшемі46.68 Kb.
#183622
Сайтаннан сақтанайық!
Рухани тәуелсіздікке жетпеген ұлт – мәңгілік басыбайлы ұлт болып қала береді. Абайдың: “Өздеріңді түзелер дей алмаймын, өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың” дегенді, Ахмет көсемнің: “Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл боп өседі, Құлша тәрбиелеснң – құл боп өседі” – дегенінің астары осында жатыр. Қазіргі отыздан асқандар – ұлы орыстық және провославиелік миссияның, ал бір жастан бастап отызға дейінгілер – амрикалық және “ұлы әлемдік” идеологияның торына ілінгендер деп есептеймін. Ал соңғы қарқыны мен тәбетінде шек жоқ. Өйткені бұл саясаттың түпкі негізі инквизиция дәуірінде қалыптасқан. Тек оның әдіс – тәсілі ғана өзгеріп отыр. Өзгені былай қойғанда, Ресейдің өзі төбе шашы тік тұрып, үрейлене қарап отыр. Америкада идоглогия жоқ дейді. Бұл сыртқы саясат ғана. Негізінде Америкның идеологиясы үш нәрсеге негізделген, сол үшеуінің басын “бүкіләлемдік мәселе”, “бүкіләлемдік идея”, “бүкіләлемдік таным жобасы” деген сұлу, бірақ пиғылы тереңдегі терминге әкеп қосқан.Бженскидің “ХХІ ғасыр мәдениеттерінің соғыс ғасыры болады” деп осыдан жиырма жыл бұрын жасаған болжамы бүгін дәл келіп отыр. Америкалық осы үш идея қазір теледидар арқылы әр үйдің ішіне кіріп атасы баласына, анасы қызына қарсы қойып үлгерді.

Рухани тәуелсіздіктің осындай сұрқия трихи Абай тнымымен слыстыра талдаған “Күйесің жүрек,… сүйесің!” деген осыдан он жыл бұрын жазылған, әлі жарық көрмеген кітабымда егжей – тегжейлі тоқталып ем. Мәдениет және баспасөз министрі Алтынбек Сәрсенбаевтің шет елдік теледидар болса да өте орынды және щұғыл түрде заңдастырылуы тиіс ұсыныс деп есептеймін. Біздің парламентегі қалаулыларымыз “мәдени соғыстың” түпкі нысанасы – біздің рухани тәуелсіздігімізге жасалған ең үлкен шабул екенін, ол үстемдіктің басталып кеткенін түсінісуі тиіс. Мен ешқандай елдің саясатына көз сұғымды қадамайтын, бірақ менің елімнің де ішкі саясатына тырнағын “сұғып”, өзімнің ғана емес – баламның, баламның ғана емес, ұлтымның іші өміріне, әсіресе ұлттық санасына араласқанын қаламаймын. Сондықтан да жоғарыдағы үш саясатқа қарсымын. Өйткені:

“Бүкіләлемдік идея” дегеніміз –массондық бауырластық пен “рыцарлық ордендердің” үлгісі. Оның түпкі мақсаты – азаматтық қоғам. Ал азаматтық қоғам дегеніміз –“коммунизмнің үлгісі”, яғни, ұлт болмайды, азамат бір тілде, бір мақсатта, бір дінде өмір сүреді. “Доспыз, бауырмыз”. Демек, қазақ ұлты да соның ішіне кіріп, сіңіп кетеді. Ендеше, тәуелсіздікті неге алдық? Бүгінгі теледидардағы хабардың (шет елдік) 99 пайызы осы идеяны насихаттайды. Мына Америка, Қытай, Индия, Ресей (қазір әлсіреді) қолдайды. Өйткені бұл елдің сол “ортақ тіл мен ортақ нәсілдің” иесі болуға бірден – бір үміткер. Қазір баламыздың тілін былай қойғанда, мінезі осыған қарай ауысып барады. Қане, айтыңызшы, қай қазақтың баласы: “Па, шіркін!”, “Бәрекелді”, “Жарайсың!” дейді?Бәрі де: “Уау! Иесть Класс!” сол қолын оң қолының білегіне сарт еткізіп шыға келеді.

Екінші, “бүкіләлемдік мәселе” дегеніміз не? Оның идеясының сақабалары “бейбітшілік жауынгерлері” делініп жүрген тақуалар. Бізге олар “дін бостандығы”- яғни бізді исламнан ажыратып әкету. Бірақ американдық кинолардағы қытай, үнді, жапон, корей т. б. толып жатқан кейіпкерлер христиан дініне сенеді, неге христиандардың моласына қойылады?

Үшінші,”бүкіләлемдік жоба” деген не? Ол – “Таурат” пен “Інжілдегі”, “Зәбірдегі” әлем жобасы, Массондық және сионистік идея – соның тікелей іске асырау жоспары болып табылады. Англосаксондықтар өзднрін: Израйльдықтармен оныншы атадан туысқанбыз, ал дүние – иудалар билік жасаған кезде ақырзаманға жетеміз жұмаққа барамыз. Өзге нәсілдер тозаққа кетеді – деп есептейді. Бұл саясатқа айналған діни уағыз. Оның түпкі тірегі – ақша. Егерде бұл діни сенім – діни сенім ретінді насихатталса мен оған түсіністікпен қарар едім. Ал “ ар – ождан бостандығы”, “дін бостандығы”, “адам құқығы” дегенді бүркеніп тәуелсіз еліме экономикалық, саяси, діни қысым жасағанына жан – тәнімен қарсымын.

АҚШ – тың президенті \1909 – 1913\ Говорд Тафттың: “Доллар – оқтың міндетін атқарады” деген “доллар саясаты” қазіргі “өз жемісін” берді. Соның біреуі – біз, қазақстандықтар болып отырмыз. Ал теледидар сол “доллар саясатын” дүниежүзілік “бейбіт жауынгері” болып отыр. Сондықтан да, Жүрсін Ерманның: “министрімізді қолдайық!” – деп жар салуы өте орынды. Өйткені, шет елдік идеология – біздің тәуелсіздігіміздің басты қаупі. Ұлтымызды іштен ірітетін сана сайтаны. Ал сайтаннан сақтану үшін Заң керек. Заң! Бізді Тәуелсіз мемлекеттің Тәуелсіз заңы ғана қорғайды. Ал теледидар туралы заңға қарсы шыққан теледидарды менің жеке өз басым жанағы Г.Тафт айтқан, “доллар саясатының” құлы, “долларды оққып атып отырған” миссионер деп есептеймін.

Рас , біз бұл Заң арқылы барлық мәселемізді шеше алмаймыз. Ол үшін әлгі “доллардан жасалған оқ салатын” оқшантайымыз тоқ болуы шарт. Ал біздің оқшантай түгелі, өз қалтамыздың түбі тесік. Алайда қол қусырып, тәуелсіздікті қолдан беруге болмайды. “Бүкіләлемдік жоба” үлгісін талдаған орыс журналисі А. Дугиннің мына қортындысына назар салыңыздаршы;

“Складываем все элементы воедино. Получаем страшную картину. Силы, группы, мировоззрения и ггосударственные образования, которые совокупно навывают “Западом” и которые являются “после победы в “холодной войне” единоличными властителями мира за фасадом “либерализма” исповедуют стройную эсхатологическую богословскую доктрину, в которой события светской истории, Технологияеский прогресс, международные отношения, социальные процессы и.т.д. истолковываются в апокалипсической перспективе. Цивилизационные корни этой западной модели уходят в глубокую древность, и, в некотором смысле, определенный архаизм сохраняется здесь выплоть до настоящего времени параллельно технологической и социальной модернизации. И эти силы устойчиво и последовтельно отождествляют нас с “духами ада”, с демоническими “ордами царя Гога из атраны Могог”, с носителями “абсолютного зала”. Иными словами, восткокофобия Запода и особенно США проистекает отнюдь не из-за фарисейской заботы о “жертвах тотолитаризмаә или о пресловутых “правах человека” Речь идет о последовательного и оправданной доктринально демонизации восточно – эвропейской цивилизации во всех ее аспектах –историческом, богословском геополитическом, этническом, социальном, экономическом и.т.д.

Этот все очень, серьезно. Мировые воины и крушение империй, исчезновение целях народов и рас, классовые конфликты и революции- лишь эпизоды великого противостяния, кульминацией которого должна стать последняя апокалипсическая битва, Endkampf, где намотводится вазнейшая роль. В глазах Запада – целиком и полностью негативная. Они не остоновятся, пака окончательно не добьют нас. Всех нас, наших детей, стариков и женщин. С ветхозветной жестокосьтю и либеральным цинизмом. Их намерения очевидны и ужасны. Наше спокойствие, зевота, тупость и лень на этом фоне выглядать преступлением” (Наш мир” №10, 2001)

Осыдан кейін еліміз де, зиялыларымыз да, көпестеріміз де, мемлекет қайраткерлері де, ең бастысы депутаттарымыз да ойланар. Әлемдік өркениетке таза ұлттық рухымызбен үлес қосайық. Рухани азып – тозған, дінін сатқан, ділін жоғалтқан ұлтқа кім оң көзімен қарайды? Ел болып өмір сүріп, елдік санамызды улатқан келешек ұрпақтың ақыл аманатын таза күйінде тапсырайық.


Тұрсын Жұртбай



19.02.2001 ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет