- Бағдарламау;
- Тестілеу;
- Жариялау;
- Жарнамалау;
- Бақылау.
Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілуі керек:
1. Сайттың орны.
2. Сайттың аудиториясы кімдер.
3. Қандай ақпарат жарияланады.
4. Қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады.
Элементтерді
жасақтау
кезеңінде
сайттың
программалық
өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады:
1. Навигациялық құрылымын жасау.
2. Беттің дизайнын жасау.
3. Бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу.
Бағдарламау. Бұл кезеңнің мәні сайтты форматтауда.
Тестілеу. Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңінде сайттың
жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде:
1.
Сілтеменің жұмысы;
2. Мәтіндегі қателер;
3. Навигацияның тиімділігі.
4. Пошта және басқа формалардың дұрыстығы.
5. Графикалық файлдардың ашылуы.
6. Әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы.
Жариялау. Тест аяқталғандан кейін Web-сайт серверде жарияланады және қайтадан
тексеріледі.
Жарнамалау. Web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт туралы белгілі болу үшін
сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау керек. Осы мақсатқа
жету үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалануға болады:
1. Web-cайт адресін әр түрлі баспаларға жазу керек;
2. Web-сайтты әр түрлі серверлерде тіркеу;
3. Web-cайтқа сілтемелерді басқа Web-сайттарға кіргізу;
4. Баннерлерді жарнама ретінде қолдану.
Бақылау. Web-сайтта жариялап жарнамалаған соң оған қатысу деңгейі оның беттерінде
орналастырылған ақпараттың қажеттілігімен, жаңалығымен
және көкейтестілігімен
анықталады. Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты әрдайым жаңартып тұру
керек.
Web-сайтты өңдеу келесі кезеңдерден тұрады:
- сайттың
негізгі және типтік беттерінің
дизайны
(графикалық редакторда орындалады);
- html- кодтау, браузер көмегімен көруге болатын код құрылады;
- сайтты бағдарламалау;
- веб-те сайтты
орналастыру;
- веб-те көрінуін жоғарылату мақсатында web-сайтты тиімділеу;
- сайтты тапсырыс берушіге өткізу.
3) Web- сайттың логикалық және физикалық құрылымдары.
Web-сайтты құру кезінде оның әр бетінің құрылымын өңдеу керек. Бұл құрылымды
логикалық құрылым дейді. Ол сайттың іртүрлі беттерінің өзара байланысын бейнелейді.
Әрбір бөлек сайт үшін өзінің логикалық құрылымын ойластыру керек. Ол үшін сайттың
құрылымын өңдеудің жалпы принциптері бар. Мысалы, жақсы ойластырылған сайттың
жоспары мынандай:
Заставка Негізгі бет
Сайттың жаңалықтары
1-Бөлім
1-Бет 2-Бет
2-Бөлім
1-Бет 2-Бет
Өңдеушілер туралы ақпарат Контактты
деректер Сайттың картасы
Сайттың физикалық құрылымы компьютер дискісінде файлдар және бумалардың
орналасуын бейнелейді.
4) Web- сайтты жариялау.
Сайт құрылған соң, оны Web-серверде жариялау керек. Оның үш тәсілі бар:
1. Бұл ең қарапайым тәсіл. Сайттың барлық файлдары диск немесе басқа ақпарат
тасушыға жазылады. Оны Web-сервер администраторына апару керек. Администратор сіздің
дискіңіздегі
бумаларды
сервердің
қажетті
бумасына
жазып,
бағдарламалық
қамтамассыздандыруды баптайды.
2. Бұл тәсіл өте аз тараған. Кейбір тегін Web-серверлер пайдаланушыға оның сайтының
файлдарын Web-обозреватель арқылы жүктеуге мүмкіндік береді. Бұл тәсілдің жетістігі-
жүктеу қарапайымдылығы болып табылады. Пайдаланушы енгізу өрісіне қажетті файлдардың
атауларын жазып, Submit (жіберу) батырмасын басу керек. Кемшіліктері: файлдарды жіберу
саны берілген лимиттен аспайды, файлдар
жіберілуін бақылай алмайсын, байланыс
нашарлағанда тоқтап қалады.
3. Бұл ең кең тараған тәсіл. Web-сервер администраторы FTP-сервер бағдарламасын
орнатады. Содан соң автордың сұранысы бойынша осы сайт үшін бума құрады және авторға
тек осы бумаға ғана кіру мүмкіндігін береді. Сайттың авторы FTP-клиент бағдарламасы
арқылы FTP- серверге қосылып, құрылған түпкі бумаға сайтының файлдарын көшіреді.
Содан соң администратор Web-серверде жаңа сайттың бар екенін жариялайды. Егер авторға
кебір
файлдарды жаңарту керек болса, ол қайтадан FTP-серверге қосылып, ескі файлдарды
жойып, жаңа файлдарын көшіреді.
Бақылау сұрақтары:
1. Веб сайт дегенде қалай түсінесіз?
2. Сайтты жоспарлау кезеңдері қандай?
3. Сайтты жариялаудың қандай тәсілдері бар?
Достарыңызбен бөлісу: