Салауатты өмір салтын ұлттық спорт түрлері арқылы дамытудың теориялық негіздері


Ұлттық спорт түрлерінің, ойындарының жастардың салауатты өмір салтын дамытудағы орны



бет4/17
Дата22.03.2023
өлшемі446.5 Kb.
#471002
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Абдалиев Жасулан 19-3 (1)

1.2 Ұлттық спорт түрлерінің, ойындарының жастардың салауатты өмір салтын дамытудағы орны

Дене тәрбиесі мен спорт дене шынықтырудың жүйелік бөлігі ретінде жалпыға бірдей және әлемдік құбылыс болып табылады, ұлт аралық қарым-қатынас аспектіне ену арқылы мемлекеттік, экономикалық және құқықтық мәселелермен шектеліп қалмайды. Дене тәрбиесі мен спортта әлеуметтік болмыстың барлық салаларындағы ең маңызды деген сандық және сапалық өзгерістер, ұлттар мен ұлыстардың материалдық және рухани өмірі өз көрінісін табады, адамзат қоғамының қалыптасу нәтижелері мен қарқыны, денсаулық мәдениеті мен салауатты өмір салтын сақтау туралы және жеке адам мен қоғамның көзқарастар жүйесі мен мінез-құлық нормалары жайлы төрелік айтуға мүмкіндік береді.


Дене тәрбиесі мен спорттың табиғаты халықтар арасындағы достықтың нығаюына, әртүрлі ұлт өкілдерінің әлеуметтік жағдайы мен ешбір діни наным-сеніміне қарамастан жақындасуына базалық негізде ықпал жасайтын қүрал ретінде қызмет атқарады, бірақ ол субъективті фактор - адамдар мен ұжымдардың белсенді араласуынсыз бұл феномендерді дүниеге әкеле алмайды. Егер қоғамдық, дене шынықтыру мен спорттық ұжымдар бүл феномендерді жетілдіру жұмысымен шұғылданбайтын болса, қателіктер мен бұрмалауға жол берсе, онда прогресшіл даму процесін тежейтіндей алғышарттар пайда болады.
Қазақстан Республикасы дене тәрбиесі мен спортының жаңа жүйесіндегі мақсаттың ұлттық түрі мен бірлігінің көп түрлілігі, олардың этникалық және гуманистік негіздері прогресшіл сипатқа ие. Олардың негізін құрайтын қасиеттердің бірі - халықшылдығы, адамзаттың қоғам өмірінде бұрыннан бар ұлттық және интернационалдық дәстүрлерді мақсатқа сай ары қарай дамытуды көздейтіндігі. Бұл процесс ұлттық идеямен үздіксіз түрде байланысқандықтан, осы дәстүр көптеген елдерде қалыптасты және халықаралық ұйымдар арқылы күнделікті қолданысқа ие болды. Демократиялық және құқықтық елдерге тән ұлттық және интернационалдық дәстүрлердің жарасымды түрде кірігуіне сәйкес дене тәрбиесі мен спорт біздің жастарымыздың тек дене ғана емес, рухани тәрбиесін, салауатты өмір салтын қалыптастыратын ең мықты құралына айналып отыр [10].
Дене тәрбиесі мен спорт саласындағы атқарылып жатқан қызмет жеке түлғаның психикалық сапаларына тура және жанама түрде нақты, бірақ тұрақсыз жағдайларда әсер етеді. Біздің зерттеу жұмыстарымыз көрсеткендей, ұлттық спорт түрлерімен шүғылдану жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға және ар адам мен қоғам үшін тұтастай алғанда ұлы құндылық болып табылатын денсаулық нығайтуға ықпал етеді. Спорт адам жеке түлғасының барлық жағына, соның ішінде адамгершілік пен психикалық саласына, интеллектуалдық пен коммуникативті қабілеттеріне, өз денсаулығы мен бүкіл қоғам денсаулығына деген мәдениетті және құндылықты қатынасқа тәрбиелеу арқылы әсер етеді.
Қоғам дамуының жаңа сатысындағы жұмыс барысында қарастырылып отырған проблемалардың теориялық түрғыдан жасалынбауы және практикалық маңыздылығы денсаулық пен салауатты өмір салтының, денсаулық пен қозғалыс белсенділігінің өзара байланыс бірлігінің негіздемесі мен ашуға бағытталған ұлттық спорт түрлерінің әдістері мен тәсілдерін пайдалану арқылы жекелеген тараулардың маңыздылығын анықтайды.
Негізгі міндет мынада болып тұр, салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістерін қолдану үшін дене тәрбиесі мен спорттағы жағдайларды теориялық тұрғыдан негіздеу мен аша түсу, адамдардың өмірлік қызметінде тікелей қолданылатын, салауатты менталитет қалыптастыратын диалектиканың алға шығатындай нақты кезендерін айқындау. Тәрбиенің тұтас жүйесінен бөлініп шыққан дене тәрбиесі мен спорт теориясы мен практикасының кесіндісі жастардың денсаулығы мен салауатты өмір салтының өзара іс-қимылы арқылы анағүрлым жарқын да мазмүлды түрде көрінуі мүмкін.
Соңғы жылдары дене тәрбиесіндегі халықтық педагогика мәселері жайлы көп айтылып жүр. Дене тәрбиесінің халықтық тәсілдері жайлы бағдарламалық құжаттарда ол қоғам мәдениетінің, жастарды тәрбиелеудің маңызды бір түрі ретінде қаралуы қажеттілігі атап көрсетіледі. Сондықтан да, ұлттық спорт түрлері мен халықтық ойындар өмір салты төңірегінде топтастырылып, жеке түлғаның даму деңгейіндегі көрсеткіші болуы тиіс.
Бұдан келіп шығатыны ұлттық спорт түрлері мен халықтық ойындар ұлттық мәдениеттің өзіндік элементтері есебінде ғана пайдаланылып қоймай, дене тәрбиесінің қазіргі міндеттерін шешудің тәсілі ретінде де пайдаланылады.
Ерекше көзқарасты халықтық қозғалмалы ойындарды пайдалану керек етуде. Қазіргі кезде қолда бар жекелеген ғылыми жұмыстар оларды мектеп жасындағы балалар мен жеткіншектер арасында пайдалану мәселесін сөз етеді. Дегенмен, бұл мәселені анағұрлым кең көлемде қарастырған жөн. Ойын әдісі қозғалыс белсенділігін кешенді түрде жетілдірудің ерекше бір әдісі екендігі баршаға мәлім. Демек, бүл әдісті спорт педагогикасында түрлі спорт түрлері бойынша пайдалануға болады. Осы жұмыста бұл проблема ұлттық спорт түрлеріне арналған сабақтарда халықтық қозғалмалы ойындарды пайдалану үлгісінде қарастырылған [11].
Әр халықтың тарихында ұлттық мәдениеттің жоғары жетістігін көрсете білетін ойшылдары болады. Қазақ халқында осындай орынға ие болған - ұлы Абай. Оның шығармашылығы жайлы өте көптеген жүмыстар бар. Ол қазақ мәдениетінің классигі ретінде ұлы да жан-жақты тұлға ғана емес, сонымен бірге ол заманауи тұлға. Бүгінде біздерді Абайдың қазақтың халық спорты жайлы ойлары таң қалдырады. Ақынның бұл ойлары дене тәрбиесі мен спорттың қазіргі тұжырымдамасына лайық келеді. Ұлттық спорт пен ойын түрлері дене тәрбиесінің маңызды құралы ретінде сөз болып отырған қазіргі кезде көз алдымызға ұлы Абайдың өлендері мен қара сөздеріне тиек болған данышпан да кемеңгер ойлары елестейді. Оның осы саладағы көріпкелдігі ерекше деп атауға тұрарлық. Дене тәрбиесінің ертедегі түрлерін зерттеу археология, этнография мен тарих жайлы әдебиеттермен байланысты. Жекелеген тұстарда автор арнайы спорттық әдебиеттерді пайдалануға жүгінуді мүмкін деп тапты.
Дене тәрбиесі теориясы мен педагогикасында дене тәрбиесінің халықтық педагогикасын ашып көрсетуге арналған жұмыстар кеңінен пайдаланылған.
Ғалымдардың пікірінше, денсаулыққа зиянын тигізетін зиянды әсерлерден арылу туралы түсініктер алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүрген адамдардың тайпаларына да тән еді. Ондай түсініктер олардың әдет-ғұрыптарында көрінісін тауып, тиімді түрде күш-қуатын қалпына келтіретін, жұқпалы аурулардан қорғайтын дәстүрлер пайда болды. Соған сәйкес баспана орнатып, жеке бастың гигиенасын сақтайтын, жерлеу тәсілдері, қоқыстардың көзін жою ережелері дүниеге келді. Әрине, аурудың пайда болу себептері мен оңың мәні туралы оларда ешқандай мәлімет жоқ еді. Содан барып мыңдаған жылдарға созылған мистикаға, табынуға, соның салдарынан діни наным-сенімдер мен дәстүрлерге негізделген көзқарастар пайда болды.
Ертедегі Көне Шығыс медицинасы туралы көптеген мәліметтер Египет папирустарынан, Вавилонның қыш кірпіш жазбаларынан, жерлеу саркофагтары мен камералардағы жазулардан, табынатын ғимараттар мен сарайлардағы қалдықтардан алынған. Ертедегі Месопатамияда ерекше құдай - Мардук деген емдеуісіне жауап берген. Әйелдер, босану мен аналық пірі Иштар болса, кейінде гректер оны Астарта деп атап кетті. Хаммураци патшалық құрған кезде емдеу туралы, соған сәйкес дәрігерлерге сыйақы төлеу туралы заңдар жарыққа шықты.
Ертедегі Грециядағы шынықтыру тәсілдері, дене жаттығуларымен қимылдауға арналған гимназиялар, сумен жуынуға арналған термалар көпшілікке жақсы танымал еді. Антика дәуірінде саулығы мықты және әдемі тиіс тұлғасына табыну барлық жерде өз үстемдігін құрған еді. Алдын алу сипатындағы көптеген шараларды ертедегі британдықтарда, галландтарда, көне герман тайпаларында, скандинавтарда, скифтерде табуға болады. Ертедегі Русьта шынығу процедуралары бұқаралық сипатқа ие болды, атап айтқанда, бу моншасынан шыққан соң қармен ысқылау немесе жылдың қай мезгілінде болсын мұз қатқан суға шомылуға үлкен мән берілетін.
Бұл көрсеткіштер көкейтесті әлеуметтік мәселеге айналып, салауатты өмір салтын қалыптастырудың стратегиясын қажет етуде . Осы мақсатты іске асыру үшін «Қалай ауырмауға болады» бағдарламасы дайындалды. Бағдарламада денсаулықты шынықтырудың үйлесімді дамуымен қамтамасыз ету аурудың алдын алу шаралары, денсаулықты сақтау, шынықтыру тақырыптары негізгі бөлім ретінде қарастырылған. Осы бөлімдер аясында оқушыларға гигиеналық әдеттерді дағдыландыру, денсаулығына жауапкершілікпен қарау, жұқпалы аурулар туралы білім беру, дене шынықтырудың денсаулығына жағымды әсері туралы мағлұмат беру мақсаты көзделеді [12].
Қазақстанда 3 миллион 525 мың отбасы бар. Республикамыздың 8 мыңға жуық мектептерінде 3 млн. 200 мың оқушы білім алуда.Бүгінгі күні оқушылардың денсаулық жағдайы қоғамыздың көңіл аландатып отырған мәселелердің бірі болып отыр.
Денсаулық жылы деп жарияланған 2002 жылы өткізілген зерттеулердің мәлеметтері бойынша, 12-18 жас аралығындағы балалардың денсаулығының төмен екендігі белгілі болды. Жалпы алғанда оқушылардың 50 пайызында әртүрлі өзгерістер бар. Олардың ішінде әрбір алтыншы оқушыда анықталған ас қорыту ағзаларының сырқаттары басты орында тұр. Одан кейін тамақ сапасы тікелей байланысты қан аздық, тыныс ағзаларының, тірек – қозғалыс жүйесінің аурулары, жүйке сырқаттары және психикалық бұзылыстар тұр. Демек, соңғы жылдары жалпы білім беретін мектеп оқушылары денсаулығының нашарлай түсу үрдісі байқалып отыр.
Мектептердегі дені сау бітірушілердің саны – 28,3% - 6,3% төмендеген. Қыз балаларда созылмалы ауру 40% - 75% пайызға көбейген. Аймақтарда 2000 жылдары аралығында 6 жас – 14 жасқа дейінгі балалардың аурулары 4 – 5 % өскен. Балалардың нерв жүйелері мен сезім органдарының ауруының өсу қарқындары байқалған. Балалар арасында тыныс мүшелерінің ауру көрсеткіші 53,3%, нерв жүйелері мен сезім мүшелері – 10,8%, инфекциялық аурулар – 8,2%, жарақаттар мен уланулар – 6,2%, тері және тері асты клечаткасының аурулары - 5,0% өскен. Көздің көру қабілеттерінің төмендеуі өте тез өсуде. Денсаулыққа теріс әсер ететін объективті факторлар: - елдегі экологиялық жағдайдың төмендеуі, қоғамдағы әлеуметті – экономикалық кризис, материалды қамтамасыз етілген халық деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, мұқтажсыз миграция, психоэмоциялық стресс.
Мұндай жағдайда ғалымдардың пайымдауынша денсаулықты сақтау мен нығайту технологиясының бірі әрбір азаматтың денсаулығына терең, мұқият қарау.
Денсаулықты нығайту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың белсенділігін арттыру қажеттілігі ҚР білім, мәдениет, денсаулық сақтау министрлігінің «Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы бұқаралық жүмыстардың ары қарайғы белсенділігін арттыру мен кеңейте түсу» атты бұйрығына сәйкес дене шынықтыру тәсілдерін пайдалану бойынша жұмыстарды, соның ішінде салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған ұлттық спорт түрлерін күшейтуге нұсқау берілген. Осы мәселе жайында егжей-тегжейлі түрде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында айтылған болатын.
Мәдениеттің даму тарихын, аға ұрпақтың мұраттарын, көзқарастарын, тұрмысын, дәстүрлерін, өмірі мен ғұрыптарын оқып-үйрену қазіргі қоғамның рухани және ақыл-парасат тұрғысынан байи түсуінің маңызды шарты болып табылады.
Г.Д. Әлімжанова өзінің оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған диссертация жұмысында қазіргі қазақтардың ертедегі ата-бабалары өлместей бай рухани мұралар қалдыра білгенін атап көрсетеді, сондықтан оларды мектеп оқушыларын тәрбиелеу барысында ұтымды пайдалануы мүмкін.
Орхон өзені маңайында бой түзеген руна жазулары ескерткішінде ағайынды бауырлар Білге қаған мен Күлтегіндердің құрметіне қазіргі қазақ тілінде кездесетін көптеген көркем бейнелер мен қанатты сөздер бар. Орхон-енисей жазуларының өн бойында кездесетін негізгі ойлар - қаған билігін марапаттау, бектер мен халықтардың қағанға деген сенімділігі, халықтардың бектерге бағынуы.
Қорқыт - IX ғасырда өмір сүрген және шығармашылықпен айналысқан танымал жыршы және сазгер, әсем сазды дүниелерді өмірге әкелген. Ол өз шығармаларында өлім алдындағы қорқыныш сезімдері, одан қашу туралы өз ойларын білдіреді: «Өлген адам тірілмес, кеудеден шыққан жан қайтьш келмес», «Қар қанша қалың жауса да, жер бетінде қалмақ емес, гүл ашқан жасыл майса күзге дейін қалмақ емес» және т.б. Бәрінен де Қорқыт атаның тәрбие, адамның қандай қасиеттерге ие болуы туралы, ата-бабаларымыздың тәлімгерлік мәдениеті жайлы баяндаған ой-пікірлері үлкен құндылыққа ие.
Білім беру мен тәрбиелеудің міндеттерін шешуде маңызды орындардың бірі дене шынықтыруға бөлінеді. Бүгінгі таңдағы дене шынықтыру көп кырлы құбылыс болып табылады, өз құрамында бірсыпыра бағыттарға, сабақ түрлері мен формаларына ие. Дене тәрбиесінің көптеген түрлерінің ішінде халық педагогикасына ерекше орын берілген.
Ұлттық спорт түрлерімен, ойындармен, билерімен шұғылдану бос уақытты өткізуге көмектеседі, денсаулықты нығайтады және ең бастысы мінездердің қалыптасуына ықпал етеді.
Халық ойындары, спорт түрлері мен билері педагогиканың дәстүрлі тәсілдері болып табылады. Көп ғасырлардан бері оларда адамдардың өмір салты, олардың тұрмысы, еңбегі, халықтық тұғырнамалары, ар-намысы, ерлігі, ептілікке, төзімділікке, күшке ие болуға деген ұмтылысы, қимылдар жылдамдығы мен әдемілігіне, күле жүріп орындауға, шығармашылықты ақыл-ойға, тапқырлыққа, ерік күші мен жеңіске деген талпынысы көрінісін табатын. Халық ойындары мектеп оқушыларының интернационалдық тәрбиесі мен дене тәрбиесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Олардың бойында өз халқының мәдениетіне деген тұрақты, қызықты, құрметтеу қарым-қатынасы қалыптасады.
Балалар мен жеткіншектерді ерте жастан бастап халықтық дәстүрлер негізінде тәрбиелеу қоршаған табиғатқа, қоғамда өзара қарым-қатынас қалыптастыруға ықпал етті.
Ұлттық спорт түрлері мен ойындардың, бұқаралық спорт мерекелері мен жарыстардың негізгі қызметі адамның өмірлік маңызы бар дене және рухани сапаларын жетілдіру басты мұраты болып табылатын спорттық қызметтің ең басты маңызынан келіп шығады. Олардың педагогикалық маңызы кең мағынасындағы тәрбиелеу әдістері мен тәсілдері категориясына жатады. Бұл дегеніміз, қазақтың қазіргі ұлттық спорт түрлері осы спорт түрлерімен және ойындарымен шұғылданатындарға тәрбиелік әсер етуді ұйымдастыру тәсілінің нақты негізі екендігін білдіреді.
Спорт ойындары мен көңіл көтерулер қазақ халқының өмірінде өзінің бұқарашылдығымен үлкен орынға ие болатын. Ойындар мен спорт түрлері экономикалық, саяси және мәдени тұрғыдан артта қалған көшпенді қазақ халқы үшін театрлар мен стадиондардың орнын алмастырды.
Қазақтардың көптеген ұлттық халық ойындары бар: көкпар, бәйге, алты бақан, сақина тастау, соқыр теке, жекпе-жек, ат ойыны, ақ сандық-көк сандық, жорға жарыс, күрес, сайыс және басқалар. Бұл ойындар көбінесе күй сарынымен сүйемелденетін. Тұрмыстық билер де өмірге келген: Қара жорға, Өрмек, Ұршық, Ши орау, Жүн сабау, Саба пісу, тары түю және т.б.
Дене шынықтыру сабақтарында халықтық педагогика тәсілдерін оқушылармен жұмыс барысында қолдану үшін халықтық спорт және ойын түрлері бойынша арнайы секциялар жұмысын ұйымдастырып, жарыстар өткізу қажет. Ұрпаққа ауысып отырса, олармен бірге қажетті дене және рухани сапалар да, білімдер, біліктіліктер мен дағдылар да ауысып отырған.
Дене тәрбиесінің қазіргі жүйесі дене шынықтыру мен сауықтыру жұмысын, ұлттық спорт түрлері мен ойындардың бай мұрасын, халықтық қолданбалы спорт жаттығуларын балалар мен жастардың дене бітімін дамыту мен жетілдіру жұмысында кеңінен пайдалану жолына түсіп келеді. «Қазіргі өмір ұлттық спорт түрлері мен ойындарды, әсіресе, жоғары әлеуметтік-мәдени және рухани күш-қуатқа ие бүқаралық спорт мерекелері мен жарыстарды дамытуға деген жаңа көзқарасты талап етуде».
Халық ойындары мен дене жаттығуларын жеке тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту барысында пайдалану - ертеден келе жатқан құбылыс. Бұл дегеніміз - халық ойындары мен дене жаттығулары және онымен байланыстының бәрі халықтың тұрмысындағы түрлі уәждері мен міндеттері бойынша эскери-патриоттық қана емес, сонымен бірге сауықтыру-қолданбалылық бағыттағы маңызға ие [13].
Ұлттық қозғалмалы ойындарды бүкіл жалпы білім беретін мектептерде кеңінен пайдалану проблемасы көкейкесті мәселелердің бірі. Қазіргі уақытта оқыту мен тәрбиелеу барысында халық ойындарын пайдаланып қана қоймай, патриоттық және интернационалдық тәрбие барысында олардың мүмкіндігін барынша кеңінен пайдалану міндеті қойылып отыр.
Қазақ халқы орасан бай мұралар мен мәдени мұраларға ие. Осындай байлық көзі халық ойындары мен ұлттық спорт түрлері болып табылады.
Көрнекті қазақ жазушысы М.Әуезов былай деген болатын: «Біздің халық өзі өмір сүрген кезеңдерде көптеген ойын түрлеріне ие болды. Меніңше, ойынның міндеттері халықтың көңіл-күйін көтеріп, оны көңілін аулау ғана емес, сонымен қатар, оның өзіндік ерекшеліктері де бар». Әуезовтың бұл пікірі теориялық қағидалардан ғана алынған жоқ, ол өмірлік тәжірибеге сүйенеді, былай дейтін себебі ұлы түлғаның өзі қозғалмалы ойындарға белсенді қатысып, өз кезінде Семей қаласындағы «Ярыш» командасының құрамында футбол ойнаған.
Қазақтың көне мәдениеті мен әдебиеті өз бастауын халықтың көңіл көтеретін кештерінен, тойларынан, жиындарынан алғандықтан, көптеген адамдардың көңілінен шықты.
Қазақтың халық ойындары мен спорт түрлерінің дамуымен таныса отырып, біз олардың халықтың әлеуметтік-экономикалық өмір жағдайынан келіп шыққандығын, олар адам еңбегінің, әлемді танып білуге деген ұмтылысы мен қиялының көрінісі екендігін аңғарамыз.
Қазақтың көне ән-жырлары мен лиро-эпостық шығармаларында халық ойындары, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің небір түрлері кездеседі.
Бұл әндердің басты кейіпкерлері - болашақ отан қорғаушылар, жарыстарда өз күшін көрсете алатын халық батырлары мен жауынгерлері. Олар осында өздерінің табиғи талантын шынықтырды және дамытты. Халық ойындарға үлкен мән бере қарады.
Әлемдік тәлімгерлік ойларды Жақын және Орта Шығыстың атақты энциклопедиялық ғалымдары мен педагогтары байыта түседі. Орта ғасырдағы Шығыс мәдениеті мен ғылымының аса майталман қайраткері деген бірінші атақ Әбу Насыр Мухаммед әл-Фарабиге тиесілі еді [14].
Әл-Фараби адамды бақытқа апарудың мақсаты мен тәсілдері туралы Платон мен Аристотельдің ілімін дамыта отырып, өзінің ғылыми-педагогикалық еңбектерінде тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Ол табиғат бірдей етіп жаратқан адамдар тек тәрбиесімен ғана өзгешеленеді, жақсы тәрбие алған адам нашар тәрбие алған адамдарға қарағанда сый-құрметке лайықты болып келеді деп білді. Әл-Фарабидің пікірінше, педагогика дегеніміз тәрбиеленушінің еркі мен қалауын белгілі бір бағытта соған сәйкес әдіс және тәсілдер арқылы басқара білу өнері және ол басқарушы педагог, ұстаз, мұғалім. Халықтық педагогика тәсілдері баланың бойында терең адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Мектептің негізгі міндеттерінің бірі баланың халықтың бір бөлшегі екендігіне оның өз көзін жеткізуді қалыптастыру болып табылады.
Халықтық педагогика тәсілдері бүгінгі таңда бар өнер атаулының негізі, халық әлеуметтік-экономикалық өмірінің айнасы, адам еңбегінің нәтижесі, қиял-ғажап көрінісі мен өмірді, әлемді танып білуге деген ұмтылысы болып табылады.
Халықтың өткені мен бүгінін біріктіретін баға жетпес байлықты бізге ата-бабамыз мұра етіп қалдырды. Сондықтан халықтық педагогиканың тәсілдерің жас ұрпақты тәрбиелеуге пайдаланудың маңызы аса зор болып келеді. Ол оқушының өмірге деген жолын ашып, шығармашылық қабілетін жстілдіре түседі.
Әдеттегі жаттығулардан басқа әрбір ойын өзінің тұтастығымен, өзіндік өмір моделімен, адамның адамгершілікті, эстетикалық, еңбек, ақыл-ой, құқықтық және басқа да сан қырлы мінез-құлқымен ерекшеленеді. Ойынға өз еркімен кірген әрбір қатысушы оның ережелерін орындауға міндеттенеді, ал ол ережелерді халық ғасырлар бойы жетілдіріп, өңдей білгендіктен ойынға қатысушалар ол талаптарды жеңіл орындайды және халықтың ойын мәдениеті дәстүріне негізделген жалпы адамзаттық құндылықтарға сәйкес өз бәсекелестеріне құрметпен қарау тәртібін мұлтіксіз орындайды.
Кез-келген халықтың ойындары еңбек және қоршаған ортамен ғажап дәрежедегі жарасымдылықпен өзара үйлеседі. Әрқашан да рудың кіші өкіліне сол рудың үлкен ағасы, әкесі немесе атасы көмекке келуге әзір. Қай уақыт болсын халықтың жасы үлкен ағалары кішілерге өзінің бай тәжірибесін, әдіскерлігін, ұнайтын нәрсеге деген өз көзқарасын үйретуге тырысқан. Жанды және табиғи тізбек бойынша дәстүрлі ойындар ұрпақтан осылайша, халық ойындары атадан балаға, үлкеннен кішіге берілетін, халық дәстүрлері мен мәдениеті жиынтығының бай мұрасы болып табылды.
Халық педагогикасы әдебиет және мәдениетпен үздіксіз байланыста болады.
Халық өз ән-жырларында ойындардың тәрбиелік мәнін,оның жастардың жаны мен жүрегіне әсерін мойындайды. Ойындар тек дене сапаларын: жылдамдық, ептілік пен күшін және т.б. ғана жетілдіріп қоймайды, сонымен бірге олар адамның жеке түлға ретінде қалыптасуына орасан үлкен әсер етеді.
«Адам туғаннан ақылды, есті болып тумайды. Адам жүре келе көреді, естиді, өмірдегі барлық жақсы-жаманды тексеріп көреді, қолымен ұстайды, тек сонда ғана адам ақылды болып шығады.» - деген болатын Абай Құнанбаев. Осыны айтқанда ол халық ойындарын жадында ұстаған болатын..
Тәрбиенің халықтық тәсілдерінің пайда болу тарихын, соның ішінде ұлттық ойындарды оқып-үйрену барысында біз ойындар ұрпақтан ұрпаққа көп жылдар бойы ауызша беріліп отырғанын анықтадық. Алғаш рет оларды XIII ғасырда итальяндық Плано Карпини жазып алды. П. Карпини Жетісу мен Тарбағатайды аралап, сол халықтардың өмірі, дәстүр-салты туралы бай этнографиялық материал жинақтаған болатын [15].
Қазақтың ұлттық ойындары туралы неміс ғалымы А. Гумбольдт өз достарына жазған хатында былай деп өзінің жақсы пікірлерін баяндаған екен: «Қазақ ауылдарында болған кезімді мен өзімнің ең бақытты кезім деп санаймын, себебі көшпенді халық мені өте жақсы қарсы алды. Олардың қонақжайлылығы мен халық ойындарын ұмыту мүмкін емес. Осындай қысқа уақыттың ішінде мен этнографиялық көптеген материалдар жинап алдым.»
Қариялардың айтуы бойынша, «Ақ сүйек» және «Орда» сияқты ойындарды тек түнде ғана ойнайтын болған, себебі жаугершілік шабуылдар сол кездерде жиі болғандықтан, жастар ойнай жүріп ауылдың бейбіт өмірін де қорғайтын еді. Сонымен қатар, жастардың бойында табандылық, тапқырлық, батылдық және ерлік қасиеттерін дамытуға ықпал ететін.
Қазақтың халықтық педагогика тәсілдері - ата-бабалардан мұра болып қалған халықтың өткені мен бүгінін біріктіретін баға жетпес байлық. Сондықтан да халықтық педагогика тәсілдерін жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысында пайдалану үлкен маңызға ие. Ол баланың өмір жолын ашып, шығармашылық қабілетін шыңдайды.
Дене тәрбиесі мен спорт қоғамдағы белгілі бір тарихи жағдайлардың жемісі ретінде адамдардың рухани қызметінің тарихи нәтижесінде пайда болған жиынтығын құрайды. Жыл сайын түрлі елдерде өткізіліп келе жатқан «Қазіргі қоғамдағы спорт», «Олимпиадалық спорт және баршаға арналған спорт» атты әлемдік конгрес жұмыстарында денсаулыкты нығайту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру саласында пайдалану мүмкіндігіне, әлеуметтік және ұлттық жағдайларда дене тәрбиесі мен спорт саласындағы ғылыми зерттеулерді қолдануды жинақтаудың маңызына үлкен мән берілді. Дене тәрбиесі мен спорт элементтері адамзат қоғамы пайда болған кезден бастап өмір сүріп келеді. Түрлі ойындар мен жарыстардың көмегі арқылы әлеуметтік байланыстар орнап, тәжірибе алмасу шеңбері кеңейе түсетін. Уақыт өткен сайын жекелеген рулар арасындағы, сонан соң тайпалар мен тайпалық одақтар арасындағы қарым - қатынастар тұрақты және ғаламдық сипатқа ие болды. Бірге өткізген ойындар мен жарыстар осы процестің дами түсуіне ықпал етті, бірте-бірте әртүрлі рулық қоғамдағы адамдардың мінез-құлық мәдениеті мен этикалық нормаларын қалыптастырды. Бұл жайында Қазақстан аумағында ертеден келе жатқан мәдени байланыстар мен жанасулар, түрліше қарым-қатынастар баяндайды.
Осылайша ұлттық спорт түрлерінің жастардың салауатты өмір салтын дамытудағы орны мен рөлін анықтай түсіп, енді оларды қолдану мүмкіндіктерін қарастыру керектігіне көз жеткіздік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет