Салық салу объектiсi бар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады


-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу және төлеу



бет5/5
Дата26.04.2023
өлшемі32.88 Kb.
#472834
1   2   3   4   5
Мүлік салығын төлеу

530-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу және төлеу
Жеке тұлға, оның ішінде жеке практикамен айналысатын адам кәсіпкерлік қызметте (жеке практикаға байланысты қызметте) пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша мүлік салығын есептейді және төлейді және шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін осы Кодекстің 62, 63 және 64-тарауларында айқындалған тәртіппен осы салық түрі бойынша салықтық есептілік ұсынады.
Осы Кодекстің 528-бабының 1) тармақшасында көрсетілген салық салу объектілері бойынша салықтық база осы Кодекстің 520-бабының 6-тармағына сәйкес айқындалады.
Бұл ретте осы тараудың мақсаттары үшін жер учаскесі:
салықтық база осы Кодекстің 529-бабына сәйкес айқындалатын және салықты есептеуді салық органдары жүргізетін тұрғынжай және басқа да объектілер алып жатқан;
тұру мақсатында ғана жалға (пайдалануға) берілген және тұрғын үй қорынан шығарылмаған деген шарттар бір мезгілде сақталған кезде мұндай учаске кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) жер учаскесі деп танылмайды.
Ескерту. 530-бап жаңа редакцияда – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

531-бап. Салықтық мөлшерлемелер


1. Салықтық база осы Кодекстiң 529-бабына сәйкес айқындалатын жеке тұлғалардың мүлiк салығы салық салу объектiлерiнiң құнына қарай мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледi:

1

2

3

1.

2 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

салық салу объектілері құнының 0,05 пайызы

2.

2 000 000 теңгеден жоғары 4 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

1 000 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,08 пайыз

3.

4 000 000 теңгеден жоғары 6 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

2 600 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,1 пайыз

4.

6 000 000 теңгеден жоғары 8 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

4 600 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,15 пайыз

5.

8 000 000 теңгеден жоғары 10 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

7 600 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,2 пайыз

6.

10 000 000 теңгеден жоғары 12 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

11 600 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,25 пайыз

7.

12 000 000 теңгеден жоғары 14 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

16 600 теңге + 12 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,3 пайыз

8.

14 000 000 теңгеден жоғары 16 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

22 600 теңге + 14 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,35 пайыз

9.

16 000 000 теңгеден жоғары 18 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

29 600 теңге + 16 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,4 пайыз

10.

18 000 000 теңгеден жоғары 20 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

37 600 теңге + 18 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,45 пайыз

11.

20 000 000 теңгеден жоғары 75 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

46 600 теңге + 20 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,5 пайыз

12.

75 000 000 теңгеден жоғары 100 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

321 600 теңге + 75 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,6 пайыз

13.

100 000 000 теңгеден жоғары 150 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

471 600 теңге + 100 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,65 пайыз

14.

150 000 000 теңгеден жоғары 350 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

796 600 теңге + 150 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,7 пайыз

15.

350 000 000 теңгеден жоғары 450 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

2 196 600 теңге + 350 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,75 пайыз

16.

450 000 000 теңгеден жоғары

2 946 600 теңге + 450 000 000 теңгеден асатын сомадан 2 пайыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет