Салыстырмалы кесте


ЖЖОКБҰ-да қауымдастырылған профессордан (доценттен) немесе ғылыми ұйымда аға ғылыми қызметкерден төмен емес лауазымда, ЖЖОКБҰ-ның



бет10/16
Дата05.03.2024
өлшемі66.9 Kb.
#494288
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
! - 07 ’

ЖЖОКБҰ-да қауымдастырылған профессордан (доценттен) немесе ғылыми ұйымда аға ғылыми қызметкерден төмен емес лауазымда, ЖЖОКБҰ-ның немесе ғылыми ұйымның басшысы, басшысының орынбасары, бөлімшелерінің басшылары лауазымдарында 2 жыл үзіліссіз өтілі;
2) диссертация қорғағаннан кейін жарияланған сұратылған мамандық бойынша 42 ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда 30 және осы Ереженің 5-тармағының 2) тармақшасының талаптарын қанағаттандыратын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 5 ғылыми мақаласы;
3) Ғылыми кеңес ұсынған және диссертация қорғағаннан кейін жарияланған кемінде 2 монографиясы (авторлығы кемінде 10 баспа табақты құрайды) (сенімді баспаларда немесе US News Best Global Universities Rankings (ЮС Ньюс Бест Глобал Юниверситис Ранкинс) немесе Academic Ranking of World Universities (Академик Ранкин оф Ворлд Юниверситис) немесе Times Higher Education World University (Таймс Хайр Эдюкейшн Ворлд Юниверсити) топ-100 рейтингіндегі университет баспаларында жарияланған монографияны немесе монографиядағы тарауды қоспағанда) не Ғылыми кеңес немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңес немесе уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған жеке жазылған оқулықтар (соңғы 5 жылда басылған, жалпы көлемі 12 баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 оқу жылы пайдаланылады), не оның жетекшілігімен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар 4 тұлғасы.
Осы Ереженің 5-1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілгендерге қосымша (кем дегенде бір ғылыми саладан Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1 және 2-ші квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 50 болатын) халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған 7 ғылыми мақаласы не сенімді баспаларда немесе US News Best Global Universities Rankings (ЮС Ньюс Бест Глобал Юниверситис Ранкинс) немесе Academic Ranking of World Universities (Академик Ранкин оф Ворлд Юниверситис) немесе Times Higher Education World University (Таймс Хайр Эдюкейшн Ворлд Юниверсити) топ-100 рейтингіндегі университет баспаларында жарияланған монографиясы немесе монографиядағы тарауы болған жағдайда, осы Ереженің 5-1-тармағының 3) тармақшасының талаптарын орындау талап етілмейді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында аббревиатураны редакциялық түзету.

Ғылыми кеңес ұсынған монографияға балама ретінде халықаралық баспаларда жарияланған монографиялардың не Ғылыми кеңес немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңес немесе уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған жеке жазылған оқу (оқу-әдістемелік) құралының немесе оқулықтың болуын есепке алу мақсатында.








10.

5-6-тармақ

5-6. Профессор ғылыми атағы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары әскери, арнайы оқу орындарының немесе ғылыми ұйымдарының, сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардың қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы бар, осы ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін әскери қызметшілеріне, қызметкерлеріне және жұмыскерлеріне мынадай жағдайларда беріледі:
1) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте 5 (бес) жылдан кем емес, оның ішінде жоғары оқу орнында профессордан немесе ғылыми ұйымдарда аға ғылыми қызметкерден төмен емес лауазымда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының және Ішкі істер министрлігінің жоғары әскери, арнайы оқу орындарының немесе ғылыми ұйымының басшысы (бастығы), басшысының (бастығының) орынбасары, бөлімшелер басшылары (бастықтары) лауазымдарында, жоғары оқу орнының әскери кафедрасында профессордан төмен емес лауазымда 2 (екі) жыл үзіліссіз өтілі;
2) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған, сұратылған мамандық бойынша 28 (жиырма сегіз) ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда 20 (жиырма) ғылыми мақаласы;
3) Ғылыми кеңес ұсынған және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған монографиясы (авторлығы кемінде 6 (алты) баспа табақты құрайды); не Ғылыми кеңес ұсынған жеке жазылған оқулығы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, жалпы көлемі 6 (алты) баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 оқу жылы пайдаланылған); не оның жетекшілігімен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар 3 (үш) тұлғасы.

5-6. Профессор ғылыми атағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет