Салыстырмалы кесте


Сот төрелігі академиясының қызметкерлеріне



бет11/16
Дата05.03.2024
өлшемі66.9 Kb.
#494288
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
! - 07 ’

Сот төрелігі академиясының қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары әскери, арнайы оқу орындарының немесе ғылыми ұйымдардың, сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардың қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы бар, осы ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін әскери қызметшілеріне, қызметкерлеріне және жұмыскерлеріне мыналар болған жағдайда беріледі:
1) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте 5 (бес) жылдан кем емес, оның ішінде ЖЖОКБҰ-да профессордан немесе ғылыми ұйымдарда аға ғылыми қызметкерден төмен емес лауазымда, Сот төрелігі академиясының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары әскери, арнайы оқу орындарының немесе ғылыми ұйымының басшысы (бастығы), басшысының (бастығының) орынбасары, бөлімшелер басшылары (бастықтары) лауазымдарында, ЖЖОКБҰ-ның әскери кафедрасында профессордан төмен емес лауазымда 2 (екі) жыл үзіліссіз өтілі;
2) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған, сұратылған мамандық бойынша 28 (жиырма сегіз) ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда 20 (жиырма) ғылыми мақаласы;
3) Ғылыми кеңес ұсынған және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған монографиясы (авторлығы кемінде 6 (алты) баспа табақты құрайды); не Ғылыми кеңес ұсынған жеке жазылған оқулығы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, жалпы көлемі 6 (алты) баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 оқу жылы пайдаланылған); не оның жетекшілігімен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар 3 (үш) тұлғасы.

Салыстырмалы кестесінің 6-тармағын қараңыз

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында аббревиатураны редакциялық түзету.








11.

7-тармақ

7. Ғылыми атақ беру туралы қолдаухатты Комитетке ЖОО-ның немесе ғылыми ұйымның Ғылыми кеңесі ұсынады.
Ғылыми кеңес қолдаухат жіберу туралы шешім қабылдаудан 1 (бір) ай бұрын 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтаманың электрондық (DOC (док) немесе DOCX (докикс) форматында) және сканерленген нұсқаларын, 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үміткердің жарияланымдарының тізімін, оның ішінде халықаралық рецензияланатын басылымдардағы жарияланымдар тізімін ЖОО-ның немесе ғылыми ұйымның интернет-ресурстарында орналастырады (Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнайы оқу орындарынан, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын жағдайлардан басқа).
Қолдаухатқа аттестаттау ісі қоса беріледі, оған мынадай құжаттар кіреді:
1) ілеспе хат – ұйымның бланкісінде материалдарды жіберу күні көрсетілген Ғылыми кеңес төрағасы қол қойған ұсыным;
2) жарияланымдар тізімі. Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы жарияланымдар тізімі 2-қосымшаға сәйкес ресімделеді;
3) жарияланымдар тізімінде көрсетілген жарияланымдар көшірмелері;
4) ізденушінің ғылыми және педагогикалық қызметі көрсетілген ұйымның Ғылыми кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді;
5) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежелері мен атақтары туралы дипломдар көшірмелері (болған жағдайда);
6) жұмыс орны растаған Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) шәкірттер – ғылыми дәрежесі бар тұлғалар дайындағанын растайтын ресми құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
8) монографияның немесе оқулықтың (оқу (оқу-әдістемелік) құрал) қағаз және электронды нқсқалардағы түпнұсқасы;
9) жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі.
3), 4), 5), 6), 7) және 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттар Комитетке пдф (pdf) файлы форматында (мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын аттестаттау істерінен басқа) сканерленген түрде ұсынылады.
Қандай да бір құжат болмаған жағдайда Комитет аттестаттау ісін қарамай, қайтару себебін көрсетіп, аттестаттау ісінің Комитетте тіркелген күнінен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде қайтарады. ЖОО немесе ғылыми ұйым аттестаттау ісін қайтарылған күнінен бастап 1 айдан кем емес мерзімде қайта жібереді. Бұл ретте Ғылыми кеңестің жаңа қолдау хаты ұсынылады

7.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет