5.
|
4-тармақ
|
4. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы ғылыми атақ беру туралы өтініш берген ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар тұлғаларға (бұдан әрі - үміткерлер) мынадай жағдайларда беріледі:
1) диссертация қорғағаннан кейін ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте 3 жылдан кем емес, оның ішінде жоғары оқу орнында доценттен (қауымдастырылған профессордан) төмен емес лауазымда немесе ғылыми ұйымда аға ғылыми қызметкер лауазымында, жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның басшысы, басшының орынбасары, бөлімшелер басшылары лауазымдарында 2 жыл үзіліссіз өтілі.
Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі бар үміткерлер үшін жоғары оқу орнында қауымдастырылған профессордан (доценттен) немесе ғылыми ұйымда аға ғылыми қызметкерден төмен емес лауазымдағы өтілі талап етілмейді;
2) диссертация қорғағаннан кейін жарияланған және үміткердің мамандығына сәйкес келетін мерзімді ғылыми басылымдарда кемінде 14 (он төрт) ғылыми мақаласы, оның ішінде уәкілетті орган ұсынатын басылымдарда 10 (он) ғылыми мақаласы және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 2 (екі) ғылыми мақаласы.
Осы Ережеге 4-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарға үміткердің мамандығына сәйкес келетін ғылыми сала бойынша Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1, 2 және 3 квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 болатын журналдар жатады. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында ғылыми атаққа үміткер тұлғалар үшін Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science Core Collection (Веб оф Сайенс Кор Коллекшн) деректер базасында Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) индекстелетін мақалалар мен шолулар да есепке алынады.
Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы мақалалар "Мақала" (Article (Артикль) немесе "Шолу" (Review (Ревью) түрінде болады және көрсетілген базалардағы журналдың тақырыптық бағытына сәйкес келеді. Пәнаралық бағыты бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жариялауға рұқсат етіледі (Multidisciplinary). Бұл ретте Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша квартиль немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші тиісті деректер базасында көрсетілген жариялау жылына ескеріледі. Journal Citation Reports (Цитэйшен Репортс журналы) деректері бойынша квартиль импакт-фактормен анықталады.
Егер Scopus және/немесе Web of Science базасында халықаралық рецензияланатын ғылыми журналды индекстеу бұзушылықтарға байланысты тоқтатылған жағдайда, онда үміткердің осы журналдағы барлық жарияланымы есепке алынбайды.
Мақаланың мазмұны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13409 болып тіркелген) бекітілген Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптардың 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес болады.
Ғылыми мақалалар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда талап етілген мақалалар санынан артық болған жағдайда, осындай журналдағы 1 (бір) мақала уәкілетті орган ұсынатын басылымдардағы 2 (екі) мақала ретінде саналады.
Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 2 (екі) ғылыми мақала ретінде Elsevier (Эльзевир), Brill (Брилл), CRC Press (СРС Пресс), DeGruyter (ДеГрюйтер), Edward Elgar Publishing (Эдвар Элгар Паблишинг), John Wiley & Sons (Джон Уайли және Сонс), McGraw Hill (Макроу Хилл), Palgrave Macmillan (Палгрейв Макмиллан), Peter Lang (Питер Лэнг), Prentice Hall (Прентис Холл), Routledge (Рутледж), Sage Publications (Сэйдж Публикейшен), Springer Nature (Шпрингер Нэйчар), Taylor and Francis (Тейлор және Фрэнсис), Wolters Kluwer (Вольтерс Клувер) баспаларында (бұдан әрі – сенімді баспалар) немесе US News Best Global Universities Rankings (ЮС Ньюс Бест Глобал Юниверситис Ранкинс) немесе Academic Ranking of World Universities (Академик Ранкин оф Ворлд Юниверситис) немесе Times Higher Education World University (Таймс Хайр Эдюкейшн Ворлд Юниверсити) топ-100 рейтингіндегі университет баспасында шығарылған монография (ізденушіге кемінде 3 баспа табағы тиесілі) ескеріледі. Жоғарыда көрсетілген монографияда тарау болған жағдайда (ізденушіге кемінде 1 баспа табағы тиесілі) ол халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда 1 (бір) мақала ретінде есепке алынады.
Америка құрама штаттары, Еуропалық одақ және Жапония елдерінің Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science (Вэб оф Сайнс) деректер базасындағы Derwent Innovation Index (Дервент Инновэйшн Индекс) енгізілген патенттері халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы ғылыми мақалалар ретінде саналады. Бұл ретте патенттердің ғылыми мақалаларды алмастыруы 20%-дан аспайды.
Өнертабысқа патенттер уәкілетті орган ұсынған басылымдардағы мақалалардың 20%-дан көбін алмастыра алмайды;
3) Ғылыми кеңес ұсынған монографиясы (соңғы 5 жылда басылған, ізденушіге кемінде 6 баспа табағы тиесілі), не Ғылыми кеңес немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңес немесе уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған жеке жазылған оқу (оқу-әдістемелік) құралы немесе оқулығы (соңғы 5 жылда басылған, көлемі 6 баспа табақтан кем емес, оқу процесінде кемінде 1 оқу жылы пайдаланылады), не оның басшылығымен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар тұлғасы.
Осы Ереженің 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілгендерге қосымша (кем дегенде бір ғылыми саладан Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1 және 2-ші квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 50 болатын) халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған 3 ғылыми мақаласы болған жағдайда осы Ереженің 4-тармағының 3) тармақшасының талаптарын орындау талап етілмейді.
|
4. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы ғылыми атақ беру туралы өтініш берген ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар тұлғаларға (бұдан әрі – үміткерлер) мыналар болған жағдайда беріледі:
1) диссертация қорғағаннан кейін ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте 3 жылдан кем емес, оның ішінде |