не үміткердің аттестаттау ісін уәкілетті органға беру сәтіне ескеріледі. Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшен Репортс) деректері бойынша квартиль импакт-фактормен анықталады.
Егер Scopus және/немесе Web of Science базасында халықаралық рецензияланатын ғылыми журналды индекстеу тоқтатылған жағдайда, онда үміткердің осы журналдағы барлық мақаласы есепке алынбайды.
Мақаланың мазмұны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13409 болып тіркелген) бекітілген Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптардың 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес болады.
Ғылыми мақалалар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда талап етілген мақалалар санынан артық болған жағдайда, осындай журналдағы 1 (бір) мақала уәкілетті орган ұсынатын басылымдардағы 2 (екі) мақала ретінде саналады.
Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 2 (екі) ғылыми мақала ретінде Elsevier (Эльзевир), Brill (Брилл), CRC Press (СРС Пресс), DeGruyter (ДеГрюйтер), Edward Elgar Publishing (Эдвар Элгар Паблишинг), John Wiley & Sons (Джон Уайли және Сонс), McGraw Hill (Макроу Хилл), Palgrave Macmillan (Палгрейв Макмиллан), Peter Lang (Питер Лэнг), Prentice Hall (Прентис Холл), Routledge (Рутледж), Sage Publications (Сэйдж Публикейшен), Springer Nature (Шпрингер Нэйчар), Taylor and Francis (Тейлор және Фрэнсис), Wolters Kluwer (Вольтерс Клувер) баспаларында (бұдан әрі – сенімді баспалар) немесе US News Best Global Universities Rankings (ЮС Ньюс Бест Глобал Юниверситис Ранкинс) немесе Academic Ranking of World Universities (Академик Ранкин оф Ворлд Юниверситис) немесе Times Higher Education World University (Таймс Хайр Эдюкейшн Ворлд Юниверсити) топ-100 рейтингіндегі университет баспасында шығарылған монография (ізденушіге кемінде 3 баспа табағы тиесілі) ескеріледі. Жоғарыда көрсетілген монографияда тарау болған жағдайда (ізденушіге кемінде 1 баспа табағы тиесілі) ол халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдағы 1 (бір) мақала ретінде есепке алынады.
Америка құрама штаттары, Еуропалық одақ және Жапония елдерінің Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science (Вэб оф Сайнс) деректер базасындағы Derwent Innovation Index (Дервент Инновэйшн Индекс) енгізілген патенттері халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы ғылыми мақалалар ретінде саналады. Бұл ретте патенттердің ғылыми мақалаларды алмастыруы 20%-дан аспайды.
Өнертабысқа патенттер уәкілетті орган ұсынған басылымдардағы мақалалардың 20%-дан көбін алмастыра алмайды;
3) Ғылыми кеңес ұсынған және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған монографиясы (авторлығы кемінде 6 баспа табақты құрайды) (сенімді баспаларда немесе US News Best Global Universities Rankings (ЮС Ньюс Бест Глобал Юниверситис Ранкинс) немесе Academic Ranking of World Universities (Академик Ранкин оф Ворлд Юниверситис) немесе Times Higher Education World University (Таймс Хайр Эдюкейшн Ворлд Юниверсити) топ-100 рейтингіндегі университет баспаларында жарияланған монографияны немесе монографиядағы тарауды қоспағанда), не Ғылыми кеңес немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңес немесе уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған жеке жазылған оқулығы (соңғы 5 жылда басылған, жалпы көлемі 6 баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 оқу жылы пайдаланылады), не оның жетекшілігімен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар 3 тұлғасы.
Осы Ереженің 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілгендерге қосымша (кем дегенде бір ғылыми саладан Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1 және 2-ші квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 50 болатын) халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған 5 ғылыми мақаласы не сенімді баспаларда немесе US News Best Global Universities Rankings (ЮС Ньюс Бест Глобал Юниверситис Ранкинс) немесе Academic Ranking of World Universities (Академик Ранкин оф Ворлд Юниверситис) немесе Times Higher Education World University (Таймс Хайр Эдюкейшн Ворлд Юниверсити) топ-100 рейтингіндегі университет баспаларында жарияланған монографиясы немесе монографиядағы тарауы болған жағдайда, осы Ереженің 5-тармағының 3) тармақшасының талаптарын орындау талап етілмейді.
|
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында аббревиатураны редакциялық түзету.
Толықтыру үміткерлердің жарияланымдарын есепке алуды нақтылау үшін қажет
Толықтыру ізденушілердің жарияланымдарын есепке алу мүмкіндіктерін кеңейту үшін қажет.
Пәнаралық бағыты бар журналдардың тақырыптық бөлімдерін нақтылау.
Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес келтіру
Ғылыми кеңес ұсынған монографияға балама ретінде халықаралық баспаларда жарияланған монографиялардың не Ғылыми кеңес немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңес немесе уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған жеке жазылған оқу (оқу-әдістемелік) құралының немесе оқулықтың болуын есепке алу мақсатында.
Ғылыми кеңес ұсынған монографияға балама ретінде халықаралық баспаларда жарияланған монографиялардың не Ғылыми кеңес немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңес немесе уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған жеке жазылған оқу (оқу-әдістемелік) құралының немесе оқулықтың болуын есепке алу мақсатында.
|
|
9.
|
5-1-тармақ
|
5-1. Профессор ғылыми атағы ғылыми атақ беру туралы өтініш берген ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін үміткерлерге мынадай жағдайларда беріледі:
1) диссертация қорғағаннан кейін ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте 8 жылдан кем емес, оның ішінде жоғары оқу орнында қауымдастырылған профессордан (доценттен) төмен емес лауазымда немесе ғылыми ұйымда аға ғылыми қызметкер лауазымында, жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның басшысы, басшысының орынбасары, бөлімшелерінің басшылары лауазымдарында 2 жыл үзіліссіз өтілі;
2) диссертация қорғағаннан кейін жарияланған сұратылған мамандық бойынша 42 ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда 30 және осы Ереженің 5-тармағының 2) тармақшасының талаптарын қанағаттандыратын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 5 ғылыми мақаласы;
3) Ғылыми кеңес ұсынған және диссертация қорғағаннан кейін жарияланған кемінде 2 монографиясы (авторлығы кемінде 10 баспа табақты құрайды), не Ғылыми кеңес немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңес немесе уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған жеке жазылған оқулықтар (соңғы 5 жылда басылған, жалпы көлемі 12 баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 оқу жылы пайдаланылады), не оның басшылығымен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар 4 тұлғасы.
Осы Ереженің 5-1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілгендерге қосымша (кем дегенде бір ғылыми саладан Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1 және 2-ші квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 50 болатын) халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған 7 ғылыми мақаласы болған жағдайда осы Ереженің 5-1-тармағының 3) тармақшасының талаптарын орындау талап етілмейді.
|
5-1. Профессор ғылыми атағы ғылыми атақ беру туралы өтініш берген ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін үміткерлерге мыналар болған жағдайда беріледі:
1) диссертация қорғағаннан кейін ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте 8 жылдан кем емес, оның ішінде |
Достарыңызбен бөлісу: |