Салықтық немесе кедендік тексеру нәтижелеріне шағымдарды қарау кезінде салық төлеушімен



Дата09.07.2016
өлшемі82.88 Kb.
#186694

Салықтық немесе кедендік тексеру нәтижелеріне

шағымдарды қарау кезінде салық төлеушімен

(салық агентімен, сыртқы экономикалық қызметтің қатысушысымен) бейнеконференция түрінде кездесу өткізу регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының

29.10.2014 жылғы №17

бұйрығы






Салық төлеушінің (салық агентімен, сыртқы экономикалық қызметтің қатысушысымен) салықтық немесе кедендік тексеру нәтижелеріне шағымын қарау рәсімін оңтайландыру мақсатында



БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Салықтық немесе кедендік тексеру нәтижелеріне шағымдарды қарау кезінде салық төлеушімен (салық агентімен, сыртқы экономикалық қызметтің қатысушысымен) бейнеконференция түрінде кездесу өткізу регламенті бекітілсін.

  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Әдістеме департаментінің Апелляция басқармасы
    (Л.Р. Ережепова), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Даму және жаңғырту департаментінің Ақпараттық технологиялар басқармасы (А.В. Герун), сондай-ақ облыстар, Алматы қаласы бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдары салықтық немесе кедендік тексеру нәтижелеріне шағымдарды қарау кезінде салық төлеушімен (салық агентімен, сыртқы экономикалық қызметтің қатысушысымен) кездесуді ұйымдастыруға және өткізуге жауапты лауазымды тұлғалар белгілесін.

  3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Даму және жаңғырту департаментінің Ұйымдастыру-қаржы басқармасы (Н.В. Стрельцова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – ҚР ҚМ МКК), облыстар, Алматы қаласы бойынша аумқатық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінің назарына жеткізсін.

  4. Осы бұйрықтың орындалуына жауаптылық ҚР ҚМ МКК және Алматы қаласы бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының тиісті басқармаларының басшыларына жүктелсін.

  5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ҚР ҚМ МКК Төрағасының орынбасары Ә.С. Жұмаділдаевқа жүктелсін.

  6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.



Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кіріс комитетінің

Төрағасы Д. Ерғожин

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

Төрағасының

29.10.2014 жылғы №17

бұйрығымен

бекітілген


Салықтық немесе кедендік тексеру нәтижелеріне шағымдарды қарау кезінде салық төлеушімен (салық агентімен, сыртқы экономикалық қызметтің қатысушысымен) бейнеконференция түрінде кездесу өткізу регламенті



  1. Негізгі ережелер




  1. Осы Салықтық немесе кедендік тексеру нәтижелеріне шағымдарды қарау кезінде салық төлеушімен (салық агентімен, сыртқы экономикалық қызметтің қатысушысымен) бейнеконференция түрінде кездесу өткізу регламенті (бұдан әрі - Регламент) шағымды қарайтын органның шағым берген салық төлеушімен (салық агентімен, сыртқы экономикалық қызметтің қатысушысымен) кездесуін ұйымдастыру және өткізу мәселелері бөлігінде салық төлеушінің (салық агентімен, сыртқы экономикалық қызметтің қатысушысымен) салықтық немесе кедендік тексеру нәтижелеріне шағымын (бұдан әрі - шағым) қарау рәсімін оңтайландыру мақсатында.

  2. Регламент шағым берген салық төлеушімен (салық агентімен, сыртқы экономикалық қызметтің қатысушысымен) бейнеконференция түрінде кездесу өткізу тәртібін айқындайды. Салық төлеуші (салық агенті, сыртқы экономикалық қызметтің қатысушысы) шағым мәселелері бойынша ауызша, сол сияқты жазбаша түрде өз пікірін білдіру үшін оның шағымын қарайтын лауазымды тұлғалармен кездесу туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.

  3. Осы Регламентте мынадай қысқартулар және аббревиатуралар қолданылады:

  1. ҚР ҚМ МКМ – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;

  2. МКД – облыстар, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департтамент (-тері).



  1. Салық төлеушімен (салық агентімен, сыртқы экономикалық қызметтің қатысушысымен) бейнеконференция түрінде кездесу ұйымдастыру және өткізу тәртібі

4. Шағым берген салық төлеушімен (салық агентімен, сыртқы экономикалық қызметтің қатысушысымен) бейнеконференция түрінде кездесу ұйымдастыруға және өткізуге жауапты ҚР ҚМ МКД Әдістеме департаменті Апелляция басқармасының лауазымды тұлғасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес кездесулер өткізу уақытын бөлуді ескере отырып, аталған тұлғалармен кездесулер кестесін (бұдан әрі - кесте) әзірлейді.

5. Шағымды қарау барысында салық төлеушіден (салық агентінен, сыртқы экономикалық қызметтің қатысушысынан) бейнеконференция түрінде кездесу (бұдан әрі - кездесу) өткізу туралы өтініш келіп түскен кезде шағымды қарайтын лауазымды тұлға (бұдан әрі - орындаушы) мұндай кездесуді кестеге енгізеді.


  1. Орындаушы кездесу өткізу туралы өтініш келіп түскен және кездесуді кестеге енгізген күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде салық төлеушіні (салық агентін, сыртқы экономикалық қызметтің қатысушысын) кездесу өткізу күні туралы хабардар етеді.

  2. Сонымен бір мезгілде орындаушы осы Регламенттің 6-тармағында көрсетілген мерзімде кездесу ұйымдастыруға және өткізуге жауапты МКД-нің лауазымды тұлғасына (бұдан әрі - МКД-нің жауапты тұлғасы) кездесу өткізілетін салық төлеушінінің (салық агентінің, сыртқы экономикалық қызметтің қатысушысының) атауын және кездесу өткізу күнін хабарлайды.

  3. МКД-нің жауапты тұлғасы шағымдалған жүргізілген салықтық немесе кедендік тексеруге жауапты лауазымды тұлғаларды кездесуге қатыстыру мақсатында осындай тұлғаларды кездесу күні туралы хабардар етеді.

  4. Кездесуге шағым берген салық төлеушінің (салық агентінің, сыртқы экономикалық қызметтің қатысушысының) заңды немесе уәкілетті өкілі қатысу жағдайында, МКД-нің жауапты тұлғасы мұндай тұлғаның көрсетілген тұлғалардың мемлекеттік кіріс органдарымен қатынастарда мүдделерін білдіруге өкілеттілігін растайтын құжаттардың бар-жоғын тексереді.

  5. ҚР ҚМ МКК Әдістеме департаментінің Апелляция басқармасынан кездесуге орындаушы, басшы (басшы болмаған кезде – оны ауыстыратын тұлға), қажет болған кезде – басқарманың өзге мамандары қатысады.

  6. ҚР ҚМ МКК Даму және жаңғырту департаменті Ақпараттық технологиялар басқармасының кездесу ұйымдастыруға жауапты лауазымды тұлғасы кездесу өткізу барысында кейіннен тасығышқа (диск) ауыстыра отырып бейнефиксацияны жүзеге асырады. Диск шағым материалдарына қоса тіркеледі.

______________________






Салықтық немесе кедендік тексеру нәтижелеріне шағымдарды қарау кезінде салық төлеушімен (салық агентімен, сыртқы экономикалық қызметтің қатысушысымен) бейнеконференция түрінде кездесу өткізу регламентіне

қосымша




Уәкілетті органға салықтық немесе кедендік тексеру нәтижелеріне

шағым берген салық төлеушілермен (салық агенттерімен, сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларымен) бейнеконференция түрінде кездесулер өткізу уақытын бөлу

кестесі


№№

р/с

Облыс

Апта күні

Уақыты

1

Алматы қ.

әрбір дүйсенбі

09:30 – 10:30

2

Шығыс Қазақстан

әрбір сейсенбі

09:30 – 10:30

3

Қарағанды

әрбір сәрсенбі

09:30 – 10:30

4

Атырау

әрбір бейсенбі

10:30 – 11:30

5

Маңғыстау

әрбір жұма

10:30 – 11:30




6

Ақмола

1, 3 дүйсенбі

10:30 – 11:30

7

Ақтөбе

2, 4 дүйсенбі

10:30 – 11:30

8

Алматы

1, 3 сейсенбі

10:30 – 11:30

9

Жамбыл

2, 4 сейсенбі

10:30 – 11:30

10

Батыс Қазақстан

1, 3 сәрсенбі

10:30 – 11:30

11

Қызылора

2, 4 сәрсенбі

10:30 – 11:30

12

Қостанай

1, 3 бейсенбі

10:30 – 11:30

13

Павлодар

2, 4 бейсенбі

10:30 – 11:30

14

Солтүстік Қазақстан

1, 3 жұма

10:30 – 11:30

15

Оңтүстік Қазақстан

2, 4 жұма

10:30 – 11:30

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­

____________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет