Бекітемін/утверждаю: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Костанай ауданының Білім бөлімі» ММ басшысы/ Руководитель ГУ «Отдел образования Костанайского района» Управления образования
акимата Костанайской области ___________ Салмагамбетова М.Д.
Балалар жылы аясында, «Жас Ұлан» РББЖҰ белсенділері «Үміт артқан Ұландар» слётін өткізу ЕРЕЖЕСІ
СЛЁТ МАҚСАТЫ: - балалар ұйымдарының қызметін белсендіру;
- жас ұрпаққа патриотизмді қалыптастыру;
- білімге, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу және іске деген жауапткершілікті баулу;
- жас ұрпақты табысты әлеуметтендіру және өзін-өзі жүзеге асыру үшін тиімді жағдай жасау
СЛЁТ МІНДЕТТЕРІ: - жас ұрпақты белсенді өмірлік ұстанымына мотивациялау;
- оқушыларды спортқа тарту, күш, ептілік, тапқырлықты дамыту;
- балалар ұйымдарының табысты тәжірибелерін тарату
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1. Осы Ереже «Жас Ұлан» РББЖҰ белсенділері слётін өткізу тәртібін анықтайды (бұдан әрі – слёт).
1.2. Слёт ұйымдастырушылары: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Қостанай ауданының білім бөлімі » ММ, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауданы білім бөлімінің балалар шығармашылық үйі» КММ, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауданы білім бөлімінің Заречный мектеп-лицейі» КММ
2. СЛЁТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ 2.1. Өткізілетін күні: 2022 жылдың 18 мамыры, сағат 10.00 –де.
2.2.Өтетін орны: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауданы білім бөлімінің Заречный мектеп-лицейі» КММ
3. СЛЁТ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 3.1. Слётке Қостанай ауданы мектептерінің Ұланбасшылары және «Жас Ұлан» РББЖҰ белсенділері қатысады.
3.2. Қатысушыларға қажет:
• Нысан бойынша өтінімді толтырып, оны 2022 жылдың 16 мамырына дейін zatobol_ddt@mail.ru электрондық поштасына жіберіңіз, хаттың тақырыбында мектепті көрсетіңіз.
• Қатысушылардың киімі спорт формасы
3.3. Слетке мектептерден қатысушылар (7-8 сынып оқушылары, «Салауат» бағытындағы нәтижелі оқушылар): 1 Ұланбасы + 1 белсенді +1 жетекші (балалар ұйымдарының тәлімгері немесе үйлестірушілері).