Самашова Гульфарида Ергалиевна



бет1/3
Дата03.07.2016
өлшемі457.04 Kb.
#175342
түріДиссертация
  1   2   3
ӘОЖ [378:004] : 651 Қолжазба құқығында


Самашова Гульфарида Ергалиевна



Ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттары

13.00.08 – Кәсіби білім беру теориясы мен әдістемесі


Педагогика ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның



авторефераты

Қазақстан Республикасы

Қарағанды, 2007

Жұмыс Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде орындалған




Ғылыми жетекші:


педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Сарыбеков М.Н.




Ресми оппоненттер:

педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Кертаева Қ.М.







педагогика ғылымдарының

кандидаты Батешов Е.А.




Жетекші ұйым:

Еуразия гуманитарлық институты


Диссертация 2007 жылы ___30 қыркүйек____ күні сағат 10-00_____ Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің БД 14.50.05 біріккен диссертациялық кеңесінің мәжілісінде келесі мекен-жай бойынша қорғалады: 100028, Қарағанды қ., Университет көш., 28, бас корпус, №1 кеңейтілген дәрісхана.
Диссертациямен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кітапханасында келесі мекен-жай бойынша танысуға болады: 100028, Қарағанды қ., Университет көш., 28.
Автореферат 2007 жылы «_29___»___тамыз______ таратылды.

Біріккен диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы Қ.М.Арынғазин

Кіріспе



Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі. Қазақстан қоғамының қазіргі заманғы даму кезеңінде ғылымның және білім берудің дамуы әлеуметтік-экономикалық жүйенің бәсекелі маманды даярлау жағдайында алдыңғы қатарлы мемлекеттің қатарына енді. Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім берудің дамуының Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес прогрессивті технологияларды және оқыту жүйелерін жасау және енгізу жоғары білім берудің даму шарттарының ажырамас бөлігі болып табылады.

Мемлекеттікті нығайту және ұлттық қызығушылықтардың дамуы мәселелерінде студенттерді мемлекеттік тілге үйретуге айтарлықтай көңіл бөлінген. Сонымен қоса ақпараттық технологияларды енгізуді қолдану және кеңейтуде үлкен қажеттілік туындап отыр.

Сондықтан кәсіби даярлау жүйесінде іс қағаздарын жүргізуге оқыту, жоғары мектептің педагогикалық процесіне ақпараттық технологияларды енгізу жолдарын іздестіру мен жетілдіру мәселерінің көкейкестілігі ерекше орынға ие.

Берілген зерттеуді қарастыру барысында білім берудің маңызы жөнінде А.А.Әбдікәрімұлы, В.В.Егоров, Ж.Ж.Наурызбай, М.Н.Сарыбеков және т.б. ғалымдардың еңбектерінің орны ерекше. Білім беруді ақпараттандыру, компьютерлік техниканы оқу процесінде пайдалану, оны қолдану Е.А.Батешовтың, Р.М.Дұзбаеваның, Д.М.Жүсібалиеваның, Ж.А.Қараевтың, М.С.Мәлібекованың, Ә.К.Мыңбаеваның және т.б. авторлардың еңбектерінде кеңінен қарастырылған.

Оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу мәселесімен В.П.Беспалько, И.Ф.Исаев, И.Я.Лернер, В.А.Сластенин, Н.Ф.Талызина, Е.Н.Шиянов және т.с.с. сынды ғалымдар айналысқан.

Кәсіби білім беру проблемасын зерттеуге З.А.Исаева, С.Т.Каргин, Қ.А.Кертаева, А.П.Сейтешев, Қ.А.Сарбасова, М.В.Семенова, Н.Д.Хмель, Л.А.Шкутина тәрізді авторлар өз үлестерін қосқан.

Іс қағаздарын жүргізудің теориялық сұрақтары торасында еңбек еткен Ресейлік авторлар - Ю.М.Аксенов, В.И.Андреева, М.В.Кирсанова, Қазақстандықтар - В.Салагаев, Б.Шалабай.

Екі тілде іс қағаздарын жүргізу сұрақтарын Л.Д.Дүйсембекова, М.Қасымбеков, Б.Р.Сейфуллина, В.И.Скала, В.А.Скала және т.б. еңбектерінде қарастырылған.

Іс қағаздарын жүргізуде ақпараттық технологияны қолдану проблемасымен ТМД ғалымдары айналысқан, мысалы Ресейде Н.Ю.Гуреева, В.А.Кудряев, Т.В.Кузнецова, ал Балтика елдерінде А.Е.Рыбаков.

Білім беру саласында құжаттану мамандықтарында ақпараттық технологияны қолдану проблемасымен Қазақстанда С.А.Муликова, Т.А.Медеуова, Г.О.Тәжіғұлова еңбектерінің маңызы бар.

Педагогикалық, психологиялық, философиялық және ғылыми зерттеулерді талдау нәтижесінде зерттеліп отырған тақырып бойынша ақпараттық технологиялар арқылы жоғары оқу орнында студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқыту жөнінде арнайы зерттеудің жоқтығы анықталды. Ақпараттық технологияларды қолдану бойынша бірқатар ғылыми жұмыстардың бар екендігіне қарамастан, жоғарыда келтірілген мағлұматтар берілген мәселенің жеткілікті дәрежеде қарастырылмағанын аңғартады. Сондықтан, ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқыту қажеттілігінің арасында объективті түрде қалыптасқан шешімдерді шешу үшін және осы сұрақтың жоғары оқу орнының теориясында және практикасында жеткіліксіз деңгейде өңделгені қарама-қайшылықты қалыптастырды.

Осы қарама-қайшылық зерттеудің проблемасын тудырды, яғни - студенттерді іс қағаздарын жүргізуге ақпараттық технологиялар арқылы оқыту, ғылыми түрде негізделген және бәсекеге қабілетті маманды даярлау, «Ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттары» тақырыбын таңдап алуға негіз болды.



Зерттеудің мақсаты – ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесін теориялық тұрғыда негіздеп құрастыру.

Зерттеудің нысаны – жоғары оқу орнындағы педагогикалық процесс.

Зерттеудің пәні – ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытуды ұйымдастыру.

Зерттеудің негізіне келесі ғылыми болжам қойылды: егер жоғары оқу орнының оқу-тәрбие процесінде ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесі енгізілсе, онда іс қағаздарын жүргізуге оқыту қызметінің білім берудегі тиімділігі арта түседі, өйткені мұнда бәсекелі маманды оқытуда жүйелілік пен біртұтастық принциптері жүзеге асады.



Зерттеудің міндеттері:

- іс қағаздарын жүргізуге оқытуда ақпараттық технологиялардың мәнін ашу;

- ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесін құрастыру;

- іс қағаздарын жүргізуге оқытудың нәтижелерінің өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау;



- ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесінің тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру.

Зерттеудің жетекші идеясы – жоғары оқу орнының педагогикалық процесіне ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытуды енгізген жағдайда студенттерде іс қағаздарын жүргізу білімі, білігі және дағдысы қалыптасады, ақпараттық қоғамда бәсекеге қабілетті мамандарды оқытуға кең мүмкіндіктер жасалынады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері - тұлға дамуының жалпы диалектикалық теориясы; таным теориясы; біртұтас педагогикалық процесс теориясы; аксиологиялық және жүйелілілк қатынас теориясы; зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық ілімдер, педагогикалық технология, педагогикалық эксперимент жүргізу және математикалық статистика тұжырымдамалары.

Зерттеудің көздері - зерттеу проблемасы бойынша философтардың, педагогтардың, психологтардың, құжаттанушылардың және іс қағаздарын жүргізушілердің еңбектері, ресми құжаттар: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңы және «Қазақстан-2030» стратегиясы, мамандықтардың білім беру стандарттары және жұмыс оқу жоспарлары; бірқатар жоғары оқу орындарының жұмыс оқу бағдарламалары; оқулықтар; сөздіктер; мәселе бойынша ғылыми зерттеу жұмыстар (диссертациялар, монографиялар, авторефераттар).

Зерттеу әдістері - педагогтардың, психологтардың, философтардың, құжаттанушылардың, іс қағаздарын жүргізушілердің, тіл және информатика саласының мамандарының әдебиеттерін теория жүзінде талдау; оқытуда, педагогикалық іс қағаздарын жүргізуде және құжаттамада, оқулықтарда ақпараттық технологиялар бойынша жинақталған педагогикалық тәжірибе бойынша талдау және жалпылау; байқау, әңгімелесу, анкета жүргізу, тестілеу, педагогикалық тәжірибе, тәжірибелі-педагогикалық эксперимент, математи­калық статистика әдістері.

Зерттеу кезеңдері:

  • бірінші кезеңде (2000-2002 ж.ж.) зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық, іс қағаздарын жүргізу, құжаттану бойынша әдебиеттер қарастырылды, жалпыланды, ғылыми-әдістемелік, диссертациялық жұмыстар талданды. Зерттеудің ғылыми аппараты (болжам, мақсаты, міндеттері, нысаны, пәні) қалыптасты, базалы ұғымдар нақтыланды.

  • екінші кезеңде (2002-2005 ж.ж.) айқындаушы эксперимент іске қосылды, іс қағаздарын жүргізуге оқытуды ұйымдастырудың педагогикалық шарттары жасалды, студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқыту білімін, білігін және машығын қалыптастыру деңгейлері анықталды және негізделді; арнайы курс жасалды; жасалған технология практика жүзінде тексерілді.

  • үшінші кезеңде (2005-2007 ж.ж.) студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытуды ұйымдастырудың педагогикалық шарттар жүйесін қолдану және енгізу тиімділігі бойынша қалыптастырушы эксперимент өткізілді, алынған эксперимент берінділері талданды және өңделді. Алынған нәтижелер салыстырылды және жалпылама қорытындылар, ұсыныстар жасалды, диссертациялық зерттеу материалдары рәсімделді.

Зерттеудің негізгі базасы: Эксперименттік жұмыс Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кәсіби көркем-өнер, шет тілдері, педагогика факультеттері.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:

- іс қағаздарын жүргізуге оқытуда ақпараттық технологияның мәні ашылды;

- «Іс қағаздарын жүргізуге оқытудағы ақпараттық технологиялар» ұғымына анықтама берілді;

- студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың құрылымы және мазмұны анықталды;

- ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытудың нәтижелерінің өлшемдері және көрсеткіштері анықталды;

- ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесі негізделіп құрастырылды.



Зерттеудің практикалық мәнділігі:

  1. оқытушыларға арналған «Ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытуды ұйымдастыру» атты арнайы семинар ұйымдастырылды;

  2. Қазақстан тарихы, қазақ тілі, информатика пәндеріне қосымша тақырыптар енгізілді;

  3. «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу», «Құжаттарды өңдеу технологиясы» атты арнайы курстары енгізілді;

  4. ақпаратты-дидактикалық кешен: «АВТОҚұжат-Сөздік» автоматты оқыту жүйесі (куәлік №2195, 26.04.2007), «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәні бойынша электронды оқулық (куәлік №2196, 26.04.2007), «Құжаттану циклы пәндері бойынша терминологиялық сөздік (орыс, қазақ тілдерінде)», «Іс қағаздарын жүргізу және құжаттану» атты оқу-әдістемелік құралы, «Құжаттарды өңдеу технологиясы» пәні бойынша электронды оқулық (куәлік №56, 01.03.2007), «Методические рекомендации к выполнению лабораторных работ по дисциплине «Технология обработки документов»», «Оқу-әдістемелік құжаттаманы рәсімдеу ережелері. Мәтіндік құжаттамаға арналған жалпы талаптар» атты фирмалық стандарт (қазақ, орыс тілдерінде);

  5. «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәні бойынша студенттер арасында университеттік деңгейде факультетаралық олимпиада өткізілді және ұйымдастырылды.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі және негізділігі: талапқа сай теориялық және әдіснамалық қағидалармен, зерттеу пәніне сәйкес әдістерді қолданумен, тәжірибелік-педагогикалық зерттеу бағдар­ламаларының педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен, бастапқы және соңғы көрсеткіштердің нәтижелерін қорытындылаумен, ұсынылған әдістеменің тиімділігімен, жоғары оқу орны оқу-тәрбие процесіне ендірілуімен қамтамасыз етіледі.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

- іс қағаздарын жүргізуге оқытуда ақпараттық технологиялардың теориялық негіздерін талдау арқылы ашылған мәні;

- ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесі анықталды, атап айтқанда: оқытушыларға арналған «Ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытуды ұйымдастыру» атты арнайы семинар; Қазақстан тарихы, қазақ тілі, информатика пәндеріне қосымша тақырыптар; «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу», «Құжаттарды өңдеу технологиясы» атты арнайы курстары; ақпаратты-дидактикалық кешен; «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәні бойынша студенттер арасында университеттік деңгейде факультетаралық олимпиада;

- іс қағаздарын жүргізуге оқытудың өлшемдері мен көрсеткіштері анықталды;

- ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытуда педагогикалық шарттар жүйесінің тиімділігі эксперимент жүзінде тексерілді.

Зерттеу нәтижелерінің талқылануы және жүзеге асырылуы: зерттеудің негізгі қағидалары жалпы және кәсіби педагогика проблемалары тақырыптары бойынша өткізілетін университеттің ғылыми семинарларында талқыланды және халықаралық, республикалық, аймақтық конференцияларда баяндалды: «Қарағанды университетінің хабаршысы», 2004, 2006, 2007; «Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы», 2002; «Қазақ ұлттық университетінің хабаршысы», 2006, 2007, халықаралық, республикалық, аймақтық конференцияларда (Жезқазған, 2001; Қарағанды, 2001, 2005, 2007; Алматы, 2005; Түркістан, 2006); сонымен қатар Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің жұмыс тәжірибесіне енгізілді.

Диссертацияның құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде тақырыптың көкейкестілігі, ғылыми аппараты: мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық және теориялық негіздері, әдістері мен негізгі кезеңдері беріліп, ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі, практикалық мәнділігі және қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі, талқылануы және жүзеге асырылуы баяндалады.

«Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың теориялық негіздері» атты бірінші тарауда ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқыту процесінде жоғары оқу орны студенттерін іс қағаздарын жүргізуге оқытудың ғылыми-педагогикалық алғышарттары, жоғары оқу орны студенттерін іс қағаздарын жүргізуге оқытудың мәні, жоғары оқу орны студенттерін іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттарының жүйесі ұсынылады.

«Ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқыту бойынша тәжірибелік жұмыс» атты екінші тарауда ақпараттық технологиялар арқылы жоғары оқу орны студенттерін іс қағаздарын жүргізуге оқытудың мазмұны, жоғары оқу орны студенттерін іс қағаздарын жүргізуге оқытудың нәтижелері келтірілген.

Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыстың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ғылыми тұрғыдан ұсыныстар берілді.

Қосымшада ақпараттық технология негізінде іс қағаздарын жүргізуге оқыту бойынша контент-талдау, қысқаша сөздік, «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» курсы бойынша олимпиада тапсырмалары, олимпиада туралы ереже, зияткерлік меншік куәліктері, зерттеу нәтижелерін оқу орындарында ендіру анықтамалары келтірілген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет