Самболат посл дип docx


Бастауыш сынып оқушыларына табиғат лирикасы арқылы



Pdf көрінісі
бет5/21
Дата23.04.2024
өлшемі373.08 Kb.
#499643
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Самболат посл дип docx

1.2 Бастауыш сынып оқушыларына табиғат лирикасы арқылы
эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктері
Тәрбиенің қай саласы болса да негізінен ол балаларға, жасөспірімдерге
арналады. Ал оларды әсемдікті сезініп, түсініп, қадірлей білуге баулу
эстетикалық тәрбие жүргізу арқылы іске асырылады.
Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті
дұрыс қабылдау және өнердегі сұлулықпен әсемдікті эстетикалық түсінікті,
сезім мен талғамды тәрбиелейтін, өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу
қабілетін, қажетсінуін қалыптастыратын тәрбиенің ең басты салаларының бірі. 
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:
- әр түрлі өнер адамдарының іс-әрекеті арқылы баланың тәртібіне, өмірге
көзқарасына, түсінік-құлықтарына игі әсер ету.
- қоғамдағы, табиғаттағы, өнердегі әсемдікті түсіне, байқай білу
қабілеттерін дамыту.
- эстетикалық талғамын дамыту, дұрыс пікір айта білуге, бағалай білуге
тәрбиелеу, оның дамуына көмектесу.
- баланың көркем өнерге деген қабілетінің шығармашылықпен ұштасуына
көмектесу. 
Қазіргі кезде эстетикалық көзқарастарды тәрбиелеу - тәрбие барысының
зейін салуды күн санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам адамның тек
қана көзқарасы емес, еңбек, қоғамдық қатыстар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс,
18


табиғаттың да әсемдік жақтары әсер етеді. Эстетикалық көзқарастар адамның
шындыққа көзқарасын анықтайды.
Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым-
қатынасы қоғамдық идеяны алға алып баруымыздың құралы, сол арқылы
санаға өте күшті әсер ету жүзеге асады. Сонымен, оқушылардың эстетикалық
көзқарасын тәрбиелеу дамыған әсемдік сана мен талғамды, оны қадағалау
мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған үдерісі. Эстетикалық үдерісті тәрбиелеу
оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесіндегі ең
алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық түріндегі әсемдік
нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасының дамуы, білім алуы,
қалыптасу құралына айналдырады.
Кең ой-өрістік сөйлеу іс-әрекетінің мазмұнын сөз өнерін, ақыл-ой
еңбегін, шындықтың объективтік жағынан, көркем сөз сұлулығын бөліп
қарайды. Еңбек іс-әрекетінде қоғамдық мұраттағы, дамудағы оның ынтасы мен
тәртібіндегі сұлулыққа баса назар аударылады. Бейнелеу іс-әрекеті барысында
балаларға көзге көрінетін әлем, музыкада адам жасаған адам дыбыс
үйлесімділігінің сұлулықтары ашылады. Дене тәрбиесі мәдениеті және гигиена
негіздері арқылы бала адам денесінің тән және сұлулығын таниды.
Әсемдікке тәрбиелеудің оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамуының
жалпы жүйесінде жанама қызметі де бар.
Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге
оның іс-әрекетін белсенді және тиімді деп берушісі де болады. Оқушы
өнегелігінің әсемдігі, оның жан-дүниесінің байлығы, шешендігі оны басқа
адамдарға тартымды етеді. Ерлік пен шын азаматтық әсемдігі адамдарды
қоғамдық тәртіп және құқықтық әрекеттерін орындауға жетелейді.
Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар әр
түрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалмен жүзеге асырылады. Кіші
мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамиды. Оған
себеп болатын нәрсе – оқу, қоғамдық және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйеге
түсуі.
Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы - өнер. Ол
шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы адам сезімі мен
санасына әсер етіп, оның көзқарасына және оны қалыптастыруға жәрдем етеді.
Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен
тығыз байланысты. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар
әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу – адамдардағы
әсемдікті, еңбек мазмұны мен процесі танымай саналы тәртіп пен мінез
құлықты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай-ақ әсемдікке көзқарасты тәрбиелеуді
өмірден, белсенді іс-әрекеттен және мұраттарға жету жолындағы күрестен
оқшау қарауға болмайды.
Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден, табиғаттан, адамдар қылықтарынан,
еңбек нәтижесінен көруді және ләззат алуды үйретіп қана қоймайды, күнделікті
өмірде әсемдікті жасау ынтасы мен іскерілігін тәрбиелейді.
19


Сонымен, эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі
ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі
әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға,
қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарас
қалыптастырады.
Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі-
эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды үйрету. Өмірдегі, өнердегі
әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. Біреулер әсемдікке үңіле
қарап, оның сырын білуге тырысады, ал кейбіреулер оған онша мән бермейді,
қалай болса солай қарап, жанынан өте шығады. Әдемілікті сезіну үшін, оған
түсіну үшін ең алдымен бейнелеу, сөз өнері, музыка және ән саласынан әрбір
адамда білім болуы қажет. Білім адамды әдеміліктің обьективтік
критерилерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі,
түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық дамуының негізі.
Эстетикалық ұғымды, пайымдауды, баға беруді қалыптастыру
эстетикалық тәрбиенің тағы бір міндеті. Әдемілікті сүю, оны түсіну үшін балаға
негізінен көмектесетін білім. Сондықтан балаға бейнелеу өнері саласындағы
ырғақ, үндестік музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы
білімді игеру қажет. Осыған байланысты бұл эстетикалық терең түсінуге
тырысады, пайымдай және бағалай біледі.
Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның
маңызы зор. Эстетикалық таным – бұл өмірдегі, еңбектегі, табиғаттағы сыртқы
әдемілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер шығармаларына
жоғары талап қою. Мысалы, мұзда конькимен мәнерлеп сырғанақ тебу, яғни
бірінші баға - көркемдігін келістіре орындағаны үшін, екінші баға - мәнерлеп
сырғанаудың техникасын жоғары дәрежеде орындағаны үшін қойылады.
Әрине орындаушылардың еңбегіне әділетті баға қою үшін мамандардың
әсіресе төрешілер алқасының танымы, білімі жоғары дәрежеде болуы керек.
Эстетикалық танымның дамуына көбінесе өнер үлгілерін қабылдаумен,
не тегінде шығармашылықпен байланысты іс-әректі мүмкіндік береді.
Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелерлдің бірі
баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілікті сезіп және оның
заңдарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған айналаға
өзгеріс жасауы қажет. Өмірге енген эстетика /еңбек, табиғат эстетикасы,
адамдар қатынасы және жай жағдай эстетикасы/ адамды сүйсіндіреді. Адам
белсенді түрде өмірдегі әдемілікке, көркемдікке өз үлесін қосып, оны
көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы қажет.
Оқушылардың эстетикалық мәдениеті және белсенділігі тұтас процесте
дамиды. Сондықтан оның барлық еңбек демалысы эстетикалық бағытта тиімді
ұйымдастырылса, ол өз өміріне әдемілік элементтерін енгізі алады.
Эстетикалық тәрбиенің маңызды міндеті - өнер және әдебиет
салаларында балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту. Осыған
орай, мектепте оқушылардың ықтимал мүмкіндіктерін және қабілетін барынша
ашу керек [11].
20


Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары - әдебиет және өнер. Олар зор
идеялық тәрбиелік роль атқарады. Әдебиет пен өнер адамдары қуанышқа
бөлейді, жігерлендіреді, олардың идеялық жағынан баюына игі әсер етеді. Өнер
және әдебиет адам санасына белгілі көзқарастарды әр түрлі құралдар арқылы
/әдебиетте-проза, поэзия; кескіндеме-жанр, баталия, пейзаж; мүсіндеу-бюст,
т.б. музыкада симфония, оратория, ән/ енгізіледі.
Сонымен өнер мен әдебиет адам дамуының және рухани өсуінің басты
шарттарының бірі болып табылады.
Әдемілікті сезуде эстетикалық көзқарастары қалыптастыруда табиғат зор
роль атқарады. Табиғат адамды қуанышқа бөлейді, сезімін дамытады.
Эстетикалық түсінігін байытады. Адам табиғатты бақылаушы ғана емес, ол
тұтынушы сұлулықты жасаушы шығармашылық қызметкер. Сондықтан өзінің
күшін қабілетін адамдар бақыты үшін табиғатқа өзгеріссіз жасауға жұмсауы
қажет. Мысалы: қала мен селоны, тұрғын жерлерді көгалдандыру, бақ және
гүлдер өсіру, мәдениет және демалыс орындарын әшекейлеу – бұл зор
эстетикалық қамқорлық.
Оқушылардың эстетикалық түсініктері өзіндік белсенді іс-әрекеттерімен
байланысты екенін көрсетеді. Мәселен өзі шешу мүмкіндігі болғанда ғана оның
әрі мінез- құлықтық, әрі әсемдік көңіл-күйі жай табады, тояттайды.
Оқушылардың оқу еңбегіне талғампаздық қатынасын дамыту, оның
оқудың қорғаушы күші, дем берушісі ретінде пайдалану үшін балалардың
өзіндік белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру, көркемдік ләззат және құлықтық
шығармашылық қабілеттері артады. Қажетті биліктері мен жағымды әдет-
дағдыларымен бірге қатар эстетикалық сезімдері қалыптасады.
«Әдебиеттік оқу» сабақтарында оқушылардың тілін дамыта отырып,
мұғалім суретке қарап әңгіме құрауды әсер алған уақиғаларды айтып беруді
қиын да жаңа белгілерді жасауға үйретеді. Көркемдікті сезінуге талғамы пайда
болып олардың рухани күші дамиды.
Музыка сабақтары өте әсерлі сезімдерді оятып, музыка мұраттарын
қалыптастырып, бала тәртібіне ықпал етеді. Музыканы тыңдау, ән салу
балалар үшін өнегелік әсемдік мәні бар, себебі көтеріңкі көңіл, ержүрек
сезімдерден ортақ әсер алу оларды рухани өрлеу үстінде біріктіреді және
топтастырады. Сондықтан саналы тәртіп пен мінез-құлықтық тәрбиені
күшейту үшін музыка пәні бағдарламасында халық әндерін игеруге үлкен
мән берілген.
Музыка пәнінің бағдарламасы ән салу және жазылып алынған
музыкалық шығармаларды тыңдау негізінде оқушылардың есту қабілеттерін
дамытуды көздейді. Бастауыш сынып мұғалімі музыка сабағын өзі
жүргізетіндей даярлығы болуы керек немесе музыка сабақтарында тікелей
қатысып, ол пәнді жүргізуші мен тығыз байланыста отырып, басқа сабақтарда
сыныптан тыс жұмыстарда музыканың адам өміріндегі алатын орны туралы
әңгімелер өткізуі керек.
Бейнелеу өнері сабақтарының да балалардың эстетикалық көзқарасын
тәрбиелеуге ықпалы мол. Кескіндеме, мүсін сызықтық суреттер, сәулет өнері
21


туралы құралдарымен бірге өмір, табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі.
Бейнелеу өнері шығармалары әсемдік үшін күреске шақырады, адамдар
мұраттарына, күнделікті өмірдегі тәртібіне үлкен ықпал жасайды. 
Бейнелеу әсемдікті түсіну мен нәзік сезінуі, алған әсерлерін бейнелеу,
сызықтық сурет салу сауатын меңгеру жеке балаларда кескін, мүсін сызықтық
суреттерде әсемдікті жасау қабілеті олардың өзіндік іс-әрекеті бейнелеу өнерін
тану барысында қалыптаса бастайды.
Көркем әдебиет және тарих пәндері оқушылардың шығармашылық
қабілетін дамытады. Олар қоғамдық өмірдің, адамдар қатынасының, еңбектің
эстетикасын тануға үміттендіреді. Әсіресе әдебиет сабақтары оқушыларды
әдемілікке баулиды, таным ынтасының, бейімділігін, қабілетінің дамуына
ықпал жасайды .
Мектептегі оқу пәндерінің оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ролі
орасан зор десек, ол асыра бағалау болмас еді. Мектептегі эстетикалық тәрбие
оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысының жүйесінде кеңінен
пайдаланады. Эстетикалық тәрбиенің өмір елегінен өткен көптеген формалары
бар. Шығармашылық үйірмелер – олар әдебиет, музыка хореография, бейнелеу
өнері т.б. 
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарының басты формаларының
бірі - көрмелер, сайыстар. Көрмеде оқушылардың бейнелеу өнері, қабырға
газеттері, қолжазба журналдары көрсетіледі. Сайыста жақсы лирикалық,
эстрадалық әндер, әңгімелер орындалады. Сайыс оқушыларды қуанышқа
бөлейді, келешекке үмітін тұтандырады.
Мектеп және сынып бойынша алдын ала жасалған жоспарларға сәйкес
эстетикалық саяхат өткізіледі. Саяхаттың негізгі объектілері көркем галерея,
мұражай, табиғат, театр, кинотеатр, түрлі көрмелер.
Көркемөнерпаздар үйірмесі оқушылардың өнерге әуестігін,
қызығушылығын, талғамын дамытуда үлкен роль атқарады.
Көркемөнерпаздар үйірмесі сынып, сыныпаралық және мектеп бойынша
ұйымдастырылады.
Эстетикалық тәрбие жұмысына көмектесуде мектеп кітапханасының
мүмкіншілігі бар.
Сыныптан тыс эстетикалық жұмыстың барлық түрлері оқушылардың
еріктік, қызығушылық, бейімділік принциптері іске асырылады.
Ғалым-педагог С.Қожахметовтың анықтауынша «эстетикалық тәрбиелеу-
дегеніміз оқушыларды әдемілікпен қанықтыру, олардың алдында әдеміліктің
сырын ашу, оны тұрмыста пайдаланып «өзімдік» ету және оларды тамашаны,
көркемдікті әдемілікті жасай алатындай етіп дайындау болмақ» [23].
Ғалым –педагог эстетикалық тәрбиенің оның мән-мағынасын кең түрде
ашу үшін оның алдындағы тұрған мақсатын анықтауға тырысқан. Ол
«Эстетикалық тәрбиенің өмірде керекті және пайдалы қасиеттерді дамыту және
тәрбиелеу, өмірдің сұлу көркем жағын оқушылардың көз алдында дұрыстап
көрсете білу, былайша айтсақ өмір қызықтары мен тамаша жақтарын
оқушыларға дұрыстап таныта білу... Тамаша, әдемі нәрселердің сырын ашып
22


оларды дұрыс пайдалану үшін тек сезім мүшелерін ғана дамытып қоймай,
адамның ойнампаздық қасиетін де дамыту керек. Міне, бұл эстетикалық
тәрбиенің екінші мақсаты болып табылады..... Эстетикалық тәрбиенің үшінші
мақсаты-оқушыларға нақты шығармашылық білім беру. Бұл білім
оқушылардың қолдан жасай алу дағдыларын, іскерліктерін дамыту керек.
Эстетикалық тәрбиенің ең қиын міндетінің бірі – мектепте жұмыс ғылыми
жолмен түзу ұйымдастырып, оқушылардың мектептегі өмірін тамаша қызықты
ете білу-міне бұл эстетикалық тәрбиенің төртінші негізгі мақсаты болады» деп
анықтама береді [23,32].
Өнер эстетикалық тәрбие берудің негізгі құрамы. Алайда эстетикалық
сезім, әсерлер, толғаныс - толқыны күнделікті өмірде туындап жататыны да
белгілі. Мысалы: айналадағы табиғат эстетикалық әсер тууына түркі болып
жатады.
Сөйтіп табиғаттағы әсемдікті дұрыс түсіну арқылы, балалардың бойында
табиғатты аялау, бағалау, оны сүйе білу сезімін қалыптастырып, табиғат
байлықтарын қорғай білуге бағыттаймыз.
Әдебиет – эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдарының бірі. Әдемілікті
сезінуде эстетикалық көзқарастарды қалыптастыруда табиғат зор роль
атқарады. Табиғат адамды қуанышқа бөлейді, сезімін дамытады, эстетикалық
түсінігін байытады. Сұлулық туралы алғашқы түсініктерді балалар табиғаттан
алады. Табиғат - әсемдіктің қайнар көзі. Табиғаттың таңғажайып сырында,
оның сұлулығында эстетикалық әсер етерлік, оны тәрбиелей аларлық құдіретті
күш болады. Ол эстетикалық сезімнің, байқамсыздықтың қиялдың дамуына
үлкен әсерін тигізеді.
Табиғат үйлесімдіктің әсемдіктің, мәңгілік жанарудың, қатаң
заңдылықтың, әртүрлі сызық, бояу, дыбыстардың көмегі арқылы балаларды
азаматтық сезімге тәрбиелейді. Балалар ақырындап “Табиғат - ел байлығы”,
оны болашақ үшін қорғау керектігін түсінеді. Оқушылардың эстетикалық
талғамын жетілдіре, бекіте түсу үшін ана тілі сабақтарында табиғат көрінісінің
сұлулығы мен әсемдігі жырланған шығармаларды пайдаланудың мәні ерекше.
Ахмет Байтұрсынов “Әдебиет танытқыш” атты (1926) кітабында ауыз
әдебиеті мен жазба әдебиетінің әлеуметтік, қоғамдық маңызы мен қатар оның
адамгершілікке, әсемдікке, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеудегі сырын,
құдіретті күшін айрықша атап көрсеткен [24].
Лирикалық шығармаларды бала оқи отырып, айналадағы өмірмен,
табиғатпен, адамдардың еңбегімен, құрбы құрдастармен танысады, олардың
қуанышы мен сәтсіздіктерімен ортақтасады. Лирикалық шығармалар баланың
санасына ғана емес, сонымен бірге сезімі мен ішкі жан дүниесіне әсер етеді,
өлең сөз оқушыны қанағаттандырады. Оқушыларға қазіргі кезде адамның
қасиеттері туралы білімдерді айтып беру олардың эстетика ұғымдары мен
тәжербиесін қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Лирика – дара ойдың нәтижесі, ондағы ой шексіз кең. Лирика ақын
жүрегінің тереңінен шыққан сезім ой-көрініс екенін аңғарту лириканың
табиғаты, сипаты, түрлері жайында айтылған төмендегідей пікірлердің мән-
23


мағынасын ашу. «Поэзия – өнердің асыл тегі, өмірдің әрі мен нәрі, қайнап
қорытқан жамбысы» (В. Белинский), «Лирика – поэзияның жаны лирика
мылқау түйсікке тіл бітіріп, образ жасайды» (Ә.Тәжібаев), «Лирика – өмір
құбылысына ақынның көзқарасы, түсінуі, сезімі, күйініші, сүйініші, онда адам
өмірінің асқақтығы да, кейде қоңыр күйі де көрінеді»(Қ.Жұмалиев), «Лирика –
нұрлы ой, ішкі сырлы дүние жанры, Лирикадағы бас қаһарман ақынның өзі.
Лириканың күші әсерлілігінде» (З. Қабдолов), «Поэзияда қорытындылау,
жинақтау мен даралау, ортақ сипаттар ұштасып, ұласып жатады. Осы екі жағы
тұтасып, бірігіп келгенде ғана көркем бейне туып, өмірдің көркем суреті
жасалады» (З.Ахметов).
Қазақ лирикасы әдебиеттану ғылымының негізгі саласы ретінде 20-30
жылдардан бастап зерттеле бастады. Ал қазақ төңкерісіне дейін қазақ
ақындарының ішінде поэзияның мақсатын, лириканың міндетін орыс
классиктерінше, халықтық тұрғыдан ұғындырған Абай атамыз болды.
Абайдың:
“ Өлең сөздщің патшасы, сөз сарасы,
Қиынынан қиыстырар ел данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Тепе – тегіс жұмыр келер айналасы”
-деп басталатын өлеңінде лириканың көркемдік құнын, әлеуметтік күшін
әдебиеттану ғылымына жолдама, өркениетті рухта түсіндіріледі. Әрине,
әркімнің-ақ жанында ақындық сезім болады. Бірақ сөз патшасын ерлердің ері,
данасы ғана қиыстыра алады.
Лириканың түрлерін оқыту, методикасын жасау ісі 20-30 жылдардан
басталды. Бұл Ахмет Байтұрсыновтың еңбегін атауымыз керек. Ол әдебиет
әдістемесін педагогика ғылымының саласына жатқызады. Мұның
қарастыратын мәселелері педагогикалық, яғни бастауыш сыныпты алатын
болсақ, онда “ана тілін” оқыту мақсаттары, міндеттерді негізінде мұғалім мен
оқушының оқу-тәрбие үрдісіне өзара қарым- қатынасы айқындалады. Бұл
мақсаттар міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруда, сөз жоқ педагогика
ғылымының теориялық жалпы қағида, ережелеріне сүйенеді. Бірақ ана тілін
оқыту әдісі педагогика пәні сияқты мектептегі оқу мәселелерін тұтас алып
қарастырмайды. Тек ана тілі оқулығына берілген көркем шығармаларды оқып-
үйрену мәселелерін өз шеңберінде ғана баяндайды. Бастауыш мектепте ана тілі
пәнін оқумен байланысты сабақтарындағы және сыныптан тыс уақыттағы оқу-
тәрбиелік үрдіс жүзеге асырылады.
Лирикалық шығармаларды оқытуға байланысты арнайы зерттеулер,
еңбектер, газет- журнал бетіндегі мақалалар аз емес.
Лириканың табиғаты, сипаты және түрлері туралы сонау көне заман
ойшылдары Аристотель, Әл- Фарабиден бастап ХIХ ғасырдағы орыстың ұлы
ойшылдарының – Белинскийдің, Чернышевскийдің, Добролюбовтің, сондай-ақ
біздің қазақ халқының әдебиетші ғалымдары өз еңбектерінде кеңінен сөз етті.
Лирикалық шығармалардың негізінде адам сезімі жатады. Академик
Жұмашев лирика туралы былай дейді: “Лирика өмір құбылыстарына ақынның
24


көзқарасы, түсінуі, сезімі, күйініш-сүйініші және адам өмірінің асқақтығы
кейде қоңыржай күйде байқалады”. Ал академик З. Қабдолов лирика туралы өз
ойын айта келіп, былай дейді: “Лирикадағы бас қаһарман ақынның өзі, яғни
лирикалық кейіпкер лириканың әсерлік күші. Ал әсер дегеніміз баяндауда емес,
суреттеуде.” Демек, лириканың өзінде әрқашан эмоция, сезім жатады [10].
Қазақ лирикасын зерттеуде Ә. Тәжібаевтің сіңірген еңбегі зор. Ол өзінің
“Өмір және поэзия” атты еңбегінде қазақ лирикасының тарихын қарастырады.
Оның айтуынша: “Лирика адам мінезін, оның мәнді бір көрінісін бір сәт үстінде
бейнелейді. Ақын өзі ғана болып қоймайды, қоғамдық ақыл-ойдың
тәжірбиесінен тоқып білгеніне сүйене отырып, уақыт тынысын, заман сырын,
өз қоғамының рухани өмірін бейнелейді” [24].
Әр халықтын лирикалық өлеңдері оның ауыз әдебиетінен басталған.
Мәселен, қазақ лирикасының басы тұрмыс-салт өлеңдерінде – той
бастар мен жар-жарда, сыңсу мен беташарда немесе мұң-шер өлеңдерінде,
қоштасу мен көңіл айтуда, естірту мен жоқтауда жатыр. Онан бергі қазақ
поэзиясында Шалкиіз, Махамбет толғауларында лирикалық толғаныстар
арқылы бүкіл қазақ халқының аңсаған арман-мұраттары көрсетілген.
Поэзия – адам сезімінің айнасы. Ол адамзатты поэзияға ғана тән белгісіз
жұмбақ күш пен сезімнің алуан түрлі рахатына бөлейді; жақсы көру, жек көру,
сүйсіну, қуану, мұңға бату – осының бәрі тұтастай алғанда адам жанының
табиғи нәрі, рахат сәттері. Өйткені мұңның да, қуаныштың да өзіндік
ләззаттары бар. Бір сөзбен айтқанда, сезінуге, сезім шалқарлығына тәрбиелейді,
адам жүрегінің кез –келген қарабайыр құбылысқа үн қоса бермейтін нәзік
қылына жан бітіреді. Поэзияның жұмбақ та керемет күші, міне, осында. Ал
сезінудің өзі – адамның жан-дүниесі үшін ең басты ерекшелік, сезіну – бақыт
және ол кім көрінгеннің еншісіне тие бермесе керек. Поэзия көп тобырдың
бәріне бірдей түсінікті болса, ол ғұмырсыз поэзия болғаны. Ал лирика – сол
поэзияның жүрек лүпілі. Сайып келгенде, «поэзия» дегеннің өзі «лирика» деген
ұғыммен тұтасып жатады.
Жазба әдебиетіміздегі сыршыл поэзияның, яғни, әдеби мағынасындағы
нағыз лириканың болмыс – табиғаты туралы кемел пікір, толымды түсінікті төл
әдебиеттануымызда алғаш негіздеген – Ахмет Байтұрсынұлы. Лирикаға толғау
деген балама термин қолдана отырып, «толғау – сөз өнерінің барып тұрған
жері, яғн ең биік шыңы»- деп баға берді. «Толғау көңілдің көркем сырларын
көрнекті сөздермен айтып білдіріп, адамның көрік ләззаты басқа сөздердің
бәрінен де артық болады» [25, 453], - дейді.
Айтыс – тартыс (драма) пен толғаудың (лирика) айырмашылығы туралы
айта отырып, ғалым, біздің тақырыбымызға да қатысы бар мына бір жайды дәл
көрсетіп, айқындай кетеді: «Толғау ақынның ішкі ғаламының сөзі
болғандықтан, мұнда да сөзімен өзін көрсетіп отырады. Толғауда ақынды
қабағын қарс жауып, қайырып тұрған күйінде де, беті гүл-гүл жайнап, қуанып
тұрған күйіңде де, сүйінген, күйінген күйінде де, тарыққан, зарыққан,
жабыққан күйінде де , шаттанған, марқайған, масайраған күйінде де көріп
25


отырамыз. Айтыс – тартыста ол жоқ» [25, 458]. Бұл жерде әңгіме, бүгінгі тілмен
айтқанда, лирикалық мінез туралы болып отырғанын көреміз.
Өлеңдегі психологизм туралы пікірлерді қазақ әдебиеттанушылары ХХ
ғасырдың басында қозғай бастайды. А.Байтұрсынұлы қазақ әдебиеті туралы
ойларында «адамның жан қоштау керегінен шыққан нәрселер...», «көңіліміздің
күйін сөз арқылы айта білсек...» [25, 340], т.б. дегенде психологиялық сәттерді
бейнелеу мен оның өнердегі мәнін айтып отыр.
А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» еңбегінде лириканы «толғау»
деп алуының мәні зор. Себебі лирика қасиеті шұбырған оқиғаларда емес,
ақынның өзекжарды арман, терең ой, әсерлі сезім иірімдерімен өмір сырын,
өмір құбылыстарын шынайы бейнелеп, тереңнен көрсетуінде. «Толғағанда
айтатын нәрсесін толғаушы тысқарғы ғаламнан алмай, ішкергі ғаламнан алады.
Толғаушы ақын әуелі көңілінің күйіне түсіріп, халін түсіндіру мақсатпен
толғайды. Толғау қысқасынан айтқанда іш қазандай қайнаған уақытта шығатын
жүректің лебі, көңіл құсының сайрауы, жанның тартатын күйі. Ақындық
жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып,
күйіне салып толғай алуында» [25, 407].
Шынында ойлану, толғану, тебірену, күйіну, сүйіну, күлу, жылау,
шаттану, шалқу сияқты психологиялық күйлердің бәрі де лирика жанарынан
тыс қалмайды. Лириканы түр-түрге бөлерде А.Байтұрсынұлының эстетикалық
ойлауының биік деңгейін анық байқаймыз. Көңілді сүйінішті, күйінішті күйге
түсірудің басты себептеріне тоқталып: «Күйініш көңілге наразылық
тудырады.Көңіл наразылығы мұң туғызады, мұң ой туғызады» [25], - дей келіп,
лириканы мынадай түрлерге ажыратады: Сап толғау, марқайыс толғау, налыс
толғау, намыс толғау, сұқтаныс толғау, сөгіс толғау, күліс толғау. Және бұл
жіктеулерді одан әрі іштей мазақ, мысқыл, қулық, сықақ, әзіл деп саралауы,
сипаттауы қазақ лирикасындағы психологизм жайлы алғашқы негізді құны бар
пікір-тұжырым.
ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы қазақ лирикасының жанрлық сипаты
дегенде, азаматтық, табиғат, махаббат, философиялық лирика деп жіктеп
қарастырамыз. ХХ ғасырдың 20-40 жылдары жемісті еңбек еткен қазақ
лириктерінің шығармашылықтарына көз салғанда олардың қай-қайсысының да
айналып өтпейтін нысанасы бар екенін көруге болады. Ол – табиғат. Табиғат
лирикасының алғашқы белгі, нышандарын халық поэзиясынан байқауға
болады. Шындығында да, қазақтың халық поэзиясында табиғат суреті,
жаратылыс көріністері үлкен орын алатыны белгілі. Бұлай болуы заңды нәрсе
еді. Кең далада көшіп жүрген, күнделікті өмірі жылдың төрт мезгілінде де кең
сахарада, ашық аспан астында, өзен-судың жағасында өтетін қазақтың өзін
әрдайым табиғаттың аясында, бауырында отырғандай сезінуі таңғаларлық
құбылыс емес. Жыраулар поэзиясында табиғат салыстыру, егіздеу тәсілі
арқылы суреттелді. Табиғатқа, ондағы түрлі құбылыстарға арқа сүйей отырып,
әлеуметтік-философиялық ойларға терең бойлаған жыраулар дәстүрі кейінгі
жазба поэзияда да жаңа арнамен байыды. ХІХ ғасыр басында өмір сүрген
Д.Бабатайұлы, М. Мөңкеұлы тәрізді ақын-жыраулар толғауларында табиғат
26


қосалқы, жанама нысан ретінде негізгі ойға тірек болып, салмақты көркемдік
жүк көтерді. Ал Ы. Алтынсариннің табиғат суретін жырлаған екі өлеңі жазба
поэзиядағы табиғаттың реалистік қалпын берген алғашқы туындылар болып
саналады. Дәл осы кезеңдегі бұл саладағы үлкен жаңалық ұлы Абайдың
өлеңдері еді. «Ыбырай мен Абайдың жаз мезгілін бейнелеген өлеңдерінде
табиғаттың сұлу суретін жалаң суреттемей, ел тіршілігімен байланыстыра
жырлауын және тақырып ауқымынан шықпауын олардың жетістігі деп білеміз.
Ал, тереңге үңілсек Ыбырай Алтынсариннің өлеңі жалпылау да, Абай салған
картина нақтылы екенін байқаймыз», - дейді М. Әуезов. Абай пейзажды адам
баласының өмір сүретін ортасы, әлеуметтік өмірмен, көшпелі тіршілікпен
байланыста ғана суреттемей, адамның жан сезімімен ұластыра бейнеледі. Абай
дәстүрі кейінгі ақындарға, оның ішінде С.Сейфуллинге бет түзеп, бағыт алар
нысан болды.
Қазақ әдебиетінде, Абай шығармашылығында халықтың әлеуметтік
тағдырын
бейнелеген, адам сезімдерінің
нәзік
түйсінулерін
көрсететін лирикалық шығармалар өте көп. Абай лирикасы кең көлемді мол
қазына; биігі бітпес, тереңі таусылмас сырлы мұра. Абай лирикасы сала-сала.
Жалпы лирика деген ұғымға қандай қасиеттер тән болса, Абай өлеңдерінде
соның бәрі бар. Абайды бірыңғай қайғының, яки қуаныштың ақыны деуге, не
мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге тіпті де болмайды. Абай лирикасында осының
бәрі түгел, тұтас жатыр. Оның сырлы жырларындағы сәл ғана, ең бір жай
сезінудің өзі оқырманның жан жүйесін, көңіл-күйін түгел тебіренте толқытып,
барлық пернені түгел басып, барлық шекті түгел сөйлеткендей сайрайды. Бұл –
ғажайып құбылыс
.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінде осындай ойларды
Ж.Аймауытов та жалғастырады. «Абайдан соңғы ақындар» деген мақаласында
сезім, көңіл суретін бейнелеуші ақындардың Абайдан кейінгі аздығын айта
келе, олардың басты міні сыршыл еместігінде дей келе, көңіл пернесін дөп
басып айту қажеттігіне тоқталады. «Мағжанның ақындығы туралы» деген
еңбегінде психологизм проблемаларына тіпті тереңдейді: «Ол табиғатты
суреттей ме, әйелді жаза ма, тарихи адамдарды ала ма, ертегі айта ма, ұран сала
ма – бәрінде де ақынның ойлағаны, сезгені, жүрегінің қапырығы, жанның
күйзелуі, көңілінің кірбеңі көрініп тұрады. Қай өлеңін оқысаң да, не ақынмен,
не өз жүрегіңмен сырласқандай боласың» [26]. Осы тәріздес ой-пікірлер желісі
ешқашан да үзілген емес.
Лириканың жанрлық сипатын сөз еткенде, оның белгілі бір нақты түрін
бөліп көрсету мүмкін бола бермейді, дегенмен шартты түрде бөлінген түрлері
бар екенін де жоққа шығара алмаймыз. Мәселен, мысал, мұң өлеңі (элегия),
мадақ өлең (ода), төрттаған (рубай), нәзира т.с.с. бұрыннан бар, дау
тудырмайтын лирика түрлері бар. Ал, жоқтау, арнау, айтысты т.с.с.
А.Байтұрсыновтың 1926 жылғы «Әдебиет танытқыш» кітабынан бастап ұлттық
өлең түрі, ұлттық үлгі деп қарастырып келгеніміз белгілі. Сонымен бірге,
ойлану (медиативті), жұмбақ, хат өлең түрлері де кеңінен жайылған.
Қ.П.Жүсіп: «Әрине, лириканың жанрлық сипаты, жанр түрі ретінде дамуы сөз
27


етілгенде, оның шартты түрде болсын ішкі бөлінісін: толғау; публицистикалық
немесе шолу өлең; дидактикалық, немесе үгіт өлеңі; арнау, хат өлеңі; сондай-ақ
азаматтық лирика, көңіл-күй, табиғат, махаббат лирикасы болып тарамдалу
мүмкіндігін т.б. ескеру керек», - деп жазады. Ал ХХ ғасырда жалпы лириканы
тақырыптық тұрғыдан жанрларға жіктеу орнықты. Осы орайда С. Мақпыров:
«Лирикалық шығармаларды тақырыптық тұрғыдан саралап, жіктеуге болады.
Мәселен, қоғамдық-әлеуметтік, саяси мазмұндағы өлеңдерді, әдетте, азаматтық
лирика, өмір-болмыс сырлары жайлы толғанысқа құрылған пәлсапалық лирика,
ғашықтық-сүйіспеншілік немесе жеке бастық сезім күйлерін толғайтын
өлеңдерді ғашықтық, әйтпесе интимдік лирика, көңіл-күй лирикасы, сондай-ақ,
табиғат лирикасы деп талдау-таразылау әдебиеттану ғылымында бұрыннан бар
үрдіс», - деп жанр мен тақырыптың үндестігін атап көрсетеді.
Сонымен қатар С.Сейфуллин, Ш.Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев,
І.Жансүгіров, М.Дулатов, С.Мұқанов, С.Мәуленов, Ә.Тәжібаев,
F.Орманов, Ж.Молдағалиев, М.Мақатаев шығармаларында қазақ лирикасының
көркемдік ерекшеліктері айқын көрініс тапқан.
Лириканың бас қаһарманы - ақынның өзі. Ақын ең алдымен өз жайын,
мұңын, арманын, қуаныш сезімін жыр ету арқылы халықтың тағдырын,
қайғысын, күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек-мақсаттарын білдіреді. Нағыз
лирикалық туындылар жеке адамның жан дүниесін, толғанысын, тағдырын
бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді.
Лирика көлемі жағынан өте ықшам келеді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау,
күллі сурет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық ой
маңына жинақталады. Лирикалық шығармалар кейде шығарманың
тақырыбына, мазмұнына қарай бөлінеді:

Саяси-азаматтық Лирика

Махаббат Лирикасы

Философиялық Лирика

Табиғат Лирикасы
Лирика даралығы дегеніміз жалпылық, жинақтаушылық мәнге йе ақын
сезімінің жалыны, ой тереңдігі, қоғамдық талапқа, сұранысқа жауап беруі, -
деген Ә.Тәжібаев сөздерінде үлкен мән жатыр. 
Демек шынайы көркем лирика – адамгершілік биік мұраттарға
тәрбиелеуші, адамзаттың эстетикалық арманың асқар шыңы. Ол оқушылардың
қызығушылығын арттырып, ойлау жүйесін дамытады, осы бағытта ол
психологиямен, дидактикамен сабақтасып оқыту, тәрбиелеу мәселелеріне өз
үлесін қосады. 
28




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет