Самболат посл дип docx



Pdf көрінісі
бет4/21
Дата23.04.2024
өлшемі373.08 Kb.
#499643
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Самболат посл дип docx

Эстетикалық тәрбие – жаратылыс дүниесіндегі немесе өнер
туындағысындағы сұлулық пен әсемдікті қабылдап, ғибраттануға баулитын,
адамның эстетикалық сезімін, талғамын қалыптастыратын тәрбие эстетикалық
тәрбие мектеп жасынан дейінгі кезеңнен басталады. Эстетикалық тәрбие
арқылы бала қоршаған ортадағы әсемдікті, үйлесімділікті көре білуге, алған
әсерін шығармашылық жұмысында көрсетуге, бейнелей білуге үйренеді.
Мектептегі эстетикалық тәрбие барлық оқу-тәрбие үрдісінде жүзеге
асырылады. Баланы тәрбиелеуде әдебиет, музыка, бейнелеу өнері
сабақтарының сыныптан, мектептен тыс жұмыстардың маңызы зор.
Эстетикалық тәрбие ақыл-ой, адамгаршілік, дене тәрбиелерімен тығыз
байланысты. Ол адамдар рухани байытып, көркем шығармашылық қабілетін
дамытуға ықпал етуге тиісті. Эстетикалық тәрбие берудегі негізгі бастау қайнар
көз дәстүрлі қазақ қоғамындағы ғасырлар бойы қордаланған құндылықтар
жүйесі, рухани мұралары, халық ауыз әдебиеті болуы жаһандану дәуіріндегі
рухани азғындау қаупінен сақталатын бірден-бір жол Қазақ Ұлттық
энциклопедиясы [13] (Г. Ахметова).
«Педагогикалық сөздікте» Эстетикалық тәрбие -өсіп келе жатқан
адамда қабылдауды, дұрыс түсінуді, өмірде және өнерде әсемдікті бағалау және
жасауды, шығармашылықта белсенді қатынасуды, сұлулық заңдары бойынша
жасауға көмектесетін және жетілдіретін тәрбиеші мен тәрбиеленушілер
арасында мақсатқа бағытталған өзара әсер. Мұнда эстетикалық сана және
сезімді түсінген жөн[16].
«Педагогика және психологиялық» сөздікте Эстетикалық тәрбиелеу-
болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау үшін,
адамның эстетикалық түсінігін, сезімін, талғамын қалыптастыру үшін берілетін
тәрбие. Эстетикалық тәрбие мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталады.
Эстетикалық тәрбие арқылы бала қоршаған ортадағы әсемдікті көре, айыра
білуге үйренеді. Мектепте эстетикалық тәрбие барлық оқу-тәрбие үрдісінде
жүзеге асырылады. Эстетикалық тәрбие беруде әдебиет, музыкабейнелеу өнері
сабақтарының, сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың маңызы зор.
Эстетикалық тәрбие ақыл-ой, адамгершілік, дене тәрбиесімен тығыз
байланысты[12].
Батыстың белгілі философы И.Кант (1724-1804) “Прекрасное есть символ
нравственного, бодрого и только принимая это во внимание, оно нравится”
деген еді [17]. Ғұлама бұл жерде этикалық тәрбие адамның эстетикалық тыныс
– тіршілігімен байланысты деп тұр емес пе? Этика мен эстетика бір-бірінсіз
өмір сүре алмайтыны шындық. Ал бұл екеуінен де жұрдай, не бұлары бір-
бірімен қиыспайтын адам бұрын да болған, қазір де бар. Эстетикалық талғамды
тәрбиелеу – адамның көңіл-күйіне, мінезіне қатысты мәселе. Айталық, көркем
9


сөз бен картиналарды адам іштей бағалап, жан дүниесімен сезініп, терең ойға
шомылып, ұнағанына қуанып, ұнамағанына реніш білдіріп отырады. Егер адам
осындай көңіл күйіне түспесе, эстетикалық тәрбиеміздің пәрменсіз
болатындығы түсінікті. Эстетикалық талғамнан эстетикалық ұғымды ажырата
білу ләзім. Эстетикалық талғам – адамның түрлі өнер салаларынан алған
түсініктерінің жиынтығы. Эстетикалық ұғым оның іргетасы, ол шәкірттердің
жас өзгешеліктеріне байланысты өзгеріп отырады.
Эстетикалық (сұлулық) тәрбие беру балалардың өскен ортасына, жасына
және ұлттық ерекшелігімен байланысып жатады. Мысалы, біздер төменгі
сынып оқушыларын шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне таң-тамаша болып
қайран қалатыны, олардың кейіпкерлерге баға беріп, өздеріне үлгі ететін кісінің
жан-жүйесінің нәзік жақтарына көңіл қоя білмейтіні шығарманың көркемдік
мәнін түсіне бермейтіні, ал олар адамның сыртқы тұрпатына ғана көңіл
аударып, бұлардың ішкі астарына зейін қоймайтындығы, шығармаларда
құйқылжытып жылдам орындалатын әуездерді ұнататыны байқалса, жоғары
сыныптардағы ересек шәкірттердің музыкалық шығармалардың орындалу
шеберлігімен дауыс ырғақтары гармониясына көңіл бөле бастайтыны белгілі.
Дала ойшылдары жас өскіннің эстетикалық тәрбиесіне ерекше көңіл
бөлген, олардың жыр-толғауларынан жақсы байқалады.
Шығыс ойшылдары, философиялық ой толғап, әсемдік, эстетикалық және
адамгершілік тәрбие беру мәселелері бойынша пікірталастар жүргізген.
Олардың әсемдік, адамгершілік туралы этикалық және эстетикалық
көзқарастары мен идеялары тұлғаны барлық жас сатыларындағы тәрбиелеу
мәселелерін қамтитын. Шығыстың ұлы ойшылы Фараби оқыту мен тәрбиенің
өзара байланысы туралы, сөз арқылы оқытудың қажеттілігі туралы, әрекет
арқылы, білімдердің негізінде тәрбие беру туралы ой-пікірін айтқан. Ол түрлі
ойлау операциялары арқылы рационалды интеллетуалды білім беру мен рухани
даму процесі жүреді, ал алынған білімдерді шығармашылық тұрғыдан қолдану
қажет деп айтқан еді [18]. Ойлау мен сөйлеуді дамыту, сондай-ақ қатынасқа
рухани әлемді қалыптастырудың маңызды факторы ретінде ерекше маңыз
беретін. Бируни мақсаттылықты, дәйектілікті, жүйелілікті, көрнекілікті білім
және тәрбие берудегі жетекші принцип деп таныған. Ол білім алу мен оны
басқаларға табыстау –адам үшін бақыт, ақиқат ләззат деп айтатын. Ақиқатты
іздеу таным әдісі ретінде тәжірибе арқылы жүреді. Ибн-Сина ойлау,
эстетикалық және адамгершілік тәрбиені бірлікте жүзеге асыруға шақырды.
Балаларда өнерді түйсініп, оған ләззаттану (тиісті дайындық пен белгілі тәрбие
болған жағдайда) қабілетін жетілдіру қажеттілігі туралы ой толғады [18].
Эстетикалық тәрбие теориясы бірқатар принципиалды философиялық-
этикалық және психологиялық-педагогтық бастапқы ережелерге негізделеді.
Эстетикалық тәрбие теориясының аса маңызды методологиялық
алғышарттарының бірі – бала тұлғасының эстетикалық орнығуындағы мақсатқа
бағытталған педагогикалық ықпал етудің жетекші ролі туралы ереже.
Эстетикалық тәрбие теориясының келесі ережесі адам үшін сұлулық
10


құбылыстарының: асқақтықтың, әсемдіктің, көркемдіктің мәңгі маңызы мен
рухани құндылығын мойындаудан тұрады. 
Осыған байланысты эстетикалық тәрбие беруде живопись, музыка, еңбек,
қол өнер туындылары, сәндік-қолданбалы өнердің теориялық мәселелерін
қарастырумен шектеліп қана қоюға болмайды. Өйткені, эстетикалық тәрбие -
өнермен айналысу, оқушылардың қабілеттері мен мүдделеріне сәйкес келетін
көлемдердегі шығармашылық әрекет. Көркем фактілер мен құбылыстарды тек
қана эстетикалық цикл пәндерін зерттеу процесінде ғана игеру мен сезіну
жеткілікті болмайтындығы баршаға мәлім. Оқушылардың көркем-
шығармашылық дарындарын дамыту тек өнер түрлерінің тарихы жөніндегі
білімдер мен көркем фактілер мен құбылыстарды игерумен қатар
шынайылықты сөз арқылы, көру-көрнекілік және дыбыстық бейнелеудің
көмегімен ұсынудың икемділіктері мен дағдылары қалыптастын болған
жағдайда ғана мүмкін болады. Тек осылай эстетикалық тәрбиенің
диалектикалық аспектілерін қарастыра отырып қана әрекет кез-келген өнердің
негізгі техникалық ерекшеліктері мен көркем өзіндік ерекшеліктерін білусіз
мүмкін болмайтындығындай, эстетикалық цикл пәндерін оқытудың мақсаты
әрекетсіз теория көмегімен ғана мүмкін бомайды деп тұжырымдай аламыз. 
Бұл ереже осы қол өнер түрінің тарихи дамуы, нәті мен сипатын
оқушылардың өнер туындыларын дұрыс бағалау қабілеттері мен икемдерін
қалыптастыруға көмегін тигізетін тәжірибелік білімдермен дұрыс үйлестірудің
қажеттілігі туралы айтады. Осы ережені жүзеге асыру арқылы бастауыш
сынып оқушыларын эстетикалық тәрбиелеу, мұғалімдердің оқушыларға
эстетикалық тәрбие беруге даярлығы мәселесі бойынша зерттеулерге
айтарлықтай дәрежеде көмегін тигізеді.
Эстетика мәселелерімен айналысатын көрнекті ғалымдар Н.И.Киященко
мен Н.Л. Лейзеров «мектеп білім берудің және болашақ қоғам адамдарын
даярлаудың бүтін жүйесіндегі өзінің орны бойынша өскелең ұрпақтың қазіргі
адамға аса қажетті абстрактілі және көркем-образдық ойлауға деген
қабілеттердің үйлесімділігін қалыптастыру ісінде орталық тізбек болып
табылады» деп есептейді. Олар мұны мектеп негізінде адамның барлық ойлау
қабілеттерін дамытудың бастапқы сатысы болып табылатындығымен
түсіндіреді. Тек мектепке ғана оқушылардың сезімдік-эмоционалды және
рационалды-интеллектуалды шығармашылық әлеуеттерін бүтінге үйлестіре
біріктіру, олардың белгілі бір қызмет түріне жеке қабілеттіліктерін дамыту
мүмкіндігі берілген [19]. 
Мектептегі білім беруге қатысты көптеген үкіметтік құжаттарда оқу-
тәрбие процесінің сапасын арттыру міндеті ерекше аталады, осыған
байланысты оқушыларға көркем білім мен эстетикалық тәрбие беруді
айтарлықтай жақсарту қажеттілігіне ерекше көңіл бөлінеді.
Осы орайда болашақ мұғалімдердің оқушыларды эстетикалық
тәрбиелеуге деген кәсіби даярлығын қалыптастыру мәселелерін қарастыратын
З.Р. Ахметованың жұмысын атауға болады. 
11


С.Ш. Абенбаевтың зерттеу жұмыстары да айтарлықтай қызығушылық
тудырады[20]. Бұл жұмыстың ерекшелігі онда эстетикалық-педагогикалық
икемділіктер мен дағдылардың мәні мен өзіндік еркшеліктерін ашу әрекеті
жасалып, оларды жіктеу нұсқасы жүзеге асырылып, оларды игерудің
деңгейлері, критерийлері мен көрсеткіштері анықталғандығында.
Зерттеу объектісі жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесі
болып табылатын басқа ғылыми жұмыстарда оқушыларға сыныптан тыс жұмыс
барысында қол өнер және өнер құралдарымен эстетикалық тәрбие беру
мәселелері қарастырылады (қазақ мектептерінің материалдарына негізделген).
Бұл З.Әбілованың жұмысы [21].
Жұмыстардың үлкен тобы мектеп оқышыларына музыкалық эстетикалық
тәрбие беру мәселесіне арналған. Оқушы жастарды қазақтың дәстүрлі көркем
мәдениеті құралдарымен музыкалық-эстетикалық тәрбиелеудің негіздері
М.Х.Балтабаевтың еңбегінде зерттелген [8]. 
Зерттеу жұмысында тұлғаға музыкалық-эстетикалық тәрбие берудің
негізі көп қырлы халықтың дәстүрлік-көркем мәдениеті: аспаптық, ән, сәндік-
қолданбалы, би, шешендік-ақындық өнер болатындығы көрсетілген. Онда
тұлғаға музыкалық-эстетикалық тәрбие берудегі кешендік ыңғай туралы сөз
қозғалады. Себебі музыкалық-эстетиканың мазмұны оқушыларды ұлттық
өнердің көптеген түрлеріне – аспаптық, ән және шешендік-ақындық өнерге
үйретумен байланысты. Музыкалық-эстетикалық тәрбие мазмұнының
жаңаруының негізгі принциптері бөлініп көрсетіледі. Олар: интегративтілік,
бұқаралық, планеталылық, ассоциативтілік. 
Сондай-ақ осы орайда Р.К. Дюсембинованың [22] жұмыстарын атап өтуге
болады. Бұл еңбекте халықтың ән шығармашылығын оқушыларды музыкалық-
эстетикалық тәрбиелеудің құралы ретінде пайдаланудың теориялық-әдістемелік
негіздері зерттелген. Қазақ халық әндерінің педагогикалық жіктелуі
негізделген. 
Біздің қоғамның объективті қажеттілігінен шыға келе, педагогика
ғылымы өскелең ұрпақты тәрбиелеу процесін, тұлғаның жаңа, үйлесімді
дамыған адамға қажетті қасиеттерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөліп,
зерттеуде. Қазіргі әлемде адамның позициясы, оның айналада болып жатқанға
деген қатынасы өте маңызды. Сол себептен педагогика ғылымы алдыңғы
қатарға тұлғаның белсенділік секілді қасиетін қалыптастыруды қояды. Бұл
қасиет адамды қоршаған әлемге пассивті сырттай қараушыдан қазіргі қоғамның
талаптарын барынша толық қанағаттандыратын тұлғаға айналдырады. 
Қоршаған әлемге белсенді қатынаспен қарау үшін адамдағы эмоционалды
және рационалды бастаулардың тепе-теңдігі болуы маңызды, өйткені ол сезім
мен ақыл арасындағы өзара байланысты орнатады. Бұл бірлік эстетикалық
тәрбиеде барынша толық көлемде көрініс табады. 
Шығармашылық бастаудың тұлғаны табысты тәрбиелеу үшін
дамытудағы маңыздылығы туралы ережеден шыға келе, біз кез келген емес,
нақты эстетикалық әрекеттің ықпалын қарастыру қажет деп есептейміз. 
12


Егер дәстүрлі түсінікте эстетикалық тәрбие мақсат ретінде табиғат пен
өнер сұлулығын қабылдауды қойып, бірінші кезекте көркем өнер туындыларын
тамашалаудан, өнермен әуесқойлықпен айналысудан және өнер туралы белгілі
бір білім көлемін игеруден тұратын болса, қазіргі уақытта өнер – қоғамдық
құбылыс деген шарттан шыға келе, эстетикалық тәрбиенің алдында адамды
толығымен, оның бүкіл психикасын, жеке қасиеттері мен мінезін қалыптастыру
міндеті қойылады, ол бірінші кезекте адамның сезімдері мен қиялы саласын
дамытуға бағытталғандығы табиғи құбылыс, және осылайша ол адамгершілік
ұстанымдарға, көзқарастар мен әсерлерге әсер етеді, адамның өзіне, басқа
адамдарға, әлемге деген қатынасын қалыптастырады. Эстетикалық тәрбиенің
мәнін жаңадан түсіндіру ғылыми айналымға жаңа термин – «өнермен
тәрбиелеуді» енгізді, ол «эстетикалық тәрбие» терминімен барабар емес. 
Мектеп дамуының түрлі кезеңдерінде эстетикалық тәрбиенің тұлғаны
тұтасымен қалыптастырудағы роліне дұрыс баға бермеу, оның мектептегі және
тәрбие процесіндегі алатын орны туралы анық және нақты түсініктің болмауы
байқалды. Эстетикалық тәрбиенің қосалқы ролінің себебі мұғалімдердің
консерватизмі мен олардың эстетикалық цикл пәндерін жүргізуге деген
дайындығының болмауында болды. Қазіргі уақытта жастарға эстетикалық
тәрбие берудің ролі үнемі артуда. Бұл нақты факторлармен және себептермен
байланысты. Басты факторлардың арасынан халықтың өз санасының артуын,
рухани және мәдени тамырларға қайта оралуды ерекше атап кеткен жөн. 
Мектептегі эстетикалық тәрбие саласындағы қалыптасқан жағдайға әсер
ету үшін болашақ мұғалімдер ол оқу-тәрбие үдерісінің барлық жақтарын
қамтуы тиістігіне сенімді болуы тиіс. Қалай да болса тәрбиелеу – тек қана
адамды өнерге тартуды ғана емес, сонымен бірге, оның кез-келген істе – оқуда,
өндірісте, ғылым мен өнерде қажетті шығармашылық қабілеттерін оятуды
білдіреді. 
Қазақстанда эстетикалық және көркем тәрбие мәселелерін
А.Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, Н.Ғабдуллин, Ә. Марғұлан, М.Сильченко және
т.б. қозғап, қарастырған еді.
Біз қарастырып отырған мәселенің жалпы аспектісінде
М.Х.Балтабаевтың педагогикалық мәдениеттану мен Қазақстанның қазіргі
заманғы көркем мәдениетіне арналған зерттеу жұмысы қызығушылық
тудырады [8]. Онда ол мәдениеттану методологиясын педагогикалық аспектіде
береді, көркем мәдениеттің білім берудегі ролін ашады. Көркем-эстетикалық
үзіліссіз полимәдениетті білім беру мен тұлғаны тәрбиелеудің тұтас
педагогикалық теориясын негіздейді және осы негізде қазіргі тұлғаның көркем
мәдениетін қалыптастыру жүйесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жүйесін
даярлап, ұсынады.
Эстетикалық тәрбие беру – адамның шынайылыққа белгілі бір
эстетикалық қатынасын қалыптастыру. Эстетикалық тәрбие процесінде
тұлғаның эстетикалық құндылықтар әлемінде олардың белгілі бір нақты
қоғамдағы қалыптасқан сипаты туралы түсініктерге сәйкес бағыттылығы, бұл
құндылықтарды игеруі қалыптасады. Эстетикалық тәрбиемен бір уақыта
13


адамның эстетикалық қабылдау мен сезіну қабілеті, эстетикалық талғамы мен
идеалы, сұлулық заңдары бойынша шығармашылыққа, өнерде және одан тыс
(еңбек қызметі саласында, тұрмыста, әрекеттер мен тәртібінде) эстетикалық
құндылықтар жасауға деген қабілеті қалыптасады және дамиды. Осылайша,
эстетикалық тәрбие қарама-қайшылықтар бірлігін құрайтын екі негізгі
қызметке ие: тұлғаның эстетикалық-шығармашылық әлеуеттерін дамытудағы
эстетикалық құндылықты бағдарын қалыптастыру. Бұл қызметтер эстетикалық
тәрбиенің қоғамдық өмірдегі орнын, оның тәрбие қызметінің басқа түрлерімен
байланысын анықтайды. «Эстетикалық тәрбие» түсінігі эстетикалық тәрбие
теориясында жалпылама түсінік болып табылады. Ол оған тәуелді бірқатар
түсініктерді қамтиды. Олардың арасынан эстетикалық дамуды – адамда
эстетикалық түйсінудің, шығармашылық қиялдың, эмоционалдық сезінудің
белсенділігін қамтамасыз ететін мәндік күштердің, сондай-ақ рухани
қажеттіліктердің мақсатқа бағытталған қалыптасу процесі. Әрбір адамның
толыққанды эстетикалық дамуы – бұл асып кетушілік емес, тұлғаның жан-
жақты дамуының абсолютті қажетті құрамдаушысы, ол болмаған жағдайда
әлемге, адамдарға, табиғатқа деген қатынастың адамгершілік принциптерін
толық игеру болмайды және болуы мүмкін емес. Өз кезегінде, рухани және
адамгершілік даму қатаң реттелген эстетикалық тәрбие жүйесінсіз мүмкін
болмайды, ол индивидумның барлық пәндер, факультативтер мен үйірмелер
арқылы, қоршаған жағдайдың өзі, ұжымдағы қатынастар арқылы оқыту
үдерісінде эстетикалық дамуын талап етеді.
Эстетикалық тәрбие адамгершілік тәрбиемен сабақтасады, себебі
эстетикалық және этикалық құндылықтар (эстетикалық және этикалық, өнер
мен мораль) арасында бірлік бар. Сұлулық өзінің басқа тағайындалуымен қатар,
адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың реттеушісі ретінде де қызмет
атқарады, ол адамдар толық көлемде адамшыл болуына себін тигізеді.
Сұлулықтың арқасында адамдар жақсылыққа жақысылық идеясы олардың
моральдық санасымен саналы түрде қабылданғанға дейін ақ ұмтылады. 
Эстетикалық тәрбие шығармашылықтың түрлі салаларында қажет
болатын адамның барлық рухани қабілеттерін дамытады. Эстетикалық
тәрбиенің негізгі қызметтері арасындағы қайшылық адамның рухын
тәрбиелеуші эстетикалық «құндылықтар» өз мәні бойынша антигуманистік
болып (мысалы, қатыгездік, зорлықты үгіттеу) адамның шығармашылық
қабілеттерін дамытуды қажет етпей ғана емес, керісінше оларды барынша
бұзуға бағытталған кезде пайда болады. Егер тұлғаны нағыз эстетикалық адам
мен қоғамның бостандығы мен еркін дамуын қамтамасыз ететін құндылықтар
рухында қалыптастыру қажет болса, - онда эстетикалық тәрбиенің қызметтері
бір-бірімен үйлесімді байланыста болады. Себебі, шығармашылық қызмет
үдерісінде пайда болатын эстетикалық құндылықтарға қол жеткізу
шығармашылық сипатқа ие болмауы мүмкін емес. 
Эстетикалық тәрбие көптеген құралдармен жүзеге асырылады. Бұл адам
өмірінің тұрмыстық ортасында (тұрмыс эстетикасы), оның еңбек әрекетінің
жағдайы (өндірістік эстетика), адамгершілік қатынастардың, спорттың (спорт
14


эстетикасы) эстетикалық жағы және т.с.с. Тұлғаға мақсатты түрдегі
эстетикалық ықпал етудің аса маңызды факторы өнер болып табылады, себебі
онда эстетикалық қатынас жинақталады және материяланады. Өнер қоғамдық
сананың нысандарының бірі, эстетика, әлемді игерудің жоғарғы түрі болып
табылады. Оның ғасырлар бойы қашалған көркем туындыларды жасау заңдары
мен үнемі толықтырылып отыратын технологиясы және өз терминологиясы
бар. Және бұл жерде білімдерді беру мен игеру, кез келген әлеуметтік
тәжірибені тану секілді, «объективті, дұрыс, қатаң ғылыми білімердің негізінде
пайда болатын болуы тиіс» [21].
Сол себепті көркем тәрбие - өнерге деген қажеттілікті тәрбиелеу, оны
сезіну мен түсінуді, көркем шығармашылыққа қабілеттілікті дамыту – тұтастай
эстетикалық тәрбиенің бөлінбес бөлігін құрайды. Өнер призмасы өмірдің
эстетикалық құндылықтарын түйсінуді бағыттайды. Өнерге бет бұра келе, адам
шығармашылық әрекет зертханасына кіргендей болады. Басқаша айтар болсақ,
өнер эстетикалық тәрбиенің құндылықтық-бағыттаушы, шығармашылық
қызметтерінің жүзеге асырылуына қатысады. Сонымен бірге, өнер арқылы
эстетикалық тәрбиелеу тек қана көркем тәрбиеге сайып қана қоймайды. Ол
одан әлдеқайда кеңірек, себебі еңбектің, адамдардың тұрмысының, олардың
мінез-құлығының эстетикалық аспектілеріне, шынайылықтың өзіне деген
эстетикалық қатынастың қалыптасуына ықпал етеді, эстетикалық тәрбиенің
негізгі қызметтерінің арасындағы сәйкессіздіктің әлеуметтік негіздері – тұлға
мен қоғам мүдделерінің арасындағы антогонизмдер, себебі тұлға үшін оның
шығармашылық қабілеттерінің дамуы тура маңызға ие, ал қоғам үшін қоғамдық
тұтастықты нығайту үшін эстетикалық-құндылықтық бағыттылық маңызды. 
Тәрбие теориясы тұлға психологиясына негізделеді, ал оның қалыптасуы
әрекет барысында жүзеге асырылады. Сол себепті бастауыш сынып оқушысы
белгілі бір эстетикалық талғамдарды, көзқарастарды, идеалдарды игеру үшін ол
шынайы өмірде, адамдардың қарым-қатынастарында, мәдениетте, халық
өнерінде әсемдікті шындығында бақылауы қажет. Оқушыларға эстетикалық
тәрбие берудің икемдері мен дағдыларын игеру үшін ол өзінің өнер мен
эстетикалық тәрбие беру жөніндегі білімдерін тәжірибеде қолдануы керек.
Еңбек әрекетінде эстетикалық ықпал етудің тиісті жолдарын, құралдары мен
әдістерін таңдайды. Сөзсіз, тәрбие объектісі танымдық белсенділік көрсетіп, өз
рухани әлеуетін ашып, тәрбие процесінен шет қалмайды. 
«Эстетикалық нәрсе сезіну мен түйсіну адамның рухани өміріне жарық
пен қуаныш әкелетін, жоғары сезімдерді, ойлар мен қиялдарды тудыратын
жерде басталады. Эстетикалық ықпалдардың қуаты мен тәуелсіздігі бұл
ықпалдың қайнар көзі адамда тек қана идея, ойды тудырып қана қоймай,
сезіммен боялған ой тудыратындығында» [21,92].
Осылайша, біз эстетикалық тәрбие түрлі құралдармен жүзеге
асырылатындығын көреміз. Олардың барлығы бір-біріне ешбір шамада қайшы
келмейді, тек қана бір-бірін толықтырып, бір-бірімен сабақтасып отырады.
Эстетикалық тәрбие нәтижелерінің барлық саланы қамтитындығы оның рухани
әрекеттің түрлі тараптарына бағытталғандығынан көрінеді. Эстетикалық тәрбие
15


оның адамның оны қоршаған шынайылықпен байланыстарына қатысуы
бойынша әмбебап келеді. Эстетикалық бастау адамның өнерге деген
қатынасынан, өзі орындаған жұмыс ретінде, адамдармен күнделікті қатынастың
барысында көрініс табады. Эстетикалық сезім адамның адамгершілік, саяси,
идеологиялық қызметінен көрініс табады, оның шығармашылық жасампаздық
қабілеттерін дамытады. 
Біздің пікірімізше, эстетикалық тәрбиемен қатар, «эстетика» түсінігін
және оның кейбір категорияларын қарастыру қажет. 
Білімдердің белгілі бір саласын анықтайтын түсінік ретінде «эстетика»
атауы ғылыми айналымға неміс философы Баумгартенмен 18-ғасырдың
ортасында енгізілген, дегенмен эстетика ғылым ретінде одан бастау алады
деген қорытынды жасауға болмайды. Оның тарихы бағзы заманнан басталады
(эстетиканың өркендері ежелгі мифологиялық мәтіндерден көрініс табады).
Эстетиканың пәні тарихи жағынан жылжымалы және өзгермелі, ол қоғамдық-
тарихи тәжірибе процесінде дамып, күрделене түседі. Оның дамуының әрбір
жаңа кезеңінде адамның әлемге, өз-өзіне эстетикалық қатынасы туралы
қалыптасқан тұжырымдардың толық еместігі анықталады. Қоғамдық-тарихи
тәжірибемен үнемі байытылып отыратын, тарихи перспективада эстетика
мәселесі ашық болып қалады. Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде көркем
бастаудың адамдардың болмысы мен санасының түрлі салаларына кеңінен
енуіне байланысты шынайылықты эстетикалық игеру саласының өзінің бұрын
болмағандай кеңеюімен байланысты, табиғат пен өнерде эстетикалықтың
көрініс табудың дәстүрлі мәселелерімен қатар эстетикалық ғылымның
қызығушылық объектісіне көркем шығармашылық шектерінен шығып кететін
және техникалық эстетика, дизайн, заттық-кеңістіктік ортаны қалыптастыру
мен реттеуге бағытталған қызмет (ортаны эстетикалық ұйымдастыру)
мәселелерін, эстетикалық тәрбие беру мәселелерін, эстетикалықтың көрініс
табуының басқа салаларын, мысалы спортты (спорт эстетикасы) қамтитын
эстетикалық қызметтің интенсивті дамыған түрлері де кіреді. 
Егер бұрын эстетикалық теориялар тек қана өнер материалында дамыған
болса, қазір жағдайдың өзгергені сөзсіз. Эстетиканың табиғаттағы,
материалдық қызметтегі, рухани өмірдің түрлі саласындағы, тұрмыстағы,
демалыс саласындағы көрініс табуын жалпылайтын және түсініктік аппараты
бар ғылым ретіндегі эстетиканың құрылымы күрделене түсті және оның
құрамына салыстырмалы түрде дербес пәндер кіреді: көркем шығармашылық
теориясы, заттық орта дизайны мен оны игеру теориясы; эстетикалық тәрбие
беру теориясы. Дегенмен, олардың пәндерінің өзіндік ерекшеліктерінен ортақ
заңдылықтар байқалады эстетика тұтас ғылым ретінде оларды біріктіреді,
сондай-ақ салыстырмалы түрде дербес эстетикалық пәндердің кез келгенінің
метатоеориясы болып табылады. Эстетика зерттейтін негізгі мәселелердің
шеңберіне эстетикалық түйсіну, сезімдер, талғамдар, көзқарастар, идеал,
шынайы әрекеттегі және теориялық көріністегі эстетикалық сана кіреді. Терең
дәстүрге ие эстетиканың аса маңызды бөлімі болып категориялық аппаратты
зерттеу табылады. Эстетика категорияларында адамның шынайылыққа
16


эстетикалық қатынастары ашылып көрсетіледі және барынша жалпыланған
түрде көрінеді. 
Егер де эстетикалық түйсіну туралы сөз қозғайтын болсақ, ол қарапайым
эстетикалық эмоциялардан басталады, одан кейін қабылданатын эстетикалық
объектіні барабар объектілерден алынатын ұқсас сезімдік әсерлермен
салыстыру жүреді. Сонымен бірге, эстетикалық сезімдерде аталған эстетикалық
объектілердің утилитарлы емес мәні мен әлеуметтік-рухани ерекшеліктерін
түйсініп, суреттеу мүмкіндігін беретін адамның күрделі сезімдік тәжірибесі
шоғырланған. 
Эстетикалық сананың құрамдаушы бөлігі ретінде эстетикалық сезімдер,
оның дұрыс қызмет атқаруының шарты болып келеді, себебі «өнер
құбылыстары мен шынайы өмір заттарынан әсерлерді образдық жалпылау
атаулық жалпылаумен байланысты» [21]. Демек эстетикалық сезімнің
құрамында жеке және қоғамдық тәжірибеде бекітілген әсемдік туралы
түсініктердің негізіндегі шынайылық құбылыстарын бағалау кіреді. 
Эстетикалық сананың психологиялық негізі күмән тудырмайды.
Тұлғаның тілдік ойлауының қызмет етуімен байланысты эстетикалық сананың
(талғамдар, ой-пікірлер, көзқарастар, идеалдар, категориялар, теорияларды)
жоғары деңгейлерін дамыту тек қана дамыған эмоциялар, сезімдер мен
түйсінулер іргетасында ғана мүмкін болады. 
Адамның эстетикалық санасы қабылданатын ақпаратты бейнелейді,
өңдейді және оның мәніне сәйкес шынайылықты өзгертеді. Сол себептен
эстетикалық сананы әлем мен адам болмысын сезімдік образдарда эстетикалық
эмоциялар, түйсінулер, сезімдер мен тілдік ойлау процестерінің (ой-пікірлер,
көзқарастар, идеалдар, категориялар, теориялар) көмегімен психологиялық
саралаудың ортақ жүйесі ретінде қарастыруға болады. Басқаша айтар болсақ,
эстетикалық эмоциялар, түйсіну, сезімдер тұлғаның тұрақты қасиеттері болып
табылатын, «өзінде органикалық түрде сезімдік және рационалдылықты
біріктіретін жіәне эстетикалық бейнелеу процесінде сананың жоғары
деңгейлеріне ауысуды қамтамасыз ететін» тұлғаның эстетикалық қажеттіліктері
мен талғамдары өніп-өсетін негіз болып табылады .
Эстетикалық талғам эстетикалық объектілерді сезімдік-саналық түйсіну
қабілеті болып табылады. Оның құрамында эстетикалық объектінің
қасиеттеріне сезімдік-эмоционалдық жауаптың, сондай-ақ оның қасиеттері
туралы негізделген логикалық тұжырымның болуы эстетикалық талғам
мәселесіне арналған көптеген зерттеу жұмыстарында мойындалған [21].
Н.Б. Крылова эстетикалық талғам «әрбір индивидтің оны белсенді,
идеалға сәйкес өмірлік әрекетке ынталандыратын тарихи детерминделген
түсініктерінің негізінде өсетін тұлғаның сезімдік-рационалдық қалауларының»
жүйесі ретінде қалыптасады деп тұжырымдайды. Ол эстетикалық талғамның
қарама-қайшылықты сипатына ерекше көңіл бөледі, ол оның
жалпыламалылығында және жекелігінде, интуитивтілігі мен
логикалығынан, нормативтілігі мен оригиналдылығынан,
объективтілігі мен субъективтілігінен көрінеді. Тұлғаның
17


эстетикалық мәдениеті қаситтерінің кешендік көрінісі бола
келе, эстетикалық талғам өзінде адамның эстетикалық
тәжірибесін шоғырландырады, бағалау мен әрекеттерді
бағыттайды. 
Балалардың эстетикалық сезімдері олардың өміріне зор рөль атқарады.
Әсемдікті көре, түсіне жасай білу олардың рухани өмірін байытады,
қызғылықты етеді. Біз әр адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға
ұмтыламыз, сондықтан да, әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдігі, әсем нәрсені
сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және жексұрындықты,
сәулеттік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсінуге байланысты,
оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп әсемдікке
шынайы көзқарасы мен мұраттарының болуы керек екендігі шығады.
Адам өмірі мен табиғаттағы әдемілікті түсіну, бақылау, пайдалану үшін
сауатты, терең білімді болуы қажет, тіпті көркемөнер салаларын: әдебиетті,
музыканы, сәулет өнерін, живописьті, кино мен театр түсініп, олардан жанға
рухани азық, ләззат ала білу үшін де сезім-түйсігі ұшқыр, ақыл-ойы алғыр
білімді адам болуы керек. Сондықтан да келесі тармақшада
бастауыш
сыныптардың оқыту үдерісінде эстетикалық тәрбие беру
мүмкіндіктерін қарастырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет