Саммари-көлемді шығарманың қысқаша баяндалуы


Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай



Pdf көрінісі
бет18/30
Дата05.06.2024
өлшемі1.01 Mb.
#502326
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30
Абай жолы. САММАРИ

Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай, 
Қыстың басы бірі ерте, біреуі жай. 
«Ерте барсам, жерімді жеп қоям» деп, 


34 
Ықтырмамен күздеуде отырар бай! – деді де, күліп жібереді. Тәкежан 
мына өлеңді жойып тастауын ақырып айтады. Абай тағы да күлді де, 
өлеңді қаламмен өшіріп тастады. 
3 
Алғашқы қар жауып, ел қыстауларына көше бастады. Тәкежан 
жинатып қойған майяларды Дәркембайлар тасымақ болып еді, Тәкежан 
ауылы үстіне кеп қонады. Базаралы мен ел ірілері Тәкежанның алдына 
келіп, уәжін айтса, ол айтқанынан қайтпай тұрып алады. Осыдан кейін 
Базаралы Миялы, Байғабыл жатақтарынан қырық атты жинайды. Бұл топ 
Тәкежанға қарсы ұйымдастырылып жатқан еді. Шабудан алдын Базаралы 
каторгадаға орыс досы, қашуға көмектескен Кераланы есіне алады. Ішкі 
Россия жерінде елді сорлататын Тәкежандар иттен де көп екен. Керала 
Педот деген байдан қорлық көріпті. Педот көрші баймен ит 
жарыстырады. Педот оның итіне қызығып, айырбастауын сұрайды. 
Айырбастауға Кераланың он тоғыз жастағы Аксинья деген қарындасын 
береді. Екі бай Педоттың сарайында мас болып, жас қыздың намысына 
тимек болған кезде, Керала шыдай алмай байға балтаны лақтырып қалып, 
сарайды отқа орандырады. Сосын қарындасын алады да, орманға 
жасырынады. Бір айдай жасырынып жүріп, талай байлардың үйлерін 
жағып жібереді. Ақыры ұсталып өмірлікке каторгаға айдалған болатын. 
Базаралы сол Педотты Тәкежанға теңеп отыр. Жиналған жігіттердің он 
бесін Тәкежанның бар сегіз жүз жылқысын айдап кетуге бөледі. Базаралы 
мен Абылғазы қалған жиырма бес жігітті айқасуға ертеді. 
Түнде қар мол жауып, тізедей болып қалыпты. Тәкежан ауылы әді ұйқыда 
кезде, түгел жылқыны әлгі он бес жігіт айдап алып кетеді. Әзімбай оны 
байқап қалып, ақырады да жігіттер мен жылқышыларды атқа мінгізеді. 
Сосын оларға қарсы Базаралының тобы келеді. Шайқаста Базаралылар 
биік түседі. Әзімбай мен оның жігіттері аттарына айырылып, жаяу 
қалады. Ол кезде жылқыны айдаған жігіттер Ойқұдықтан өтіп, Ералыға 
детіп үлгеріпті. Тәкежан жылқылары жол-жолдаға кедей-кепшік 
ауылдарға таратылып жатты. Тек соғымдыққа. Жылқылар Шүйгінсу, 
Әзберген, Балпан, Қарауыл ауылдарынан бастап қалың Шыңғысқа шейін 
тарады. «Мал болып сіңбейді, ас болып сіңеді», - деп, шетінен сойылып 
жатты. 
4 
Қыстың қатты суығы кеп түскендей еді. Бірақ Тәкежан ауылы әлі 
күзеуде. Базаралының ерлігі кедейлерге қуаныштай болды. Бірақ артынан 
алып мүң келетін сияқты. Тобықтыдан талай арызшы шығып, қалаға 
барып-келіп жүрді. Тәкежан Майбасар мен болыс Күнтуды қатты зекіп, 
тыныштық бермейді. Сосын Күнту өзі Семейге барып, болыстықтан 
кетуге өтініш жазады. Ал Әзімбай болса ауылындаға малшыларға күнде 


35 
ақыруда. Қыстық ықтырма болмағаннан кейін, қойлар жүдеп, шет-шеттен 
шығып кете беретін еді. Сол себепті қалың боран болса да қойшылар 
тыста жүр. Иса (Иіс әженің баласы) енді жылынуға үйіне кіріп еді, 
ықтырмадан бір топ қой шығып кетеді. Артынан Әзімбай айқай салып, 
Исаны қойды қайтаруға жөнелтеді. Түн жамылардай сәтте Иса қойларды 
әрең табады. Сөйтсе, қойларға қасқыр шауып үлгерген екен. Айналады 
көздері жанып бес қасқыр жүр еді. Қасқырлар Исаны елемейді де, тіпті 
жанынан өтіп кетіп, қойлардың алқымынан алып жатады. Иса шоқпарын 
алып, үш қасқырдың шекесінен ұрып құлатады. Төртіншісін қайта-қайта 
соқса да құламайды. Өзі бір арлан екен. Бір сәтте Исаның қолынан 
шоқпары түсіп кетеді. Қолымен айқасып, қасқырды буындырып алады. 
Қанша күшеніп қысса да өлмейтін жан. Сол сәтте көрші кедей қаңбақ 
келіп қалып, қасқырдың өкпесіне пышақ қадап бітіреді. Исада әл 
қалмаған, суықтанып қалған болатын. Жаңағылардың бесіншісі бөлтірік 
болып шықты. Жалғыз қалғаннан кейін ғайып болып кетті. Қойларды 
жинақтап санаса, елудей қалыпты. Иса мен Қаңбақ екі-екіден қасқыр іліп, 
қойларды айдап қайтады. Исаның жаяу төрт қасқырды түсіруі, ел ішінде 
аңыздай таралады. Бірақ Исаның өзі қатты науқастанып қалған болатын. 
Әзімбай болса оған алғыс та білдірген жоқ. Тіпті олжалы қасқырларын да 
алып қойыпты. Төсекте оранып жатқанына алты күн болғанда ерлігі бар 
аяулы азамат қайтыс болады. Артында шешесі Иіс, әйелі мен Асан және 
Үсен деген балалары жылап қалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет