5. Жабық тендер өткізу тәсілімен сатып алу
85. Жабық тендер ол туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жүзеге асырылған жағдайда өткізіледі.
86. Жабық тендерді өткізу рәсімі жабық тендер тәсілімен сатып алу туралы ақпаратты жариялау туралы ережелерді қоспағанда, ашық тендер рәсіміне ұқсас.
87. Жабық тендер өткізу туралы әлеуетті өнім берушілерді хабарлау жабық тендерге қатысуға шақыру жіберу арқылы жүргізіледі.
6. Екі кезеңді тендер өткізу тәсілімен сатып алу
88. Тендерлер екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып:
1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық сипаттамаларын және өзіндік ерекшелігін тұжырымдау қиын болған;
2) мұқтаждықтарды қанағаттандырудың ықтимал жолдарымен таныстыру және олардың ең үздігін таңдау қажеттілігі болған;
3) тендердің екінші кезеңінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жүзеге асырылатын тендердің білікті қатысушыларының тізбесін тендердің бірінші кезеңінде қалыптастыру орынды болған жағдайларда өткізілуі мүмкін.
89. Екі кезеңді тендер тәсілімен сатып алу мынадай дәйекті іс-шараларды өткізуді көздейді:
1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
екі кезеңді тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу туралы Тапсырыс берушінің шешім қабылдауы, тендерлік комиссияның, қажет болған кезде сараптау комиссиясының (сарапшының) құрамын бекіту, тендерлік комиссияның хатшысыны белгілеу, тендерлік құжаттаманы бекіту;
ашық екі кезеңді тендер тәсілімен сатып алу өткізу туралы хабарландыруды жариялау не жабық екі кезеңді тендер өткізілген жағдайда, әлеуетті өнім берушілерге шақыртулар жіберу;
тендерлік құжаттаманы әлеуетті өнім берушілерге беру және тендерлік құжаттаманы алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу;
екі кезеңді тендердің бірінші кезеңіне (біліктілікті іріктеу) қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін тендерлік комиссия хатшысының қабылдауы және оны тіркеуі. Екі кезеңді тендердің бірінші кезеңіне (біліктілікті іріктеу) қатысуға өтінімдер бағалар көрсетілмей беріледі;
екі кезеңді тендердің бірінші кезеңіне (біліктілікті іріктеу) қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері салынған конверттерді ашу жөніндегі тендерлік комиссияның отырысы, әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері салынған конверттерді ашу хаттамасын ресімдеу;
екі кезеңді тендердің бірінші кезеңіне (біліктілікті іріктеу) қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін тендерлік комиссияның қарауы, тендерлік комиссияның әлеуетті өнім берушілерге білікті іріктеу жүргізуі, тендердің білікті қатысушыларының тізбесін қалыптастыру, екі кезеңді тендердің бірінші кезеңінің (біліктілікті іріктеу) қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеу, бірінші кезеңге (біліктілікті іріктеу) қатысқан әлеуетті өнім берушілерді оның қорытындылары туралы хабарлау;
2) екінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
қажеттілік болғанда, техникалық ерекшелікті (біліктілікті тапсырманы) нақтылауды қоса алғанда, тендерлік құжаттамаға өзгерістер енгізу;
тендердің білікті қатысушыларына нақтыланған тендерлік құжаттаманы және/немесе техникалық өзіндік ерекшелігін (техникалық тапсырманы) және тендерлік ұсынысты беруге шақыру жіберу;
тендердің білікті қатысушыларының тендерлік ұсыныстарын тендерлік комиссияның қарауы, тендердің қорытындыларын шығару, тендердің қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеу;
тендердің білікті қатысушыларын олардың қорытындылары туралы ақпараттандыру, ашық екі кезеңді тендердің қорытындылары туралы хаттаманы жариялау (жабық тендерді өткізу жағдайында, жариялау жүргізілмейді);
сатып алу туралы тендердің жеңімпазымен шарт жасасу.
90. Егер Қағидада өзгеше көзделмесе, екі кезеңді тендерді өткізу кезінде ашық тендер қолданылатын рәсімдер пайдаланылады.
7. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу
91. Егер Тапсырыс берушінің жылдық сатып алу жоспарында сатып алу үшін көзделген сома тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың есе мөлшерінен асып кетпесе, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырған жағдайда, осы тәсілді пайдалануға болады.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілін қолдану мақсатында тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың есе мөлшерінен аспайтын бөлікке қаржы жылы ішінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің біртекті түрлерін сатып алудың жылдық көлемін бөлшектеуге болмайды. Тапсырыс берушінің атынан Тапсырыс берушінің тікелей филиалы (өкілдігі) мұндай сатып алуды жүзеге асыруы талабымен, Тапсырыс беруші өзінің филиалының (өкілдігінің) қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырған жағдайға, осы талап қолданылмайды.
92. Тапсырыс беруші баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі аяқталған күнге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Тапсырыс берушінің веб-сайтына және Қор анықтаған веб-сайтқа мынадай ақпаратты:
1) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жоспарланған өткізілетін сатып алу – атауы, қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілген көлемі, орны, мерзімі және шарты туралы (қажеттілік болған кезде техникалық өзіндік ерекшелігі қоса беріледі), жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім берушімен сатып алу туралы шарттар жасау мерзімі;
2) әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын табыс етуінің басталу мерзімі туралы;
3) баға ұсыныстары бар конверттерді ашу рәсімін бастау орны, күні және уақыты туралы;
4) сатып алу туралы шарттың жобасын;
5) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүргізетін зат болып табылатын ҚҚС-ты есепке алмай, тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомалар туралы мәліметті қамтитын хабарландыруды орналастыруға міндетті.
93. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жүргізу:
1) отандық тауар өндірушілер;
2) Холдингтің тиісті тізілімінде тұрған мүгедектер ұйымдары (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедектер – жеке тұлғалар);
3) жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша отандық кәсіпкерлер арасында ғана сатып алу жүргізілетінін көздеуі мүмкін.
94. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын табыс етуі оның сатып алуды жүргізу туралы ақпаратта көзделген талаптарды сақтай отырып, тауарды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға келісім білдіру нысаны болып табылады.
95. Баға ұсынысы баға ұсыныстары тәсілімен сатып алулар туралы хабарландыруда көрсетілген конверттерді ашу рәсімі басталған уақытқа дейін мөр басылған конвертте беріледі. Әр әлеуетті өнім беруші әлеуетті өнім берушінің қолы және мөрімен (ол бар болған кезде) бекітілген тек бір баға ұсынысын бере алады, ол мынадай мәліметтер мен құжаттарды қамтуы тиіс:
1) әлеуетті өнім берушінің атауы, нақты мекенжайы;
2) жеткізілетін тауарлардың атауы, сипаттамасы және саны, орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің атауы мен көлемі;
3) тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны мен мерзімі;
4) тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсетумен байланысты оның шығыстарында қосылған ҚҚС есепке алмай тауарлар, жұмыстар, қызметтердің жалпы бағасы мен бірлігі үшін баға;
5) әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік тіркелу туралы куәлігінің көшірмесі;
6) лицензияның көшірмесі (егер сатып алу талаптарында міндетті лицензиялауға жататын қызмет деп болжанған жағдайда);
7) әлеуетті өнім беруші қол қойған техникалық ерекшелікті (егер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жүргізу туралы хабарландыруда техникалық ерекшелік және әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігін беру туралы талабы қамтылған жағдайда);
8) тауардың шығарылған сертификатының нотариалды куәландырылған көшірмесі (CT KZ нысандары) (егер сатып алу баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Қағиданың 93-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жүргізілген жағдайда).
96. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы бар мөр басылған конвертінің сыртқы бетінде мыналар көрсетілуі тиіс:
1) әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы;
2) сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген ұқсас мәліметтерге сәйкес келетін Тапсырыс берушінің атауы мен пошталық мекенжайы;
3) сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы берілген тауарлар, жұмыстар, қызметтердің атауы.
97. Белгіленген мерзім өткенге дейін баға ұсыныстары салынған конвертті берген әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер тиісті баға ұсыныстарын тіркеу журналына енгізілуге тиіс. Аталған мәліметтер журналға әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беруіне қарай хронологиялық тәртіппен енгізіледі.
98. Конверттерді ашу рәсімі басталған уақыттан соң берілген баға ұсыныстары салынған конверт қайтарылады және тіркеуге жатпайды.
99. Тапсырыс беруші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруларда көрсетілген күнде, уақытта және орында баға ұсыныстары салынған конвертті ашады, баға ұсыныстарын жариялайды.
100. Кез келген мүдделі тұлға конвертті ашқан кезде қатысу құқығына ие болады. Заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, конверттерді ашу аудио- және бейнежазбаға жазуға рұқсат етіледі.
Әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарымен қол қоя отырып танысу құқығына ие болады.
101. Тапсырыс беруші баға ұсыныстарында әлеуетті өнім берушілер өтініш берген бағаны жария етеді, әлеуетті өнім берушілердің қатысушы уәкілетті өкілдерін берілген баға ұсыныстарымен қол қойғыза отырып таныстырады.
102. Тапсырыс беруші баға ұсынысын салыстырады және ең төменгі баға ұсынысын берген әлеуетті өнім берушіні анықтайды. Егер ең төменгі баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім беруші табыс еткен болса, онда баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан ертерек түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
103. Мынадай жағдайларда әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы қабылданбауға тиіс, егер:
1) ол сатып алу үшін бөлінген сомадан асып кетсе;
2) әлеуетті өнім беруші тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің елеулі талаптарын, сондай-ақ сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің елеулі сипаттамасын ұсынған жағдайлардан басқа, әлеуетті өнім беруші сатып алу талаптарымен келіспесе не оны өзгертуді және (немесе) толықтыруды ұсынса;
3) ол Қағиданың 95-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмесе;
4) әлеуетті өнім беруші бірден артық баға ұсыныстарын ұсынға болса;
5) әлеуетті өнім беруші Холдингтің сенімсіз әлеуетті өнім берушілері (өнім берушілері) тізімінде тұрса.
104. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу мынадай:
1) 2-ден кем баға ұсынысы тапсырылған;
2) Қағиданың 103-тармағында көзделген негіздемелер бойынша баға ұсынымдары қабылданбай тастағаннан кейін, 2-ден (екіден) кем баға ұсынысы қалған жағдайда;
3) сатып алу туралы шарт жасаудан әлеуетті өнім беруші жалтарған жағдайда өтпеді деп танылады.
105. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың қорытындыларын Тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе оларға уәкілетті өзге тұлға бекіткен хаттама түрінде ресімделеді және әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуі тиіс. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындыларының хаттамасы мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) Тапсырыс беруші мен сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, олардың пошталық мекенжайы;
2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарлар, жұмыстар, қызметтерге өткізілген сатып алудың аты;
3) баға ұсыныстарын табыс еткен түпкілікті мерзім аяқталғанға дейін тізбекті ұсынымды, олар өтініш жасаған тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге арналған бағаны берген әлеуетті өнім берушілердің толық атауы;
4) бас тарту себептерін негізге ала отырып қабылданбай қалған баға ұсыныстары туралы;
5) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың жеңімпазы туралы.
Тапсырыс беруші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары бекітілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей қорытындылар туралы ақпаратты Тапсырыс берушінің веб-сайтына және Қор анықтаған веб-сайтта орналастыруға міндетті.
8. Ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықтарда және
тауар биржалары арқылы сатып алу
106. Ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта сатып алу сауда-саттық қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды нақты уақыт режимінде сатып алуды қамтамасыз ететін электрондық сауда жүйесі арқылы Тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе оларға уәкілетті өзге тұлғалардың шешімі бойынша жүзеге асырылады.
107. Ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта сатып алу электрондық байланыс құралдарын пайдалана отырып тауарларды сатып алу-сатуға арналған электрондық сауда-саттық қатысушыларының келісімі (шарты) негізінде сауда-саттық мәмілелерді жасау жолымен жүзеге асырылады.
108. Электрондық сауда-саттықтың қатысушылары мыналар:
тиісті ақпараттық жүйелері мен желілерді ұйымдастыру және басқарумен байланысты қызметтерді көрсететін тұлғалар (сатуға және сатып алуға арналған ұсыныстары бар электрондық құжаттарды алу, орналастыру, сақтау (делдал);
белгіленген тауарларды сатуға ұсынатын тұлғалар (сатушы);
тиісті тауарлардың әлеуетті сатып алушылары болып табылатын тұлғалар (сатып алушы) табылады.
Электрондық сауда-саттық қатысушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау сауда-саттық қызметінің субъектілеріне белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
109. Тауар биржалары арқылы тауарларды сатып алу тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, биржалық сауда-саттық қағидаларына сәйкес Тапсырыс берушінің бірінші басшысының немесе оларға уәкілетті өзге тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
9. Сатып алу туралы шартты жасасу
110. Сатып алу туралы шарт тендерлік құжаттамада немесе баға сұраныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жүргізу туралы хабарландыруда қамтылған сатып алу туралы шарттың жобасына сәйкес жасалады.
Бір көзден тәсілімен жасалатын сатып алу туралы шарт Қағиданың
114-116 және 121-122-тармақтарында көзделген талаптарға жауап беруі тиіс. Қағиданың 120-тармағында көзделмеген негіздемелер бойынша өзгерістер бір көзден сатып алу туралы жасалған шартқа енгізуге жол берілмейді.
Сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасының бейрезидентімен жасалатын болса, онда Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын есепке ала отырып олар ұсынған нысанда сатып алу туралы шартты ресімдеуге рұқсат етіледі.
111. Сатып алу туралы шарттың бағасы тендер жеңімпазы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҚҚС төлеушісі болып табылмайтын немесе ҚҚС салынбай жеткізілетін тауар, орындалатын жұмыс, көрсетілетін қызметтің баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жағдайларын қоспағанда оған ҚҚС есептей отырып, тендер жеңімпазы ұсынып отырған немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу бағасын қамтуы тиіс.
112. Тендер немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы шарт сатып алу қорытындылары туралы хаттамада көрсетілген, бірақ қорытындылар туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жасалады.
113. Тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді сатып алу туралы шартта тендерге қатысуға берген өтінімде жеткізуші көрсеткен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің қазақстандық қамту үлесі СТ-KZ нысанындағы тауардың шығу сертификатына, өтініш-декларацияға, кепілдік міндеттемеге және қазақстандық қамту үлесі бойынша міндеттерді орындамағаны үшін 5%, сондай-ақ қазақстандық қамтудың шарттың жалпы құнының әрбір орындалмаған 1%-на 0,15% мөлшерінде айыппұл түріндегі жауапкершілігі қамтылуы тиіс.
Сатып алу туралы шартта тапсырыс берушінің бір жақты тараппен шартты орындаудан бас тарту және әлеуетті өнім берушінің/өнім берушінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің қазақстандық қамту үлесі жөніндегі анық емес ақпарат берген жағдайда шығындарды өтеуді талап ету құқығы қарастырылуы тиіс.
114. Егер шарт Холдингтің тиісті тізіліміндегі мүгедектер (жеке тұлғамен – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедекпен) ұйымымен, сатып алынатын тауарды отандық өндірушілермен жасалса, шарттың талаптары шартты жасаған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей төленуі тиіс шарт сомасынан кемінде 30% мөлшерінде алдын ала төлем жүргізуді қарастыруы тиіс.
Сатып алуды ұзақ мерзімді сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес жүзеге асырған жағдайда, шарттың талаптарында ұзақ мерзімді шарттың қолданылуының келесі 12 (он екі) айында тауарды жеткізіп беру үшін қарастырылған ұзақ мерзімді шарт сомасының 30%-нан кем емес көлемінде алдын ала төлем төлеу қарастырылуы тиіс.
115. Тапсырыс беруші есепті, оның ішінде шарт бойынша нақты есепті тараптардың тиісті актіге (лерге) қол қойған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асыруға тиіс.
116. Тапсырыс беруші сатып алу туралы енгізілген шартты орындауды қамтамасыз етуді жеткізушіге сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісті орындау күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қайтарады.
Тапсырыс беруші егер сатып алу туралы шартты тиісті түрде орындаған немесе өнім беруші шарттық міндеттемелердің орындалмауымен байланысты бұзған болса, сатып алу туралы енгізілген шартты орындауды қамтамасыз етуді қайтармайды.
117. Сатып алу туралы шарт Қағиданың 114-116-тармақтарын бұзғаны үшін Тапсырыс берушінің жауапкершілігін көздеуі тиіс.
118. Әлеуетті өнім беруші тендерлер қорытындылары туралы хаттама немесе баға ұсыныстары сұрату тәсілімен сатып алу хаттамасында белгіленген мерзімдерде Тапсырыс берушіге сатып алушы туралы қол қойылған шартты ұсынбаған немесе шартты жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етпеген жағдайда, онда ондай әлеуетті өнім беруші сатып алу туралы шартты жасасудан бас тартқан деп танылады.
Сатып алу туралы шартты жасасудан бас тартқан әлеуетті өнім беруші танылған жағдайда Тапсырыс беруші оларға қамтамасыз етуге берілген өтінімдерді ұстап қалады және Холдингтің сенімсіз әлеуетті өнім берушілері (жеткізушілер) тізбесіне осындай жеткізуші туралы мәліметтерді енгізу үшін сатып алу мәселелері бойынша уәкілетті органға тиісті ақпаратты белгіленген тәртіппен жібереді.
119. Сатып алу туралы шарттың жобасына өзгерістер енгізуге мынадай өзара байланысты талаптар сақталған жағдайда:
1) тараптардың бірі сатып алу туралы шарттың жобасына өзгерістер енгізуге бастамашылық жасаса;
2) өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтін талабы жағдайында сатып алу туралы шарт жобасының сомасын азайту бөлігіне өзгерістер енгізуге жол берілсе;
3) сатып алу туралы шарт сомасын азайту бөлігіне өзгерістер енгізу туралы шешім тараптардың өзара келісуі бойынша қабылданса жол беріледі.
Осы тармақта көзделген талаптарды сақтамай сатып алу туралы шарттың жобасына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
120. Сатып алу туралы жасалған шартқа өзгеріс енгізуге төмендегі жағдайларда жол беріледі:
-
Тараптардың тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге бағаны және егер сатып алу туралы шартты орындау үдерісінде осындай сатылып алынатын тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге баға төмендесе, сатып алу туралы шарттың тиісінше сомасын төмендетуге өзара келіскен жағдайда;
-
Сатып алу туралы шарт сомасын арттыру бөлігінде, сондай-ақ егер мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаға өзгерістер енгізілсе және белгіленген тәртіппен осындай өзгеріс сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданған болса, шарттың орындалу мерзімін тиісті өзгерту бөлігінде;
-
Сатылып алынатын тауарлар, жұмыстар, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жұмыстан басқа қызметтер көлемінде қажеттілікті азайтумен немесе арттырумен байланысты сатып алу туралы шарттың сомасын азайту немесе арттыру бөлігінде, сондай-ақ сатып алу туралы жасалған шартта көрсетілген тауардың, жұмыстың, қызметтің бір бірлігіне баға өзгермеген жағдайда шарттың орындалу мерзімін тиісті өзгерту бөлігінде. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу туралы жасалған шартты осылай өзгерту осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу жоспарымен сатып алу үшін көзделген сомалар шегінде жол беріледі;
-
егер жеткізуші онымен тауарды сатып туралы жасаған шартты орындау үдерісінде тауардың бір бірлігіне баға өзгермеген жағдайда сапалы және (немесе) техникалық сипаттағы не болмаса онымен жасалған тауарды сатып алу туралы шарттың мәні болып табылатын тауарды жеткізу мерзімі және (немесе) талаптарын ұсынды;
-
сатып алу туралы шарттың сомасын салық, кеден және басқа да салаларда заңнаманың өзгеруімен туындаған кейінгі жылдары аяқталу мерзімімен жұмысты орындауға соманы азайту немесе арттыру бөлігінде, сондай-ақ мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамадағы тиісті өзгерістерді енгізген жағдайда жылдар бойынша қаржыландыру өзгерген жағдайда шарттың орындалуын тиісті өзгерту бөлігінде;
-
салық, кеден және басқа да салаларда заңнаманың өзгеруімен туындаған тауарларды жеткізуге, қызметтерді көрсетуге сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарттың сомасын азайту немесе арттыру бөлігінде, сондай-ақ жылдар бойынша қаржыландыру өзгерген жағдайда шарттың орындалу мерзімін тиісті өзгерту бөлігінде. Осындай өзгеріс шарттың бір жыл және жылына бір реттен аспайтын әрекет етуі бойынша жол беріледі;
-
шикізаттың және (немесе) тауарды өндіру үшін қажетті жинақталымдардың құнын елеулі түрде өзгертумен туындаған тауардың бағасын, сондай-ақ тауардың баға түзіліміне әсер ететін тарифтерді азайту ннемесе ұлғайту салдарынан отандық тауар өндірушімен жасалған тауарды жеткізуге арналған сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарттың сомасын азайту немесе ұлғайту бөлігінде. Осылай өзгеріс енгізу шарттың бір жыл және жылына бір реттен аспайтын әрекет етуі бойынша Қор Басқармасы белгілеген еншілес ұйымның атынан Сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті органның бағалы маркетингілік қорытындысы негізінде тараптардың өзара келісімі бойынша жол беріледі.
-
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағаларды, тарифтерді, алымдарды және төлемдерді өзгертумен байланысты сатып алу шартының сомасын азайту немесе көбейту бөлігінде. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу жөнінде жасалған шартты осылай өзгертуге сатып алу жобасында бұл тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін қарастырылған сома шегінде рұқсат етіледі.
121. Сатып алу туралы шартқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар шарттың ажырамайтын бөлігі болып табылатын шартқа қосымша жазбаша келісім түрінде ресімделеді.
122. Сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа Қағиданың 119 және 120-тармақтарында көзделмеген өзге де негіздер бойынша өткізілетін (өткізілген) сатып алу шарттарының мазмұнын өзгертетін өзгерістер және/немесе өнім берушіні таңдауға негіз болған ұсыныстар енгізуге жол берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |