"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлiк қоғамының еншiлес және тәуелдi ұйымдары акцияларының пакеттерiн бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасын бекiту туралы


Негiзгi тәуекелдер және оларды төмендету жөнiндегi iс-шаралар



бет3/4
Дата22.02.2016
өлшемі0.56 Mb.
#1325
1   2   3   4

6. Негiзгi тәуекелдер және оларды төмендету жөнiндегi iс-шаралар

      Әрбiр Кандидат компаниялардың акцияларын бастапқы орналастыру жүргiзудi iске асыру табыстылығы iшкi де, сондай-ақ сыртқы да факторлар санының көп болуына байланысты болады. «Халықтық IРО» бағдарламасы мынадай негiзгi тәуекелдердi, оны iске асыруға iлесушiлердi және оларды төмендету жөнiндегi iс-шараларды ескередi.


      1. Акциялар бағаларын елеулi төмендету тәуекелдерi
      Акциялар бағаларының шамадан тыс өзгермелiлiгi9 және елеулi түрде құлдырау кәсiптiк емес бөлшек инвестор үшiн шығындарға қатысты тәуекелдiң негiзгi көздерi болып табылады.
      Бағдарламаға қатысу үшiн операциялық қызметтен барынша тұрақты және болжанатын ақша ағындары бар компаниялар ғана қабылданатын болады. Осындай iрiктеу әлемдiк нарықтарда жоғары өзгермелiлiк кезеңiнде бағалар елеулi түрде құлдырағаннан кейiн акцияларды сату үрдiсi бар кәсiптiк емес бөлшек инвесторлардың бiршама шығындарының тәуекелiн мейлiнше азайтуға мүмкiндiк бередi.
      Акциялар бағаларының жоғарғы түрде өсу кезеңiнде қосымша өтiмдiлiктi және оларды негiзсiз төмендету кезiнде жеткiлiктi сұранысты қамтамасыз ететiн инвестициялаудың ұзақ мерзiмдi деңгей жиегi бар iрi институционалды инвесторлар болып табылатын жинақтаушы зейнетақы қорлары акциялар бағаларының өзгермелiлiгiн төмендету бойынша ерекше рөл атқаратын болады.
      2. Қажеттi реформаларды iске асыруды кейiнге қалдыру тәуекелi
      Бағалы қағаздар нарығында «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларының акцияларын орналастыру мерзiмi Қазақстан Республикасының бiрқатар нормативтiк және құқықтық актiлерiне өзгерiстер енгiзу мерзiмдерiне, бiрақ олармен шектемей, оның iшiнде тарифтiк реттеуге, өзгерiстер мен толықтыруларға, сондай-ақ инфрақұрылымды жетiлдiруге байланысты болады. Осыған орай, осыған ұқсас реформаларды iске асыру бiршама уақыт алады, оларды орындау қысқа мерзiмде болуы мүмкiн.
      Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және барлық мүдделi министрлiктердiң, ведомстволар мен басқа да мемлекеттiк органдардың тарапынан қажеттi реформаларға мерзiмдi және басым мәртебе беру туралы шешiм қабылданатын болады. Кандидат компаниялар мен Қор тарапынан IРО дайындау және жүзеге асыру үшiн қажеттi персонал бөлiнетiн болады.
      3. Инвесторлардың шектелген тобы арасында акцияларды орналастырудың шоғырландыру тәуекелi
      Акциялардың орналастырылуын жүзеге асыру кезiнде «Халықтық IРО» бағдарламасына қатысуға халықтың тең және әдiл қолжетiмдiлiгi қамтамасыз етiлетiн болады.
      Тең қолжетiмдiлiк брокер және бүкiл ел бойынша бөлiмшелердiң тарамдалған желiсi бар брокерлiк қызметтердiң трансфер-агентi ретiнде «Қазпочта» АҚ-ны тарту есебiнен елдiң барлық өңiрлерiн қамту арқылы қамтамасыз етiлетiн болады.
      Кандидат компаниялардың акцияларын бастапқы орналастыру барысында жеке тұлғалардың шотын ашуға арналған брокерлердiң тарифi және акцияларды сатып алу бойынша транзакция бөлiгiн өтеу тетiгi пысықталатын болады, Бағдарламаға қатысу үшiн халықтың барлық жiктерiне тартымды әрi тең жағдайлар жасалады.
      Жеке тұлға сатып алуы мүмкiн акциялардың барынша көп саны бойынша шектiң болуы табыстың және әл-ауқаттың әртүрлi деңгейi бар халықтың қолдағы жинаған инвестициялауға әдiл мүмкiндiк бередi.
      4. Қолайсыз нарықтық конъюнктура тәуекелi
      IРО жүргiзу сәтiнде әлемдiк және өңiрлiк қаржылық нарықтар жағдайының маңыздылығын назарға ала отырып, орналастырудың нақты мерзiмдерi жоспарланатын мерзiмдерден ерекшеленетiнiн ескеру қажет.
      «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Директорлар кеңесi Қордың еншiлес ұйымдарының ұсынысы бойынша әлеуеттi инвесторлар тарапынан орналастырудың қолайлы бағасын алуды және жеткiлiктi сұранысын ескере отырып, акцияларды орналастыру үшiн «терезе» таңдайтын болады.
      5. Қаржылық сауаттылықтың және инвестиция беру жариялылығының жеткiлiксiз деңгейiнiң тәуекелi
      Қаржылық сауаттылық пен бағалы қағаздар нарығының, транзакциялық шығындар және салықтық салдарлардың жұмыс iстеуi туралы жариялылықтың төменгi деңгейi халық тарапынан жеткiлiксiз сұраныс түрiнде жағымсыз нәтижелерге немесе бiлiктi емес шешiмдердi қабылдау нәтижесiнде елеулi шығындарға алып келуi мүмкiн.
      Бағдарламаның бiлiм беру бөлiмi әлеуеттi инвесторлардың барынша көп санын қамтиды, бұл ретте инвестор көтеретiн барлық тәуекелдер мен салықтық салдарлар туралы ақпаратты қамтитын болады. Бiлiм беру науқанының басы халықты инвестициялық қызмет туралы дағды мен бiлiмге оқыту үшiн жеткiлiктi уақытпен қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылғы 4-тоқсанның басында берiлетiн болады.
_______________
9 Өзгермелiлiк - белгiлi iр уақыт кезеңi iшiнде оның орташа мәнiне салыстырмалы түрде бағалы қағаз бағасының өзгергiштiк дәрежесi

7. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар

      «Халықтық IPO» бағдарламасының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ел тұрғындары үшiн жинақ ақшаны инвестициялау мен әртараптандырудың қосымша құралын құру болып табылады. Негiзгi әлеуметтiк-экономикалық аспектiлердiң арасында осы мiндеттi мыналарға бөлуге болады:


      бөлшек инвесторлардың кең шеңберiн тарту;
      Кандидат компаниялардың акцияларына бағаның жоғары ауытқуын болдырмау;
      бөлшек инвесторлар үшiн бағалы қағаздар нарығында инфрақұрылымдық және заңнамалық шарттар жасау;
      Жоғарыда көрсетiлген факторларды назарға ала отырып, бөлшек инвесторлар тарапынан сұранысты ынталандыруға, IРО жүргiзгеннен кейiн Кандидат компаниялардың акцияларына бағаның ауытқуын азайтуға, инфрақұрылымды қайта құруға және «Iс-шаралар жоспарының» 2-қосымшасында көрсетiлген заңнаманы жетiлдiруге бағытталған бiрқатар шаралар қабылдау қажет.

Бөлшек сұранысты ынталандыру

      Халықты «Халықтық IРО» бағдарламасын iске асыру үдерiсiне тартудың негiзгi тетiгi Кандидат компаниялардың акцияларын сатып алу кезiнде ынталандыру және көтермелеу жүйесiн бөлшек инвесторлар үшiн құру болжанып отыр.
      Бөлшек инвесторларды көтермелеудiң мынадай әдiстерi болуы мүмкiн:
      а. Акцияларды сатып алуды көтермелеуге және бөлшек инвесторлардың кең шеңберiн қамтуға бағытталған тетiктер:
      1. Егер акцияға сұраныс ұсыныс көлемiнен асып кеткен жағдайда, акцияларды бағалы қағаздар нарығында орналастырғанға дейiн алдын ала тiркеу бойынша өтiнiм берген инвесторлардың пайдасына орналастыру кезiнде акцияларды басымдықпен бөлу;
      2. Инвесторлардың әртүрлi топтары арасында акцияларды қайта бөлу мүмкiндiгi, яғни инвесторлар топтары бiрiнiң тарапынан акцияға жоғары сұраныс болған жағдайда, акциялардың қосымша саны белгiленген мерзiмнен кейiн инвесторлардың басқа топтары үшiн ұсыныстар қайта бөлiнуi мүмкiн. Осы шара акцияларды орналастыру кезiнде инвесторлардың кейбiр топтарында сұраныс пен ұсынысты реттеуге мүмкiндiк бередi.
      3. Акцияларды бiрiншi орналастыру жүргiзу кезiнде бөлшек инвесторлар үшiн брокерлiк қызмет көрсетуге жеңiлдiктi тарифтер (мұндай жеңiлдiктердi беруге келiскен брокерлiк компанияларда);
      4. Бiр инвестордың қолында акциялардың үлкен пакетi шоғырлануын болдырмау мақсатында, әрбiр бөлшек инвестор үшiн Кандидат компаниялар акцияларының барынша ықтимал пакетiн сатып алу бойынша шектеулер.
      б. Акциялар ұстауды көтермелеуге бағытталған тетiк:
      1. Бұрын белгiленген тiркелген кiрiстi (дивидендтi) мерзiмдi төлеудi көздейтiн артықшылығы бар акцияларды пайдалану. Бұл тетiктi Кандидат компаниялардың ұсынысы бойынша Қордың Директорлар кеңесi мақұлдайды.
      Көтермелеу әдiсiн анықтаған кезде нарықты алдын ала зерттеудiң маңызды рөлiн атап өткен жөн. Зерттеу мақсаты, бұдан басқа, кiрiстiлiктiң күтiлген деңгейi, көтермелеу әдiсi, әлеуетi жоғары сұраныс топтарының демографиялық, географиялық және экономикалық сипаттамасы болуы мүмкiн.
      Бұдан өзге, көтермелеу әдiстерi мен көлемiн таңдау кезiнде құқықтық және нормативтiк, оның iшiнде салық салу саласындағы мәселелердi назарға алу қажет, өйткенi осы аспектiлер нақты көтермелеу әдiсiн iске асыруға, сондай-ақ таңдалған әдiстi басқаруға акционерлер мен Кандидат компаниялардың дайындық деңгейiне әсер етедi. Осыған байланысты, көтермелеу мен ынталандырудың нақты түрлерiн таңдау акцияларды бағалы қағаздар нарығында орналастыруға дайындық кезiнде әрбiр Компания үшiн дербес анықталатын болады.

Инфрақұрылымдық қайта құрулар



      Бағалы қағаздар нарығының қолданыстағы инфрақұрылымы бiлiктi қызметкердi, тиiстi жүйелердiң болуын қоса алғанда қажеттi ресурстармен қамтамасыз етiлуi қажет, ол клиенттiк бұйрықтардың дәл әрi уақытында орындалуын қамтамасыз ету үшiн барлық талаптарға жауап беретiн болады.
      Атап айтқанда, орталық депозитарий, брокерлер, тiркеушiлер, трансфер-агенттер инфрақұрылымы мен нормативтiк базасын жетiлдiру жөнiндегi шаралар қатарын жүзеге асыруы қажет.
      Орталық депозитарий
      Орталық депозитарий ұсынатын қызметтердiң үздiксiз жұмыс iстеуiн және сапасын қамтамасыз етуге бағытталған бiрiншi кезектi iс-шаралар мынаны қамтиды:
      1) инвесторларға берiлетiн деректердi өңдеу үдерiсiн жеделдету мақсатында бағдарламалық шешiмдердi енгiзу арқылы деректердi енгiзу бойынша қолмен атқарылатын жұмыстар көлемiн қысқарту;
      2) клиенттерге шоттарды ашу үдерiсiн жылдамдату және деректердi өңдеу көлемiн ұлғайту мақсатында орталық депозитарийдiң жұмыс iстеп тұрған жүйесiн дербес сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiмен бiрiктiрудiң орындылығын қарау;
      3) бағалы қағаздар аударымдарын тиiмдi тiркеу, ақпаратты уақытылы беру, қателiктi азайту және т.б. үшiн бұйрықтарды өңдеу қызметiн автоматтандыру;
      4) жұмыс iстеп тұрған жүйелердiң сенiмдiлiгiн арттыру;
      5) кiтаптарды қалыптастыру үдерiсiн («бук-билдинг») ҚҚБ-ға енгiзу барысында орталық депозитарийдiң ҚҚБ сауда жүйесi мен есеп жүйесi арасындағы өзара iс-әрекеттi жолға қою және тексеру.
      Кейiннен шетелдiк инвесторлар тарапынан мүдденiң өсуi және капитал нарықтарында белсендiлiктi арттыру пайымдауларына негiзделген жүйенi одан әрi жетiлдiру шаралары қаралуы қажет. Атап айтқанда, орта мерзiмдi перспективада халықаралық клирингтiк және есеп айырысу ұйымдарымен (мысалы Еuroclear және Clearstream) ынтымақтастық орнауы қажет, ол халықаралық қатысушылар үшiн ынтымақтастықтың ыңғайлы платформасын қамтамасыз етуге көмектеседi.
      Брокерлiк компаниялар, трансфер-агенттер
      Қазақстандық брокерлердiң белсендi қатысуы бөлшек сұранысын нығайту үшiн қажет болды, оның нәтижесiнде бөлшек инвесторлар брокерлiк компаниялар арқылы өз тапсырыстарын орналастыратын болады. Бұдан басқа, «Халықтық IРО» бағдарламаны бiрiгiп iске асыруға мүдделi брокерлiк компанияларды тарту арқылы Кандидат компаниялардың акцияларын орналастыру кезiнде бөлшек инвесторлар үшiн жеңiлдiктi брокерлiк қызмет көрсету мүмкiндiгiн беру қажет.
      Негiзiнен брокерлiк компаниялар өз қызметiн Алматы қаласында жүзеге асыратынын және халықты кеңiнен қамту үшiн филиалдарының өңiрлiк желiсiнiң болмауын ескере отырып, трансфер-агенттiк қызметтi жүзеге асыратын және өңiрлерде тармақталған филиалдық желiсi бар компанияларды тарту қажет.
      Атап айтқанда, брокерлiк және трансфер-агенттiк қызметтер көрсету лицензиясы, сондай-ақ бүкiл елде 306 бөлiмшеден тұратын тармақталған өңiрлiк желiсi бар «Қазпочта» АҚ акцияларды таратудың әлеуеттi арнасы ретiнде қаралуы мүмкiн. Сонымен қатар, «Қазпочта» АҚ-да көрсетiлетiн қызметтер сапасын арттыру мақсатында автоматтандыру үдерiсiн, iшкi бақылауды, жүйелердiң сенiмдiлiгiн, қызметкердiң бiлiктiлiгiн жақсарту және басқалар жөнiнде жұмыстар жүргiзiлуi қажет.
      Тiркеушiлер
      Бағалы қағаздардың биржадан тыс нарығында акциялардың айналымы кезiнде бөлшек инвесторлар иелiк етуi ОД мен брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың бағалы қағаздарын есепке алу жүйелерiмен ғана шектемей оларға тиесiлi акцияларға, сондай-ақ бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерiн жүргiзу жүйесiнде мәмiлелердi тiркеу жолымен тiркеушi арқылы акциялар бойынша мәмiле жүргiзуi мүмкiн.
      «Халықтық IРО» бағдарламасы шеңберiнде акцияларды бiрiншi орналастыру сәтiне акцияға меншiк құқығын тiркейтiн және эмитент акционерлерiнiң жалпы жиналысына қатысуға құқық беретiн құжаттың бiрыңғай пiшiмiн әзiрлеу және енгiзу қажет.
      Сонымен қатар, тiркеушiлер қызметтерiнiң сапасын арттыру мақсатында шотты ашу рәсiмдерiн қайта қарау және оңайлату, бағалы қағаздармен мәмiлелер жүргiзу, сондай-ақ қолмен iстелетiн жұмыстарды азайту жөнiнде жұмыстар жүргiзiлуi тиiс.
      Қазақстандық қор биржасы
      Қысқа мерзiмдi перспективада қабылданатын шаралар, бiрiншi кезекте, сауда-саттық және өтiмдiлiк көлемiн, сауда жүйесiнiң сапасын арттыруға, құқықтық қорғау тетiктерiн жетiлдiруге байланысты ҚҚБ мәселелерiн шешуге бағытталуы қажет. Атап айтқанда, мыналарды қабылдау қажет:
      1) «Халықтық IРО» бағдарламасы шеңберiнде қолданыстағы инфрақұрылымды жақсарту жөнiндегi ұсыныстарды енгiзу бойынша кешендi шаралармен қатар ҚҚБ-да листинг өткiзуге қазақстандық эмитенттердi ынталандыру мақсатында құқықтық талаптардың жаңа қағидасын әзiрлеу;
      2) «Халықтық IРО» бағдарламасы шеңберiнде мәмiлелерге қызмет көрсету үшiн бөлек сервер ашу;
      3) бөлшек инвесторлар арасында орналастыру үдерiсiн тиiмдi жүргiзу шеңберiнде, өтiнiмдер кiтабын (бук-билдинг) қалыптастыру тәртiбiмен сауда-саттықты ұйымдастыру қағидасын толықтыру.
      Қысқа мерзiмдi мiндеттердi iске асыру бағалы қағаздар нарығында Кандидат компаниялардың шығу сәтiне, яғни 2012 жылғы 1-тоқсанда аяқталуы қажет.
      Биржалық инфрақұрылымды жетiлдiру жөнiндегi орта мерзiмдi шараларды iске асыру шеңберiнде жұмыс мынадай бағыттарға шоғырланатын болады:
      1) брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың тiкелей қатысуынсыз ҚҚБ сауда-саттық жүйесiне тiкелей қол жеткiзу жүйесiн одан әрi жетiлдiру;
      2) нарық қажеттiлiктерiне сүйене және қабылданатын инвестициялық шешiмнiң салымдары мөлшерi мен тиiмдiлiгiн ескере отырып, ұзақ мерзiмдi перспективада халықаралық тәжiрибеге сәйкес сауда-саттық жүйесiн жаңғырту;
      3) жиiлiгi жоғары трейдингтiң10 пайда болуына қарай инфрақұрылымды дайындау.
_______________
10 Уақыт бiрлiгiнде бағалы қағаздармен барынша көп мәмiлелер жүзеге асырылатын биржадағы сауда-саттық тәсiлi

Нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер енгiзу

      3.3-тармақта айтылған құқықтық тосқауылдарды болдырмау мақсатында мынадай саланы реттейтiн заңнамаға өзгерiстер енгiзiлетiн болады: жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, темiр жол көлiгi, электр энергетикасы, көлiк, стратегиялық объектiлер, Ұлттық әл-ауқат қорының құқықтық ережелерi.
      Қазақстан Республикасы азаматтарының «Халықтық IРО» бағдарламасына қатысуын ынталандыру мақсатында мына салаларды реттейтiн заңнамаға да өзгерiстер енгiзiлетiн болады: бағалы қағаздар нарығы, оның iшiнде «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншiлес және тәуелдi ұйымдарының акцияларын сатып алуға шетелдiк жеке тұлғалар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтарын шектеу жөнiнде, акционерлiк қоғамдардың қызметi, мемлекеттiк қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.
      Акцияларды орналастыру мәселелерi бойынша заңнамаға түзетулер жеке және институционалдық инвесторларға жағымды әсер еткендiктен, iрi отандық компаниялардың транспаренттiлiгiн және бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi, оларды енгiзу үдерiсi 2011 жылғы қарашаның ортасынан кешiктiрiлмей аяқталатын болады.

Ақпараттық-түсiндiру науқаны



      «Халықтық IРО» бағдарламасының маңызды элементтерiнiң бiрi ақпараттық-түсiндiру науқанын жүргiзу болып табылады.
      Осы науқанның мақсаты – Бағдарламаны халыққа жеткiзу және мақсатын, оны iске асыру тетiктерiн түсiндiру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының қаржы-инвестициялық сауаттылығын арттыру.
      Мiндеттерi:
      1. Бағалы қағаздар нарығының жұмыс iстеу қағидаттарын, үлестiк қаржы құралдарына инвестициялау пайдасы мен тәуекелiн қазақстандық қоғамда түсiнуге қол жеткiзу;
      2. «Халықтық IРО» бағдарламасын iске асырудың бүкiл кезеңi iшiнде оған қоғамда оң көзқарасты ынталандыру және қолдау;
      3. Әлеуеттi бөлшек инвесторлардың барынша кең тобын бағдарламаға қатысуға (акцияларды сатып алуға) тарту.
      Алға қойылған мiндеттерге қол жеткiзу үшiн екi дербес бағыт ретiнде Ақпараттық-бiлiм беру және Маркетингтiк науқан iске асырылатын болады.
      1. Ақпараттық-бiлiм беру науқаны.
      Осы науқан шеңберiндегi жұмыс мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының қаржы-инвестициялық сауаттылығы деңгейiн арттыру, бағалы қағаздар нарығындағы операцияларға қатысуға азаматтардың көпшiлiк мүддесiн ояту, Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылатын Халықтық IРО бағдарламасының мақсатын түсiндiру болып табылады.
      Бiлiм беру науқанын iске асыру 2011 жылғы 4-тоқсаннан басталады және Бағдарламаның қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн жалғастырылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiмен, сондай-ақ басқа да мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп халықты жалпы қаржылық сауаттылыққа оқытуды жүзеге асыратын болады.
      Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, «Халықтық IРО» бағдарламасында ұсынылатын мүмкiндiктердi түсiндiру бөлiгiнде ақпараттық науқанды жүрiзетiн болады.
      Ақпарттық-бiлiм беру науқаны шеңберiнде республикалық және жергiлiктi теледидар пен радио арналарда ақпараттық-бiлiм беру фильмдерiн, аудио- және бейнероликтердi прокаты, сыртқы, баспасөз жарнамаларын орналастыру, брошюралар, буклеттер мен басқа да баспасөз өнiмдерiн таратуды жүзеге асыру көзделуде. Қазақстандық және шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарындағы (бұдан әрi – БАҚ) медиа-жоспарлар негiзiнде эфирге ақпараттық және талдамалық материалдар, жаңалық сюжеттерi, бiлiм беру мақалалары, сұхбаттар жарияланатын, шығатын болады. Теледидар арналарында бағалы қағаздар нарығының жұмыс iстеу қағидаттарын, акцияларды иелену пайдалары мен тәуекелдерiн түсiндiруге арналған арнайы телехабарлар мен айдарлар ұйымдастырылатын болады.
      Бағдарламаны алға жылжыту үшiн «Халықтық IРО» арнайы веб-бетi құрылатын болады. Ақпарат интернет-ресурстарында, оның iшiнде ақпараттық және мамандандырылған онлайн-басылымдарда, сондай-ақ «Халықтық IРО» бағдарламасы туралы жаңалықтар мен пiкiрлердi iлгерiлету үшiн әлеуметтiк желiлерде де таратылады.
      Ақпараттық-бiлiм беру орталықтарында, оқу орындарында инвестициялық-қаржылық сауаттылық бойынша дәрiстер оқылатын, семинарлар өткiзiлетiн болады. Сондай-ақ халыққа консультациялық ақпарат беру үшiн «қауырт желi» (call-center) жұмыс iстейтiн болады.
      Ақпараттық-бiлiм беру жұмысын тиiмдi ұйымдастыру үшiн социологиялық зертеу жүргiзiледi, ол ақпараттық-бiлiм беру науқаны шеңберiнде қол жеткiзiлген нәтижелердi бағалауға мүмкiндiк бередi, қажет болған жағдайда оның мазмұнына түзетулер енгiзiлетiн болады.
      2. Маркетингтiк науқан.
      Осы науқанның шеңберiндегi жұмыс мақсаты «Халықтық IРО» бағдарламасына қызығушылықты ынталандыру және акцияларды сатып алуға халықты тарту болып табылады. Маркетингтiк науқан «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және оның еншiлес компанияларымен олардың IРО-ға шығу қажеттiлiгiне қарай iске асырылатын болады.
      1-эшелондағы (2011 жылғы 4-тоқсан) Кандидат компаниялар хабарланған сәттен бастап Ақпараттық-бiлiм беру науқанымен қатар Бағдарламаға халықтың қатысу талаптары мен тәртiбiн түсiндiру жөнiндегi iс-шаралар жүргiзiлетiн болады. Маркетингiлiк науқан БАҚ-та эмитент компаниялар туралы ақпараттық материалдарды орналастыруды, IРО акциялары шеңберiнде ұсынылатын жарнамаларды тарату, баспасөз маркетингiлiк өнiмдерiн шығару, БАҚ үшiн брифингтер, дөңгелек үстелдер, тұсаукесерлер, промо-акциялар және басқаларды өткiзудi қамтитын болады.
      Акцияларды елдiң барлық өңiрлерiнде ұсыну кезеңiнде «Халықтық IРО» тұжырымдамасын түсiндiру, бөлшек инвесторлар мен кәсiптiк қаржылық қауымдастық тарапынан Бағдарламаға қатысуға қызығушылықты ынталандыру мақсатында роуд-шоу жүргiзiледi. Акцияларды және роуд-шоуды ұсыну жөнiндегi iс-шаралар 1, 2 және 3-эшелонның эмитент компаниялары iске асыратын болады.
      «Халықтық IРО» бағдарламасы шеңберiндегi ақпараттық жұмысты тиiмдi ұйымдастыру үшiн «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ жұртшылықпен байланыс және БАҚ-қа жауап беретiн бөлiмшелер қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттырудың оқу бағдарламасын iске асыратын болады.
      Ақпараттық-бiлiм беру және маркетингтiк науқандар шеңберiнде «Халықтық IРО» бiрыңғай нышаны қолданылады, осыған сәйкес ортақ жарнамалық тұжырым және бренд-бук әзiрленiп қабылданатын болады.

8. Қажеттi ресурстар

      Қойылған мiндеттердi орындау мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ мен оның еншiлес және тәуелдi компанияларының меншiк қаражаты, мемлекеттiк органдардың қызметiн қамтамасыз етуге бөлiнген Республикалық бюджеттiң қаражаты және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнiң қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа қаражат пайдаланылатын болады.


      Қордың еншiлес компанияларын шығару үдерiсiн қаржыландыру шеңберiнде компанияның өз қаражатынан бiрiншi кезектi және кейiнгi iс-шараларды өткiзуге арналған бюджеттер әзiрленетiн болады. Осы қаражат консультанттардың қызметiн төлеуге, акцияларды орналастыру үшiн қажеттi құжаттар дайындауға, roadshow өткiзуге және басқаларға бағытталатын болады. Осы мақсатқа Қор компанияларының бюджетiнен 750-1 500 млн. жуық теңге жiберiлетiн болады.
      Халықпен ақпараттық-бiлiм беру жұмыстарын iске асыру шеңберiнде мүдделi мемлекеттiк органдармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлескен жұмыс жоспарланып отыр, ол халықтың жалпы қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған iс-шараларды өткiзудi де жоспарлайды. Мемлекеттiк органдармен және Ұлттық банкпен заңнама мен олардың қызметiн қамтамасыз етуге арналған бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын жетiлдiру бөлiгiнде бiрлескен үйлестiрiлген жұмыс та жоспарланып отыр. Осы iс-шаралар шеңберiнде бюджетте осы мақсатты iске асыру үшiн қажеттi қаражат көзделедi, ол бюджеттi қалыптастыру кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиiстi қаржылық жылдарда үш жылдық орта мерзiмдi даму жоспарларының шегiнде нақтыланатын болады.

"Самұрық-Қазына әл-ауқат қоры" акционерлiк қоғамының


еншiлес және тәуелдi ұйымдары акцияларының пакеттерiн
бағалы қағаз нарығына шығару бағдарламасына   
1-қосымша              

IРО бағдарламасын өткiзу

Алдын ала дайындау

Орналастыруга дайындау

Жобаны iске асыру кезеңi

Компания шеңберiнде
дайындау

Ұсыныстың үдерiсiн дайындау

Қор биржасында

Бағалау нәтижелерi

Талдаушылардың тұсаукесерлерi

Инвесторларды оқыту

Өтiнiмдердi жинау

Қайталама нарық

- Бизнес-жоспар және стратегия

- Қаржылық есептiлiк/қызмет туралы мәлiметтердiң есебiн жүргiзу/ұсыну


 
 
- Капиталдың құрылымы/дивидендтер бойынша саясат
 
 
- Ұйымдық құрылым/басқару
-  Басшылықтың уәждемесi
 
 
- Iшкi бақылау/ жүйесi

Консульттанттарды тағайындау/ұйымдық кездесу
- Компанияның тарихын баяндау

- Ұсыныстың құрылымы


- Типi және мөлшерi
- Уақыт шеңберi
- Мақсатты инвесторлар
- Синдикат құрылымы
- Компанияның пайдаларындағы қызметкерлердiң қатысу бағдарламасы бойынша мүмкiндiктерi (ESOP)
-
Сұранысты бастапқы бағалау
 
 
- Қор биржасымен және реттеушi органдармен өзара iс-қимыл

- Тиiстi тексеру

-Эмиссия проспектiсiн және басқа да заңды құжаттарды дайындау

-Проспектiге қосу үшiн дайындалған қаржылық есептiлiк

-Компанияның бизнес-жоспарын/стратегиясын/тарихын дайындауды аяқтау

-Маркетингiлiк стратегияны әзiрлеу


- Акционерлердiң бағалар, мөлшерi, құрылым туралы пiкiрi

- Талдаушылардың кездесуi

-Талдаушылармен зерттеу туралы есептердi дайындау



- Талдаушылар есептерiнiң релизi

-Ақпараттандыру жөнiндегi науқан

-Инвесторлардың мақсатты аудиториясына және олардың оқуына айрықша назар аударылуы тиiс

-Негiзгi инвесторлардың пiкiрi/мiндеттер/ проблемалар мәселелерiн тексеру

-Нарыққа шолу

-Әлеуеттi инвесторлардың пiкiрлерiн талдау

-Ұсыныстар көлемiн, орналастыру бағасын т.б. түзету


- Инвестициялық меморандумның жарияланымы
- Басшылықтың көшпелi тұсаукесерi
- Сұранысты талдау
- Бағаларды белгiлеу және бөлу

- Тұрақ-
тандыру
- Орналас-
тырылғанға дейiнгi опцион
- Ұйымдас-
қан нарықта акциялардың баға кесулерiн қолдау

Шешiм қабылдауға       1
арналған       - Барлық талаптар
негiзгi шарттар   олардың дайын
                екендiгiне және
                мақсаттармен
                келiскендiгiне
                сенiмдi болуы
                тиiс

          2
- Барлық тараптар
жобаны одан әрi
жүзеге асыруға
араласатын қандай да
болмасын шешiлмеген
мәселелердiң жоқ
екендiгiне сенiмдi
болуы тиiс

    3
Барлық
тараптар
акцияларды
жария
ұсынуға
дайын
болуы тиiс

    4
Инвесторларды оқыту нәтижелерi және бағалар диапазоны барлық тараптардың талаптарын қанағаттандыруы тиiс

    5
Түпкiлiктi
баға
келiсiлуi
тиiс

Қысқа мерзiмде

шамамен 12-18 апта

Шамамен 6 апта

Қайталама нарық

      

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк


қоғамының еншiлес және тәуелдi ұйымдарының акцияларының
пакеттерiн бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасына
2-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет