Санау жүйесі


Ежелгі Мысыр тәсілімен сандарды бөлу амалы



бет4/6
Дата17.11.2023
өлшемі29.77 Kb.
#483522
1   2   3   4   5   6
579106555AKT 1 TAPSYRMA

Ежелгі Мысыр тәсілімен сандарды бөлу амалы көбейтуге кері бағытта келтіріледі:

  • Екі қатар бағаннан тұратын кесте құрамыз;

  • Сол жақ бағанға 1-ден бастап екі еселенген сандарды, оң жақ бағанға бөлгіштен бастап екі еселенген сандарды жазамыз;

  • Әрбір келесі сан алдындағы санның екі есесіне (өзіне-өзі қосқанға) тең;

  • Оң жақ бағандағы соңғы сан бөлінгіштен артпауы тиіс;

  • Оң жақ бағандағы сандардың ішінен қосындысы бөлінгішке тең болатын сандарды төменнен жоғары қарай сайлап алып, солардың тұстарына көлбеу сызықтар қою керек;

  • Көлбеу сызықтар жүргізілген сандарға қарсы тұрған сол жақ қатардағы сандарды қосу керек.

5.Ондық санау жүйесіндегі сандарды ондық емес санау жүйесіне және керісінше айналдыру ережелері
Ондық санау жүйесiнегi сандарды өрнектеу үшін 0-9 дейiнгi араб цифрлары қолданылады:0,1,2,3,4,5,6,7,8,9.
Мыс: 234=200+30+4
2 жүздіктер разрядынан, 3 ондықтар разрядынан, 4-бiрлiктер разрядынан тұрады.
Ондық жүйе позициялық болып табылады, өйткені ондық санды жазуда цифрдіңмәні оның позициясына немесе санда орналасқан орнына байланысты. Санның цифрынабөлiнетiн позицияны разряд деп атайды.
Егер 234 санын қосынды түрінде былай жазамыз: 2*102+3*101+4*10Бұл жазбадағы 10-саны санау жүйесіннегiздеушi. Санның әрбірцифріүшін 10 негiздеушiцифрлық орнына байланысты дәрежеленеді және осы цифрғакөбейтiледi.
Бiрлiктерүшiн – 0; ондықтар үшiн – 1, жүздiктерүшiн – 2-ге тең негiздеушi дәреже және т.с.с
Егер сан ондық бөлшек болса, ол теріс дәрежеде жазылады. Мыс: 38,956=3*101+8*100+9*10-1+5*10-2+6*10-3
Компьютерде ондық емес екiлiк санау жүйесі, яғни екінегiздеушiсi бар санау жүйесі қолданылады.
Ондық санау жүйесiндегi санды екiлiк санау жүйесіне ауыстыру үшін санды 2-ге бөлу керек. Алынған бөлiндiекіденкiшi болғанша бөлiнедi де, қалған қалдықты кері бағытта жазады. Мыс:
129:2=64 (1) 12910=100000012
64:2=32 (0)
32:2=16 (0)
16:2=8 (0)
8:2=4 (0)
4:2=2 (0)
2:2=1 (0)
1:2=0 (1)
Ондық санау жүйесiндегi санды сегiздiк санау жүйесіне ауыстыру үшінекiлiкжүйесіне ауыстырған әдiстi қолданады. Бірақ бұл кезде санды сегізгебөледі. Мыс:
129:8=16 (1) 12910=2018
16:8=2 (0)
2:8=0 (2)
Ондық санау жүйесiндегi санды он алтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін тек санды сегiздiң орнына он алтыға бөлу керек. Мыс:
129:16=8 (1) 12910=8116
8:16=0 (8)

  1. Басқа санау жүйесiндегi сандарды ондық санау жүйесiне ауыстыру

Екiлiк санау жүйесiндегi санды ондық санау жүйесiне аудару:
100000012=1*27+0*26+0*25+0*24+0*23+0*22+0*21+1*20=128+1=12910
Сегiздiк санау жүйесiндегi санды ондық санау жүйесiне аудару:
2018=2*82+0*81+1*80=128+1=12910
Оналтылық санау жүйесiндегi санды ондық санау жүйесiне аудару:
8116=8*161+1*160=128+1=12910


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет