Санау жүйесі



бет5/6
Дата17.11.2023
өлшемі29.77 Kb.
#483522
1   2   3   4   5   6
579106555AKT 1 TAPSYRMA

3. Логика алгебрасын құрушы
Логика алгебрасы математикалық логиканың бір бөлімі. Логика алгебрасында күрделі логикалық тұжырымдардың (логикалық формулалардың) құрылымы және алгебралық әдістердің көмегімен олардың ақиқаттығын анықтау әдістері қарастырылады.
Бұл бөлімде негізінен логика алгебралық формулаларын қарастыратын боламыз.
Формулалар әріптерден, логикалық операциядан және жақшадан тұрады. Әріптер тек “ақиқат”, “жалған “ деген екі мәннің бірін ғана қабылдай алатын логикалық айнымалылар. Операция белгілері логикалық амалдарды белгілейді. Әр формула логикалық функцияны береді, ал функция өз кезегінде 2 мәннің бірін қабылдайды (0,1). Логика алгебрасы дегеніміз өзінің барлық мүмкін операцияларымен бірге қарастырылатын {0,1} жиынынан құралған алгебра.
Тұжырымдар логикасының тілі Айталық Х,У және Z орындарына кез – келген тұжырымды қоюға болатын айнымалылар болсын. Мұндай айнымалылар тұжырымдылық айнымалылары деп аталады. Тұжырымдылық айнымалылар мен логикалық операциялар символдарының көмегімен кез – келген тұжырымды формальдандыруға, яғни формуламен алмастыруға болады.
Мысалы, мына тұжырымды егер 100 2-ге және 5ке бөлінсе, онда 100 10ға бөлінеді деген тұжырым берілсін: Х : 100 2-ге бөлінеді; У : 100 5-ке бөлінеді; Z : 100 10-ға бөлінеді
Бұл тұжырымды ( Х  У)  Z формуласы арқылы кескіндеуге болады.
Енді тұжырымдар логикасының формуласы ұғымын ттолықтырайық. Ол үшін тұжырымдар логикасында қолданылатын алфавит ұғымын енгізейік.
X,Y,Z, x  ,y  ,z  (і- натурал сан) (x  ,x  ,…,x  ) тұжырымдылық айнымалылары;
а,ж – ақиқат, жалған логикалық тұрақтларды белгілейтін символдар;
- логикалық операциялар символдары;
( , )-логикасы операциясының ажыратушы;


4. Логикалық амалдар


Біз логикалық есептер шешу, ақиқаттық кестесін құру туралы, логикалық амалдар туралы материалмен танысамыз. Алдымен осы тақырып бойынша логикалық есептер шешу, логикалық амалдар туралы не білетіндеріңіз туралы ойланыңыздар. Талқылау үшін өзіңізге жұп таңдап алыңыз. Сонан соң 5 минут ішінде жұбыңызбен туралы не білетініңізді немесе не білемін деп ойлайтыныңыз туралы тізім жасаңыз. 
Барлық жұптар өздерінің тізімдерін жасап болған соң оны топта талқылайды. Сонан соң топтағы талқылау нәтижесінде пайда болған жалпы тізімді оқушылармен бірге (оның ішінде дау туғызған сұрақтарды қоса) қағазға жазамыз.
 МАҒЫНАНЫ ТАНИ БІЛУ САТЫСЫ
 Логикалық амалдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет