Санау жүйесі


Логикалық көбейту (коньюнкция)



бет6/6
Дата17.11.2023
өлшемі29.77 Kb.
#483522
1   2   3   4   5   6
579106555AKT 1 TAPSYRMA

Логикалық көбейту (коньюнкция). Екі немесе одан көп пікірлерді «және» жалғаулығы көмегімен біріктіру амалы логикалық көбейту немесе коньюнкция деп аталады. Коньюнкция – ол әрбір қарапайым екі пікірге, пікірлердің екеуі де ақиқат болғанда ғана ақиқат мән қабылдайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал.
Коньюнкция:
— табиғи тілде «және» жалғаулығына сәйкес келеді;
— пікірлер алгебрасында ^ немесе & белгілерінің бірімен таңбаланады.
Логикалық қосу (дизьюнкция).  Екі немесе одан көп пікірлерді «немесе» жалғаулығы көмегімен біріктіру амалы логикалық қосу немесе дизьюнкция деп аталады.Дизьюнкция – ол әрбір қарапайым екі пікірге, пікірлердің екеуі де жалған болғанда ғана жалған мән қабылдайтын, пікірлердің ең болмағанда біреуі ақиқат болғандаа ақиқат мән қабылдайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал.
Дизьюнкция:
— табиғи тілде «немесе» жалғаулығына сәйкес келеді;
пікірлер алгебрасында ٧ белгісімен таңбаланады.
Логикалық теріске шығару (инверсия). «Емес» жалғауының көмегімен пікірді теріске шығару амалы логикалық теріске шығару немесе инверсия деп аталады. Инверсия – ол әрбір қарапайым пікірге, негізгі пікірдің жалған екенін қорытындылайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал.
Инверсия:
— табиғи тілдегі «дұрыс емес», «теріске шығару» сөздеріне және «емес» жалғауына сәйкес келеді;
— пікірлер алгебрасында белгісімен таңбаланады.
Күрделі пікірлердің қабылдайтын мағынасына байланысты оның құрамына кіретін жай пікірлердің жиынтығын көрсететін кесте ақиқаттық кестесі деп аталады.
Күрделі пікірлер логика алгебрасында логикалық өрнектер көмегімен жазылады, ал логикалық өрнекке сәйкес ақиқаттық кестесін құру жеткілікті.

Ақиқаттық кестесін құру алгоритмі
1. Логикалық өрнекте n айнымалының санын анықтау.
2. m=2n кестесіндегі жол санын анықтау.
3. Формуладағы амалдар санын анықтау.
4. Логикалық амалдардың орындалу ретін анықтау.
5. Кестелегі баған санын анықтау: айнымалылар мен амалдар саны.
6. 0-ден 2n – 1 дейінгі екілік сандардан тұратын n-разраядты натурал қатары айнымалыларының жиынын жазу.
7. 4-пунктегі логикалық амалдарды ретімен орналастырып, ақиқаттық кестесін баған бойынша толтыру.
Әртүрлі қате болдырмау үшін енгізілген айнымалыларды төмендегі үлгімен санау керек:
а) айнымалылар санын анықтау;
ә) бірінші айнымалының мәнін тең төрт бөлікке бөліп, жоғарғы бағанның жоғарғы бөлігін 0, ал төменгі бөлігін 1 деп толтыру;
б) екінші айнымалының мәнін тең төрт бөлікке бөліп, әрбір төрттікті 0 немесе 1 топтарымен кезекпен толтыру (0 тобынан бастап);
в) 0 және 1 топтары бір символдан ғана тұрғанша, мәндер бағанын 8, 16 және т.б. айнымалыларына бөлуді жалғастырып, 0 және 1 топтарымен толтыру.


 Логикалық есептерді шешу
1) Элементар пікірлерді белгілеп, әріптермен көрсету;
2) логикалық амалдар көмегімен жай пікірлерді күрделімен байланыстырып, логика алгебрасы тілінде есеп шартын жазу;
3) есептің барлық талаптарына сай бірыңғай логикалық өрнек құру;
4) логикалық алгебра заңдаарын пайдалана отырып, алынған мәліметтерді ықшамдау. Оның анықтау немесе қарастырырылатын жайтқа арнап ақиқаттық кестесін құру;
5) шешімді таңдау – логикалық мағынасы ақиқат болатын жай пікірлер жиынтығы;
6) алынған шешімнің есептің шартын қанағаттандыратынын тексеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет