Сапарбеков еркинбек сатибалдиевич



Дата25.01.2020
өлшемі74.36 Kb.
түріСабақ

САПАРБЕКОВ ЕРКИНБЕК САТИБАЛДИЕВИЧ

Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылы, «Оқу-өндірістік комбинат» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Тракторшы-машинист» мамандығы мұғалімі

Ұлт көшбасшысы, Ел басы, бірінші Президент Назарбаев Н.Ә әр уақытта халықтың әл-ауқатын көтеруді басты назарға алды. Халықтың әл-ауқатын көтеруде ауыл шаруашылығын дамыту негізгі міндет. Бұл міндетті шешуде ауыл шаруашылығы машиналарын жүргізетін кадрлардың жоғары біліктілігі өте қажет.

Біздің Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты «Оқу-өндірістік комбинат» КММ-де жоғары білікті механизаторлар дайындауда көп жұмыстар жүргізілуде. Мектеп мұғалімдері өз білімдерін көтеріп, әр сабақтың қызықты өтуіне тыңғылықты дайындалуда. Әр сабаққа қойылатын мақсаттар жоғары деңгейде орындалуда.

Сондай өткізілген сабақтардың бірі «тракторшы-машинист» кәсібінің мұғалімі Е.Сапарбековтың сабақ жоспарын сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.




Сабақ жоспары


Сынып:

9

Топ:



Сабақтың нөмірі:




Дәрістің номері:




Мамандық-біліктілік:

1501000 - Ауыл шаруашылығында техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу

1501012 – Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинисі




Модульдің атауы:

КМ 1.2. «Іштен жану қозғалтқышы. Қызметі, құрылымы және жіктелуі»


Сабақтың тақырыбы:

Оталдыру жүйесінің қызметі, түрі және құрылымы

Күні:




Ұзақтығы:

40 мин


Өткізу орны:

«Тракторшы-машинист» сыныбы


Сабақтың мақсаты:

- Оталдыру жүйесінің қызметі, түрі және құрылымы туралы білімін қалыптастыру;

- Оқушылардың ауыл шаруашылығы техникаларына қызығушылықтарын арттыру және азаматтылық пен жауапкершілікке тәрбиелеу.

- Оталдыру жүйесінің қызметі, түрі және құрылымы туралы ой-өрісін жан-жақты дамыту.


Сабақтың міндеттері:

  1. Оталдыру жүйесінің қызметін түсіндіру

  2. Оталдыру жүйесінің құрылымын үйрету

  3. Оталдыру жүйесінің түрлерімен таныстыру

  4. Оталдыру жүйесінің ақауларын анықтау тәсілдері

  5. Оталдыру жүйесіне техникалық қызмет көрсету жұмыстарының реттілігімен таныстыру

  6. Жұмыс істеу кезінде техника қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру




Күтілетін нәтижелер:

  1. Оталдыру жүйесінің қызметін біледі

  2. Оталдыру жүйесінің құрылымын біледі

  3. Оталдыру жүйесінің түрлерімен танысты

  4. Оталдыру жүйесінің ақауларын анықтай алады

  5. Оталдыру жүйесіне ТҚК жұмыстарының реттілігін біледі.

  6. Жұмыс істеу кезінде техника қауіпсіздігі ережелерін біледі




Бағалау критерийі

Оталдыру жүйесінің қызметін, құрылымын, түрлерін және ТҚК жұмыстарының реттілігін түсіндіріп бере алады.

Сабақтың түрі:

Аралас

Пәнаралық байланыс:

Физика, математика, автокөлік құрылымы


Оқыту әдістері, әдістемелік тәсілдер, педагогикалық техника, педагогикалық технологиялары:

Топтық жұмыс, иллюстрациялық түсіндіру, сұрақ-жауап, қызығушылықты ояту, конспект жазу, слайд және бейне материалдарды қолдану, модульдік педагогикалық технологиясы



Қажетті жабдықтар мен аспаптар:

Оқулықтар, плакаттар, тапсырмалар, кеспе қағаздар, ватман және маркерлер, бөлшектер, тақырып бойынша бейне жазбалар


Қосымша көздер(әдебиеттер):

«Трактор мен автомобиль теориясы» Кәсіптік білім Б.Алиев Астана-2011

Ғаламтор.




Мұғалім туралы мәлімет:


Е.Сапарбеков


Сабақтың барысы және уақыт межесі




Сабақ кезеңінің атауы


Оқушының оқу қызметін /

жұмысын ұйымдастыру түрлері



Ресурстар


1

Ұйымдастырушылық кезеңі

(5 минут)



  1. Оқущылармен амандасу, түгелдеу

  2. Жағымды ахуал орнату

  3. Оқушыларды екі топқа бөлу:

  • Топ басшылары сайланады

  • Оқушылар өз топтарына ат қояды және сол атты не үшін қойғаны туралы баяндап береді




Екі түрлі трактордың суреттерін бөліктерге бөліп, оқушыларға таратамыз, олар суреттерді бір-біріне біріктіреді. Сол біріккен суреттің оқушылары бір топ болып саналады

2

Оқушылардың орындаған үй тапсырмаларын тексеру

(10 минут)



Өткен тақырыпты қайталау:

«Ыстық орындық» әдісі бойынша өткен тақырыпты қайталаймыз



І топ сұрақтары

  1. Майлау жүйесі қандай қызмет атқарады?

  2. Мотор майының қандай түрлері бар?

  3. Май насосы қандай қызмет атқарады?

  4. Монометр қандай қызмет атқарады?

ІІ топ сұрақтары

  1. Майлаудың қандай түрлері бар?

  2. Май радиаторы қандай қызмет атқарады?

  3. Май сүзгісі қандай қызмет атқарады?

  4. Майлау жүйесінің ақауларын қалай анықтаймыз?

Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.



3

Жаңа оқу материалын ендіру

(13 минут)



Жаңа тақырыпты түсіндіру:

  1. Оталдыру жүйесінің қызметі

  2. Оталдыру жүйесінің құрылымы

  3. Оталдыру жүйесінің түрлері

  4. Оталдыру жүйесінің ақаулары

  5. Оталдыру жүйесіне техникалық қызмет көрсету жұмыстары

  6. Жұмыс істеу кезінде техника қауіпсіздігі ережелері

  7. Жаңа тақырып бойынша бейнероликтер көрсету

Слайд
Бейне материалдар

Оталдыру жүйесінің бөлшектері
«Тракторлар құрылысы» кәсіптік білім Б.Бектасов Астана – 2013



4

Жаңа оқу материалын пысықтау, бекіту

(7 минут)



«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс

        1. Оталдыру жүйесі қандай қызмет атқарады?

        2. Оталдыру жүйесінің қандай түрлері бар?

        3. Оталдыру жүйесінің қандай ақаулары бар?

        4. Оталдыру жүйесіне қандай ТҚК жұмыстары жүргізіледі?


Кері байланыс

«Алма ағашы» әдісі 
• Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ. 



Сабақ соңында оқушыларға бір-біріне тиімді сұрақ қойғызу арқылы кері байланыс жасатуға, оқуға белсенді қатыстыруға, өзін-өзі бағалауға қатыстыруға болады



5

Қорытындылау, оқушыларды бағалау, сабақтың аяқталуы

(3 минут)



1. Жаңа сабақты қорытындылау.

2. Оқушыларды бағалау:



Топ басшылары әрбір оқушының бағасын бағалау парағына белгілеп, сабақ соңында бағаларын айтады.
Дескриптор: Оқушы оталдыру жүйесінің қызметін, құрылымын, ақауларын түсіндіріп бере алады


Әрбір топ қарсы топтың оқушыларының жауабына қарап, жалаушаның көмегімен(белгісімен) бағаларын береді.



6

Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру

(2 минут)



Үйге тапсырма: «Оталдыру жүйесінің қызметі, түрлері мен құрылымы» тақырыбын оқу және меңгеру






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет