Сапарғали Ысқақұлы Бегалин



Дата25.02.2016
өлшемі59 Kb.
#19826
Сапарғали Ысқақұлы Бегалин[1] (1895-1983)24 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылында туған. Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. 1915 жылы Семей қаласындағы орыс-қырғыз (қазақ) училищесін бітірген. 19291935 жылдары Дегелең облыстық атқару комитетінің төрағасы, Қарқаралы уездік атқару комитетінің мүшесі. Бөлім меңгерушісінің орынбасары, аудандық халық судьясы болды. Қазақ егіншілік халық комиссариатында, Түріксіб басқармасына жауапты жұмыстар атқарды. 19351956 жылдары «Теміржолшы» газетінде, Қазақ КСР ҒА-ның Тіл және әдебиет институтында (қазіргі Әдебиет және өнер институты), Қазақстан Жазушылар одағында қызмет етті.[2]

Мазмұны


  • 1 Еңбегі

  • 2 Аудармалары

  • 3 Жетістіктері

  • 4 Пайдаланған әдебиет

Еңбегі


Алғашқы өлеңі — «Қазақ боз-балаларына» 1914 жылы «Айқап» журналының N2 9 санында басылды. «Қыран кегі» (1943), «Цимлян теңізі» (1953), «Таңдамалы» (1956), «Сырлы қайнар» (1963), тағы басқа өлеңдер мен поэмалар, «Көксегеннің көргендері» (1948), «Ермектің алмасы» (1955, 1985), «Сәтжан» (1947,1973,1978), «Жас бұтақ» (1953), «Жеткіншектер» (1960), «Мектеп түлектері» (1961), «Шоқан асулары» (1971), «Қыран туралы аңыз» (1976), «Екі томдық шығармалар» (1976), тағы басқа әңгіме, повестер жинақтары, «Замана белестері» (1975) романы жарық көрді.

Аудармалары


Пушкиннің,Лермонтовтың, Шевченконың жекелеген туындыларын, Д. Н. Мамин-Сибиряктың, Л. В. Соловьевтің кейбір әңгімелері мен повестерін қазақ тіліне аударған. Бегалин Абай шығармаларын насихаттауға мол еңбек сіңірген. Ақынның өнегелі өмірі, мұрасы, замандастары жайлы тың деректер беретін «Қияспай» (Пионер, 1956, №4), «Сауық кеш» (Қазақ әдебиеті, 1971, 10 желтоқсан), «Назипа Құлжанова» (Қазақстан әйелдері, 1973, № 10) тағы басқа мақалаларын жариялаған. Абай рухына арналған «Ұрпақтарға» («Совхоз туы», 1964, 5 май) атты өлең жазған. Абайдың туғанына 70 жыл толуына орай 1915 жылы 13 ақпанда Семейдің приказчиктер клубында еткен әдеби кешті ұйымдастыруға қатысқан.[3]

  • Халық ақындарының шығармаларын сұрыптал жинақ етіп шығарды (« Халық ақындары », 1953; «Өмір жыры», 1953), өнер саңлақтары жөнінде («Сахара сандуғаштары», 1976), жыр алыбы Ж.Жабаев туралы монография жазды. Көптеген туындылары шетел тілдеріне тәржімеленді.

Жетістіктері


Халықтар Достығы, «Құрмет Белгісі» (2 рет) ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сапарғали Бегалин 1895 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Дегелең ауылында туды. Ауылдағы молдадан оқып хат таныған соң, Семей қаласына келеді. "Приходская школаны" 1915 жылы бітіреді.

1916 жылы патша өкіметінің жарлығымен әскер қатарына алынады. Петроград түбінде қара жұмыс істеп, 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін ғана үйіне қайтады.

1925-1928 жылға дейін аудандық халық соты болады.

1935 жылы "Теміржолшы" газетіне әдеби қызметке орналасады.

Әдеби жұмысы Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында, кейінірек Жазушылар одағында жалғасады. Ұзақ уақыт әдеби кеңесші болады. Шыңдап әдебиетке араласуы осы жылдардан басталады.

Өмірі шежіреге толы жазушы жиырма шақты поэма, оннан астам повесть, жүздеген әңгіме, көптеген естеліктер, зерттеулер, мақалалар жазған.

Оның әңгіме-повестерінде малшылар өмірі, аң аулау, атбегілік, құсбегілік, мергеншілік сияқты ұлттық кәсіптеріміздің сан қыры қызықты, әсерлі бейнеленеді.

Халқымыздың асыл перзенті Шоқан Уөлиханов туралы "Шоқан асулары" дилогиясы - тамаша адамдар өмірін фактілік негізден ауытқымай, дәл  бейнелейтін туынды. Ол Шоқан өмірінің сәтті бір көрінісін таба білген. Бала Шоқан мен мүсінші Мысық деген баланың достығы - "Бала Шоқан" повесінің сюжетінің негізгі бір арқауы.

"Сұрапылда", "Керкиік", "Колхоз бәйгесі" әңгімелерінде ғасырлар бойы мал өсірумен шұғылданған халықтың бәйге атқа сүйіспеншілігі суреттеледі. "Замана белестері" мемуарлық романының басты кейіпкерлері (М.Әуезов, Н.Құлжанов, т.б.) қазақ халқына есімі белгілі адамдар.



"Жамбылдың ата тегі, өмірі", өнер саңлақтары жайлы "Сахара сандуғаштары", "Халық ақындары" т.б. еңбектері С.Бегалиннің зерттеуші, фольклорист маман ретіндегі бір қыры.

Ол "Құрмет белгісі", "Халықтар достығы" ордендерімен марапатталған

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет