Сараптау ұйымдары үшiн мамандардың арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртiбiн бекiту туралы



Дата27.02.2016
өлшемі75.36 Kb.
Сараптау ұйымдары үшiн мамандардың арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртiбiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң 2010 жылғы 27 қарашадағы № 414 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылы 5 қаңтарда № 6726 тiркелдi


"Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 8 ақпандағы № 39-40 (26442)

      РҚАО-ның ескертуi!


      Бұйрықтың қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 4-тармақтан қараңыз.

      "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңының 25-2-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:


      1. Қоса берiлiп отырған Сараптау ұйымдары үшiн мамандардың арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртiбi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) мемлекеттiк тiркеуден кейiн оның ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрi Ж.А. Смаиловқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2011 жылғы 8 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Министр                                    В. Божко

Қазақстан Республикасы  
Төтенше жағдайлар министрiнiң
2010 жылғы 27 қарашадағы 
№ 414 бұйрығымен    
бекiтiлген       

Сараптау ұйымдары үшiн мамандардың арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртiбi

      1. Осы Сараптау ұйымдары үшiн мамандардың арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртiбi (бұдан әрi - Шарттар) "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес әзiрленген және өрт қауiпсiздiгi саласындағы сараптау ұйымдары үшiн мамандардың арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртiбiн анықтайды.


      2. Оқыту мамандандырылған оқу ұйымдарында жүзеге асырылады.
      3. Курстарда сабақтар өткiзу үшiн тартылатын мамандандырылған оқу орталықтарының оқытушы құрамында "Өрт қауiпсiздiгi" мамандығы бойынша жоғары бiлiмi, мемлекеттiк және (немесе) мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтерде кемiнде он жыл жұмыс өтiлi болуы қажет.
      4. Жоғары бiлiмi және мемлекеттiк және (немесе) мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтерде кемiнде бес жыл жұмыс өтiлi бар тұлғалар Курстың тыңдаушылары болады.
      5. Тұлғалар (өтiнiш иелерi) мамандарды даярлау жөнiндегi курс тыңдаушыларының тiзiмiне қосу туралы өтiнiш ұсынады. Өтiнiш еркiн түрде берiледi.
      6. Тұлғалар (өтiнiш иелерi) өтiнiшке мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;
      2) жоғары бiлiм туралы дипломның көшiрмесiн;
      3) еңбек кiтапшасының көшiрмесiн немесе еңбек өтiлiн растайтын өзге құжатты ұсынады.
      7. Курс бағдарламасын 1-қосымшаға сай Үлгiлiк оқу жоспарына сәйкес 72 сағат көлемiнде өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
      8. Курстардың сабақ кестесi оқу басталғанға дейiн 10 күн бұрын кешiктiрiлмей құрылады және оны мамандандырылған оқу ұйымының басшысы бекiтедi.
      9. Тыңдаушылардың оқу жүктемесiнiң көлемi аптасына 36 сағат дәрiс оқу жұмысынан аспауы қажет. Тыңдаушылардың оқу жүктемесiнiң жалпы көлемi дәрiс және дәрiстен тыс (дербес) дайындықтың барлық түрлерiн қоса алғанда, аптасына 54 сағаттан аспауы қажет. Тыңдаушылардың дербес дайындығы үшiн күн сайын кемiнде үш сағат бөлiнедi.
      10. Академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
      11. Оқу тобы 15 адамнан аспайтын санмен құрылады.
      12. Тыңдаушыларды оқуға қабылдау мамандандырылған оқу ұйымы басшысының бұйрығымен жүргiзiледi.
      13. Тыңдаушылар сабақ барысында қағаз (электронды) тасығыштарда оқу-әдiстемелiк материалымен қамтамасыз етiледi.
      14. Қорытынды аттестаттауды емтихан комиссиясы кешендi тестiлеу емтиханы түрiнде жүзеге асырады, оның құрамын мамандандырылған оқу ұйымының басшысы анықтайды. Тестiлеу картасында кемiнде 30 сұрақ болуы қажет.
      15. Толық оқыту курсынан өтпеген тыңдаушылар қорытынды аттестаттауға жiберiлмейдi.
      16. Дұрыс жауап кемiнде 80% болғанда тестiлеу сынағының нәтижелерi оң деп саналады. Тестiлеу сынағы нәтижелерiнiң дұрыс жауабы 80% кем тыңдаушылар келесi топтың құрамында бiр айдан кейiн мерзiмде қайта тестiлеуден өтедi.
      Тестiлеу сынағының нәтижелерi хаттамамен ресiмделiп, комиссия мүшелерi қол қояды және тыңдаушыларға мәлiмденедi.
      17. Қорытынды аттестаттауды ойдағыдай тапсырған тұлғаларға Шарттардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өрт қауiпсiздiгi саласындағы сараптау ұйымдары үшiн мамандардың арнайы оқыту курстарынан өткенi туралы сертификат берiледi.

Сараптау ұйымдары үшiн 


мамандардың арнайы оқыту
курстарынан өту шарттары
мен тәртiбiне    
1-қосымша     

Нысан


Сараптау ұйымдары үшiн мамандарды арнайы оқыту курстарының үлгiлiк оқу жоспары



Тақырып атауы

Барлық сағат

Оның iшiнде

Дәрiстер

Практикалық сабақтар

1.

Қазақстан Республикасында өрт қауiпсiздiгi саласында қатерлердi тәуелсiз бағалау жүйесiн құқықтық қамтамасыз ету.

2

2

-

2.

Қазақстан Республикасында өрт қауiпсiздiгi саласында қатерлердi тәуелсiз бағалау жүргiзу ережесi.

2

2

-

3.

Өрт қатерi. Техникалық жүйелердiң сенiмдiлiгi.

4

2

2

4.

Жарылыс-өрт және өрт қауiптiлiгi бойынша өндiрiстердiң санаттарын есептеу әдiстемесi.

6

2

4

5.

Ғимараттар, құрылыстар және олардың өрт кезiндегi төзiмдiлiгi.

6

2

4

6.

Үй-жайда, ғимаратта өрт болған кезде қауiптi факторлардың дамуын бағалау және болжау әдiстерi.

4

2

2

7.

Өрт кезiнде адамдарды ғимараттардан қауiпсiз эвакуациялауды қамтамасыз ету.

8

2

6

8.

Қорғау объектiсiнде өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдастырушылық шешiмдер.

2

2




9.

Түтiннен қорғау жүйесi.

2

2




10.

Қорғау объектiсiнiң өрт қауiптiлiгiн талдау әдiстемесi

6

2

4

11.

Өндiрiстiк ғимараттар үшiн өрт қатерiн есептеу әдiстемесi.

8

2

6

12.

Қоғамдық ғимараттар үшiн өрт қатерiн есептеу әдiстемесi.

6

2

4

13.

Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету нұсқаларының тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесi.

4

2

2

14.

Қолданбалы компьютерлiк бағдарламаларды пайдалана отырып, өрт қатерлерi шамасын есептеу.

8

2

6

15.

Объектiнiң өрт қауiпсiздiгi нормаларының талаптарына сәйкестiгi туралы сараптама қорытындысын дайындау.

2




2

16.

Қорытынды бақылау.

2




2

17.

БАРЛЫҒЫ

72

28

44

Сараптау ұйымдары үшiн 
мамандардың арнайы оқыту
курстарынан өту шарттары
мен тәртiбiне    
2-қосымша     

Нысан


_______________________________________________________________
                     (оқу ұйымының атауы)

СЕРТИФИКАТ

№ ______________________


(сертификаттың нөмiрi)

ОСЫ СЕРТИФИКАТ

______________________________________________________________
                            (Т.А.Ә.)

Өрт қауiпсiздiгi саласындағы қатерлердi тәуелсiз жөнiндегi
                              (атауы)

сараптау ұйымдары үшiн мамандарды арнайы оқыту курстарынан өткенiн растайды

______________________________                   _____________


(оқу ұйымы басшысының Т.А.Ә.)                       (қолы)

М.О.


____________________________
(сертификатты берген датасы)

Каталог: npakz -> prmin -> doc
doc -> Мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртiбiмен) шығару жөнiндегi тендерлердi дайындау және өткiзу ережесiн бекiту туралы
doc -> Химиялық өнiмдердi түрлi көлiк түрлерiнде тасымалдау үшiн орауларды қолдануға қойылатын талаптарды бекiту туралы
doc -> Қалалар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн санаттау дәрежесiне байланысты азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық iс-шараларының көлемi мен мазмұны жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы
doc -> "Азаматтық қорғаныстың құрылымдарын құру және оларды материалдық-техникалық құралдармен жабдықтаудың (тiзiмдеудiң) шамамен алынған нормалары туралы" Нұсқаулықты бекiту туралы
doc -> Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлiгiнiң Көкшетау техникалық институты
doc -> 2012 жылғы 16. 03. №113 бұйрығы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Құрмет грамотасы
doc -> Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет
doc -> Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi Нұсқаулықты
doc -> Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың болуын негiздейтiн материалдарды ұсыну, оларды оқшауландыру және жою жөнiндегi iс-шаралар, материалдық-техникалық есептеулер, қаржы және адамзат ресурстары ережесiн бекiту туралы
doc -> Төтенше жағдайлардың қаупi, туындауы немесе жоюы кезiнде ақпаратты беру жөнiндегi Нұсқауды бекiту туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет