Негізгі әдебиет: 1 [39-43]
Қосымша әдебиет: 3 [10-12]
1. Quality пісіру түзеткішінің құрылысы мен жұмыс істеу принципі.
2. Тиристорлар мен диодтардың қандай айырмашылығы бар?
3. Түзеткіш вентильдердің жалғастырылу сұлбалары қандай?
4. Түзеткіштердің жұмыс режімін реттеудің қандай тәсілдері бар?
5-зертханалық жұмыс
«Газбен пісіру және кесуге арналған аппаратуралар»
Жұмыстың мақсаты. Газбен пісіру және кесуге арналған қондырғылармен танысу.
Жұмыс ұзақтығы – 2 сағ.
Тапсырма.
1. Техникалық құжаттар және олардың сұлбаларымен, әрбір аппараттың қызметімен танысыңыз.
2. Ацетилен генераторының құрылысы мен жұмысымен танысыңыз?
3. Оттегі бәсеңдеткішінің жұмысымен таңысыңыз.
Жабдықтар мен материалдар.
1. Ацетилен генераторы.
2. Оттегі баллоны.
3. Майысқақ газ түтіктерінің жиынтығы.
4. Пісіру жанарғыларының жиынтығы.
5. Оттегі бәсеңдеткіші.
Теориялық анықтама
Ацетилен генераторлары.
Ацетилен генераторы деп – кальций карбидінен су көмегімен ацетиленді алуға арналған қондырғыны айтады.
МЕСТ 5190-78 стандарты бойынша ацетилен генераторлары мынабелгілерімен жіктеледі:
– алынатын ацетиленнің қысымымен;
– өнімділігімен;
– пайдалану әдісімен;
– кальций карбидінің сумен әсерлесу әдісімен.
Алынатын ацетиленнің қысымына байланысты генераторлар төменгі (0,02 МПа-ға дейін) және орташа (0,02-ден 0,15 МПа –ға дейін) қысымды генераторлар деп бөлінеді.
Өнімділігімен ацетилен генераторлары он түрге бөлінеді: 1,25; 3; 5; 10; 20; 40; 80; 160; 320; 640 м3/сағ.
Пайдалану әдісіне байланысты генераторлар – тұрақты және жылжымалы деп бөлінеді. Біріншісінің өнімділігі 3-тен 6540 м3/сағ-қа дейін, жылжымалары – 3 м3/сағ болады.
Кальций карбидінің сумен әсерлесу әдісі бойынша генераторларды сұлбасымен бөледі:
– «карбид суға» (белгіленуі КБ);
– «су карбидке» (ВК);
– «суды ығыстыру» (ВВ);
– құрама (ВК+ВВ).
Барлық ацетилен генераторлары олардың жүйесіне қарамай, негізгі мына бөлшектерден тұрады: газ қалыптастырушы, газ жинаушы, қорғаушы затвор, ацетиленді пайдалану шамасына байланысты өндіретін ацетиленді автоматты реттеу жүйесі.
Ацетилен генераторларының құрылысы мен жұмысы.
АНВ-1,25 (1-сурет) ацетилен генераторының өнімділігі 1,25 м3/с және жұмыс қысымы 0,025-0,003 МПа. Генератор жылжымалы болып келеді, ал жұмыс істеу жүйесі ВВ ВК жүйесімен біріктірілген.
Генераторға реторта (2) пісірілген, онда тиейтін корзина (3) орналасқан тұғырдан тұрады. Генератор тұғыры екі бөлікке бөлінеді – төменгі (газ жинаушы) және жоғарғысы (су жинаушы), олар горизонталь қабырғамен (25) бөлінген. Жоғарғы бөлігі төбесінен ашық. Төменгі және жоғарғы бөліктері газ жинауыштың түбіне дейін жететін циркуляциялық түтікпен (8) өзара жалғасады. Газ жинауышпен су затворының арасында олармен резеңке түтік (23) және (21) жалғасқан карбид кептіргіші (22) орналасқан.
Генератор сумен тұғырдың ашық жоғарғы бөлігінен толтырылады. Су ретортаға газ шығатын түтік (28), бұрылыс (26) (вентиль (27) ашық болғанда) арқылы келеді. Реторта қақпақ (5), иін (6) және арнайы бұрандамен (7) жабылады.
1-сурет. АНВ-1,25-68 төменгі қысымды ацетилен генераторы
Кальций карбидінің сумен әсерлесу нәтижесінде бөлінетін ацетилен түтікпен (28) газ жинауышқа жиналады да, ондағы суды су жүретін түтік (8) арқылы генератордың жоғарғы бөлігіне ығыстырады. Ретортаға су газ жинауыштағы вентиль (27) деңгейінен төмен ығыстырылғана дейін беріледі.
Ацетилен бөлініп газжинауышта және ретортада оның қысымы көбейген сайын, су ретортадан (2) бөлмешікке (3) (түтік (12) арқылы) ығыстырылады. Бұл жағдайда одан әрі газдың пайда болуы бәсеңдейді.
Газ жинауыштан газ алынғанда ретортадағы ацетилен қысымы төменде, су ретортаға қайтады дагаз пайда болуы үдетіледі.
Сонымен газды қолданушы (жанарғы) алу жылдамдығына байланысты, ацетилен пайда болу жылдамдығы автоматты түрде реттеледі.
Газ жинауыштан газ карбид толтырылған карбид кептіргішіне (22) барады, содан кейін су бекітпесіне (14) одан, нипель (15) арқылы жанарғы немесе кескішке өтеді. Су бекітпесі (затвор) (14) жалынның кері соққысынан болатын жарылыс толқынының генераторға өтуінен сақтау үшін қойылған. Ацетилен су бекітпесіне резинке түтікше (20) арқылы келеді.
Төменгі түбі мен беткітпе тұрқысы жалғанған жерде тығыздық резина төсеме (10) арқылы жасалады. Түтіктің төменгі шетінде ацетиленнің бекітпе тұғырына өтуіне арналған алты тесігі бар. Тесіктердің үстінде, ажыратқыш ретінде қойылған, шайба (9) орналасқан.
Ацетилен, бақылау краны (11) деңгейіне дейін құйылған су арқылы өтіп, сақтандырғыш және газкелтіруші түтіктердің арасындағы саңылауға, судың біршама бөлігін ығыстырады. Бекітпеден газ ниппель (15) арқылы шығады.
Кері соққы болған кезде жарылғыш қоспа, сақтандырғыш пен газ келтіруші түтіктерге, қоспа судан сақтандырғыш түтіктің төменгі тесігіне өткенше ығыстырады. Сақтандырғыш түтік арқылы жарылғыш қоспа суды өзімен ала кетіп, атмосфераға шығады. Түтік тегісі арқылы шыққанда, судың бір бөлігі обечайкада (17) қалып, бекітпеге қайта ағады. Газ өткізуші түтік тығынмен (16) жабылады.
Достарыңызбен бөлісу: |