ТД -500 және ТД-300 (2-сурет) типті трансформаторлардың қысқаша сипаттамасы мен олардың негізгі техникалық көрсеткіштері
ДД-500 және ТД-300 типті пісіру трансформаторлары ТС-500 және ТС-300 типті трансформаторларының құрылғысын жетілдірілген түрлері болып саналады. ТД-500 және ТД-300 трансформаторларында массасы мен габариттері азайтылған, құрылғыларының технологиялығы жоғарылатылған, баптау ыңғайлылығы және жұмыс сенімділігі жақсартылған (2‑сурет).
ТД-500 және ТД-300 трансформаторлары – металдарды қолмен доғалы пісіргенде, кескенде және балқытып қаптастырғанда электр доғасын бір фазалы, жиілігі 50 Гц айнымалы токпен нәрлендіруге арналған және магнит шашырауы ұлғайтылған индуктивті кедергіні орамалармен (сатылы) реттейтін трансформаторлар типіне жатады.
Трансформаторлардың массасы мен габариті токты екі диапазонды баяу реттеуді пайдалану негізінде азайтылды. Үлкен ток аралығында екі ораманың –бірінші, екінші орамалар өздерінше қос-қостан параллель қосылады; аз ток аралығында бірінші және екінші орамалар өздерінше тізбекті қосылады.
Орамаларды қосу және ажырату трансформатордың ішінде орналасқан қосқышпен орындалады.
1- кесте. ТД-500 және ТД-300 трансформаторларының техникалық көрсеткіштері
№
п.п.
|
Көрсеткіштері
|
ТД-300
|
ТД-500
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
Номиналды кернеуі, В
|
30
|
30
|
2
|
Бос жүріс кернеуі, В
|
61-79
|
60-76
|
3
|
Номиналды пісіру тогы, А
|
300
|
500
|
4
|
Пісіру тоғын реттеу шегі, А
|
60-380
|
90-650
|
5
|
Қуат коэффициенті
|
0,51
|
0,53
|
6
|
Пайдалы әсер коэффициенті
|
0,86
|
0,87
|
7
|
Қуаты, кВ·А
|
19,4
|
32
|
8
|
Номиналды жұмыс ережесі, ПН, %
|
50
|
60
|
9
|
Габариті, мм
|
640х490х715
|
720х580х850
|
10
|
Массасы, кг
|
137
|
210
|
1 – тұғыр; 2 – трансформаторды жылжытуға арналған қолсап; 3 – пісіру тоғын баяу реттеуге арналған қолсап; 4 – диапазондарды өзгертіп қосуға арналған қолсап
1-сурет. ТД-500 трансформаторының қағидалы электрлік сұлбасы
1-суретте көрсетілгендей магниттік, сырықта (1) бірінші (ОП) және екінші (ОВ) орамалар орналасқан. ПД- тоқ диапазоның (аралығын) – қосушы, С – қорғаушы фильтр (радиокедергілерден). Кіріс кернеуі 220В, шығыс (пісіру) кернеуі 60 және 70В. Ток диапазонын қосушының I – қалпында орамалар параллель жалғанады – үлкен токтар; II – қалпында орамалар тізбектеп жалғанады – аз токтар.
I – тұғыры; 2 – трансформаторды жылжытатын қолсап; 3 – пісіру тогын баяу реттейтін қолсап; 4 – ток диапазонын өзгертіп қосу қолсабы
2‑сурет. ТДМ-317У2 Пісіру трансформаторы
Жұмысты орындау реті:
Жазбалар және сұлба бойынша трансформаторлардың құрылымы мен оның технологиялық мүмкіншіліктерімен танысыңыз.
Трансформатордың негізгі бөлшектерімен толығырақ танысыңыз:
а) нәрлендіру көзі – трансформатор элементтерінің құрылысына - магнит өткізгіш, бірінші орама, екінші орама, бекіту қондырғылары мен оқшаулау түріне ерекше көңіл бөліңіз;
ә) пісіру тогын реттеу сұлбасы және механизмдері;
б) пісіру тогын қосу сұлбасы мен механизмі;
в) трансформаторды салқындату жүйесінің элементтері;
г) трансформатордың жалпы жинақталуы.
3. Токты қоспай тұрып машинаның барлық түйіндерінің өзара әсерлесуін байқап көру.
4. Дайындамаларды пісіріп көру.
5. Реттелетін ереже көрсеткіштеріне көңіл бөліңіз.
№
|
Электрод диаметрі
d, мм
|
Трансформатордың жұмыс режімі
|
Бос жүріс режімі
|
Жүктемелік режім
|
Қысқа тұйықталу режімі
|
|
|
I, А
|
U, В
|
I, А
|
U, В
|
I, А
|
U, В
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
Есеп мазмұны.
1. Жұмыстың атауы мен мақсаты.
2. Жабдық, айлабұйым, саймандар тізімі.
3. Жұмыстың қысқа жазбасы.
4. Пісіру кабинасы, пісіруші орны, негізгі саймандар мен жабдықтар нобайын салу.
5. Жұмыс бойынша қорытынды.
Бақылау сұрақтары.
ТД типті пісіру трансформаторының негізгі түйіндерін атаңыз?
Пісіру тоғын реттеу қалай орындалады?
Пісіру тоғы қандай аралықта реттеледі?
4. Трансформатор орамаларын салқындату қалай орындалады?
Достарыңызбен бөлісу: |