Сарыбаев Е. Е., Бортебаев С. А



бет6/18
Дата18.05.2022
өлшемі0.86 Mb.
#456891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
ПӨТжЖ әдістемелік құралы

2-зертханалық жұмыс

Nordika – 160 және Artika - 250 пісіру трансформаторларының жұмысын оқып үйрену және сыртқы сипаттамаларын анықтау


Жұмыстың мақсаты: Пісіру трансформаторларының құрылысымен танысу, жұмыс режімдерін реттеуді үйрену және трансформатордың сыртқы сипаттамасын тәжірибе жүзінде анықтау.

1.1 Жұмысты орындауға арналған құрал-жабдықтар, материалдар және аспаптар


1) Nordika 160, Artika - 250 (Италия) пісіру трансформаторлары;
2) қаптамалы электродтар;
3) штангенциркуль;
4) өлшеуіш аспаптар (вольтметр, амперметр);
5) жабдықты бөлшектеп ашып көретін слесарлық құрал саймандар.

Теориялық анықтама


Электр доғасы арнайы трансформатор, генератор жөне түзеткіштерден нәрлендіріледі. Доғаның жалындау ережесі ток күшімен Ін, доға кернеуімен UД, доғаның ұзындығымен lд, соңдай-ақ айтылған шамалардың өзара байланыстылығымен сипатталады. Доға энергияны қабылдаушы ретінде энергия беруші аппараттармен өзара тәуелді, біртұтас энергетикалық жүйе қалыптастырады. Олай болмаған жағдайда доғаға қойылатын технологиялық талаптар орындалмайды да, пісіру процесін жүргізу мүмкін болмайды.
Пісіру трансформаторлары электр желісінен алынатын кернеу мәнін доғаны тұтандыруға және жалындатып жандыруға қажетті шамаға дейін төмендетіп беруге арналған. Трансформаторлар фазалылығы жағынан бір және үш фазалы, сыртқы сипаттамасы жағынан күрт құламалы, көлбеу құламалы және қатаң болып келеді. Пісіру орындарының (постыларының) санына қарай бір және көп орынды болып жіктеледі.
Құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты доғалы пісіруге арналған пісіру трансформаторлары негізгі екі топқа бөлінеді:
- магнит ағыны қалыпты (нормальды) таралған;
- магнит ағыны шашыраңқы таралған.
Негізінен магнит ағыны шашыраңқы таралған трансформаторлар кеңінен таралған.
Artika - 250 пісіру трансформаторлары айнымалы тоқпен, балқитын электродтармен қолмен доғалы пісіруге арналған пісіру трансформаторы. Термостатикалық қорғанысы бар. Орамалары ТДМ-300М пісіру трансформаторымен салыстырғанда параллель жалғанған, тоқтың шамасын реттеу магнитті шунт арқылы жүзеге асырылады. Желідегі кернеу шамасы 220 және 380 В.




п.п.

Көрсеткіштері

Artika 250

Nordika 160

1

2

3

4

1

Номиналды кернеуі, В

55

45

2

Бос жүріс кернеуі, В

61-79

60-76

3

Номиналды пісіру тогы, А

250

160

4

Пісіру тоғын реттеу шегі, А

60-250

50-160

5

Қуат коэффициенті

0,44

0,53

6

Пайдалы әсер коэффициенті

0,86

0,87

7

Қуаты, кВт

2,7

2,3

8

Габариті, мм

750х360х490

720х340х450

9

Массасы, кг

31

28

Трансформатордың жалпы жұмыстық теңдеуі қарапайымдатылған эквиваленттік баламалық сұлба мен векторлық үшбұрыштан шығарылады.


Кернеудің доға тогына тәуелділігін векторлық көріністе мына түрде көрсетуге болады:

мұндағы ХТ 1 + Х2 – трансформатордың қосынды индуктивті кедергісі;
ХР – реактивті катушканың индуктивті кедергісі;
RТ =R1 + R2 – трансформатордың қосынды белсенді (активті) кедергісі.
Векторлық диаграммаға сәйкес доға кернеуі:

RТ, RР мәндері өте аз шамада болғандықтан оларды ескермеуге болады.



осыдан:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет