Сарып (бруцеллез) алдын алу



Дата15.06.2016
өлшемі23.14 Kb.
#138063
Сарып (бруцеллез) алдын алу

Сарып індетімен күрес ұйымдастыру және алдын алу бойынша 2015 жылдың 26.03-нен 26.04. дейін айлық өткізілуде. Адамдарға сарып ауруының жұғу себептері, мал шаруашылығында жұмыс істейтіндердің тазалық шараларын жетік білмеуінен, малдармен жұмыс істейтіндер үшін қолайлы жағдайдың жасалмауынан, малмен жұмыс істейтін азаматтардың, осы жұмысқа уақытша қамтылатындардың санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтамауынан болып келеді

Бруцеллез – бұл адамдар мен малдардың, бруцелла –төменгі температура мен дымқыл ортаға тұрақты ұсақ микроағзалармен жұғатын жұқпалы ауру. Көңде 75 күнге, жерде - 3 айға, қойдың жүнінде - 3-4 айға, сүтте - 20-70 күнге дейін сақталады. Қайнатқан кезде олар бірден өліп қалады.

Қалай жұқтыруға болады? Қоздырғыш көзі ауыл шаруашылық малдары (ұсақ және ірі мүйізді жануарлар, шошқалар), кей жағдайда ит пен мысықтар.Жануарларда ауру белгілерсіз, жасырын өтеді, бірақ та бруцелла зәрмен, нәжіспен, сүтпен бөлініп шығады.Адамдар осындай малдармен байланыста болғанда және зарарланған тамақ өнімдерін(сүт, ірімшік, май т.б.) қолданғанда, тері бүлінуі арқылы (мал тудырғанда, мал сойғанда) жұқтырады.Бруцеллезбен ауырған адам қоздырғыш көзі болып табылмайды.

Жіті бруцеллез қалай өтеді? Ауру жұқтырғаннан аурудың бірінші белгілері білінгенше 1-3 апта, кейде бірнеше ай, ауру біртіндеп басталады. Қызу 37°-тан 39-40°-қа дейін көтеріліп 3-7 күн адам қалтырап, дірілдейді.Сонымен қатар, лимфа түйіндері ұлғаяды. Бұлшық ет және буындары ауырады.

Созылмалы бруцеллез белсенді және белсенді емес болуы мүмкін. Белсенді түрінде қалыпты жағдайдағы адамда аздап қызу көтеріледі. Аурудың жағдайы ауру белгілері байқалғанда күрт төмендейді. Бұндай жағдайда сүйену-қозғалу аппараты зақымданады, соның нәтижесінде, бірнеше буын, негізінде ірі буындар және омыртқа (бел-сегізкөз). Буындары мен омыртқасы қозғалысы шектеліп, ауырсынып жүреді. Жүйке жүйесі, (радикулит), жыныстық жүйе бұзылады (еркектерде белсіздік, әйелдерде бедеулік).Созылмалы белсенді емес бруцеллез- асқынусыз айлап, жылдап жүре беретін ауру.



Бруцеллездің салдары. Аурудан сауығу жіті және созылмалы түрден кейін де болады, бірақ бәрібір буын, омыртқа немесе ішкі мүшелердің өзгерістері болуы мүмкін. Жиі жағдайда ірі буындарда түрін және қызметін өзгертетін өзгерістер қалады.

Болжам: Бруцеллезбен ауырғанда өлімге әкеп соқтыратын жағдайлар аз. Ауру жиі жағдайда асқыну нәтижесінде, ауру салдарынан (буын қозғалысының шектелуі) еңбекке жарамсыз болып қалуы мүмкін.Ми зақымданғанда еңбекке жарамдылық төмендейді.

Бруцеллезді қалай анықтауға болады. Бруцеллезге диагноз зертханалық және рентгендік зерттеуден соң қойылады. Қанды бактериологиялық зерттеуден өткізеді.Бруцеллезбен ауырған адам айналасына қауіп төндірмейді.

Бруцеллездің алдын алу – бұл ауылшаруашылығы малдарының бруцеллезімен күресу және оларды күтіп-баптаудың ережелерін сақтау. Бруцеллез ауруы қаупі бар адамдарды (сауыншы, табыншы, ет комбинаты жұмысшылары) бруцеллезге қарсы егіледі.Міндетті алдын алу шараларының бірі тамақты зарарсыздандыру: сүтті қайнату, дайын ешкі ірімшігін 2 ай, қатты ірімшікті 3ай ұстау.

Мал ұстайтын жай көңнен, түсік қалдықтарынан тазаланып, 20 хлор әгімен, 5 сабынкреозол қоспасымен, 2 формальдегид ерітіндісімен зарарсыздандырылуы керек.Барлық мал күтетін адамдар жеке бас тазалығын сақтап және жылына 1рет алдын алу тексеруінен өтулері керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет