Сарысу ауданы әкімінің аппараты аудандық мәслихат хатшысы Б. Дондаұлына 2010 жылғы 30 наурыздағы №34-3 «Аудандағы құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету бағытында аудандық ішкі істер бөлімінің жұмысы туралы»



жүктеу 451.09 Kb.
бет1/3
Дата15.06.2016
өлшемі451.09 Kb.
  1   2   3
САРЫСУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ


Аудандық мәслихат хатшысы Б.Дондаұлына


2010 жылғы 30 наурыздағы №34-3 «Аудандағы құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету бағытында аудандық ішкі істер бөлімінің жұмысы туралы» шешімі

2013 жылдың 5 айлығы бойынша жалпы 131 қылмыс орын алса, 2012 жылдың осы мерзімінде 65 қылмыс тіркелген, 2013 жылдың бес ай қорытындысы бойынша қылмыстың тіркелуі былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 66 қылмысқа асқан. 2012 жылы барлығы 45 қылмыстық іс сотқа жолданса, 2013 жылы 66 қылмыстық іс сотқа жолданды. Ауыр дене жарақаты салу бойынша 1 дерегі оның ішіндегі 1 дерегі адам өлімімен тіркеліп сотқа жолданған. Бұзақылық фактісі бойынша 5 дерегі орын алған, бұл қылмыстың барлығы ашылған. Ұрлық қылмыстардың ішінде 2013 жылы тіркелгені 83 қылмыс, сотқа жолданып ашылғаны 40 қылмыс, ашылмай тұрғаны жалпы 22 қылмыстық іс криминалдық бағыттағы қылмыс санатына жатады, оның ішінде мал ұрлығы 12 дерегі орын алса, көлік ұрлау 2 дерегі орын алған. Мал ұрлығына келетін болсақ өрісте жүрген малдың егелері қылмыс болған уақыттан кейін, уақыттарын өткізіп арызданады. Алдымен өздері іздеп, таба алмаған сон ғана полиция бөліміне келеді, дер кезінде жедел іздеу іс – шарасын өткізуге, немесе малдың ізімен ізін суытпай қылмысты ашуға қиындық туғызады.

2013 жылы Саудакент, Тоғызкент ауылдарында жиырмашақты мал ұрлық қылмысын жасағаны үшін екі топ қылмыскер ұсталып қылмыстық істері сотқа жіберілді.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 220 азамат тартылды. Олар 69 азаматтан тұратын 10 қоғамдық кеңес, 81 азаматтан тұратын 15 қоғамдық бірлестік, 54 қоғамдық көмекші.

2013 жылы жергілікті бюджеттен қоғамдық көмекшілерге ынталандыруға 180 мың теңге бөлінді.

2010 жылғы 24 желтоқсандағы №46-6 «Жамбыл облысының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет саласының білікті жас мамандарын ауылда тұрақтандыру бағдарламасын ауданда іске асыру туралы» шешімі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» №183 қаулысына сәйкес, аудан бойынша 2013 жылға аталған мақсатқа Республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебіне ауданның бюджетіне 094, 095 бағдарламалары бойынша 55 млн. 323 мың теңге жоспарланды. Оның ішінде, көтерме жәрдемақысы үшін 28 маманға 3 млн. 393 мың теңге. Тұрғын үй сатып алуға берілетін кредитке 51 млн. 930 мың теңге. Әр маманға 121 мың 170 теңге.

2013 жылы оқу орындарын бітірген жас мамандарға, жұмысқа арнайы жолдамамен келіп орналасқаннан кейін, бюджеттік бағдарлама төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес тиісті қаржылары 2013 жылы сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін 12 маманға 2 дәрігер, 10 мұғалім көтерме жәрдем ақысы 1 млн. 454 мың 040 теңге төленді, сонымен қатар 9 жас маманға 1 дәрігер, 8 мұғалім тұрғын үй сатып алу үшін 22 млн. 839 мың 500 теңге төленді.

Қазіргі уақытта оқу бітірген, ауылдық жерлерге жұмысқа орналасқан жас мамандардың құжаттары қабылдануда.



2011 жылғы 20 желтоқсандағы №58-6 «Жаңаарық ауылдық округі әкіміне өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі» шешімі

Жаңаарақ ауылдық округі бойынша 2 елді мекен орналасқан. Халық саны – 1789 адам. Округте 2-мектеп, 2-клуб үйі, 2-кітапхана, 2-мешіт, 2-фельдшерлік пункт, 1-бала бақша, 1-шағын орталық халыққа қызмет көрсетеді. Елді мекендерде 5-азық-түлік дүкендері жұмыс істейді.

2013 жылғы 1 маусымға дейінгі атқарылған жұмыстарға тоқталатын болсақ, яғни ауыл шаруашылығы бойынша «Жастар» шаруа қожалығы көктемгі егіс егу жұмыстарын ойдағыдай аяқтап, 155 гектар мақсары дақылдарын екті. Алдағы қысқы мал азығын дайындау барысында ауыл тұрғындары мен шаруа қожалық иелері өздеріндегі бар техникаларын жөндеуден өткізу жұмыстарын атқаруда. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген мәселелердің бірі – ол ауыл шаруашылығын өркендету бағытындағы шаралар. Ауыл округте қазіргі күн көріс шаруашылықтардың бірі - мал шаруашылығы. Мал басын өсіріп, оның өнімділігін арттыруда ауылда жақсы жұмыстар атқарылып келеді. Ауылдық округте көктемгі малдарды емдеу жұмыстарын уақтылы өз дәрежесінде атқаруда. Вакцина егу, емдеу, алдын-алу шаралары бойынша 985 бас ірі қара аусыл, 827 бас ірі қара сібір жарасына, 350 бас жылқыға сібір жарасына, 12390 бас қой-ешкі аусыл, 12000 бас қой-ешкі сібір жарасы, 6234 бас қой-ешкі бруцеллез ауруларына қарсы емделді. Округ бойынша – 11000 бас қой-ешкі малдары сырғаланып, компьютерлік базаға енгізілді. Ауылдық округте қырым қанды безгегі іс-шаралары жұмыстары өз дәрежесінде ұйымдастырылып, елді мекендердегі барлық қора-жайлар дәріленіп, ауылдың төңірегі түгелдей залалсыздандырылды. Барлық малдарды кенеге қарсы дәрілеу жұмыстары атқарылды.

Ауылдық округ әкімі аппаратының негізгі міндеттерінің бірі – жеке тұлғалардан салық жинау жұмыстары болып табылады. 2013 жылдың 1 маусымына дейін мүлік салығы 40 пайызға, жер салығы 45 пайызға, көлік салығы 50 пайызға орындалды.

Ауыл округіндегі мектептерде оқу жылы барысында жалпы білім сапасын көтеру және ұлттық бірыңғай тестке жүйелі дайындалу бойынша шаралар жасалынып, жоспар бойынша жұмыстар атқарылды. Биылғы оқу жылы өз дәрежесінде, 2-мектепте ойдағыдай аяқтап отыр. Енді алдағы ұлттық бірыңғай тестіге қатысатын оқушылардың жоғарғы балл алуға ат салысып, жұмыстар атқарылуда.

Ауылдық округте көктемгі екі айлық көгеріштендіру, көріктендіру, тазалық жұмыстары бойынша біршама жұмыстар атқарылды. 2013 жылы тазалық жұмыстарына аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 5 адам тартылып, 400 мың 580 теңге айлық жалақы төленді. Тазалық айларында мектеп ұжымы, бала бақша, клуб, кітапхана қызметкерлері әр апта сайын сенбіліктер ұйымдастырды. Елді мекендердегі барлық мекемелер мен ауыл тұрғындары өз ғимараттарын, аулаларын қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізді. Ауылдық мекеме ұжымдарымен бірлесе отырып, ауыл ішіндегі көшелерді ретке келтіру, қоқыстардан тазарту, бардюрлерді әктеу, көше бойындағы және үлкен жол бойындағы көпірлер, аялдама, бағаналар толық сырланып, әктеу жұмыстары жүргізілді. Ауыл әкімі аппараты әр апта сайын үлкен жол бойындағы қоқыстарды тазарту, шекарадағы орналасқан арканы қайта сырлау жұмыстарын жүргізді. «Сарысу» орта мектебінде 20-жылдық бітірушілер алма бағын жасап, оның қоршауын орнатып, 300-түп алма көшеттерін отырғызды. Ауыл тұрғындары да өз аулаларын қоқыстан тазарту, арықтарын ретке келтіру, сондай-ақ 1200 түп тал-теректер, жеміс ағаштарын отырғызды. Осы тазалық жұмыстарына елді мекендер бойынша 600 адам, 3 авто көлік, 1-трактор қатысып, барлық шығарылған қоқыстар 60 тонна құрады. Әлі де болса күнделікті тазалық жұмыстары бақылауда.

Ауылдық округте жұмыссыздар саны күн сайын азаюда. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының екінші бағыты ауылды жерде кәсіпкерлікті дамыту мақсатында, өз кәсібін ашуға, дамытуға округ бойынша 12-адам «Жұмыспен қамту орталығы» мекемесіне құжаттарын өткізген. Сондай-ақ алдағы маусым айында «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының 4-бағыты бойынша «Сарысу» орта мектебі және «Қарлығаш» бала бақшасы ғимараттарында күрделі жөндеу жұмыстары болады. Осыған байланысты осы жұмыстарға ауылда бос жүрген азаматтарды анықтап, тиісті орынға берілді.

Ұ.Сыздықбайұлы ауылында аудандық мәслихаттың депутаты Б.Садуақасовтың демеушілігімен Ұлы Отан соғысына қатысқан азаматтарға арнап ескерткіш монументі өз дәрежесінде салынып, ашылу салтанаты болып, артынан құран бағышталып, ас таратылды. Сонымен қатар осы депутаттың көмегімен балалар ойнайтын алаң салынып, пайдалануға берілді.

Ауылдағы мерекелік іс-шаралар өз дәрежесінде өткізіліп отырады. Елді мекендердегі көшелер бойы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында көше жарықтары орнатылды.

Ауылдық округі әкімі аппаратына жеке азаматтардан 16 өтініштер түсіп, барлығы қанағаттандырылды. Әкімі аппараты бойынша 21 өкім, 11 шешім қабылданды.

Ауыл округі әкімі аппаратының ұйымдастыратын жұмыстарының бірі әскерге шақырылатын азаматтарды дер кезінде аудандық әскери комиссариатқа жеткізу. Тиісті құжаттарын жинақтауға көмек беру жұмыстарын үйлестіріп отырады. Көктемгі шақырылған балалар саны 11 бала болса, оның ішінде 1 бала әскер қатарына, 10 бала арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарында оқиды.

Ауылдық округі бойынша 2013 жылдың ІІ-жарты жылдығында баспасөзге жазылу жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілуде.

Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталатын болсақ, Ақтоғай ауылының Әбілда, Шоқай Датқа көшелері, Ұ.Сыздықбайұлы ауылындағы Жарылқап көшесін күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары, «Сарысу» орта мектебі, «Қарлығаш» бала бақшасы күрделі жөндеу жұмыстары, «Бүркітті» су қоймасын байлау, мал тоғытатын орнын ашу жұмыстары қолға алынбақшы.

2011 жылғы 20 желтоқсандағы №58-7 «Игілік ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі» шешімі.

Игілік ауылдық округі әкімінің аппаратының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан -2050» СТРАТЕГИЯСЫ – ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАҢА САЯСИ БАҒЫТЫ» атты Қазақстан халқына ЖОЛДАУЫН, ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңын басшылыққа алып Елбасының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын қуаттай отырып өз өкілеттігі шегінде жұмыстар атқаруда.

Есепті кезең ішінде ауылдық әкім аппаратының бақылауында аудандық мәслихаттың 1- шешімі, аудан әкімдігінің 15 қаулысы бар.

Осы құжаттарға іс шара жасалып, орындалуы жөнінде тиісті хабарламалар уақытында беріліп отырды.

2013 жылдың 6 - айында ауылдық округ бойынша 7- шешім, 25- өкім шығарылды.

Ауылдық округте 3 бас маман жұмыс атқаруда, функционалдық міндеттер белгіленген.

Ауылдық округте 2013 жылы 6 - айында жеке және заңды түлғалардан өтініштер түскен жоқ.

Игілік ауылдық әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 4 түрі бойынша қызмет көрсетіледі.

Округ бойынша 1 өндірістік кооператив, 133 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Осы агро құрылымдарда 650 адам жұмыспен қамтылған

Игілік ауылдық округі әкімдігіне қарасты Шоқай Датқа орта мектебінде 65 мұғалім, 284 оқушы, Ж. Отарбаев орта мектебінде 55 мұғалім, 234 оқушы бар, Игілік ауылында 1 - балабақша онда барлығы 30 адам жұмыспен қамтылған. Өндіріс ауылында 25 балалық шағын орталық бар. Осыдан бөлек 2- клуб, 2- кітапхана, 2-ФАП, 2-почта, 4- дүкен, Игілікте Өнер мектебі жұмыс істеп тұр.

Мал шаруашылығы бойынша: округ бойынша, биылғы жылдың бүгінгі күніне мүйізді ірі қара -1946 бас болып, қой-ешкі 20916 бас, түйе - 171 бас, жылқы 671 бас болып отыр, төрт түлік мал басынаң да өсімі байқалады.

Мал дәрігерлік емдеу жұмыстары бойынша: Ауылдық округте ауыл шаруашылық малдары арасында кездесетін аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы атқарылып жатқан жоспарлы іс -шаралар жасалған..

Округке қарасты бір мал дәрігері, 3- лицензиясы бар санитар ауылдық әкімдікпен бірлесе отырып жұмыс жасайды, ауыл тұрғындары арасында сарып ауруы және құс тұмауы жөнінде жиындар өткізіліп, олардың адам өміріне қауіптілігі жөнінде түсініктеме жұмыстары жүргізілуде.

Биылғы жылы профилактикалық іс-шаралар емдеу жұмыстары жүргізілуде.

Ауылдық округ бойынша майда малға 8400 сырға беріліп, бүгінгі күнге 7032 бас мал сырғаланды, 7032 бас майда мал компьютерлік базаға енгізілді

Денсаулық саласы бойынша ауылдық округте орналасқан 2 - ФАП ауыл тұрғындарына дәрігерлік қызмет көрсетеді. Оларда жоғары санаттағы фельдшерлер қызмет етеді.

Осы ауылда биылғы жылы 2013 жылы 6- айда 24- сәби дүниеге келді. Екі ауылдағы ФАП-тарда 5 жасқа дейінгі балаларға және диспансерлік есепте тұрған адамдарға, жүкті аналарға тегін дәрі дәрмек берілді.

Екі ауылдағы ФАП-та жасөсперімдер арасындағы тәртіпті сақтау мақсатында темекі,арақ ішпеу, нашақорлыққа бейімделмеу жөнінде лекциялар ұйымдастырылып отырады.

Ауылдық округтің әлеуметтік –экономикалық даму стратегиясы мен орта мерзімді даму жоспарын мерзімінде орындай отырып, Елбасының Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру жолында ауылдық округ әкімдігі бүкіл ауыл тұрғындарымен бірлесе отырып, жоғарғы көрсеткіштерге жете береді.



2012 жылғы 27 наурыздағы №3-3 Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы аясында ауданда атқарылған жұмыстары туралы шешімі

2013 жылдың қаңтар айы бойынша коммуналдық пәтер алу кезегінде 944 азамат тіркелген. Пәтерге мұқтаж азаматтарды, пәтермен қамтамасыз ету мақсатында, бос-қирап қалған иесіз 348 пәтер аудандық әділет басқармасында заң талаптарына сай иесіз ретінде тіркеуге алынды. 2013 жылдың тамыз-қыркүйек айларында аталған пәтерлерді коммуналдық меншікке алу үшін сотқа берілетін болады. Бүгінгі таңда пәтер алу кезегінде тұрған мұқтаж азаматтардың құжаттарын түгендеу жұмыстары жүргізілуде. 2013 жылы Жаңатас қаласындағы 1 шағын мөлтек ауданындағы 33 көпқабатты тұрғын үйді (120 пәтерлік) қалпына келтіру жұмыстары жоспарланып отыр.

Қосымша қирап, бос қалған (қалпына келтіруге жарамсыз) көпқабатты үйлерді қиратып, орнын тазалау жұмыстары жүргізілетін болады. Оған жоғарғы тұрған бюджеттен 337988 мың теңге қаржы бөлінде.

2012 жылғы 27 наурыздағы №3-4 «Тоғызкент ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі» шешімі.

Ауылдық округ бойынша қазіргі таңда 311 аула, 2100 халық есепте тұрады. Оларға 1 орта мектеп, 1 негізгі мектеп, 1 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік пункт, спорт мектебі, 2 клуб, 2 кітапхана, байланыс торабы мен почта бөлімшесі, саз мектебінің филиалы, 1 электр жүйесі халыққа қызмет етеді.

Ауыл тұрғындары негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Мал басы қазіргі таңда төмендегідей болып отыр.

Қой-ешкі-19528 бас, М.І.Қ- 2835 бас. Жылқы-206 бас. Түйе 3 бас .

Ауылдық округ бойынша малдәрігерлік жұмыстар аудан әкімдігінің малдәрігерлік бөлімі жасаған жоспарлы іс-шарасына байланысты атқарылады. Ауылдық округ бойынша бірдейлендіру жұмыстары сапалы жүргізіліп, сырғаланған МІҚ, қой-ешкілер базаға енгізілген.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының ІІ-бағыты бойынша 20 ауыл тұрғындарынан түскен өтініш жұмыспен қамту орталығына өткізіліп, оның ішінде 4 құжаттары дайын ауыл тұрғындары өз кәсібін дамыту үшін несие алады.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша жеке кәсіпкер Қалдан Садықов өз кәсіпкерлігін дамыту үшін несие алып, ауылдық округтен кірпіш зауытын ашу үшін өтініш білдіріп, Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөліміне жер алу бағыты бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Кірпіш заводы келесі жылы іске қосылады деп күтілуде.

Майлыкөл елді мекенінен 38 бала мектепке дейін тасымалдау қызметі уақтылы атқарылып отыр.

Ауыл орталығынан кәсіпкер Д.Абдикаримов наубайхана ашып, қазіргі уақытта жұмыс істеп тұр.

Мектеп жанындағы шағын орталықта 50 бала бар. Осы шағын орталыққа мекеме ұжымдары, кәсіпкерлер қайырымдылық көмектерін көрсетіп отырады.

Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыға 2013 жылдың І – тоқсанына 110 отбасының құжаттары жиналып өткізілді. Жәрдемақы уақытылы төленіп отырады.

Әкімдік азаматтардың өтініштерін қарауда олардың құқықтарын қорғау мақсатында Заңға сәйкес 15 күн ішінде оларға жауаптар беріп отырады.

2013 жылы жеке азаматтардан 4 өтініш түсті, заңды тұлғалардан өтініш түскен жоқ. Түскен өтініштердің бәріне дер кезінде жауаптар берілді.

Салық төлемдері салық Кодексінде көрсетілген Заңдарға сәйкес уақытылы төленіп отырады. Мүлік, жер және көлік салықтары 100 % болып орындалады.

Жалпыға бірдей әскери міндеттілік ҚР-ың 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес атқарылады. 2013 жылдың көктемінде әскерге шақырылуға жататын 21 азамат шақырылып, 21-і медициналық сұрыптаудан өтеді. Медициналық сұрыптаудан өткен әскерге жарамды шақырылушылар әскер қатарына алынады.

Ауыл тұрғындары зейнетақылар мен жәрдемақыларды уақытылы алып тұрады.

Ауылдық округ әкімі аппараты 2013 жылдың І-тоқсанына 10 өкім қабылдады. Шешімдер қабылданған жоқ.

2012 жылғы 27 наурыздағы №3-5 «Қамқалы ауылдық округ әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі»

2013 жылдың І жартыжылдығында 3 шешім, 19 өкім шығарылды. Әкімдік мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша халыққа қызмет көрсетеді.

Әкімдік аппараты мамандары өздеріне бекітілген жұмыстармен ауыл тұрғындары арасында жиі болып тұрады. Ауылдық округтегі тұрғындар арасында Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Үкіметі актілері мен орталық және жергілікті атқарушы органдардың құжаттарының орындалуы жайы түсіндіріліп отырады.

Әкімдік бойынша үш мектеп, үш клуб, үш кітапхана, 1 СВА, екі ФАП, екі тұз өңдеу цехы, екі шаруа қожалығы жұмыс жасайды.

Мал шаруашылығы бойынша:Ауылдық округ бойынша МІҚ-1340 бас, қой-ешкі-19778 бас, түйе-98, жылқы-355 бас болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда барлық мал басы бойынша өсіп отырғандығын білдіреді.

Мал дәрігерлік емдеу жұмыстары: Ауылдық округ бойынша ауыл шаруашылық малдары арасында кездесетін аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы іс-шаралар жасалған. Округке қарасты мал дәрігер ауылдық әкімдікпен бірлесе отырып, ауыл тұрғындары арасында сарып ауруы және құс тұмауы жөнінде жиындар өткізіп, олардың адам өміріне қауіптілігі жөнінде түсініктеме жұмыстары жүргізілуде.

Аусыл ауруына қарсы 950 бас мүйізді ірі қара, 8862 бас уақ мал емделді. 1313 бас сиыр малына туберкулезация жасалынды.

Сібір жарасына қарсы МІҚ – 1050 бас, жылқы – 350 бас, түйе 100 бас, 2107 бас уақ мал емделді. Биылғы жылғы сырғаланған уақ мал 4468, МІҚ – 340.

Қан алу жұмыстары жоспар бойынша жүргізілді. Алынған қандар уақтылы өз дәрежесінде аудандық зертханаға өткізіліп отырды. Кенеге қарсы сиыр, қой ешкі шомылдырылып, ауыл маңайлары тегіс дәріленді.

Әлеуметтік сала бойынша: Бүгінгі таңда ауылдық округке қарасты Шығанақ, Қамқалы, Жайлаукөл ауылдарында 1083 адам есепте тұрады. Олардың ішінде 1 Ұлы Отан соғысына қатысушы, 8 тыл ардагері бар.

Ауылдық округ бойынша 50 телефон нүктесі жұмыс істейді. Электр қуаты халыққа тұрақты беріліп тұрады. Көше жарықтандыруға байланысты үш ауылға 5-тен жарықтандыру шамдары орнатылып, жанып тұр. Қосымша Жайлаукөл, Шығанақ ауылдарына 5 тен жарықтандыру шамдары қойылды.

Тарихи мәдени нысандарды күтіп баптаудан Ұлы сазгер, қобызшы Жайлаукөл ауылының орталығына қойылған Ы.Дүкенұлының ескерткіші қамқорлыққа алынып күтілуде. Мамыр айында қобызшының жатқан жері «Қуаралдағы» бейітін тазалық және жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы көмек туралы» Заңының шыққалы бері атаулы көмекті арнайы әкімдік жанынан 7 адамнан құрылған комиссия ақылдасып отырып шешеді.

Көктемгі көріктендіру, көгеріштендіру тазалық сақтау үш айлығы кезінде бүкіл ауыл тұрғындары, мектеп, СВА, ФАП ұжымдарымен бірлесе отырып, ауыл әкімдігі біраз жұмыстар атқарды. Көрнекіліктер жаңартылып, бұзылған үйлердің орындарын тазарту, әктеу, сырлау, күл-қоқыстар шығару жұмыстары жүргізілді.

Бұзылған үйлердің орындарын тазарту жұмыстарына Қамқалы, Шығанақ ауылындағы жеке кәсіпкерлердің техникалары пайдаланылды. Қамқалы және Шығанақ ауылдарының кіре беріс жолдарына жеке кәсіпкерлердің демеушілігі арқасында арка тұрғызылды.

Мемлекеттік мерекелер үлкен ұйымдастырушылық деңгейде ауылдық округке қарасты үш ауылда да өткізіліп отырды. Атап айтқанда, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі Қамқалы ауылында өткізіліп, аналарға сый-сияпаттар жасалынды. Концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Әйелдер арасында волейболдан жарыс өткізілді.

22 Наурыз мерекесі күні кигіз үйлер тігіліп, наурыз көже таратылды. Концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

1 мамыр, 7 мамыр, 9 мамыр мерекелері де жоғарғы деңгейде өткізілді.

Медицина саласы бойынша: Жайлаукөл дәрігерлік амбулаториясы, екі ауыл медпунктінің де аулалары таза, тазалық айлықтарына бір кісідей қатысады. Көп жылдық тәжірибесі бар акушер, фельдшер мамандарымен қамтамасыз етілген. Жайлаукөлдегі СВА тәжірибелі врачпен және жаңа жедел жәрдем көлігімен қамтылған. Бес жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер және «Д» учеттағы адамдар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген.

Ауыл жастарының спортпен шұғылдануына толық жағдай жасалған, мектептерде спорттық алаңдары бар. Қамқалы ауылының тұрғыны, соғыс ардагері Смағамбетов Амантай ақсақалдың құрметіне Қамқалы ауылында волейболдан турнир, барлық мемлекеттік мерекелер қарсаңында түрлі спорт түрлерінен жарыстар өткізіліп, келеді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба беретін болады.



2012 жылғы 27-наурыздағы №3-6 «Досбол ауылдық округ әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінін орындауы туралы» шешімі. Досбол ауылдық округі әкімі аппараты өз құзіреті шегінде азаматтардан келіп түсетін өтініштерді қарау барысында Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12-қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңын басшылыққа ала отырып жұмыс атқарады.

2013 жылдың 5 айлық қорытындысы бойынша жеке тұлғалардан жазбаша-4, заңды тұлғалардан жазбаша үлгіде - 9 және ауызша-96 өтініштер келіп түсіп, барлығына жауаптары Заң талаптарына сай тиісті мерзімде жауаптары қайтарылып отыр.

Әкімшілік ғимаратында көрнекі орынға «Сенім телефоны» нөмірі ілінген, келіп түскен шағымдарды тіркеу журналы ашылған және мемлекеттік қызметшілердің этикасын бақылау журналы ашылып, ілінген. Сондай-ақ, «сенім телефонының» нөмірі тоқсан сайын аудандық «Сарысу» газетінің бетінді тұрақты жарияланып келеді.

Дегенмен қазіргі таңға дейін «Сенім телефондары» мен мемлекеттік қызметшілердің этикасын бақылау журналдарына шағымдар тіркелген емес.

Салық және басқа да міндетті төлемдерді жинау жұмыстарын жүргізу ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы М. Күзембаевқа фунционалдық міндетпен жүктелген.

Аймақта ең негізгі салық түрлері: жеке тұлғалардан салық жинау, бұл салада 2012 жылы :



  • жер салығы болжам бойынша есептелген 27000 теңге болса, жиналған салық көлемі – 28119 мың теңге төленіп, 104,1 пайызға орындалды

  • мүлік салығы бойынша болжам 7 мың болса, есепті кезеңде 7232 мың теңге төленіп 103,3 пайызға орындалды.

  • автокөлік салығы болжам бойынша 180,0 теңгелік салық түсімінің көрсеткіші жыл аяғында 253542 теңге салық түсімі төленіп 121,2 пайызға орындалды.

2012 жылға белгіленген болжамды салық түсімдерінің көрсеткіші жыл қорытындысымен 288 893 теңгені құрап, орындалуы 134,4 пайызды құрады.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметтерді тұтыну барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары көрнекі орындарға стенд болып ілінген. Ауылдық округ бойынша тұрғындармен өткен жиындарда мемлекеттік бағдарламалар таныстырылып отырады. Құқықтық көмек сұрап келушілерге тиісті Заң шеңберінде түсініктер беріліп келеді.

Жер қатынастарын реттеу Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының «Жер қатынастары туралы» Кодексін басшылыққа ала отырып жүзеге асырады.

2012 жылы «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Сарысу орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Шағалалы ауылында 10 келушіге және Үлкен Көкдала ауылында 5 келушіге арналған медициналық пункт құрылысына тұрақты жер пайдалану құқығын табыстау үшін жер көлемі тиісті Заң шеңберінде берілді.

Ауылдық округтегі автомобиль жолдары 2013 жылы орта жөндеуден өткізілді. Оның ішінде Досбол-Шағалалы бағытындағы жолдың 9 шақырымы, Досбол-Тоғызкент бағытындағы облыстық мәндегі жолдың 17 шақырымы жөндеуден өткізілді.

Тұрғын үй қорлары бойынша Шағалалы ауылында 1 үй бұзылды, Досбол ауылында 1 үй салынды. Жеке тұрғын үй тұрғындары өз есептерінен жылда ағымдағы, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп отырады.

Округтегі 21 шаруа қожалығы тіркелген және 8 шаруа қожалығы бірігіп 2009 жылы «Көкдала» ауылдық тұтыну кооперативі құрылған.

Ауыл тұрғындарымен өткен жиындарда шаруа қожалықтарын ашу, шаруа қожалық төрағаларына лизингке ауылшаруашылық техникаларын алу асылдандыру бағытында жұмыс жүргізу жөнінде түсінік, үгіт жұмыстары жүргізіліп отырады.

2012 жылы лизингке «Елдос-2004» шаруа қожалығы лизингке 1 дана МТЗ-80 тракторын КУН агрегатымен сатып алды. Аталған шаруашылық 2009 жылы 1 дана МТЗ-80 тракторын алған болатын.

Асылдандыру бағытында «Елдос-2004» және «Әбдісаттар» шаруа қожалықтары «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несиелік қаржыға аналық бас МІҚ мен әр шаруа қожалық 3 бас қазақтың ақ бас сиыры тұқымдас МІҚ малының аталығын сатып алды.

Сонымен қатар, мемлекет тарапынан аналық МІҚ мал басын өсіріп отырған шаруа қожалықтарға ұсынылып отырған қайтарымсыз демеу қаржы (субсидия) алу үшін «Әбдісаттар» шаруа қожалығы барлық тиісті құжаттарын аналық сиырларына 780,0 мың теңге, 3 бұқаға 107,0 теңгеден 321,0 мың теңге, 101 бас еділбай тұқымдас тоқтыларына 568,0 мың теңге қаражат субсидиясын алды.

Шаруа қожалықтарының өз ісін әрі дамыту үшін мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау Бағдарламалары түсіндіріліп отырады. Нәтжесінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 1 жоба, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 6 жоба іске асыруға ұсынылып отыр.

2013 жылы көктемгі мерзімді әскерге шақыру барысында ауылдық округ бойынша әскер қатарына шақырылған 6 азамат белгіленген кесте бойынша мед. тексеруден өтіп, әскери бөлімге тіркелген. Сонымен қатар кестеден тыс 2 өз еркімен әскер борышын өтеймін деген азаматтар да тексерілуден өтті. Алайда, әскер қатарына алынғандары жоқ.

Досбол ауылдық округінде Әділет органдарының жоқ болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен нотариаттық іс-қимылдар жасау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Бойтанов Сырым Бердіұлына жүктелген.

Алайда, ауылдық округте пошта бөлімшесі орналаспағандықтан нотариаттық іс-әрекеттерді жүргізу мүмкін болмай отыр.

Досбол ауылдық округі бойынша тарихи және мәдени орындар орналаспаған.

Досбол ауылдық округі бойынша жағдайы төмен әлеуметтік көмек алатын отбасылар мен жалғыз ілікті қарттар және үйден қызмет көрсетілетін еңбекке жарамсыз азаматтар жоқ.

Аймақта орналасқан жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымдардың

Ауылдық округ бойынша Досбол-Тараз бағытында «ГАЗель» автокөлігі қатынайды. Сенбі, жексенбі күндері Шағалалы ауылы арқылы қатынау жүру кестесінде қарастырылған. Жаңатас бағытына Шығанақ-Жаңатас бағытында қатынайтын қоғамдық көлік жолаушылар тасымалдауды жүзеге асырады.

Округ әкімі С. Ниязовтың 2012 жылдың қорытындысы бойынша өткен есептік кездесу жиынында Үлкен Көкдала ауылы тұрғындары Шығанақ-Жаңатас бағытында қатынайтын автобусты Үлкен Көкдала ауылына кіріп қатынауы келу-бару бағытына қосуды мәселе ретінде көтерген болатын. Айтылған ұсыныс негізінде Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Р. Байтелиевке және сарысу аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің бастығы Д. Искаковқа сұраныс жолданды.

Ауылдық әкімшіліктің шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды жақын маңдағы дәрігерлік көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемесіне апарып тастау міндетіне жүктелген. Осындай факт 2012 жылы Досбол ауылында орын алып, науқас жақын маңда орналасқан Тоғызкент амбулаториясына жеткізілді.

Досбол ауылдық округі әкімшілігі жергілікті өзін-өзі басқару мекемелерімен жүйелі түрде іс-қимылдар жасайды. 2013 жылдың 5 ай қорытындысы бойынша әр түрлі мекемерден 130 хат кіріске алынып, 187 қатынас хат сыртқа жолданған.

Шаруашылықтар бойынша статистикалық жылдық, тоқсандық және айлық есептіліктер жүргізіліп аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мен статистика басқармасына жолданып отырады.

Аймақтағы Досбол, Шағалалы және Үлкен Көкдала ауылдарында тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ұңғыма құдықтар 2010 жылы пайдалануға берілген.

Алайда, Шағалалы және Үлкен Көкдала ауылдарындағы ұңғыма құдықтардағы су үлгілеріне жүргізілген химиялық зерттеулер ауыз суға пайдалануға жарамсыздығын көрсетті. Осыған байланысты Шағалалы ауылындағы ұңғыма құдық суын Шағалалы негізгі мектебіне техникалық және жасыл желектерді суғаруға пайдалану үшін Шағалалы негізгі мектебінің теңгеріміне және Үлкен Көкдала ауылындағы ұңғыма құдықты ауылдық округ әкішілігі теңгерімінен алып тастауды сұранып аудан әкіміне ұсыныс берілді.

Досбол ауылдық округі әкімінің аппаратында 2013 жылғы 12 наурызында ауыл әкімінің №3 шешімімен көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың көктемгі екі айлығының іс-шарасы бекітілді.

Ауылдық округте абаттандыруды жүзеге асыру бағытында Досбол ауылдық округі бойынша 15 наурыздан 15 мамыр аралығында көктемгі абаттандыру, санитарлық тазалықтың, көріктендіру жұмыстарын жүргізудің екі айлығы жарияланып, ауыл көшелері мен мекеме аулалары ауылдық аймаққа қарасты барлық мекемелерге бөлініп бекітіліп берілді. Екі айлық шеңберінде 10 рет сенбілік ұйымдастырылып өткізіліп, ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлері және ауыл жастары қатысты.

Досбол ауылындағы клубтың, әкімшілік ғимаратының, мектептің алдына, Шағалалы мектебі алдына талдардың қураған бұтақтары кесілді, түптері балақталып, 1 метр енділікте әктелінді. Екі айлық ішінде әр сенбілік сайын Досбол ауылындағы 7 көше, Талас өзеніндегі көпірден бастап жол бойы және Шағалалы ауылында кіре берісте орналасқан билбордтан бастап ауыл іші ескі шөптерден және қоқыстардан тазартылды, тазалық жұмыстарына 1-трактор тіркемесімен қатысып отырды.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының қыстайғы үй маңында жиналған малдың қиы, қоқыстарын белгіленген жерге шығару жұмыстары ұйымдастырылды. Ауылдық аймақ бойынша тұрғын үй аумағын тазаламаған Досбол ауылы бойынша 38 және Шағалалы ауылы бойынша 22 адамға ескерту хат екі мәрте берілді. Нәтижесінде тазалық жұмыстарына немқұрайлы қараған азаматтарға ықпал етіліп, жиналған қоқыстары тиісті аумаққа апарылып тасталды.

Досбол ауылдық округіндегі елді мекендердегі 60 электр бағаны тиісті өлшемдер бойынша сәйкес түстермен сырланды. Талас өзенінің үстіндегі көпірдің бордюлері әктеліп, қара түсті бөліктері шайырмен сырланды және аялдама да толықтай әктелді. Округтегі барлық көрнекі ақпараттық құралдар сырланып, сөздері қайтадан жаңартылып жазылды.

Досбол медпункті, клуб үйі, Досбол орта мектебі, ауылдық әкімшілік барлығы 223 шаршы метр жер аумағына әр түрлі гүл көшеттерін егілді.

Барлығы 360 түп тал көшеті Досбол, Шағалалы және Үлкен Көкдала ауылдарындағы мекемелер алдына отырғызылды.

Досбол ауылдық округі бойынша елді мекендердің тазалығын қамтамасыз ету жұмыстары алдағы уақытта да ұйымшылдықпен атқарыла беретін болады.

Ауылдық округте туысы жоқ және жалғыз ілікті қарттар жоқ. Зираттар мен жерлеу орындары орналаспаған.

Ауылдық округ бойынша аудан орталығына тікелей қатынайтын қоғамдық көлік жоқ. Тоғызкент ауылдық округінен қатынайтын «ГАЗель» автокөлігі иесі тұрғындар тарапынан сұраныс болған жағдайда ғана Досбол ауылына келіп тұрғындарды тасымалдайды. Жолаушылардың басым көпшілігі Шығанақ-Жаңатас бағытында қатынайтын қоғамдық көлік қызметін тұтынады. Жеке көлігі бар тұрғындар өзара барушылармен келісіп қатынайды. Досбол ауылдық окуругі әкімі аппараты шешімін таппай келе жатқан мәселе ретінде төмендегілерді жеткізеді:

- Досбол ауылындағы орта мектеп ескіріп, қабырғалары жарылып, білім алушыларға қаупін тудырып отыр. Қыс мезгілінде мектеп оқушыларының дене шынықтыру сабағын өткізетін спорт зал да орналаспаған. Егер Досбол ауылында жаңа мектеп құрылысы салынар болса спорт зал мәселесі де оң шешімін табар еді.

- Үлкен Көкдала ауылына кіретін ұзындығы 1,5 км жолды салу қажет етіледі, Шығанақ-Жаңатас бағытында қатынайтын қоғамдық көлік ауылға кірмейді себебі жол салынбаған.

- Досбол ауылында 4 көше жолдарын жөндеу қажет етіледі.

- Досбол, Шағалалы ауылдарында ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу қажет етіледі.

  1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет