Саржанов абылайхан сабитбекулы



Дата30.06.2016
өлшемі357.8 Kb.
#167705
түріДиссертация
ӘОЖ 664.78:658.562 (574.54)
Қолжазба құқығында

САРЖАНОВ АБЫЛАЙХАН САБИТБЕКУЛЫ

Экономикалық тұрақтылық жағдайында ауылшаруашылығы

саласында дәнді дақылдар өндірісінің тиімділігін арттыру жолдары (Қызылорда облысы мәліметтері негізінде)

6M050600 – Экономика мамандығы бойынша

экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесiн

алу үшін дайындаған диссертацияның


рефераты

Қазақстан Республикасы

Қызылорда, 2013 ж.

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің

«Экономика және менеджмент» кафедрасында орындалған

Ғылыми жетекшісі: экономика ғылымдарының кандидаты,

аға оқытушы Шайнұров А.С.

Ресми оппонент: экономика ғылымдарының докторы,

профессор Шаханов А.А.

Диссертация 2013 жылдың мауысым айының «______» күні сағат ______ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде қорғалады.

(Мекен-жайы: 120034, Қызылорда қаласы, Айтеке би көшесі, 29А үй, бас оқу ғимараты, «Тарих, құқық және экономика» институты, ______ дәрісхана)

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.



КІРІСПЕ
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Ғылыми-зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындылар мен ұсыныстардан, 86 - пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 25 - кестеден, 5 - суреттен тұрады.

Бірінші тарауда жаһандық экономиканың даму барысында ауыл шаруашылық саласында саласында нарықтық экономикалық категория ретінде өнім өндірісі тиімділігінің түсінігі мен мәнінің теориялық мазмұны анықталды және жүйеленді.

Екінші тарауда ауыл шаруашылық дәнді дақылдар өнімдері өндірісінің тиімділігін бағалау және оны арттыру жолдарына талдау жүргізілді, дәнді дақылдар өнімдері өндірісін тиімді жүргізу, өндірістік ресурстарды толық пайдалану және күріш өндірісінің рентабельділігін көтеру мақсатында әр түрлі шараларды іске асыру жолдары анықталды. Сондай–ақ, дәнді дақылдар егістіктеріндегі өнімді өндірудің рентабельділігін көтеру факторлары көрсетіліп, жіктелді.

Үшінші тарауда дәнді дақылдар өнімдері өндірісінің экономикалық тиімділігін арттыру жолдары, оны күріш кластері жүйесі негізінде корпорация құрылып, тәжірибе жүзінде болашақта оны өндірістерге енгізу жолдары қарастырылды.



Қысқартылған түсініктемелер. Өндіріс тиімділігі, экономикалық тиімділік, дәнді дақылдар өндірісі, күріш өндірісінің рентабельділігі, тиімділік факторлары, өзіндік құн, шығындардың құрылымы.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық экономика жағдайында өндірістің тиімділік категориясы жағынан жаңа мағынаға ие болды. Шаруашылықты рентабельді жүргізу оның бәсекеге қабілеттілігін, шаруашылық субъектілерінің жарысқа түсуін талап етеді. Сөйтіп, сол шаруашылықтарды өз алдына жасаған әрекеті олардың әрқайсысының белгілі бір тұтынушыға қажетті тауарлар өндіріп сатудың жалпы жағдайына әсер ету мүмкіндігін тиімді түрде тежейді.

Өндірісті жүргізудің рентабельді тәсілі қолданған кезде барлық жұмсалған шығынның орны өз өнімін сатудан алынған түсім есебінен толады және қажетті таза пайда алу қамтамасыз етіледі.

Нарықтық экономика кезінде, оған көшкенге дейінгідей, еркін бюджеттік қаржыландыруға сенім артуға болмайды. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қаржыландыруда негізгі тірек өзінің меншік қаражатына жұмыс істеп тұрған өндірістік-әлеуметтік және барлық өндірісті тиімді пайдалануға жұмсалуы тиіс. Кәсіпорынның өзін-өзі ақтауы мен таза пайда табуы шаруашылық жүргізудің нарықтық тетігінің бастапқы және айқындаушы ұстанымы болып табылады, өйткені бұл шығынды қайтару мен таза пайда өз өндірісі мен өнімді сату және ақылы қызмет көрсетуден алынатын меншікті табыс есебінен жасалынғанын көрсетеді.

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында күріш, жүгері және басқа да дәнді дақылдар өндіруге қолайлы жағдай бар. Астық өндіру тек қана аймақтың ішкі қажетін қанағаттандыруға ғана бағдарланбауы тиіс. Себебі, оның экспорттық әлеуметінің де болуы тиіс. Осыған байланысты, қызылорда облысындағы ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындар өз өнімдері өндірісінің тиімділігін арттырулары тиіс.

Бүгінгі таңда дәнді дақылдар өнімдерін өндіру объектілерінде негізі техникалық қордың төменгі жағдайы, нарықтық жағдайда басқару тәжірибесі, қажетті қаржы құралдарының жетіспеуі және сапа менеджменті саласындағы өнім сапасын басқаруда жаңа жүйелердің енгізілмеуі, отандық өнімнің бәсекеге қабілетсіздігін айқындап, кәсіпорын жұмысының тиімділігін, тұрақтылығын, рентабельділігін шешуде жаңа жолдардың шараларын қарастырудың мүмкіндігі туындайды.

Мемлекет экономиканың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің нашарлаған жағдайында астық шаруашылығында меншіктің және шаруашылықтың әр алуан түрлерінің пайда болып дамуы барысында осы айтылған барлық мәселені шешу ерекше сапалық және ғылыми-тәжірибелік маңызға ие болуда. Түптеп келгенде диссертация тақырыбын таңдауға осы жағдайлар негіз болды.

Орындалған зерттеу жұмыстарында дәнді дақылдар өнімдерін өндірудің аумақтақ ерекшеліктерін ескере отырып, астық өндіру шаруашылығының рентабельділік деңгейін және сапасын көтеру үшін қолдануға қажетті нақты ғылыми-тәжірибелік және әдістемелік әзірлемелер жеткіліксіз. Аталған кемшіліктің орнын толтыру, соның ішінде Қызылорда облысы аумағындағы дәнді дақылдар өнімдері өндірісінің экономикалық тиімділігін көтерудің аумақтық мәселесін зерттеу және шешу үшін осы диссертациялық жұмыс негізге алынды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Магитрлік диссертациялық жұмыстың мақсаты нарықтық экономиканың талабына сәйкес өндіріс тиімділігі категориясының экономикалық мазмұнын зерттеп, Қызылорда облысы аумағандағы күріш және күріш ауыспалы егістігінде өндірілетін өнімдердің өндірісінің экономикалық тиімділігін жоғарылату жөнінде ғылыми тәжірибелік ұсыныстар және әдістемеліктер жасау.

Осы мақсатқа байланысты мынадай міндеттер қойылды:



  • нарықтық категория ретінде өндірістің тиімділік түсінігі мен мағынасын анықтау;

  • Қызылорда облысы бойынша дәнді дақылдар өнімдерін өндіретін шаруашылықтардың өндіріс тиімділігін көтеру жөніндегі шаралар жүйесін жасап, дәлелдеу;

  • өндірісті рентабельді жүргізу тұрғысынан қарағанда облыс күріш өсіретін құрылымдарында өндірістің қолайлы мөлшерлерін анықтау;

  • Қызылорда облысы бойынша шаруашылық жүргізудің түрлерін белгілеп, рентабельділікті арттыру жолдарын анықтап бағалау және жіктеу;

  • әр түрлі меншік формалары мен шаруашылық жүргізуші ауыл шаруашылық құрылымдарының экономикалық механизмінің үдемелі дамуын қамтамасыз ету.

Зерттеу жұмысының пәні мен нысаны. Зерттеу объектілері ретінде Қызылорда облысында құрылған нарықтық типтес шаруашылықтар: өндірістік, ауыл шаруашылық, кооперативтер, акционерлік қоғамдар, шаруа серіктестіктері, шаруа қожалықтары алынды.

Зерттеу пәні дәнді дақылдар өнімдерін өндірудің, оның ішінде күріш өсіретін ауыспалы егістегі өнім өндірісінің тиімділігін көтеру мақсатында тауар-ақша қатынастары негізінде аграрлық өндірісті жүргізудің экономикалық әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы, сапа менеджментінің қалыптасуы, сондай-ақ өндірісті сапалы жүргізуге ықпал ететін факторларды және ДСҰ-на кіру жағдайында осы мәселені шешудің жолдары болып табылады.

Магитрлік диссертациялық жұмысқа ақпараттық база ретінде республика-лық ұлттық статистика агенттіктің материалдары, ауылшаруашылығы басқар-масының материалдары, Қызылорда облыстық статистика агенттігінің материалдары, әр түрлі күріш шаруашылығы агроқұрылымдарының жылдық есептерінің деректері, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарының материалдары пайдаланылды.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері ретінде отандық және шет елдік аграршы-экономистердің еңбектері, заң актілері, жарлықтыр, Үкіметтің мемлекеттік меншікті мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру, меншік пен шаруашылық жүргізудің әр алуан түрлерін құру және олардағы өндіріс сапасын арттыру мәселелері бойынша қаулылары алынды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Зерттеу жұмысы барысында оның ғылыми жаңалығын анықтайтын және қорғауға ұсынылған төмендегідей нәтижелер алынды:

- бүгінгі таңда экономикалық тұрақтылық жағдайында ауыл шаруашылық саласында нарықтық экономикалық категория ретінде өнім өндірісі тиімділігінің түсінігі мен мәнінің теориялық мазмұны анықталды;

- нарықтық типтегі агроқұрылымдардың шаруашылық қызметін тиімді жүргізуге дәнді дақылдар өнімдерін өндірудің оңтайлы мөлшерлері жасалынып, өндіріске ұсынылды;

- кәсіпорынның қосымша табыс табуының бағалық және тұтынушылық факторлары зерттеліп, өзара байланыстары мен мақсаты кешенді түрде қарастырылды;

- ауыл шаруашылық күріш компанияларының өндіріс тиімділігін бағалау және оны арттыру жолдарына талдау жүргізілді;

- ауыл шаруашылығы өндірісін тиімді жүргізу, өндірістік ресурстарды толық пайдалану және дәнді дақылдар өнімдері өндірісінің рентабельділігін көтеру мақсатында әр түрлі шараларды іске асыру көзделді;

- күріш өндіру саласында күріш кластерін құру негізінде корпорация құрып, оны болашақта практика жүзінде өндірістерге енгізу жолдары қарастырылды.

Зерттеу жұмысының қорғауға шығарылған тұжырымдары:

- өндіріс тиімділігі – экономикалық категория ретінде кәсіпорын жұмысының экономикалық көрсеткіштері болып табылады, яғни ол өзіндік құнмен, бағамен, пайдамен, рентабельділікпен тығыз байланысты және белгілі бір шамада оларды қалыптастырумен анықталады;

- бағалық және тұтынушылық факторлар өнім өндірісі тиімділігін жақсартуды, минералдық және органикалық тыңайтқыштардың көтеріңкі мөлшерін кешенді пайдалануды, барлық жұмыстарды агротехникалық талапқа сәйкес жүргізуді, оларды жоғары сапамен орындауды қамтамасыз етеді;

- өндіріс тиімділігін бағалау мен оны арттыру – дәнді дақылдар өнімдерін өндіруде ауыспалы егістердің түрлерін қолдануды, инженерлік суару жүйелерінің бірлігін пайдалануды және өнім сорттарының селекциялық жұмыстарын жақсартуды талап етеді;

- Қызылорда облысында күріш өндірісінің рентабельділігін көтерудің алғышарты - ауыспалы егістерді енгізу, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу және өнімдердің өзіндік құнын төмендету болып табылады;

- кластердің экономикалық механизмдері негізінде құрылған корпорация - өндірістік функциялардың кластерлік тізбектемесін құрайды. Олар өндірісті ұйымдастыру мен су шаруашылығы, күріш өндірушілер мен өңдеушілер және ғылыми – зерттеу институты арқылы жүзеге асырылады.



Зерттеу жұмысының теориялық және іс-тәжірибелік маңыздылығы. Қызылорда облысы аумағында күріш егістігіндегі дақылдарды өндірудің экономикалық тиімділігін арттыру және басқару, оларды өндіріске енгізуге мүмкіндік тудыратын теориялық қағидалар мен іс-тәжірибелердің қорытындылары мен нақты ұсыныстарды пайдалану мүмкіндігімен айқындалады.

Зерттеу жұмысындағы негізгі қорытындылар мен ұсыныстар нақты іс-тәжірибелерде, атап айтқанда, «Рза» АҚ-да және Қызылорда облысы ауылшаруашылығы басқармасында пайдаланылды.



Диссертациялық жұмыстың жарияланымы. Зерттеудің таңдап алынған тақырыбы бойынша 3 мақала даярланып, жалпы көлемі 1,2 б.т. болатын ғылыми мақалалар мен ғылыми–тәжірибелік конференциялардың тезистері жарияланған.
1. Өнім өндірісі тиімділігінің теориялық және экономикалық негіздері. Қазақстан Республикасы нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңіне көшті. Нарықтық экономика өзінің мәнісі бойынша еңбек өнімділгінің өсуін, өндіріс тиімділігінің барынша артуын ынталандыратын құралы болып табылады. Де-генмен, осындай жағдайда да өндіріс тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарын, оның өсуіне әсер ететін факторларын, тиімділікті анықтау әдістерін айқындау маңызды болып та­былады.

Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарын дұрыс анықтау үшін тиімділіктің өлшемі мен көрсеткіштерін тұжырымдап алу қажет.

Қазіргі кезде кәсіпорындар, әсіресе өнеркәсіптік, әр түрлі себептерге байланысты күрделі жағдайда тұр. Олардың ішінен төмендегілерді бөліп көрсетуге болады: инфляция мәселелері; ресурстардың болашақтағы бағаларының белгісіздігі; төлеу қабілеті бар сұраныс; ел экономикасының дағдарыстан шығуының нақты бағдарламасының жоқтығы; инвестициялық саясатты қалыптастыру тәжірибесінің нашарлығы; инвестициялық бағдарламаларды құрастырудың әдістемелік мәселелерінің жеткіліксіз зерттелмегендігі; қаржыландыру көздерін іздестірудің күрделілігі және т.б.

Өндірістің жоғары тиімділігі жүйелі түрдегі ұлғайтылған ұдайы өндірістің қажетті және шешуші алғы шарты болып табылады. Өндіріс тиімділігі жалпы өндірістің және әрбір жеке кәсіпорынның дамуының негізгі мақсатына жетуімен тікелей байланысты болатын нарықтық экономиканың басты санаттарының біріне жатады.

Өндірістің экономикалық тиімділігін анықтау үшін әр түрлі құндық көрсеткіштер қолданылады. Олардың жиынтығы шығындар шамасымен қатар мүмкін болатын нәтижені көрсетеді.

Ақырында экономикалық тиімділігін еңбек өнімділігінің өсу арқасында көруге болады. Демек, еңбек өнімділігінің деңгейі өндірістің экономикалық тиімділігінің өлшемі бо­лып табылады. Еңбек өнімділігі жоғары болған сайын өндіріс шығындары темен, ал еңбек шығындарының экономикалық тиімділігі жоғары болады.

Еңбек өнімділігі адамдардың өндірістік іс-әрекетінің нәтижелілігін білдіреді және өнім бірлігіне шаққандағы нақты және затқа айналған еңбек шығындарының шамасымен анықталады. Осыдан еңбек өнімділігі тек тұтынылған ресурстардың (ағымдағы шығындардың) пайдаланылуын көрсетеді, ал өндіріс тиімділігінің өсуі ағымдағы және бір мезгілді шығындарды қамтитын барлық ресурстардың пайдала­нылуын сипаттайды.

Еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылығы, капитал сыйымдылығы және қор сыйымдылығы қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызды көрсеткіштері болып табылады.

Салыстырмалы экономикалық тиімділіктің негізгі көрсеткіштеріне жататындар: меншікті күрделі салымдар; өнімнің өзіндік құны; еңбек өнімділігі; қосымша күрделі салым-дардың өтелу мерзімі (немесе тиімділік коэффициентт.

Өзіндік құнды өнім тиімділігінің деңгейін сипаттайтын көрсеткіш деп санайтын болсақ, оның өсуі өнімнің өзіндік қүнының төмендеуімен көрсетіледі. Сонымен, дәл өзіндік құнды (және оның төмендеуін) өнеркәсіптік өндіріс тиімділігінің ең толық көрсеткіші деп санаған дұрыс болар еді.

Өндіріс тиімділігінің жинақтары техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық және әлеуметтік сипаттағы әр түрлі факторлардың нәтижесімен қалыптасады. «Факторлар» атауы деп әдетте белгілі бір үдерістің немесе құбылыстың дамуының негізгі бағыттарын түсінеді. Өндіріс тиімділігінің мәніне негізделе отырып, тиімділік факторлары өндірісті дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары бойынша, сонымен қатар өндірісті басқару деңгейлері арқылы топтастырылуы мүмкін.

Қазіргі кезеңде өндірістің дамуын тікелей және жанама түрінде реттеу, мемлекеттік кәсіпкерлік, бағаны реттеу, өндіріс шығындарының қалыптасуын реттеу, еңбекақыны реттеу, амортизациялық саясат, несиелік реттеу, құрылымдық реттеу, белсенді әлеуметтік саясат және т.с.с. өндірістік тиімділіктің басты факторлары болып табылады.

Тиімділік факторларының іске асуына байланысты өндірісті басқарудың жеке бөлімдері бойынша коғамдық еңбекті үнемдеуге көмектесетін, олар ішкі өндірістік, салалық және халық шаруашылыктық болып бөлінеді. Бүл топтың факторларына жататындар: кәсіпорын деңгейінде - ұйымдастыру-техникалық және әлеуметтік-экономикалық факторлар (ғылыми-техникалық серпілістікті жеделдету, өндірісті, еңбекті және басқаруды үйымдастыруды жетілдіру); сала деңгейінде жоғарыда аталғандарға ерекше салалык фак­торлар қосылады (жаңа өндірістерді меңгеру, шоғырландыру, мамандандыру, бірлесу және үйлестіру және т.с.с); халық шаруашылығының деңгейінде өндірістің дамуын мемлекеттік реттеу, өндірісті ұтымды орналастыру, халықаралық еңбек бөлісі және т.б. факторлар қосылады. Ішкі өндірістік факторлар шығындар мен ресурстарды пайдаланудың экономикалық тұрғыдан тиімді бағыттарын негіздеу кезінде кәсіпорындардың экономикалық және әлеуметтік дамуының кешенді жоспарларында тікелей көрініс алады.
2 Қызылорда облысындағы дәнді дақылдар өндірісінің тиімділігін талдау.

Қазақстан Республикасы ТМД елдері ішіндегі ең ірі тауарлы дәнді дақылдар өндірушілердің бірі болып табылады, оның үлесіне жалпы өндірістің 20 % - дан астамы келеді. Елімізде дәнді дақылдар өсірумен климаттық жағдайы дәнді дақылдар дақылын өсіруге қолайлы деп саналатын Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары айналысады. Қазақстанда дәнді дақылдар өсетін негізгі аймақ - Қызылорда облысы аумағындағы Сырдария өзенінің екі жақ аңғары.

2012 жылдың қорытындысы бойынша барлық ауыл шаруашылық алқаптары 12166,8 мың гектар, оның ішінде егістігі 130,3 мың гектар, көп жылдық екпелер 2,8 мың, тыңайған жер 63,0 мың, шабындық 115,6 мың, жайылымдық жер 11836,6 мың, бақшалық жер 17,4 мың гектарды құрады.

Қызылорда облысындағы 2010-2012 жылдардағы дәнді дақылдар өндірісі 1 – кестеде көрсетілген.

Кесте мәліметтерінен Қызылорда облысында дәнді дақылдар өнімінің көлемі 2011 жылы жалпы өнім 208671 тонна болатын болса, 2012 жылы жалпы өнім 257524 тонна болып 23%артқан. Жалпы жиналған көлемінің жиынтығы 71502 га, орташа өнімі 36 ц\га болып отыр.

Облыс бойынша 2012 жылға дейін дәнді дақылдар егуде осы көлемді ұстап тұру көзделіп отыр. Соңғы жылдармен салыстырғанда облыс көлеміндегі дәнді дақылдар егілген жер 9,8 мың гектарға көбейіп, орташа өнімділік 6 ℅-ке артқан. Облыста барлық дәнді дақылдар өнімінің 40 пайызын өндіретін ірі дәнді дақылдар өндіретін кәсіпорындарға «Шапағат ЛТД» ЖШС-гі, «Томирис ЛТД» ЖШС-гі, «Шапағат ЛТД» ЖШС-гі, «Айдан инвест» ЖШС-гі, «Алтын дән ПВА» ЖШС-гі, «Жаңажол» ЖШС-гі, «Түгіскен тәжірибе шаруашылығы» РМК-ны, «Қазақстан Дәнді дақылдарі» АҚ-ы, «Абзал и К» толық серіктестігі жатады.



Кесте 1- Қызылорда облысындағы 2010-2012 жылдардағы дәнді дақылдар өндірісі



Аудандар

Егіс көлемі,га

Орташа өнім, ц/га

Жалпы өнім, тонна

2010ж.

2011ж.

2012ж.

2012ж/ 2011ж,%

2010ж.

2011ж.

2012ж.

2012ж/ 2011ж,%

2010ж.

2011ж.

2012ж.

2012ж/ 2011ж,%

Жалағаш

17600

16000

16813

105

37,9

39

39,8

102

66734

62476

66916

107

Жаңақорған

7868

5864

8013

136

34,4

28,8

33,7

117

27063

16838

27004

160

Қазалы

6600

5740

7230

125

31,7

25,6

26,4

103

20927

14715

19304

131

Қармақшы

10847

10340

11510

111

40,2

40,6

40,8

100

43598

41967

46961

112

Сырдария

18064

16948

18602

109

31,7

31,5

35,1

111

57253

53459

65293

122

Шиелі

9200

6029

6475

107

31

29

36,6

126

28516

17445

23699

135

Қызылорда қ.

3085

775

2859

368

12,6

28

29,2

104

3870

1771

8348

471

Барлығы

73264

61696

71502

115

33,9

33,9

36,0

106

247961

208671

257524

123

Ескерту - Қызылорда облысының статистика департаменті мәліметтерінен автордың құрастыруы бойынша

Облыстың дәнді дақылдар егетін ұйымдарында өндірістің рентабельділігі мен тиімділігін артгыруға мына нәрселердің қажетгігі туады:

1 Дәнді дақылдар шаруашылығының ерекшелікті өзгешеліктеріне қарай өндірістің ірі немесе орташа нысандарын ұйымдастыру әр түрлі меншікті формаларына негіздеу;

2 Қаржыландыру нәтижелілігін жоғарылату және субъектілердін төлем қабілетін жақсарту мақсатымен қаржылық төлем өткізу ерекшеліктерін механизмін ұйымдастыру;

3 Нарыктық экономиканың барлық салаларын есепке алып, әртүрлі шаруашылық нысандарына сәйкес, нәтижелі экономикалык нарыктық механизмді ендіру;

4 Дәнді дақылдартің және тағы басқа ауыл шаруашылық дақылдар өндірісінің рентабельділігін жоғарылату мақсатымен оны ұйымдастыру, өндірістік, экономикалық, нарықгық, әлеуметгік, экологиялық және тағы басқа факторларды нәтижелілікпен жүзеге асыру.

2010-2012 жылдардағы дәнді дақылдар өндірісінің тиімділік керсеткіштерін салыстырғанда облыс бойынша барлық шаруашылықтардан мынадай корытынды жасауға болады. Яғни, Қызылорда облысы үшін дәнді дақылдар өнімі, оның ішінде күріш шаруашылық өндірісінің ең бір негізгі саласы болып табылады. Облыстың дәнді дақылдар өндірісінің рентабельділігін көтеруге және дәнді дақылдар шаруашылығын толығымен жоғарлатуға резервтері бар.

Кесте 2- Қызылорда облысы бойынша 2010-2012 жылдарға күріштің түрлі сорттары, егістік жерлері, жалпы жинағы және дәнді дақылдартің бағалары




Дәнді дақылдар сорттары

Дәнді дақылдар өнімі, ц/ га

Егістік жерлер, га

Жалпы жинағы, тонна

Бағалары, тонна/мың тенге

2010ж

2011ж

2012 ж

2010 ж

2011 ж

2012 ж

2010ж

2011ж

2012 ж

2010ж

2011ж

2012 ж

Маржан

32,9

32,5

33,3

37390

53661

53427

121.580

181559

189144

45,0

55,0

70,0

Кубань3

26,7

31,8

32,4

13567

15557

12680

36787

51686

43978

40,0

45,0

65,0

Лидер

29,3

29,1

30,2

25630

26880

22030

55230

67171

76037

40,0

50,0

70,0

Барлы

ғы:


-

-

-

73264

61696

71502

247961

208671

257524

-

-

-

Ескертпе * - Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы басқармасы мәліметтері негізінде

Кестеден көріп тұрғанымыздай оңтүстік аймакта кең таралған күріш сорты «Маржан», ол Қызылорда облысындағы дәнді дақылдартің егістік жерінің 80 % алады. Ал «Кубань-3» сорты Арал аймағының тек солтүстік аймағында, сондай-ақ, Қармакшы ауданында (орталық аймақ) өсіріледі. Әртүрлі аймақгарда барлық кажетгі шарттарды орындау арқылы егіс көлемінің бір гектарынан алынған дәнді дақылдартің өнімділігі бірдей емес, ол өнімнің өзіндік қүлында көрініс табады. Бүл өз кезегінде дәнді дақылдар шаруашылыктарындағы селекциялық жүмыстарымен, сондай-ак, тұқым шаруашылығының дұрыс ұйымдастырылуымен де байланысты.

Ауыл шаруашылығы өндірісін тиімді жүргізу, өндірістік әлуетті толық пайдалану және дәнді дақылдар өндірісінің рентабельділігін көтеру мақсатында мына қорытынды шаралар болуы қажет: дәнді дақылдар егетін шаруашылыктарда дәнді дақылдар-жоңышқа, жем мен көкөніс ауыспалы егістерін тиімді пайдалану және минералды тыңыйтқышты үнемдеу мен топырақтың құнарлылығын жоғарылату мақсатында инженерлік жүйеде дайындалған жерлерге ғылыми негізделген дәнді дақылдар-жоңышқа ауыспалы егісін (37,5 % дәнді дақылдар, 50 % жоңышқа) енгізу; шаруашылык аралық және шаруашылык ішкі суландыру каналдарын тазалау мен гидротехникалық қүрылыстарды жөндеуді өз уақытында жүзеге асыру; ресурстық материалды тиімді пайдалану максатында егістік жерлердің тиімді кұрылымын аныктап енгізу, өсімдікті қоргау қүралдары мен минералдық тыңайыткыштарды қолдану; пайдаланылып отырған материалдық ресурстың материалдың тиімділігін көтеру мақсатында ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырудың кооперацияландырылған қағидаларын кең қолдану нәтижесінде шаруашылыктың рентабельділігін арттыруға болады.
3. Аймақтағы дәнді дақылдар өндірісінің тиімділігін арттырудың мәселелері мен жолдары.

Қазіргі нарықтық баға кезінде дәнді дақылдар саласы өзінің шығындарын жабу үшін әр гектардан кемінде 35 центнерден өнім алуы керек. Бірақ еліміздегі тұқым өсіру саласының құлдырап кетуіне байланысты, техниканың ескілігі мен аздығынан, қаражаттың тапшылығынан дәнді дақылдар өсіру технологиясының бұзылуы салдарынан, мұндай өнім алатын шаруашылықтар жоқтың қасы. Егу мерзімі мен жинау мерзімі созылып кетіп, жыл мерзімінің қолайлы сәттері толығымен пайданыла алмай отыр.

Дәнді дақылдартің өзіндік құны оның өнімділігіне тура тәуелді. Орташа есептегенде, бұрынғы жылдары дәнді дақылдарті бір гектар жерге егіп, өсіріп жинауға кететін шығындар шамамен 80 мың теңгедей болды. Мұның өзі дәнді дақылдардың өнімділігі әр гектардан 20 центнер болғанда, тоннасының өзіндік құнының 40 мың теңге болуына апарады. Ал дәнді дақылдар салысының тоннасының 2012 жылғы нарықтық бағасы 80-90 мың теңгенің шамасында болып отыр. Тағы да айта кетейін, дәнді дақылдаршілер өз өнімінен азын аулық пайда көруі үшін ең болмағанда әр гектардан 35-38 центнер өнім алуы керек. Жұмысшылардың айлығы дәнді дақылдар өнімінің өзіндік құнының 25 пайызы шамасында, ал отандық дәнді дақылдартің тіпті өз еліміздің ішіндегі бәсекелестік қабілетінің нашарлығынан олардың айлығын әрі қарай өсіру мәселесі тіпті қиынға соғып тұр. Сырттан келген дәнді дақылдар өнімдеріне қарағанда біздің дәнді дақылдартің өзіндік құны қымбат, ал сапасы нашар.

Дегенмен елімізде аздап болса да жаңа тұқым мәселесімен айналысып жатқан ғылыми зерттеу ұжымдары бар. Арал өңірінінің агроэкологиясы мен ауылшаруашылығының ғылыми зерттеу институты "Арал - 69", "Арал – 318", "Арал – 202", "Ару", "Түгіскен" сияқты жаңа сорттар шығарды, бірақ та бұл сорттарды кең көлемде қолдану үшін әлі де біраз жылдар керек, оған дейін бұл сорттар шықпай жатып моральдық тұрғыдан ескіріп қалуы да ғажап емес. Алматы обылысында "ПакЛи" атты жаңа сорттар да өсіріліп жатыр. Жаңа сорттардың көптеп шығарылуына, оларды ауыл шаруашылығына тезірек беруге кедергі болып отырған ғылыми зерттеу ұжымдарындағы қаржы тапшылығы. Жоғарыда айтып өткендей еліміздің дәнді дақылдарті аймағы болатын Қызылорда өңірінде дәнді дақылдартің бұл өңірде 20 жылдан бері болмай соңғы уақытта қайта шыққан перикуляриоз атты ауруы ұлғайып келеді, ал "Маржан" сорты бұл ауруға ең төзімсіз сорт. Осы аурумен күресу мақсатында, дәнді дақылдар саласын сақтап қалу мақсатында Қызылорда өңіріне Ресейдің Краснояр өлкесінен күріштің "Новатор", "Янтарь", "Рапан" сияқты жаңа сорттары әкелінді. Олар өздерін жақсы көрсетсе, Қызылорда өңірін жерсініп кетсе оларды тұқым ретінде қолдану жоспарланып отыр.

Дәнді дақылдар өсіретін шаруашылық салаларындағы өндірістік шығындарды басқару, өзіндік құнды төмендету факторларын жүргізу, шаруашылық жүргізудің шығынға қарсы нарықтық механизмін қалыптастыру және пайдаланудың қажеттілігі өсті.

Дәнді дақылдар өсіретін шаруашылықтарда жүргізілетін зерттеу, нарықтық қатынастар жағдайында негізгі өндірісті кәсіпкерлік қызметпен ұштастырудың маңыздылығын көрсетеді. Сондықтан, дәнді дақылдар дақылын өсіретін субъектілерде шаруашылық субъектілерінің қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу мен оларды жоғары бағамен өткізу мақсатында шағын және орта бизнес кәсіпорындарын дамыту қажет.

Ауылшаруашылығы өндірісін тиімді жүргізу, өндірістік әлуетті толық пайдалану және дәнді дақылдар өндірісінің рентабельділігін көтеру мақсатында мына қорытынды шаралар болуы қажет:


  • дәнді дақылдар егетін шаруашылықтарда дәнді дақылдар-жоңышқа, жем мен көкөніс ауыспалы егістерін тиімді пайдалану және минералды тыңыйтқышты үнемдеу мен топырақтың құнарлылығын жоғарылату мақсатында инженерлік жүйеде дайындалған жерлерге ғылыми негізделген дәнді дақылдар-жоңышқа ауыспалы егісін (37,5 пайыз дәнді дақылдар, 50 пайыз жоңышқа) енгізу;

  • шаруашылық аралық және шаруашылық ішкі суландыру каналдарын тазалау мен гидротехникалық құрылыстарды жөндеуді өз уақытында жүзеге асыру;

  • ресурстық әлуетті тиімді пайдалану мақсатында егістік жерлердің оптимальды құрылымын анықтап енгізу, өсімдікті қорғау құралдары мен минералдық тыңайытқыштарды қолдану;

  • пайдаланылып отырған материалдық ресурстың әлуетті тиімділігін көтеру мақсатында ауылшаруашылығы өндірісін ұйымдастырудың кооперацияландырылған қағидаларын кең қолдану. Нәтижесінде шаруашылықтың рентабельділігін арттыруға болады.

Дәнді дақылдар шаруашылығын өркендетуде кезек күттірмейтін міндеттерге кластерлік жүйені дамыту жұмыстары болып табылады. Бұл жүйенің суармалы егіншілік жағдайындағы салмағы тіпті зор. Өндірілген өнімнің еш бөлігі босқа далада қалмауы тиіс. Дәнді дақылдар дақылының маржан дәнін айтпағанда, одан бөлінетін ақ ұсақ, жарма секілді бөліктері жем ретінде пайдаланылуы тиіс. Осы дәнді дақылдартің қауызынан боикет атты торфқа ұқсас отын түрін шығаруды шапағаттықтар бұдан үш жыл бұрын бастап кетті. Енді оның өндіріс ауқымын арттырған ләзім. Орайын тапса, ол еліміздің кез келген мүйісінде өзінің сұранысын табады. Осыдан келіп, дәнді дақылдартен түсетін таза пайда арта түседі, өнімнің өзіндік құны төмендейді. Күні ертең Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып кіре қалсақ, мұның біздер үшін керегі көп.

2010 жылдың аяғына Қызылорда облысында күріш өндірісін тұрақты дамьпуға жету үшін өндірістің қазіргі ресурс үнемдейтін технологиясын енгізу, ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін дәнді дақылдар және оның калдыктарын өндеу; егіншіліктің экологиялық қауіпсіздігін артгыру негізінде дәнді дақылдар өндірісі мен өткізудің тиімді жүйесін қалыптастыру, облыстың су және жер ресурстарын сақтау жэне қалпына келтіру; дәнді дақылдар шаруашылық кешенін мемлекеттік басқаруды оңтайландыру жоспарланып отыр.

Кластер - бұл өздері өндіретін өнімнің бэсекелестік қабілеттілігін арттыру мақсатында ғылыми және қаржы мекемелермен, жергілікті баскару өкілетгіліктерімен тығыз байланыста болатын кәсіпорындардың аумактық-салалық ерікті бірлестіктері. Кластер кэсіпорындардың бизнес жүргізу жағдайларының өзгеруіне жэне рыноктагы сұранысқа тез арада икемденуіне мүмкіндік береді. Жүйелік талдаулар нәтижелері көрсеткендей, агроөнеркәсіп кешенін жетілдірудің және дамытудың ең тиімді жолы - бүл жүйелі түрде дамушы кэсіпорындар қүру жэне оларды кластерлік модельдер мен кластерлік технологиялардың көмегімен біріктіру. Облысымызда мұндай жүйені құруға толық негіз бар. Қызылорда облысындагы күріш кластерін жекелеген кэсіпорындардың жиынтығы есебінде бөліп алып, оларды өздерінің бағытгары мен мақсатгары бар біртүтас жүйе деп қарастыруға болады.

Алдағы уақытта, облысымызда күріш өндірісінде кластерлік жүйені өндіріске енгізу күріштің брэндін қалыптастыруға, оны терең өңдеу арқылы өнімнің өзіндік күлын төмендетуге, өндірістердің қуаттылығын толык пайдалану деңгейін арттыруға, халықты импорттық тауарлардың орнын басатын әртүрлі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге зор мүмкіндіктер береді. Күріш кластеріне қатысатын өндірістердің өзара байланысы 1 – суретте көрсетілген.

Күріш дакылы облысымызда ертеден бері қолға алынып келе жаткан салалардың бірі және ол облысымыздың маржаны, яғни тауарлы маркасы болып табылады.

Күріш кластерін кұру және оны дамыту ауыл шаруашылығы қүрылымдарына келесі мүмкіндіктерді береді:

- сыртқы рыноктарда күріштің бәсекелігін жоғарылату және облыстағы өңделген күріштің экспортталу көлемін үлғайту;



Қолдаушы индустриялар




Күріш өндірісіне қажетті заттар берушілер немесе салымшылар







Тікелей қатысатындар


1.Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

2.Қызылорда аграрлық колледжі

3.Кәсіптік мектептер


5.ЖЖМ берушілер



1. Жер иелері

1. Құрылыс

6.Минералдық тыңайтқыш өндірушілер



2. Еңбек ресурстары

2. Қаржы қызметі

7.Ауыл шаруашылығы машиналар жасаушылар



3. Сақтау қызметтері

Экспортқа шығарушылар

4. Су таратушы мекемелер



4. Тасымал қызметттері


Көтерме сауда

Өнеркәсіп және қоғамдық ассоциациялар:

1. Қазақстан күріш одағы

2. Облыстық «Асар» биржасы




Бөлшек сауда




Дистрибютерлер




Өңдеуші көсіпорындар



Тікелей қатысатындар

Жанама қатысатындар

Жақсы дамыған құрылым –
Дамуы әлсіз құрылым-
Күшті байланыс
Әлсіз байланыс



1. Өңдеу қондырғылары



1. Құрылыс

4. Қап, қалбыр жасаушылар


2. Қаржы қызметі

5.ҒЗ- институттары

2. Электорэнергия берушілер

3.Су ресурстары



3. Тасымал қызметтері

6. Еңбек ресурстары


Сурет 1 – Күріш кластеріне қатысатын өндірістердің өзара байланысы, автордың сызбасы

- кластерге тартылған фирмалар өнімділігін арттыру, қосымша қүлы жоғары өнімдерді шығару деңгейін артгыру жэне экспорт бірлігі қүлын есіру;

- өсімдік шаруашылығында ғылыми-негізделген алдыңғы қатарлы жаңа технологиялармен қамтамасыз ету;

- суару жүйесінің пайдалы эсер коэффициенте жоғарылату;

- ауыспалы егістікте қолданылатын күріштің және басқа да дақыддардың өнімділігін арттыру, баска да майлы дақылдарды ауыспалы егістікте колдану;

- ауыл шаруашылығында шоғырландыру жүйесін кұру;

- экологиялық ахуалдың жақсаруы;

- машина-трактор паркінің құрамын жаңарту;

- күріш өндірісінің тиімділігін арттыру, жаңа жұмыс орындарын көбейту және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің табысын көтеру;

- ауыл шаруашылығына крсымша инвестиция енгізудің көздерін ашу;

- ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етілуі.

Күріш кластерін енгізгеннен кейін сапалы күріш өндіру бойынша ірі бизнесті тиімді ұйымдастыру үшін «Маржан» корпорациясын құруды ұсынамыз (2 сурет).

Қазіргі кезде шаруашылыктарға дербестік, іскерлік, бастамашылдык көрсету үшін оларға кеңінен мүмкіншіліктер беру, мемлекеттік меншікті тезірек өзгерту, күріш өндіруші кэсіпорындардың шеңберінде нағыз қожаның пайда болуын ынталандыратын қу_қыктық немесе экономикалық жағдайларды тезірек іске асырудың маңызы зор. Ол үшін шаруашылық жүргізу нысандарының барлық жиынтығын өзгерту қажет.

Күріш шаруашылығының қазіргі кездегі үйымдық қүрылымы шаруашылыкты тиімді жүргізу талабына сай емес, дэйекті кооперациялау шеңберіне ене алмайды. Сондыктан, жоғары сапалы күріш өнімін шығару үшін ат салысатын ұйымдар мен кәсіпорындарды бірлестіре отырып корпорация құруды ұсынамыз.

Кластерлік жүйенің негізгі тізбектерінің функцияларын қарастыра келе, біз корпорацияның функцияларын қарастырамыз. Корпорацияның негізгі функциялары мыналар болып табылады: корпорация субъектілерінің қарым-қатынастарын басқару; өндірістік-каржылық ағымдарьш басқару; күріш өндірісінің сапасын басқару; өтімділікті басқару; қызмет көрсетуді баскару.

Сонымен, біздің ғылыми-зерттеу жұмысымыздың 3.3 бөлімінде «Маржан» басқару корпорациясының ұйымдастыру құрылымы жүйелі түрде жобаланды. Бұл құрылымның ерекшелігі: ол күріш өндірісінің тиімділігін экономикалық басқару жүйесін кластерлік негізде қалыптастырады. Аталған құрылымды қалыптастыру әдістемесінің маңызды ерекшелігі оның «төменнен-жоғары» қағидасы бойынша құралуы болып табылады. Құрылымның басында негізгі берілген «күріш» кластерінің субъектісі келтірілген. Әрі қарай, корпорацияның технологиялық факторлары, содан кейін қалыптастырудың экономикалық факторларын талданылуы дәлелденген. Және де сайып келгенде, қалыптастырылған корпорация ұйымды басқару жүйесінің корпорациясымен байланысты.













Корпорацияның өндірістік функциялары




Кластерлік тізбектеме







Кластердің экономикалық механизмдері

Сурет 2 - Күрішті өндіру бойынша кластерлік жүйе негізінде «Маржан» корпорациясы, автордың жобасы

ҚОРЫТЫНДЫ

Көрсетілген мәселелер бойынша жүргізілген зерттеулер төмендегідей қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдауға және дәлелдеуге мүмкіндік береді:

1.Дәнді дақылдар шаруашылығының ұдайы өндірісін жүргізуді ұйымдастыру, толық экономикалық, технологиялық, техникалық, әлеуметтік-экономикалық факторлар әсерін тигізеді. Бұл дәнді дақылдар егістіктегі дақылдарын өндірудің рентабельділігін көтеру жөніндегі мәселелерді алға апарады, яғни өнімнің сапасын жоғарлату жөніндегі мәселелер айтылады. Зерттеудің қорытындысы бойынша өнім сапасын жоғарлату бойынша рентабельділік категориясының келесі анықтамалары ұсынылады және дәлелденеді: шаруашылық жүргізуші субъектілердің шаруашылық-қаржылық қызметінің рентабельділігі – ол талдау жүйесіне кіретін, белгілі бір экономикалық және басқа да факторлардың әсерімен шаруашылық жүргізудің нарықтық түрлері кезінде тауар-ақша қатынастары негізінде өндірістік шығындарды қайтару мен таза пайда алу мақсатында, өнімнің сапасын жоғарлату жағдайында өнім өндіру мен сатудың барлық элементтері мен кезеңдерін қамтитын салыстырмалы күйде жекеленген жинақтаушы көрсеткіштердің жиынтығы.

2.Өнім өндіру рентабельділігінің деңгейі бойынша екі топқа бөлуге болады. Мәселен, бірінші топқа (рентабельділік деңгейі 15 пайыздан жоғары) 11 шаруашылық жатқызылады. Екінші топқа (рентабельділік деңгейі 15 пайызға дейін) 17 шаруашылық жатқызылады. Бұл өз күштерімен кеңейтілген ұдайы өндіріс жүргізуге мүмкіндік бермейді. Соның салдарынан шаруашылық жүргізудің экономикалық тетігін нарықтық типке сай келтіру қажет. Зерттеу қорытындысын өндіріске ендіру 25-30 пайызға дейін тиімділікті арттырады.

3.Күріш өсіретін құрылымдарды соңғы жылдары күріштің егіс көлемінің қысқаруына қарамастан өндірістік шығындар көбеюде, соның салдарынан өнім бірлігінің өзіндік құны өсуде. Бұл күрішті сатудан табыс алатындай жағдайды әрқашан жасай бермейді. Нарықтық типтегі әртүрлі құрылымдардың шаруашылық жүргізудің ұйымдастырушылық қабілетінің экономикалық тетігіне сай келмеуі күріш өндіруге жұмсалған шығынның ұлғаюына әсерін тигізеді.

4.Дәнді дақылдар өндірудің рентабельділігін жақсарту мақсатында ірі шаруашылық жүргізуші субъектілерде қара күрішті өңдеуде Германия шығаратын импорттық мини-өндірісті қолдану қажет. Бұл мини-өндірісті қолданғанда және күрішті зауыттық сапаға жеткізу керек.

5.Орта және шағын күріш өсіруші құрылымдар ақ күрішті зауыттық сапаға жеткізу мақсатында бұрынғы астық дайындау орындарының кәсіпорындарында өңдеулері керек. Күрішті «Астық» мемлекеттік азық-түлік корпорациясы арқылы сату қажет. Сонда, қалдықсыз технология негізінде жүреді.

6.Шаруашылықтың шағын және орта түрлерінде кооперация негізінде маркетингтік кооперативтерді пайдалану қажет, сондай-ақ күріш өсіруші құрылымдар мега астық даярлау кәсіпорындары («Ақмаржан жер» ЖШС және басқалары) арасындағы шаруашылықаралық экономикалық тетік құру керек.

7.Қызылорда облысы аймағындағы күріш шаруашылығы өндірісті жүргізудің ауылшаруашылығы өндірістік кооперативтері сияқты жүйе тиімдірек,онда жер, су, материалдық және басқа да жұмыстар есептелініп отырады. Мұнда, сондай-ақ, әлеуметтік-коммуналдық, тұрмыстық және басқа объектілер де тиімдірек пайдаланылады. Сондықтан, күріш шаруашылығындағы шаруа қожалықтар орташа өндірістік кооперативтермен қатар ассоциацияларға бірігуілері қажет. Бұл аймақтың күріш шаруашылығының рентабельділігін көтеруге инженерлік-суару жүйелерін жетілдіру және қайта құру мақсатымен шетел инвесторларының инвестицияларын тарту қажет.

8.Біздің есебіміз бойынша өндірістік кооперативтердің оңтайлы параметрлері ауыспалы егістіктер болып саналады, олардың негізінде өндірістік-қаржылық қызметінің экономикалық қызметін жобалай отырып, ірі өндірістік кооперативтердің бастауыш бөлімшелерінің көлемін анықтау қажет. Қызылордадағы аймақтың күріш шаруашылығындағы ең тиімдісі өндірістік кооперативтер, өйткені ресурстық әлеует өте тиімді пайдаланылады.

9.Қазіргі кезде Қызылорда облысында 10 мемлекеттік суармалы жүйелер жұмыс істейді. Бес суармалы жүйесінің пайдалану мерзімі 30 жылдан астам, басқа үш жүйенікі 20-дан 30 жылға дейін, екі жүйенікі – 10 жылдан асады. 10 жүйенің 5-еуі толығымен инженерлік типтегі емес, ал суару жүйесінің 98 пайызы ескі арнасындағы каналдар болып келеді, соның салдарынан бұл жүйелердің КПД-сі (пайдалы қызмет коэффициенті – ПҚК) 0,65-0,67 ден аспайды. Бұл суды пайдалануға әсерін тигізеді.

10.Күріш өсіретін құрылымдардың өндіріс құралдарына деген сұранысы зор, бірақ оларды сатып алуға төлем қабілеттігі нашар. Тіпті «Шаған» ЖШС басқа да өндірістік кооперативтері (ӨК) сияқты таза пайдасы өте көп құрылымдар да айналым құралдары (минералдық тыңайытқыштар, жанар-жағар май және басқалары) сатып ала алмады, бюджет және басқа да субъектілірге борышын 16 миллион теңгеден астам көлемде таза пайда тапқанына қарамастан қарыздарын толық жаба алмай отыр.

11.Күріш өнімінің рентабельділік көрсеткіштерін есептеп, талдау, бағалау жұмыстарына экономико-математикалық әдісті қолдану нарық жағдайында өте тиімді, себебі бұл әдісте күріштің тиімділігін арттыратын барлық факторлар қамтылады. Мысалы, осы әдіс арқылы есептеулерімізде оптималдауға байланысты күріштің сату көлемі 299 мың тоннаға өседі, соған сәйкес рентабельділік көлемі 30,8 пайызға көтерілді.

12.Күріш өнімдерін өндірудің рентабельділігін көтеру факторларын оңтайландыру негізінде шаруашылық жүргізудің нарықтық типінің ұйымдастыру-экономикалық тетігін құру қажет. Рентабельділікті көтеру мақсатында шаруашылық жүргізудің орта және ірі түрлерінде шағын және орта бизнесті дамыту, күріш өндірісінің тиімділігін көтеру мақсатында күріш шаруашылығында құрылған құрылымдарды негізгі және қосымша салалардың көлемін үйлесімін оңтайландыруды қажет етеді.

13.Шаруашылық жүргізудің барлық субъектілерінің төлем қабілеті мәселесін шешу мақсатында дағдарысын шешу тетігін жасау керек. Бұл тетік екі жүйеден тұруға тиіс, ең біріншісі – төлем жоқтығының негізі және субъектілердің қаржылық мүмкіндіктерін агықтау, екіншісі – төлем дағдарысының себептерін жою және шаруашылық жүргізудің субъектілерінің қаржылық тұрақтылығын құру. Сөйтіп, бұл тетіктің тиімді қызмет істеуіне мемлекет тарапынан келесі шаралар қажет. Өнімнің сапасын жақсарту мақсатында рентабельділікті жоғарлату негізінде өндіріске ендірілген ұсыныстар нәтижесі 26,8 миллион теңгенің шығын көлемін дәлелдейді. Бұл жағдайда рентабельділік дәрежесі 25-30 пайызға жоғарылайды.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстар тізімі
1. Қызылорда облысындағы дәнді дақылдар өндірісінің экономикалық факторлары мен тиімділік көрсеткіштері.// «Заманауи әлемдегі ғылым мен білім» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материал-дары.: Қарағанды «Болашақ» университеті. Қарағанды қ., - 2013г.

2. Дәнді дақылдар өндірісінің рентабельділігін жоғарылату факторларын анықтап бағалау және жіктеу.// «Жалпыға ортақ қазақстандық еңбек қоғамы: әлеуметтік - педагогикалық, экономикалық, инновациялық және құқықтық аспектілер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның мате-риалдары.: Жамбыл гуманитарлық техникалық университеті. - Тараз қ., - 2013г.

3. Аймақтағы дәнді дақылдар өндірісінің экономикалық тиімділік көрсеткіштері.// Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Хабаршы №2(22).- Қызылорда,-2013ж.


Резюме

на реферат диссертации на соискание ученой степени магистра экономки и бизнеса по специальности 6M050600 – экономика



Саржанов Абылайхан Сабитбекулы
Пути повышения экономической эффективности производства зерновых культур в сельском хозяйстве в условиях экономической стабильности

(по материалам Кызылординкой области)
Актуальность темы исследования. Проблема повышения эффективности производства зерновой продукции чрезвычайно актуальна для нашего государства в современных условиях. В Послании Президента Республики Казахстан народу на 2003-2015 годы большое внимание уделяется внедрению в промышленном производстве индустриально-инновационной стратегии. Развитию в стране стабильной экономики способствуют повышение экономики, технологии и технической конкурентноспособности отечественного производства. Проводимые меры по повышению эффективности производства продукции дают широкие возможности строго контролировать расходы и конкуренцию производства. Вместе с тем, в Послании большое внимание уделено рыночному производственному процессу.

Объектом исследования являются управление качеством продукции, формирование менеджмента качества рисовой продукции в местных условиях.

Цель работы - определить влияние экономических, технологических, технических, социально-экономических факторов на управление качеством продукции и укрепление рентабельности и стабильности, сбыта рисовой продукции в условиях формирования финансово-хозяйственной деятельности в сельскохозяйственных предприятиях.

Научная новизна работы заключается в следующем:

определены понятия и значение экономической эффективности продукции в глобальной мировой экономике, рассмотрена система деятельности стабильности и рентабельности рисовой продукции, систематизированы сертификационные значения менеджмента качества;

обоснована необходимость изменения экономических, технологических, социально-экономических факторов в тесной взаимосвязи оценки и потребления рисовой продукции;

разработаны меры по реализации повышения качества рисовой продукции и эффективной оценки работы сельскохозяйственных компаний на основе опыта Западно-Европейских стран;

предложены концептуальные изменения в управлении качеством и оценки продукции в сельскохозяйственных рисовых компаниях;

выявлены пути совершенствования качества рисовой продукции и повышения его рентабельности в регионах;

обоснована необходимость создания рисовых кластеров на базе крупных корпораций, показана практика внедрения на предприятиях по подготовке и выпуску рисовой продукции.


SUMMARY

on the autoreferat of the dissertation on getting degree of magistre of economic science by the speciality 6M050600 – economic



Sarjanov Abylaihan Sabitbekuly

Ways of increase of economic efficiency of production of grain crops in agriculture in the conditions of economic stability

(On the base of materials of Kyzylorda oblast)

The topicality of research. A problem which connected with the increasing an effectiveness to control the quality of rice production is relevant in modern conditions in our country. To introduce the industrial innovation strategy into the industry is paid great attention in the President Message to Kazakhstan people for 2003-2015. This shows that the stable economical development of the government encourages increasing economics, technology and technical competitive ability of domestically production as well. Taking extents for the control of quality of manufactured production have been giving wide possibilities to control expenses and industry competition. At the same time the President Message to Kazakhstan people also pays more attention to the market industrial process.

The object of research is control of production quality, forming the management of quality of rice production in local conditions.

The main aim of research is control of production quality and investigation the influence of economical, technological, technical and social factors on perfection and strengthening the profit and stableness, analysis of rice production sale and conditions of forming the financial activity at agricultural enterprises.

Scientific novelty of research

in global world economy the problems of controlling the production quality in agricultural field and the problems of strengthening the profit and stableness of rice production are considered, the certificated meanings of quality^management are systematized.

the necessity of changing the economical, technological and social factors in correlation with appraisal and consuming of rice production is stipulated.

when solving the rice output problem in agricultural field the experience East European countries was analyzed and studied.

changes in quality and appraisal management in agricultural rice enterprises are suggested.

ways of perfecting the rice production quality and increasing its profitability in regions are offered.

the necessity of creating rice clusters on the bases of large corporations is stipulated, the practice of application to the rice enterprises is shown.

Degree of application. Basic theoretical and practical positions of dissertation work are discussed on 3 international conferences, some results of research are published in republic scientific publications.



Increase of rice production quality is supposed on the base of the economic development of agricultural enterprises. This will be more effective if the methods of corporation "Korkyt" are realized in practice.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет