Саркомастигофоралар типі


СӘУЛЕТӘРІЗДІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ – RADIOLARIA



бет2/5
Дата08.02.2023
өлшемі2.78 Mb.
#469287
1   2   3   4   5
Саркомастигофоралар типі (2)

СӘУЛЕТӘРІЗДІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ – RADIOLARIA


Стихолонхеа
отряды
Спумеллярия отряды
Насселярия отряды
Фаеодария отряды
Акантария отряды
Сәулелілер тек теңізде ғана тіршілік ететін қарапайымдылар, 7000-нан аса түрлері белгілі, көпшілігі жылы теңіздерде кездеседі. Олар өзінің түрлі сыртқы пішінімен (формасымен), әсем сәулетәрізді минеральды ішкі қаңқасының құрылысымен және цитоплазмада айырықша қабық - орталық капсуланың болуымен ерекшеленеді.

КҮНТӘРІЗДІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ – HELIOZOA

  • Күнтәрізділер негізінде тұщы суларда тіршілік етеді. Кейбіреулері теңізде де кездеседі. Денелері шар тәрізді . Цитоплазма екіге бөлінген: тығыз ұсақ түйіршікті ішкі эндоплазмаға және вакуольді сыртқы эктоплазмаға. Орталық капсуласы және минеральды қаңқасы болмайды, тек кейбір теңізде тіршілік ететін түрлерінде кремнеземнен құралған тор тәрізді қаңқалары болады. Жыныссыз жолмен көбейеді, кейбіреулері ғана жынысты жолмен көбейеді. Түрлері өте аз. Негізгі өкілдері - Actinosphaerium eichhorni, Actinophrys sol.

ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСЫ - MASTIGOPHORA НЕМЕСЕ FLAGELLATA

  • Талшықтылар класына 6000-нан аса қарапайымдылардың түрлері жатады. Олар тұщы суларда, теңіздерде, ылғалды топырақтарда және адамның, жануарлардың денесінде паразиттік тіршілік етіп, қауіпті ауруларды туғызады.

Талшықтылардың негізгі белгісі - бір, екі немесе бірнеше талшықтың болуында, бұлар дененің алдыңғы жағында орналасқан, қозғалу қызметін атқарады. Барлық өкілдерінің талшықтарының құрылысы бірдей болып келеді. Талшық клетка бетінен сыртқа карай шығып тұратын ұзынша келген бос бөлігінен және эктоплазманың қоюлығына батып тұратын базальды денешік немесе кинетосомадан құралған. Талшықтың қозғалу жылдамдығы бір секундта 10-нан 40-қа дейін айналымды жасайды.

Талшықтылар класы қоректену тәсіліне қарай екі класс тармағына бөлінеді:


Жануартектес талшықтылар - Zoomastigina.
  • жағалы талшықтылар - Choanoflagellata;
  • тамыр талшықтылар - Rhizomastigina;
  • кинетопластидалар - Kinetoplastida;
  • көпталшықтылар - Polymastigina;
  • гипермастигиналар - Hypermastigina;
  • опалининалар - Opalinina



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет