Сартерек ауылдық округі бойынша 2012 жылы атқарылған жұмыстар



Дата23.02.2016
өлшемі54.87 Kb.
#10863
Сартерек ауылдық округі бойынша 2012 жылы атқарылған жұмыстар
2012 жылы Сартерек ауылы тірек ауылының қатарына еніп, әлеуметтік экономикалық даму бағытында республикалық, облыстық, аудандық бюджеттен 54 млн 439 мың теңгенің жұмысы атқарылды. Атап айтқанда: көшені жарықтандыру, демалыс саябағын абаттандыру, ретсіз қоқыс қалдықтарды жою, хоккей алаңын қоршау, ауылдың көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу, балабақшаға, мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ауыл шаруашылығы

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша Кизатова Айгерім 3 млн несие алып, бүгінгі күні 81 бас ұсақ қой малдарын алып, бағуда. 1 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Раушанова Райгул «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 1 млн несие алып, 24 бас ұсақ қой малдары алынып, 1 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Оралман ағайынымыз Ахмет Серікте 3 млн несиені осы бағдарлама бойынша алып, 13 бас ірі қара малын алып бағуда. Осы аталған азамат пен азаматшалар мал басын көбейту бағытында жұмыстар атқаруда.

Мал сою алаңын ашу үшін «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы бойынша 3 млн несие алып, сыртқы қоршауын, төбелерінің жөндеу жұмыстарын және канализация жұмыстарын жүргізді.

Омарта шаруашылығын жүргізу мақсатында «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 3 млн несие алып, 84 араұясы әкелінді. Екі адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

10 000 тонналық астық сақтау қоймасы іске қосылып, пайдалануға берілді. 1 адам жұмыспен қамтамасыз етілді.

Механикаландырылған ЗАВ-40 қондырғысын орнатып, іске қосылды. 2 адам жұмыспен қамтамасыз етілді.

Мал егу жұмыстары үшін және ауылға қажетті мал қамайтын қорған ауыл тұрғындарының көмегімен салынды.

Ауылшаруашылық өнімдері дәнді астықтардың орындалуы алдыңғы жылмен салыстырғанда 106,3 пайызға артық. 506 га бидай, 5 га арпа, 10 га тары, 630 га майлы дақылдар, 150 га жерге картоп, көкеніс, бақша дақылдары егілді. Дәнді дақылдардың әр гектарынан 11,3 центнерден, көкөністің әр гектарынан 128 цн, картоптан 85 цн, бақша дақылдарынан 132 цн. өнім жиналды.

Шаруа қожалықтарымен меморандум жасалынып, онда мектеп асханаларын көкеніспен, күнбағыс майымен қамтамасыз етуге келісім жасалды.

Биылғы 1 қаңтарға мал басы 5 744 бас ірі қара, 13 118 бас қой-ешкі, 1410 бас жылқы қалып отыр.



Шағын және орта кәсіпкерлік

Ауылымызда 8 сауда дүкені, 4 кәсіпкер мал дәрігері, 2 май сығатын қондырғы, 1 наубайхана, 1 шаштараз, 1 тігін цехы, 1 етік тігетін цех, 1 кеңсе тауарларын саудалайтын дүкен және 10 адамдық қоғамдық монша халыққа қызмет көрсетеді.

Азық-түлік түрлерінің өндірістік тауарлардың бағаларына үстеме бағаны 10 пайыздан асырмай сату туралы жасалынған меморандумдардың орындалуы үнемі бақылауға алынған. Нан бағасын көтермеу туралы да наубайхана иесімен меморандум жасалынды.

«Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» бағдарламасы аясында ауылды көркейтіп, абаттандыру жұмыстары атқарылды. Ауыл тұрғындарының ақсақалдар алқасының ұйымдастыруымен ауылдың кіре берісіне тоғай егіліп, сан алуан гүлдермен гүлдендірілді.

«Сартерек ауылындағы көшелерді жарықтандыру» жұмысына бөлінген қаржы 948 000 теңге. Бұл жұмысты «Зайсан Корган» ЖШС атқарды. Сартерек ауылының кіре берісінің Абай көшесінің аяғына 9 жарықтандыру бағаны мен лампалар орнатылды және осы көшенің басына 10 жарықтандыру лампалары орнатылып жұмыс істеп тұр.

«ШҚО Зайсан ауданы Сартерек ауылындағы демалыс саябағы» жұмысына 3 800 000 теңге қаржы бөлініп, жеке кәсіпкер «Зарипов О. Т.» жұмыс істеді. Демалыс саябағына орындықтар орнатылып, қоқыс салатын шағын урналар қойылды. Балалар ойнайтын ойын алаңдары жасалды (карусель, качели), құм төселді. Саябақтың жолдары асфальттанып, тегістелді. Би алаңы, субұрқақ орнатылды.

«ШҚО Зайсан ауданы Сартерек ауылындағы демалыс саябағы»

жұмысына 980 000 теңге қаржы бөлініп, жеке кәсіпкер «Зарипов О. Т.» жұмыс істеді. Саябақ ағаш қоршаумен (штакетниктер) қоршалып, боялды. Жолдары тегістеліп түзелді.

«Сартерек ауылындағы қоқыс орнын тазалау» жұмысына 300 000 теңге қаржы бөлінген, бұл жұмысты «Зайсан Корган» ЖШС-гі атқарды. қоқыс орындары тазаланып, ауылдың ішіндегі құлап жатқан ескі ғимараттар орындары тазаланып, шығарылып, тегістелді.

«Зайсан ауданы Сартерек ауылындағы хоккей алаңының қоршауы» жұмысына 896 000 теңге қаржы бөлініп, «Зайсан Корган» ЖШС-гі атқарды. Хоккей алаңының жері тегістеліп, діңгектер қойылып, қоршауы жасалды. 4 бағанаға 2 –ден жарықтандыратын шамдар орнатылып, хоккей ойынының қақпалары қойылды.



Тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары

«Зайсан ауданы Сартерек ауылындағы көшелерді орташа жөндеуден өткізу» жұмысына 12 079 000 теңге бөлініп , «Зайсан» құрылыс компаниясы» ЖШС-гі атқарды. Жұмыс кезінде жолдардың қисық жерлері жөнделіп, жаңадан гравий құм-тастары төселді. Жолдың шеттері бекітіліп, 10 см қиырщық тастармен және гравиймен көмкеріліп, 4 см болатын ыстық асфальт сұйықтығы құйылып 1 100 м жерге асфальт төселді.

Көгалдандыру, көркейту, абаттандыру жұмыстарының қорытындысы бойынша тірек ауылдары арасында «Үздік аул» номинациясы бойынша 3-орын иеленді.

Құрылыс саласы

Табиғаты әсем ауылдың басына «Бәйтерек» спорттық сауықтыру орталығы оқушылар мен еңбегі сіңген азаматтарға жазғы қуаныш сыйлады, демалыс орнына айналды.

Тұрғын үй бағдарламасының орындалуы 48 шаршы метр.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

Былтыр жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 7, 2012 жылы 33 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. 1 адам ауылға қажетті мамандыққа оқытылды. 47 жұмыс орны ашылды.



Білім саласы

«ШҚО Зайсан ауданы Сартерек ауылындағы бала бақша ғимаратын ағымдағы жөндеуден өткізу» жұмысына 32 970 000 теңге қаржы бөлініп «Зайсан-Нур-Сервис» ЖШС-гі жұмыс жүргізді. Жұмыс кезінде ғимараттың төбесі толығымен алынып, тақтайлары жөнделіп төбесі жаңа темір шифермен қайта салынды. Тақтай едендері толығымен алынып тасталды, цементтен жасалған едендердің барлығы қазылып алынды, ленолиум жайылды. Ғимараттың қабырғалары толығымен бояу және әктен қырып тазартылып, қабырғалары қайта қалың сылақпен сыланды. Қабырғалары водоэмульсия бояуымен қайта боялды. Сыртқы жұмыстарында қабырғалары кремний органикалық бояумен боялды. Цоколі қалың балшықпен сыланып, боялды. Су жүйесі мен канализация трубалары ауыстырылып салынды. Трубалардың асты жөнделіп, керпіштері, тақтайлары жаңартылды. Су өлшейтін счетчиктер қойылды. Ыстық су жүйесі орнатылды. Суық су және ыстық су ағатын жеке қолжуғыштар орнатылды. Жылу жүйесінің трубопроводтары толығымен ауыстырылды. Өрт сигнализациясының приборлары автоматтандырылған приборлармен ауыстырылып қойылды. Сыртқы су жүйесі жаңадан салынып жөнделді.

«Сартерек ауылындағы Сарытерек орта мектебінің ғимаратын ағымдағы жөндеуден өткізу» жұмысына 10 953 000 теңге қаражат бөлініп, «Зайсан-Строй-Сервис» ЖШС-гі жұмысты атқарды. Жұмыс кезінде ғимараттың 1 қабатындағы қабырғалары әктен және бояулардан қырылып тазартылды, жұқа балшық жағылып қайта боялды және әктелді. Спорт залы және акт залының қабырғалары әктен, бояудан қырылып тазартылды және жұқа сылақпен сыланып, қайтадан әктелді, боялды.
Мәдениет және тілдерді дамыту, спорт саласы

Ауылдық мәдениет үйінің жұмысы жақсарып, жыл көлемінде бекітілген жоспар бойынша әрбір даталы күндер өз шеңберінде үнемі ұйымдастырылып отырды. Жуықта өткізілген «Тәуелсіздік тұғырым, туған жерім – Зайсаным» атты көркемөнерпаздар байқауында Сартерек ауылдық округі ІІІ орын еншіледі.

Округ бойынша жастар аудан көлемінде өтетін мәдени-спорттық шараларға белсене араласып отырды. Жастар саясатын іске асыру барысында округ жастары аудан көлеміндегі іс-шаралардың қызу ортасында жүреді. Барлық жарыстарға қатысып, жүлдегер қатарынан көрініп келеміз.

Денсаулық саласы

Ауылдық округ бойынша 1-Сарытерек ауылдық дәрігерлік амбулаториясы, 2 ФП және 1 көшпелі ФП болса, онда 2 жоғарғы білімді дәрігер, 3 фельдшер, 6 мейірбике, 3 кіші буынды қызметкер. 3 төсекті күндізгі емдеу бөлімі, физио кабинет, ЭКГ, зертхана бөлімі, 1 жедел жәрдем көлігі халықа қызмет атқарады. Ана мен бала өлімі тіркелген жоқ.

Туберкулезбен ауырғандар саны - 1, бруцелезбен ауырғандар саны - 1.

Туған бала саны - 45, өткен жылмен салыстырғанда 128,5 пайызға өскен.

Қайтыс болған адам саны -20.
Ішкі саясат

Жыл көлемінде ақпараттық топ қызмет атқарады. Республикалық, облыстық газеттерге жазылу жоспар бойынша толығымен орындалды.


Қоғамдық тәртіп

Қылмыстардың саны өткен жылы 7 болса, биылғы жылы 6 тіркелген. Әсіресе мал ұрлығына байланысты қылмыстық әрекеттер басым. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 6 болса, 2012 жылы 5.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет