Сартерек ауылдык округ әкімі Әнуарбек Әмірханұлы Орынбаевтың 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары



Дата24.02.2016
өлшемі54.52 Kb.
#11937
Сартерек ауылдык округ әкімі Әнуарбек Әмірханұлы Орынбаевтың 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты Жолдауы келешекке бағыт сілтеген маңызды құжат. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауы халықтың әлеуметін арттырып жағдайын барынша жақсартуға бағытталған. Атап айтсақ тұрғын үй жағдайын жақсарту, жалақы мен әлеуметтік төлемдерді қысқартпау және жұмыспен қамту жөнінде нақты міндеттер қойды.

Елбасы жеті басым бағытты ұсынды. «Нұрлы Жол»-қазақтың арманы Мәңгілік Елге жеткізер жол, әрине «Жол мұраты-жету» бүгінгі күнде басты назарда ұсталып отыр. Жыл сайынғы жолдау өзінің бағыт-бағдарымен, айқындылығымен өз нәтижесін көрсетіп отыр.

Шағын және орта бизнесті қолдау мәселелері де ерекше орын алған. Кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге 100 миллиард теңге бөлінген. Шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты біздің округте де «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы бойынша 2014 жылы 9 адамға16 млн, 2013 жылы 15 адамға 35 млн тенге берілді.

Ауылдық округ бойынша 5 елді мекен бар. Сартерек ауылы бойынша халық саны -1397 адам, Когедай ауылы бойынша - 464 адам, Шалқар ауылы бойынша - 366 адам, Жанабаз ауылы бойынша - 46 адам, Аққойын ауылы бойынша – 18 адам тіркелген. 2014 жылдың 1 қаңтарына 484 отбасы, 491 жанұя , 2291 халық саны бар.

Округ бойынша 132 шаруа қожалығы бар. Оның ішінде 22 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен айналысса, 31 шаруа қожалығы егін шаруашылығымен айналысады, қалған шаруа қожалықтары ұсақ шаруа қожалықтар яғни 5-10 га шабындық жерлері үшін қожалық құрғандар.

Ауылшаруашылық өнімдері дәнді астықтардың орындалуы алдыңғы жылмен салыстырғанда 101,4 пайызға артық. 420 га бидай, 11 га арпа, 11 га тары, 270 га майлы дақылдар, 116 га жерге картоп, 42 га көкеніс, 11 га бақша дақылдары егілді. Дәнді дақылдардың әр гектарынан 17,0 центнерден, көкөністің әр гектарынан 170 цн, картоптан 142 цн, бақша дақылдарынан 210 центнерден айналды.

Шаруа қожалықтарымен меморандум жасалынып, онда мектеп асханаларын көкеніспен, күнбағыс майымен қамтамасыз етуге келісім жасалды.

2014 жылдың 1 қаңтарға мал басы 5 744 бас ірі қара болса, 2015 жылдың 1 қаңтарына 6182 бас 107,6 % өсті. Барлық қой ешкі өткен жылы 13202 бас болса, биылғы жылы 13345 басқа 101,0 % өсті, жылқы малы 1461 бас болса, бүгінгі күнде 1490 бас 101,9 % өсті, құс 2500 бас болса, 3021 бас 120,4% өсіп отыр.

«Жайлау бағдарламасы бойынша округ бойынша 2013 жылы 4 адам 400 бас қой алса, 2014 жылы 1 адам 100 бас қой алды. Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасының мал тұқымын асылдандыру және кедейшілікті жою мақсатында мал сатып алып өсірулеріне мүмкіндік жасалып отыр.

Атап айтсақ К.Оміршінова, Х.Жукушева, Ж.Жукушева, Қ.Елжасов, Р.Толепбергенов, Ерентау Құмарбек, Мүлікбай Қатипа, Р.Жунусова, Қ.Солтанбековтар несие алып мал өсірумен айналысуда.



Шағын және орта кәсіпкерлік

Елбасымыз халықты жұмыспен қамтуда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға ерекше назар аударып, көңіл бөліп келеді. Ауылымызда 8 сауда дүкені, 2 май сығатын қондырғы, 1 наубайхана, 1 дәріхана, 1 мал дәрігерлік дәріхана, 1 тігін шеберханасы, 1 аяқ-киім тігетін шеберхана, 1 кеңсе тауарларын саудалайтын дүкен және 10 адамдық қоғамдық монша халыққа қызмет көрсетеді.

Азық-түлік түрлерінің , өндірістік тауарлардың бағаларына үстеме бағаны 10 пайыздан асырмай сату туралы жасалынған меморандумдардың орындалуы үнемі бақылауға алынған. Нан бағасын көтермеу туралы да наубайхана иесімен меморандум жасалынды.

Білім саласы

2013-2014 оқу жылында Когедай орта мектебінде 163 оқушы оқиды. Мұғалімдер саны 25, тәрбиешілер саны -2, дәрігер-1, қамту қызметкерлер саны-17, от жағушы-5, гардеробшы -1, балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту (0 сынып)-10.

Когедай орта мектебі бойынша 1-4 дейінгі бастауыш сынып оқушылары толығымен ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Барлық ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушы саны-86.

Сарытерек орта мектебі 249 қушы оқиды. Мұғалімдер саны 34, дәрігер-1, қамту қызметкерлер саны-25, от жағушы-6, балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту (0 сынып)-23.

Сартерек орта мектебі бойынша 1-4 дейінгі бастауыш сынып оқушылары толығымен ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Барлық ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушы саны-126

С.Биқадамов атындағы шағын жинақталған мектебі бойынша 0-4 сынып аралығында 36 оқушы, шағын орталықта 15 бала бар.

Мұғалімдер саны 5, тәрбиешілер саны -2, дәрігер-1, қамту қызметкерлер саны-5, от жағушы-2, балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту (0 сынып)-8.

Округ бойынша мұғалімдер саны- 67, оқушылар саны 414, балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту бала саны 51, балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бала саны-238.



Мәдениет және тілдерді дамыту, спорт саласы

Ауылдық мәдениет үйінің жұмысы жақсарып, жыл көлемінде бекітілген жоспар бойынша әрбір даталы күндер өз шеңберінде үнемі ұйымдастырылып отырылады. 2014 жылға берілген ақылы қызмет

150 000 теңге жоспарланған . Осы жоспарланған ақылы қызмет толығымен орындалды. Әрбір мерекелік іс-шара, даталы күндерге арналған көпшілік жұмыстар өз уақытында өткізіліп отыр. Атап айтар болсақ Ұлы Жеңістің 69 жылдық мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған ардагерлердің «Қайран ерлер, қахарман ардагерлер» атты ІІ орынды иеленіп, ақшалай сыйлықтар мен мақтау қағазымен марапатталды. Сондай-ақ «Төрлет Наурыз» Ұлыстың Ұлы күнгі мерекеде көше сайысы мерекені айшықтай түсті. Соңында жеңімпаздарды ауыл әкімі ақшалай сыйлықпен марапаттады. Аудан бойынша өткізілген «Ене, келін, немере» атты сайыс осы Сартерек ауылдық мәдениет үйінде ұйымдастырылып, сайысқа қатысқандарға аудандық мәдениет үйінің директоры Т.Ожыканова бағалы сыйлықтармен марапатталды. 1-қазан қарттар күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған акцияда ауылымыздың ақсақалдары «Қарттар» аллеясына тоғай егілді. Мәдениет үй заманауи аппаратурамен жабдықталған, биылғы жылы стол, шкаф, орындықтар алынып берілді. Мәдениет үйінде 4 үйірме жұмыс істейді. Үйірмеге негізінен ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары, мұғалімдер және ауыл жастары қатысады. Мәдениет үйінде штаттық кесте бойынша 6 адам жұмыс істейді. Округ бойынша жастар аудан көлемінде өтетін мәдени-спорттық шараларға белсене араласып отырды. Жастар саясатын іске асыру барысында округ жастары аудан көлеміндегі іс-шаралардың қызу ортасында жүреді. Барлық жарыстарға қатысып, жүлдегер қатарынан көрініп келеміз.

Сартерек ауылдық кітапханасында 1 маман жұмыс істейді. 7000 кітап қоры бар, оқырман саны 594, оның ішінде оқушылар саны 237.



Денсаулық саласы

Ауылдық округ бойынша 1-Сарытерек ауылдық дәрігерлік амбулаториясы, 2 ФП және 1 көшпелі ФП болса, онда 2 жоғарғы білімді дәрігер, 2 фельдшер, 6 мейірбике, 3 кіші буынды қызметкер. 7 төсекті күндізгі емдеу бөлімі, физио кабинет, ЭКГ, зертхана бөлімі, 1 жедел жәрдем көлігі халықа қызмет атқарады. Ана мен бала өлімі тіркелген жоқ.

Туберкулезбен ауырғандар саны - 3, бруцелезбен ауырғандар саны жоқ.

Туған бала саны биылғы жылы - 42, өткен жылы 37 бала. Оның ішінде Сартерек ауылы бойынша – 27 бала, Шалқар ауылы бойынша-4, Когедай ауылы бойынша-11 бала , жиыны 42 бала дүниеге келген.

Қайтыс болған адам саны биылғы жылы 13 адам, өткен жылы 14 адам.

Оның ішінде Сартерек ауылы бойынша 9 адам, Когедай ауылынан 4 адам қайтыс болды.



Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

Былтыр жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 31, биылғы жылы -43, 2013 жылы 38 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. 2014 жылы 32 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. Өткен жылы 17 жұмыс орны ашылса, биылғы жылы 5, өткен жылы 17 адам жұмыспен қамтамасыз етілген, биылғы жылы 37 адам жұмыспен қамтамасыз етілді.Аудандық жұмыспен қамту бөлімінде тіркеуде тұрған адамдар саны 43 адам, оның ішінде ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғаны 32.



Ішкі саясат

Жыл көлемінде ақпараттық топ қызмет атқарады. Республикалық, облыстық газеттерге жазылу жоспар бойынша толығымен орындалды.

Аудандық «Достық» газетіне де толық жазылуымыз керек. Сіздерден сұрайтыным саяси науқанға белсенді түрде қатысып, газетке жазылуға шақырамын.

Қоғамдық тәртіп

Округ бойынша 4 қылмыстық оқиға тіркелген, ол ұрлық қылмысы 2 қылмыс ашылып, 2 қылмыс ашылған жоқ.

Әкімшілік құқық бұзған (ішімдік ішіп қоғамдық орындарда жүрген ) 336 бабының 1 бөлігі бойынша 52 азаматқа, заңсыз қару сақтаған 368 бабының 1 бөлігі бойынша 5 азаматқа, заңсыз балық аулағаны үшін әкімшілік хаттама 10 адамға толтырылды, заңсыз ағаш кескен 3 адамға айыппұлдар салынып, өндірілді.

Төлқұжат ережесін бұзған 377 бабының 1 бөлігі бойынша 30 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту жасалды.



Ішімдікке әуес 8 азамат арнайы есепке алынып, дәрігер наркологпен бірлесе профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, 24 азамат қорғау нұсқамасы бойынша есепке алынды.

Ұсақ бұзақылық 330 бабының 1 бөлігі бойынша 12 адам аудандық сотқа жіберілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет