Сарузенова Айгерім Әбдіқадырқызы Нарық жағдайында этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындау



бет1/7
Дата13.06.2016
өлшемі0.97 Mb.
#134073
  1   2   3   4   5   6   7
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті




Сарузенова Айгерім Әбдіқадырқызы

Нарық жағдайында этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындау

6М010300- Педагогика және психология


Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекшісі

психология ғылымдарының

кандидаты А.Ж. Аяғанова


Қызылорда, 2012 ж
МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ..................................................................................................................

3

І Психология ғылымындағы отбасы мәселелерінің зерттелуін теориялық негіздеу................................................................................................

11


І.1 Отбасы - кешенді әлеуметтік құбылыс.....................................................

11

І.2 Шетел және Кеңес ғалымдарының отбасы және неке туралы зерттеулері..............................................................................................................

19


І.3 Этнопедагогика мен этнопсихологиядағы отбасы мәселесі...................

29

1 бөлім бойынша тұжырым..................................................................................

33

ІІ. Нарық жағдайындағы жастарды отбасылық өмірге этностық құндылықтар арқылы дайындаудың теориялық мәселелері............................

34


ІІ.1 Жастарды отбасылық өмірге психологиялық дайындауда әлеуметтенудің рөлі..............................................................................................

34


ІІ.2 Нарық жағдайындағы отбасылық шиеленістердің туындауының психологиялық мәселелері..................................................................................

42


ІІ.3 Студент-жастарды отбасылық өмірге психологиялық дайындауда этностық құндылықтардың орны........................................................................

58


ІІ бөлім бойынша тұжырымы…………………………………………………...

61

ІІІ. Нарық жағдайында этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындауды эксперименттік зерттеу........

62


ІІІ.1 Эксперименттік зерттеуді ұйымдастыру бағытын анықтау және эксперименттің зерттеу әдістерін негіздеу мен сыналушыларға сипаттама

62


ІІІ.2 Эксперимент барысына сипаттама және оның нәтижелеріне талдау......

66

ІІІ.3 Жастарды отбасылық өмірге этностық құндылықтар арқылы дайындау бойынша қорытындылар мен ұсыныстар............................................................

79


ІІІ бөлім бойынша тұжырым................................................................................

82

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................

83

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................

85


КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы

Диссертацияда шетел, кеңес және Қазақстан психология ғылымындағы зерттеулерге сүйене отырып, тұлғаның отбасылық өмірге психологиялық дайындығы мен этностық құндылықтардың оған әсері және отбасылық психотерапияның рөлі анықталды. Сонымен қатар, отбасы тұлға өмірінің ең алғашқы әлеуметтік ортасы ретінде негізделді. Тұлға отбасы арқылы қоғамның сан қырлы жақтарын игеретіндіктен этностық құндылықтар отбасылық дәстүр қалыптастыратындығы айқындалды. Себебі, отбасы қоғамның ажырамас бөлігі бола отырып, шағын мемлекетті құрайды. Отбасы қоғамдағы әлеуметтік мәнді тәжірибелерді жинақтау арқылы дамудың белгілі бір сатысынан өтеді. Осы сатыдан өту барысында, отбасы шағын мемлекет ретінде адамзаттың рухани қазынасы болып табылатын қасиеттерді, яғни, үлкенді сыйлауға, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке, имандылық пен парасаттылыққа тәрбиелей отырып, оның негізінде ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді қалыптастырады. Отбасы кешенді әлеуметтік институт ретінде адамды тек тәрбиелеуге ғана емес, сонымен қатар білім алуда, мамандық таңдауда, өмірлік ұстанымды табуда бағыт-бағдар береді және көмектеседі. Осыған орай, отбасы қоғам мен мемлекет тарапынан көптеген ақпарат легін алады да, сол ақпаратты игеру арқылы отбасында адам өмірінің негізгі процестері қалыптасады.

Жұмыста студенттердің отбасылық өмірге психологиялық дайындауда этностық құндылықтар қарастырылып, эксперимент арқылы зерттелді және психологиялық тренингтер, яғни отбасылық психотерапия кешені арқылы отбасылық дағдарыстардың алдын алуға болатындығы айқындалды.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда жастарды өмірге бейімдеуге жаңа сипатта қарау басты міндеттердің бірі болып табылады. Себебі, қоғамда болып жатқан түбегейлі бетбұрыстар, ғылым мен техниканың жетістігі тұлға психикасына әсері күшті болып отырғаны белгілі. Осындай, өмір ағысына қарай тез бейімделіп кететін жастардың психологиялық тепе-теңдігін сақтау үшін отбасылық қарым-қатынастың, қоғамдық күштің, оның ішінде этностық құндылықтардың рөлі ерекше.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты ғылыми-теориялық еңбегінде жастардың, яғни жаңа қоғамды құрушылардың болмыс-бітіміне, рухани дүниесіне ерекше ден қойып, оларды тәрбиелеу мәселесіне баса назар аудара отырып, бұл мәселеге ғылыми дәйекті жауап табуды мақсат етіп көрсеткен [1].

Қазiргi кезде жастардың бойында рухани-адамгершілік мәдениетiн дамытудағы отбасының ешбiр талас тудырмайтын рөлi жөнiндегi зерттеулер ғылыми түрде дәлелденген. Осы орайда, әлеуметтік кешенді құбылыс ретінде отбасының аса күрделi процесстерін талдау, оның қазiргi әлеуметтiк-мәдени жағдайдағы рөлiн айқындау және жастарды отбасылық өмірге психологиялық дайындау маңызды мәселлердің бірі болып табылады. Әсіресе, нарық жағдайындағы жастардың отбасылық өмірге деген дұрыс көзқарастардың туындауын зерттеу өзектілігін туындатып отыр. Бұл айтылған мәселелерге орай түйіткілді мәселелер бүгінгі күні қоғамның өзекті мәселелерінің қатарынан орын алып отырғанын ешкiм де жоққа шығара алмайды. Қоғамға тән жалпыланған дүниетанымдармен қатар, бүгінгі таңда жоғалып келген немесе бұрын күштеу мен қандай да бір саяси идеялар нәтижесiнде айрылған аса маңызды қасиеттердiң орнын толықтыруда және адамзаттың рухани мәдениетiнiң негiзiн қалауда отбасының орны ерекше бола отырып, тек сонда ғана жүзеге асырылатыны даусыз.

Психологиялық тұрғыда ұлттық құндылықтар арқылы студент-жастардың отбасылық өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыра, сонымен қатар, демографиялық, этнопсихологиялық, әлеуметтiк, мәдени және өзге де факторларды мұқият ескере отырып, отбасы тәрбиесiн дамытудың жаңа бағытын анықтау заман талабы болып отыр. Осы орайда, басты мәселелердің бірі - жастардың бойында ұлттық құндылықтар негізінде отбасылық өмірге жауапкершілікпен қадам жасауды негіздеу болып отыр.

Жоғарыда айтылған өзекті мәселені шешу жолдарын iздестiру этностық құндылықтарды рухани негіздеп, оның болашақ ұрпақ тәрбиесiндегi рөлiн зерттеуде, сондай-ақ нарық жағдайындағы отбасылық құндылықтарды анықтаумен жүзеге асыруда жатыр.

Бүгінгі күні дүние жүзіндегі кез-келген халық сияқты, біздің елімізде де мәдени мұралардың құрамдас бөлiгi болып табылатын отбасы мәселесінде терең педагогикалық-психологиялық идеялар мен тәрбиелiк тәжiрибелердiң жиынтығы қордаланған. Отбасы тәрбиесі мен отбасылық қарым-қатынас мәселесі дүние жүзіндегі кез-келген ұлттың тұтас даму тарихы мен оның салт-дәстүрiндегi, әдет-ғұрпындағы, фольклорындағы, ән-музыкасы мен қол өнерiндегi сондай-ақ көркем шығармалары мен тарихи этнопсихологиялық материалдарында аса бай негiздерiн құрайды. Осы орайда, бұл бай тәжiрибенi игеру мен ғылыми жүйеге келтіру; келешек отбасы тәрбиесiнде оны пайдаланудың ғылыми теориялық негiздерiн жасау; отбасы тәрбиесіндегі этнопсихология негiздерiн педагогтардың теориялық және практикалық қызметіне айналдыру; этностық құндылықтардың алғышарттарын жастарды отбасылық өмiрге дайындау процесiнде пайдалану аса маңызды.

Отбасы әлеуметтік институттардың бірі ретінде тұлғаны ең басты әлеуметтендіру ортасы болып табылады [2]. Тұлға осы айтылған әлеуметтік ортада өмірдің мәнін, оның мақсаты мен міндеттерін, сонымен қатар, құндылықтарын игере отырып, нені білу қажет, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар алады да, сол ортада басқалармен қарым-қатынас орнату дағдыларын меңгереді. Тұлға отбасында әртүрлі сипаттағы өмірлік төтенше жағдайлар мен ахуалдарда өзін-өзі ұстаудың нормалары мен мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Отбасы психологиясын зерттеуші ғалымдар, атап өтер болсақ, А.Г. Харчев [3], А.Н. Антонов [4], З.И. Файнбург [5], Д. Горборинко [6] өзінің еңбектерінде оның маңызды функцияларының қатарына ата-ананың үгіт-насихаты мен түсіндірулері, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі хал-ахуалы деген тұжырымдар жасайды. Сонымен қатар, аталмыш ғалымдар отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеттері мен мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалай алу критерийлері қалыптаса отырып, жасаған қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не жағдайда жазаланатындығын, сондай-ақ, рухани қазына әділдік пен адалдық ұғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.

Қазақстан Республикасының Конститутциясында балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы екендігі көрсетіліп, сонымен қатар, отбасының міндеттері нақты көрсетілген [7].

Бүгінгі күні отбасы тәрбиесіне байланысты «Қазақстан-2030» бағдарламасында болашақ ұрпақты алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі нақты айтылған [8]. Сонымен бірге, өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті отбасы туралы Заңда, жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына жүктелген.

Қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі ретінде отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелерінің саны азайып, әсіресе онда бала саны да кеми түскені анық. Әсіресе, қоғамда болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, мәдени және саяси жаңғырулар мен әртүрлі қоғамдық сипаттағы және әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасулар отбасы мүшелерінің арасындағы тұлғааралық қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отырғаны белгілі. Бүгінгі нарық жағдайында ата-аналардың көпшілігінің жұмыс бастылығы бала уақытының көбін енжар тәрбиешілермен өткізуге алып келіп отыр. Бүгінде қалалық отбасына тән бала тәрбиесі келесі ерекшеліктермен шартталып отыр: отбасында балалардың көбісі күннен санап көбейіп отырған ажырасулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өсуде; теледидар, жеке бөлме, т.с.с. өркениеттің жетістіктері, әсіресе талаптардың материалдық құндылықтармен өлшемденуі балалар мен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындата, күрделендіре, тіпті шиеленістіре отырғаны белгілі.

Бүгінгі күні отбасы жайлы мәселелер көптеген ғылым салаларының зерттеу нысаны ретінде қарастырылып келеді. Бұл ғылыми зерттеулерде отбасы ұғымының мазмұны ашылып, оның құрылымы, функциясы, ондағы мүшелердің өзара қарым–қатынасы және оған қатысты мәселелерді шешуде көптеген тұжырымдамалар ұсынылды. Бұл ғылыми тұжырымдамалар қазіргі кезде ғылым саласында өз орнын тауып, практикаға енгізілуде [9;10;11;12].

Жоғарыда атап көрсеткендей, тұлға дамуында отбасы мәселесіндегі қарым-қатынас ерекше рөл атқарады. Осы отбасылық қарым-қатынастың нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптаса отырып, тұлғалық үйлесімді дамуда жетекші факторлардың бірі болады. Кеңес психол-ғалымдары А.В. Мудрик [13], А.В. Запорожец [14], Қазақстандық ғалымдар Қ. Б. Жарықбаев [15], Ж.Ы.Намазбаева [16], С.М. Жақыпов [17], М. Мұқановтардың [18] еңбектерінде көрсетілгендей отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынас арқылы өзара пікір алмасу, ішкі сезім әлемінде бірлесіп ләззат алу, қуанышта, қайғыда ортақтасу арқылы адамдар арасында сенімді кең ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық жүйе немесе бірнеше рухани әлем және ой-пікір, мінез-құлық, сана-сезім, қылық-әрекеттер арасында келісім, өзара түсіністік, не болмаса шиеленіс, пікірталас, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәмілеге келу процесі жүзеге асады.

Кеңес және шетелдік психология ғылымында отбасы ұғымына анықтама беру, оның атқаратын функцияларын нақтылау және отбасындағы қарым-қатынас мәселерін талдау көптеген зерттеулерде орын алған. Десек те, отбасы функциясының ортақ топтамасы немесе жіктемесі толық түрде жүйелі жасалмағандығы көптеген зерттеулерде көрсетіліп жүр. Кеңес ғалымдары Г.М. Свердлов [19] пен В.А. Рясенцевтің [20] (1958) еңбектерінде отбасының маңызды функцияларында ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету түрлері көрсетілген. Тұлға дамуында ата-ананың отбасылық ықпалы туралы В. Сатир [21] және Э.А. Тийт [22]өзінің еңбектерінде қарастырды. Сонымен қатар, аталмыш ғалымдардың еңбектерінде некедегі сәйкестікке қатысты мәселелер де талданған.

Ғалым А.О. Карабанова отбасын әлеуметтік ортадағы адамзат тәжірибесінің негізгі бірлігі ретінде сипаттады [23]. Ал, зерттеуші А.Н. Антоновтың [24] пікірінше, отбасы негізінен ата-ана мен бала қарым-қатынасын орнататын болса, онда неке ер азамат пен әйел адамның арасындағы қарым-қатынасты растап отыратын бірін-бірі мойындау мен қабылдау болып табылады. Аталмыш ғалым отбасылық кеңістік аймағы болып саналатын материалды құндылықтардың бірі үй және пәтер мәселесіне ерекше көңіл аударады. Сондай-ақ, әр отбасының меншігі мен экономикалық негізі болып саналатын ата-аналар мен балалардың жалпы отбасылық іс-әрекетін болжайды.

Отбасылық қатынастар бойынша зерттеулер жүргізіп, осы ұғымға анықтама ұсынушылардың бірі А.Г. Харчевтің пікірінше «отбасы - бұл жұбайлар арасындағы, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, оның мүшелері бір-бірімен некелік және туыстық қарым-қатынаспен байланысады, ортақ тұрмыс пен өзара адамгершілікпен, жауапкершілікпен, қоғамның қажеттіліктеріне шартталынған әлеуметтік тәуелділікпен сипатталады» [25, 35б.]. Оның көзқарасы бойынша отбасы тұлғаның тәндік өмірі мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы және үйлестіруші буын болып табылады. Дегенмен, бұл ғалым отбасы ұғымына жалпылама түрде анықтама берді.

Қазіргі кезде жаһандану мен нарық жағдайында отбасы мәселелерінің арасында ата-ана мен бала арасындағы қарым -қатынаста түсінбеушілік пен келіспеушілік жиі орын алып отырғаны белгілі. Осының салдарынан біріне –бірі түсіністікпен және кешіріммен қарау процесі кешеуілдеп, оларға психологиялық қызмет көрсету жағынан мәселе туындап отырғанына куә болып отырмыз. Осы орайда, қазіргі таңда отбасында орын алған қиындықтарды шешуге көмек көрсету жолдарын жан-жақты зерттеу қажеттігі туындап отыр. Әсіресе осы келеңсіздіктердің алдын алу үшін жастардың отбасылық өмірге дайындығы мәселесін зерттеу уақыт талабынан туындағаны сөзсіз. Бүгінгі жастарды отбасылық өмірге этностық құндылықтар арқылы тәрбиелеу мәселесі жоғарыдағы айтылған проблеманың шешу жолдарын іздестіруге мүмкіндік береді. Қазақ халқының қанына сіңген дәстүрлi отбасылық-тұрмыстық мәдениетiн зерттеуге арналған еңбектерді талдау барысында ұлттық мәдениеттің ерекшелiктері сақталғанын байқауға болады. Дегенмен бұл жағдай уақыт талабына сәйкес бiршама өзгерiстерге ұшырағанын, нақтырақ айтқанда, еуроазиялық мәдениеттiң ықпалы күшейе түскенiн, қазақ халқының отбасы тарихы, отбасылық функция және тәрбиенiң идеялары мен дәстүрлерi, олардың толық көлемде даму динамикасының барынша зерттелiп болмағанын көрсетедi. Қазiрге дейiн этностық құндылықтарды отбасылық тәрбиеде дәріптеудің психологиялық негіздері, нарық жағдайындағы жастардың отбасылық өмірде дайындығын ашып көрсетуге бағытталған зерттеу еңбектері жоқтың қасы.



Жоғарыда, айтылғандардан нарық жағдайында студенттерді отбасылық өмірге этностық құндылықтар арқылы дайындауды анықтайтын этнопедагогикалық және этнопсихологиялық зерттеулердің, теориялық негіздеме мен практикалық тұжырымдардың жоқтығының арасындағы қарама-қайшылықтарды шешу бізге зерттеу проблемасын айқындап, тақырыпты “Нарық жағдайында этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындау деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу мақсаты- студенттерді этностық құндылықтар арқылы отбасылық өмірге психологиялық дайындау. Зерттеу мақсатына сәйкес, келесі міндеттер қойылады:

  • психология ғылымындағы отбасы мәселелерінің зерттелуін ғылыми - теориялық негіздеу;

  • этнопсихологиядағы отбасы мәселелерін теориялық талдау;

  • отбасылық қарым-қатынастың және әлеуметтік ортаның тұлға психикасына әсерін анықтау;

  • студенттердің отбасылық өмірге дайындығын анықтайтын әдістемелік кешен жасау;

  • этностық құндылықтар негізіндегі отбасылық психотерапия арқылы студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындау;

  • студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындау бойынша жүргізілген жұмыстарды қорытындылау, психологиялық ұсыныстар жасау.

Зерттеудің жетекші идеясы: Этнопсихология ғылымының құрамдас бөлігі арқылы студенттерді нарық жағдайында отбасылық өмірге психологиялық дайындау мазмұнын байытып, тәрбиелік мәнін көтереді, сол арқылы болашақ отбасы иелерін қазіргі өмір талабына сай дайындаудың деңгейі жоғарылайды.

Зерттеу пәні –этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындау.

Зерттеу обьектісі – студенттердің отбасылық өмірге дайындығы.

Зерттеудің жаңалығы.

  • студенттердің этностық құндылықтар арқылы отбасылық өмірге психологиялық дайындығы теориялық талдау негізінде зерттелінді;

  • студенттердің отбасылық өмірге психологиялық дайындығын анықтайтын әдістемелік кешен беріліп, эксперименттік зерттеу негізінде тиімділігі дәлелденді;

  • этностық құндылықтар арқылы отбасылық өмірге психологиялық дайындауда отбасы психотерапиясының элементтері пайдаланылды;

Зерттеудің жалпы болжамы: егер, этностық құндылықтар негізінде отбасы тәрбиесі теориялық тұрғыда негізделіп, оның нарық жағдайындағы рөлі анықталса, қазақ этнопсихологиясындағы отбасы тәрбиесінің тәжірибесі мен ұлттық ерекшелігі ескеріліп, теориялық және ғылыми негізделген әдістемелермен қамтамасыз етіле отырып, отбасылық психотерапия жүргізілсе, онда студенттердің отбасылық өмірге дайындығы ұлттық сипатта жүргізілген болып саналады, өйткені олардың қоғам және отбасы алдындағы жауапкершілігі одан да жоғары арта түседі.

Жеке болжамдар:

  • жоғары оқу орнында отбасылық психотерапия бағытындағы жұмыстар этностық құндылықтар арқылы жүргізілсе, онда студенттердің отбасылық өмірге психологиялық дайындығына оң әсерін тигізеді.

  • этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындаса, онда дағдарыстардың алдын алуға болады;

  • отбасы психотерапиясы студенттердің жеке өмір жоспарын құруына жағымды ықпал етеді.

Қорғауға ұсынылатын жағдайлар:

  • студенттердің отбасылық өмірге психологиялық дайындығын отбасылық психотерапия қамтамасыз ете алады;

  • этностық құндылықтар арқылы отбасылық өмірге психологиялық дайындау жеке өмірлік дағдарыстардың алдын алады және түзетеді;

  • этностық құндылықтар отбасылық дәстүр қалыптастырады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Бiздiң зерттеуiмiзге философиялық, әлеуметтiк, психологиялық және педагогикалық әдебиеттер негiз етiп алынды.

Отбасындағы қарым-қатынастың дамуына бағытталған теориялар мен тұжырымдар (А.Г. Харчев, Б.Г. Ананьев, В.В. Драгунова, И.С. Кон, И.В.Гребенников, В.С. Торохтий және т.б.), адам психикасының онтогенезде дамуы мен тұлғааралық қарым-қатынас туралы Л.С. Выготскийдің, А.Н. Леонтьевтің, С.Л. Рубинштейннің, А.Н. Ананьевтің, Д.Б. Элькониннің т.б. ғалымдардың еңбектеріндегі зерттеулер, Қазақстандық ғалымдар С.М. Жақыповтың, Қ.Б. Жарықбаевтың, С.Қ. Бердібаеваның және А.Ж. Аяғанованың этнопсихологиялық зерттеулері құрайды.



Зерттеу көздері: ҚР Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» заңы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасы, Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары, оқу-әдістемелік құралдар, зерттеу мәселесі бойынша қазақ этнопсихологтардың, этнопедагогтарының, этномәдениеттанушылардың, философтардың, демографтардың ғылыми еңбектерi.

Зерттеуде қолданылған әдістер. Қойылған мақсаттарға байланысты зерттеу әдістерінің жүйесіне студенттердің отбасылық өмірге дайындығын анықтау үшін психологиялық және педагогикалық әдебиеттер және әдістемелік құралдарды және құжаттарды теориялық талдау; психодиагностикалық әдістемелер: «Отбасын құруға дайынсыз ба?» К.Ғ. Жүнісова-Елшібаеваның сауалнамасының авторлық модификацияланған түрі, «Отбасылық қобалжуды анықтау» сауалнамасы, отбасылық психотерапия элементтері «Отбасы мен үшін», әлеуметтік-психологиялық тренингтер.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы.

Зерттеуде отбасына жастарды этностық құндылықтар арқылы дайындау жолдары мен отбасылық психотерапия тәсілдері берілген. Алынған мәліметтер мен қорытындылар: нарық жағдайындағы отбасы мәселелері, отбасылық дағдарыстардың алдын алу жолдары, жастардың отбасына деген көзқарасы анықталған. Отбасылық өмірге психологиялық дайындауда этностық құндылықтарды пайдалану тәсілдері беріліп, жүйелі теориялық тұжырымдар жасалған.



Зерттеудің практикалық маңыздылығы.

Жастардың отбасылық өмірге психологиялық дайындығын анықтауда пайдаланылатын әдістемелер қазақ тіліне аударылып, осы ортаға бейімделіп қолданылды, нәтиже көрсеткіштері тепе-тең деңгейде мәселені қарастыруға әкеледі. Сонымен қатар, модификацияланған сауалнамалар құрастырылды. Зерттеу көрсеткіштері мен қолданылған психокоррекциялық әдістемелер психолог әрекетінің құрылымы мен стратегияларын әсерін жоғарылатуға әкеледі. Алынған теориялық қортындылар мен практикалық нұсқауларды студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында, психодиагностикалық және кеңес беруде қолдануға болады.



Ғылыми нәтижелердің дәйектілігі мен негізділігі. Жастарды нарық жағдайында этностық құндылықтар арқылы отбасылық өмірге психологиялық дайындау жөніндегі тұжырымдар теориялық-эксперименттік тұрғыдан негізделуімен, зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес зерттеу әдістерін қолданумен, нәтижелерді сандық және сапалық талдауға мүмкіндік беретін эксперименттік-эмпиралық жұмыстың тұтастылығымен қамтамасыз етіледі.

Зерттеу жұмысының мақұлдануы мен жариялануы.

Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда, сонымен қатар, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің хабаршысы баспа беттерінде жарияланды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет